400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ерлан Жүніс "Менің атым-Тәуелсіздік" өлеңінің тақырыбы мен идеясы

Материал туралы қысқаша түсінік
ақпарат өте қол жетімді. Жаңа идеяларға толы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты -жөні:

Ивкий Индираканди

Күні:


Пән/Сынып

Қазақ әдебиеті 6-сынып

Тарау немесе бөлім атауы

4-бөлім: «Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым»

Сабақтың тақырыбы:

Ерлан Жүніс «Менің атым-Тәуелсіздік» өлеңі

Оқу мақсаттары:

Т/Ж3 әдебиет туындыдағы типтерін тек тұрғысынан сипаттау;

А/И2 Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.

Сабақ мақсаты:

Ерлан Жүністің өлеңіндегі типтерін тек тұрғысынан сипаттайды; Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтайды.

Бағалау критерийі

Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды. Шығармадағы автор бейнесін анықтайды.

Саралап оқыту тапсырмалары


Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету


Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, оқушылар?

6-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!


Сабағымыздың тақырыбы: Ерлан Жүніс «Менің атым - Тәуелсіздік» өлеңі

кесте, презентацият.б.

3 минут


Еске түсіру бұрышы

Жанр деген не?

Әдебиеттің тектері нешеге бөлінеді?

Лирикалық образ деген не?

Жауабы: Әдебиеттің тегі

Эпикалық образ

Лирикалық образ Сыршыл, өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі.

Оқушылар өзара бірін бірі бағалайды

4-слайд

15 минут









20 мин



















Жаңа сабақ





Тапсырмалар

Драмалық образ

Ерлан Жүністің «Менің атым – Тәуелсіздік» өлеңіндегі алты жасар кейіпкер бейнесі лирикалық образға жатады. Өлеңде ақын өз атынан сөйлейді. Ақын өлеңді өз атынан айтқанда, лирикалық кейіпкердің бейнесі жасалады, сондықтан ақынның өз бейнесі жинақталған лирикалық кейіпкердің бейнесі болып шығады.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы түрткі сұрақтар.

1. «Менің атым-Тәуелсіздік» өлеңінің авторы кім?

2. Өлеңнің негізгі мазмұны қандай?

3. «Менің атым-Тәуелсіздік» өлеңі Қазақстан Республикасының қай кезеңдердегі тарихын қамтиды?

4. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет пе?

5. ҚР қай жылы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды?

6. ҚР-ның тұңғыш президенті кім?

7. Елімізде тұңғыш президент күнін қай күні атап өтеді?

Өзіңді тексер!

1.Е.Жүніс

2. Өлеңде автор алты жасында қоғамда болған өзгерістерді жырлай отырып, халықтың басынан өткендерін саралайды. Еліміздің тәуелсіздікке оңайлықпен қол жетпегендігі жайлы сөз етеді.

3. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізгендегі кезеңі.

4. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет.

5. ҚР 1991 жылы тәуелсіз мемелекет болып жарияланды.


«Бес саусақ» әдісі арқылы бағалау


1-тапсырма. Берілген үзінді негізінде автор бейнесіне талдау жаса.









































5 мин







































Бекіту

Өлеңнен үзінді

Автор бейнесіне талдау жаса

Тарихтан дәріс оқитын менің анашым орта мектепте Ұлына бірақ айтпапты кісен, құлдық пен түрме бүргесін. Ерлікті айтқан, үйретпеді ол ездікті, Ұстатқан қалам, ұстатпады ол кездікті, «Құлыным, сенің тарихың басқа» деген тек, Ол, бәлкім, менен Сөз күтті! Ал бүгін, енді, Тарихты өзім білемін, Жолдарды сезем жон арқамменен мың жылдар өткен ұлы елім.

Дескрипторы: -үзіндіні түсініп оқиды, -автор бейнесіне талдау жасайды

Өзіңді тексер!


2-тапсырма. Үзіндіні оқып, талда.

Түсінбесем де тыңдаймын, Онсыз да оны жесірлік салған жасытқан еді мұң-қайғы... Көзінің жасы сөйлеген түнді ұқпасам да, Аңыз ұнаған Жаралған Күннен Ұл жайлы! Деген де шығар «бодандық жайлы білмесін»: Сен түсін, дәуір, сонау бір қанды жыл кешір! Тарихтан дәріс оқитын менің анашым орта мектепте Ұлына бірақ айтпапты кісен, құлдық пен түрме бүргесін. Ерлікті айтқан, үйретпеді ол ездікті, Ұстатқан қалам, ұстатпады ол кездікті, «Құлыным, сенің тарихың басқа» деген тек,

Ол, бəлкім, менен Сөз күтті! ..


Дескрипторы: үзіндіні оқып, талдайды; -ана бейнесін сипаттайды; -қара сөзбен жазады.






Авторды қатыгездіктен бойын аулақ ұстап, ездіктен ада болуға ұлының бойына адами қасиеттерді, сөз тізгінін ұстайтын осындай ұлдардың болуын қалаған ананың осындай қасиеттерді дарытқанын жырына арқау етеді.







... Ерлан Жүністің өмірінде анасының рөлі зор. Бойына барлық адами ізгі қасиеттерді сіңіріп өсірген анасына деген құрметі ерекше. Анасының ерлігін мадақтайды.

3-тапсырма. «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы өлең мазмұны туралы пікірлеріңді білдіріңдер. Пікір. Өлең мазмұны туралы пікірлеріңді бір сөйлеммен жазыңдар.

Дәлел. Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер.

Мысал. Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңдер. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңдар. Өзіңді тексер!

Пікір. Ақын өлеңде тәуелсіздік алған кезде алты жаста болғанын жырына арқау етеді.

Дәлел. Алып қорғанның құлағанын көрдім, Небәрі алты жасымда. Ақынның өлең жолдарынан өршіл, рух байқалады.

1 мин Мысал. … Тәуелсіздік ше?

Ол – менің тегім, ұлдарыма оны дарыттым. Өлең жолдары арқылы ақынның елін шынайы сүйетінін жеткізеді.

Қорытынды. Қазақ елі алғаш Тәуелсіздігін алғанда, еңкейген қариялар мен әжелер көзіне жас алды. Ақын бала да болса сол кезеңге куә болғанын жеткізеді.

Қосымша ақпарат «Менің атым – Тәуелсіздік» тақырыбына эссе жазу.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
31 тамыз
600
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі