Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Ерлік - саналы әскери тәрбиенің жемісі"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! «Ерлік –саналы әскери тәрбиенің жемісі. Өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай , бүгін Отан алдындағы борышын өтеуде ерлік көрсетіп, сол жолда жанын қиған, Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері , интернационалист- жауынгер Быхин Асқар Ахметбекұлын еске түсіру үшін дайындаған «Ер есімі- ел есінде» атты әдеби монтажына қош келдіңіздер.
2 жүргізуші: Бейбітшілік заманында Ауғанстанда әскери борышын өтеуге барған ағаларымыз қанды шайқаста құрбан болды. Батырлық пен ерен ерлік көрсеткен жерлестеріміз мәңгі есте қалмақ.
1 жүргізуші: КСРО басшысы Л:Брежнев КОКПОК саяси бюросының мүшелері Ю. Андропов, А.Громыко, М.Суслов және Д.Устиновтің келісімімен 1979 жылы 25 –желтоқсанда Ауғанстанға әскер кіргізу жөнінде шешім қабылдайды. Бұл шешімнің салдары 9 жыл, 1 ай, 25 күнге созылған соғысқа әкеліп соқтырды.
2 жүргізуші: Бейбіт өмірге Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер Ауған соғысына аттанды. Мұнда қаншама жас қыршынынан қиылып, қаншама жас мүгедек болып оралды. Он жылға тарта созылған Ауған соғысына 22 мың қазақстандық қатысқан, соның ішінде 44 сарбаз Семей өңірінен екен. Сол боздақтардың бірі жерлесіміз Быхин Асқар Ахметбекұлы еді.
Азаматтық борышын өтеуге аттанған Асқар ағамыздың жазған хатынан үзінді:
Туған жер-алтын босағам,
Аттандым сенен Ауғанға.
Ата-анам мені шығарып сап,
Тілейді аман кел деп ұяңа
Туған жер-алтын мекенім,
Алыста жүрсем аңсаған.
Ауғаннан менде жетермін,
Сағынып мен де қауышам
1 жүргізуші: 1989 жылы 15-ақпанда талай ата-аналарымыз боздақтарынан, мыңдаған бауырластарымыз қаза тапқан, қасіретті де қайғылы Ауған соғысы аяқталды..
Содан бергі аралықта 15-ақпан Ауған жерінде болған жауынгерлер күні болып аталып келеді. Ауған жерінен Кеңес Одағы әскерлерінің шығарылғанына биыл 26 жыл.
2 жүргізуші: Быхин Асқар Ахметбекұлы 1961 жылы 10 ақпанда Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданының Комсомол совхозында дүниеге келген. 1976 жылы Доғалаң совхозының орта мектебін бітіріп, Қарағанды қаласындағы кооперативтік институттың 1-курсын оқып жүргенде әскерге шақырылды. Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласынан әскери дайындықтан өтті. Ауғанстан жерінде болған бүлікшілерді басуға қатысып, өзінің интернационалдық борышын өтеу жолында 1980 жылы 20 маусымда ерлікпен қаза тапты.
Ауғаныстан Респуликасы Президентінің № 240 бұйрығымен 15 –мамыр 1988 жылы «Қызыл Жұлдыз» орденімен және «жауынгерлік» медалімен марапатталды.
1.Жүргізуші:Біз білім алып отырған, алтын ұя мектебіміз Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, интернационалист-жауынгер Быхин Асқар Ахметбекұлы атымен аталады. Ауылымыздағы орталық көшелердің біріне Асқар Быхин есімі берілді. 30-сәуір «Быхинды еске алу күні» болып белгіленгендіктен 2000 жылдан бастап волейболдан Асқарды еске алу аймақтық турнирі болып тұрады.
1 оқушы:
Өшпес ерлігің ел есінде мәңгі сақтаулы,
Отан үшін оққа тостың кеудеңді.
Ерлігіңді, өрлігіңді төрткүл дүние ел көрді.,
Бірге аттанған бауырларды топырақ жапты, жерленді,
Енді олар жебейді ғой аруағыңмен тірілерді
Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып,
Әндететін кездеріңді ауылыңда төс керіп.
Жаудың оғы сом мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.
2 оқушы:
Бірге өскен, бірге оқыған бала жастан,
Жолдасым ең, адал жан араласқан.
Қыршын дос, бұл өмірден кеттің ерте,
Жан едің болашаққа қадам басқан.
Өтеуге азаматтық борышыңды
Аттандың, мақұл көрдік сол ісіңді.
Қорғауға ауған елін кете бардың
Беруге қан майданға қол ұшыңды.
Жан едің ел –жұртыңа болар нұсқа,
Бұл тағдыр өміріңді қылды –ау қысқа.
Жұлдыз боп ағып түстің көрген түстей,
Егіліп еске аламыз осы тұста.
Келместің кеттің мініп кемесіне,
Алады жолдастарың сені есіне.
38 жыл бұл өмірден кеткеніңе,
Есімің ұмытылмасын ел есінде!
3оқушы:
Мектебің, кешегі өзің өскен ортаң
Атыңмен бүгін сенің аталады.
Қара жер қайтып енді тебіренбей,
Бұл ақын үнсіз –түнсіз жата алады.
Кешегі құлын-тайдай бірге ойнаған,
Өмірдің қызығына еш тоймаған,
Басына тағзым етіп гүл қоюға
Достарың міне бүгін келіп жатыр.
Ұмытпай сені мәңгі, Асқар бауырым,
Еске алып ас беруге дайын ауылың.
Ауғандағы соғыс салған жарақат,
Шарпып өтіп Асқардың да ауылын.
Мектептің ардагер ұстазы Ғайникамал мұғалімнің Асқарға арнауы...
4оқушы :
Биылғы жыл Жеңіс күні-көктемім,
Байқамайсың өмірдің де өткенін.
Топырағың торқа болсын,жат аунап,
Өкінішті 57 –ні тойлай алмай кеткенің.
Тыныштық боп мәңгі осылай тұрса күн
Жас бүлдіршін жаза берер жыр шамын.
Мәңгі есінен шығармайды сізді естен,
Ұмытпайды артта қалған ұрпағың.
Ардагерлер арқылы еске алар өткендерді.
Өмір үшін өртеніп кеткендерді.
Ал бүгінде мақтан етер ұрпақтары
Жеңіс алып еліне жеткендерді.
5 оқушы:
Қаймықпастан қарсы тұрған өлімге,
Асқар рухы қалықтайды көгімде.
Елді сүйген ерлігімен ерекше,
Өнегелі із қалдырдың өмірге.
Таусылғанмен фәнидегі тынысың
Тарихқа тұлға болған ірісің.
Таптатпаған тобырларға намысын,
Өлген жоқсың, халқың барда тірісің.
Жүрегінде тұнып тұрған қасиет,
Ерлік ісің ұрпағыңа өсиет.
Өзіңдей қаһарманға қайыспас
Бүгінгі жас алғыс айтып бас иед.
6 оқушы:
Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып,
Әндететін кездеріңді ауылыңда төс керіп.
Жаудың оғы сом мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуң кеттің мүлде жоқ болып.
Жау дейміз –ау қолдан жасап жауыңды,
Саясаттың сайқалдығы-ай уландырған тамызды.
Бауырыңа бауыздатып балдай ішкен қаныңды,
Заманы еді Кеңестің ол сұрапыл дауылды.
7 оқушы:
Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер,
Жырым бар жараланған жаныңды емдер.
Өлгендердің жәнатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса , дәуірлеңдер.
Ерлік қылған аталарың аспан асты,жер үсті..
Біз сәндікке кимейміз деп шалбар менен бөрікті.
Отан-Ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
8 оқушы :
Құдай өзі бере жатар жауыздықтың жазасын,
Қыран ерлер, ардагерлер, сендер түгел тазасың.
Қасқыр мінез, қайсар жандар жалап жазған жарасын,
Жандарыңның жараларын қай мықты бір жазатын?!
Сендер бірақ Отан үшін отқа тостың кеудеңді,
Ерлігіңді , өрлігіңді ел көрді.
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді,
Жебейді олар аруағымен сендерді.
9 оқушы:
Аналардың көл боп ақты көз жасы,
Жетімдер мен жесірлерді ойлашы.
Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбандық тек ер басы.
Бүгін біздер солдатымыз Егеменді қазақтың,
Туды міне, жас ұрпаққа ғажап күн.
10 оқушы:
Еске алайық ,құрметтейік, құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға толсын, суық көрде жылынсын.
Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін
Мәңгі –бақи тірісіңдер, тірісің.
2 жүргізуші: Ауған соғысы –жүректе жазылмайтын, тарихта орын алатын ерекше беттер. Отан үшін жанын қиған ержүрек батырларымызды мәңгі есте сақтап құрметтеу, кейінгі ұрпаққа ерліктерін дәріптеу, насихаттаудың үлгісі ретінде алтын ұя мектебіміздің 1992 жылғы бітіруші түлектері, мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай мектептің алдына Асқар Быхин Ахметбекұлына арнап ескерткіш тақта орнатты.
Мектеп оқушылары әр мерекеде ескерткішке тағзым етіп гүл шоқтарын қояды.
Жаса, жаса, бейбітшілік ырысым,
Не құрыса, қанды соғыс құрысын.
Адам болып дүниеге келдік қой
Бақыт үшін, өлең үшін, жыр үшін.
Соғыс,соғыс ! Тірі жанды аяп па ең,
Қанатты адам келді ағаш аяқпен.
Сезеді олар соғыс дейтін сұмдықты,
Миллиондаған балдақпенен, таяқпен.
Гүл өртеді, соғыс жұлды қанатты,
Жүректерді нысана ғып оқ атты.
Талай боздақ қыршынынан қиылып,
Талай ару махаббатын жоғалтты.
Махаббатпен жүрегіміз жылысын,
Ән қандырсын құлақтардың құрышын.
Не құрыса, қанды соғыс құрысын,
Жаса, жаса, бейбітшілік ырысым!
1 жүргізуші:
Отанды сүю отбасынан басталады. Отанымыз сүйген әрбір жас өрен патриот болып, өз Отанын қастерлейді, сақтай алады. Елім, жерім деп еміренген өршіл ақын Мағжан Жұмабаев «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты, мен жастарға сенемін» деп болашақ жастарға үмітпен сенім артқан.
Тәуелсіз Қазақстанымыздың әрбір жас өренінің елім, жерім, әкем, анам, Отаным деп соғатын жұдырықтай жүрегі дәл осылай шаттанады.
2 жүргізуші:
Үлгі бізге ағалардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі!
1 жүргізуші:
Ауған соғысы он екіде бір гүлі ашылмаған боздақтардың қанымен жазылған тарих деп біледі кейінгі жас буын өкілдері. Жылдар жылжып өткенімен,ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есіне мәңгі сақталады.