Ерлік ешқашан ұмытылмайды

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ерлік ешқашан ұмытылмайды

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет қөрсету. Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Соғыс халықтың басына келген қасірет, . Биылғы жыл 15-ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен интернационалист жауынгерлердің шығарылғанына 29 жыл толып отыр.Осыған орай өткізіліп отырған ардагер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ерлік ешқашан ұмытылмайды!


Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет қөрсету.

Көрнекілігі: Ауған соғысы ардагерлерінің суреті, слайд

ҚР Әнұраны орындалады.

Биші қыздарымыздың орындауындағы «Шаттық» биі.

1-жүргізуші: Баласы батыр туғаннан

Денесін сумен жуғаннан

Батыр да халық қазақпыз

Кіндігін түйіп буғаннан

Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Соғыс халықтың басына келген қасірет, . Биылғы жыл 15-ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен интернационалист жауынгерлердің шығарылғанына 29 жыл толып отыр.Осыған орай өткізіліп отырған ардагер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Жаулардан қарсы келген жасқанбаған,
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң-

деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлесіміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонағымызбен таныстырайық.

1. Қалдарбеков Әмірбек Еркінбекұлы.

2. Оразбеков Қайрат Жасұзақұлы.

3. Байбосынов Мұстафа Қалдыханұлы.

1-жүргізуші: 1989 жылы, ақпан айының 15-інде талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, Біз үшін!

Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймыз.

Рахмет отырыңыздар!

1-жүргізуші: Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды.
- 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңыруға шым батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.

Жау дейміз - ау, қолдан жасап жауыңды,

Саясаттың солақайы уландырған тамырды,

Бауырына бауыздап балдай ішкен

Кеңестің ол заманы еді, дауылды.

- Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестерімізге Төлбасы Асылжанның орындауындағы «Байтақ елім қазағым» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Ардагерлер, айтса ертек көргендері

Табандары таймаған өрден кері

Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,

Кеуде толы жарқырап ордендері деп

Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,

Сен құлаган көлбеті таулы алыстан.

Елестейсің көзіме қасірет боп

Қайғым да сен мәңгілік- Ауғаныстан!

Өтер жылдар, айлар тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар!

Көрініс: «Бейбітшілік орнасын».

1-жүргізуші: Өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бүгінде15-акпан Тәуелсіз Отанымыз Қазақстан үшін атаулы күндердің біріне айналды . Ортамызда жүрген ауғандық жауынгер ағалар, бейбіт өмірдегі жарқын істеріңз, қоғамдық жұмыстарда белсенділіктеріңіз, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектеріңіз Қазақстан жастары үшін нағыз ерліктің шынайы үлгісі болып қала береді, сіздерге қарап бой түзейміз:

Сақтады олар елін, жерін, қонысын 
Ақтады олар азаматтық борышын 
Сол үшін де, 
Ардагерге-майдангерге,
Иейік біз барлық жерде, 
Басымызды сол үшін. 

2- жүргізуші: «Сарбаздар» биімен биші қыздарымызды қарсы алыңыздар.


«Қанжардан құтқарған қазақ тілі». Әділбек Динара


1-жүргізуші: «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу-біз үшін бір ғанибет.

Оқушылардың сұрақтары:
1. Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?

2. Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?
3. «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?

4. Қазіргі өсіп келе жатқан жастарға көңіліңіз тола ма?

2-жүргізуші: Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен, 
Жарқын дүние жанарынан сан көшкен. 
Ардагерлер-естелігі ерліктің, 
Ұрпақтары-бұтақтары, 
Қасиеттің, өсиеттің, ұмытылмас мәңгі естен-дей отырып

Уразбек Абаттың орындауындағы «Аманат» әнін қарсы алыңыздар

1-жүргізуші: Соғыс–зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасы-нан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.
Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызы-на адал болған Ауған соғысының ардагерлеріне арналған тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.03.2018
2236
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі