Материалдар / "Ермеков Әлімхан Әбеуұлы " туралы мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ермеков Әлімхан Әбеуұлы " туралы мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Ермеков Әлімхан Әбеуұлы -ұлы ойшыл математик, әрі академик" туралы мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
1149
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ермеков Әлімхан Әбеуұлы

68 МИББ кешенінің математика пәнінің мұғалімдері :

Койманова Карлыга Шопановна, Акбаева Замзагул Темировна

Әлімхан Әбеуұлы Ермеков (1891-1970) Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы, Беріктас деген жерде өмірге келді. Әкесі Әбеу халқына қадірлі, озық ойлы, орысша сауаты бар, өз дәуіріндегі зиялылардың бірі. Ол 1911 жылы қайтыс болған.Әлімхан 1899 жылы Қарқаралыдағы қалалық училищеге оқуға түседі. Мектепті үздік бітірген Әлімханды әкесі 1906 жылы Семейдегі ерлер гимназиясына әкеліп түсіреді. Оны Әлімхан 1912 жылы алтын медальмен бітіреді де, осы жылы Том технологиялық институтының тау-кен факультетіне конкурссыз қабылданады. Бірақ оны түрлі жағдайларға байланысты 1923 жылы ғана бітіреді. Зеректігі мен алғырлығы оған математиканы өз бетінше меңгеруге мүмкіндік береді. Математика ғылымы бойынша қазақтан шыққан тұңғыш профессор да атанды.

Университетте оқып жүргенде-ақ озық ойлы, орыстың белгілі саяхатшысы, Шоқан Уәлихановтың досы Г.Н.Потанинмен, орыс жазушылары В.Я.Шишковпен, В.М.Бахметьевпен, революционер Бауэрмен таныс болды. Олар Әлімханның саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал етті. Алашорда басшылары Әлихан Бөкейханов, Халел Ғаббасовтармен пікірлес болды. Қазақ республикасын құру мен оның территориялық шекарасын белгілеуде зор еңбек сіңірген қоғам қайраткері ғана емес, жастарға білім беруге жан-тәнімен берілген ұлағаттыы ұстаз. 1921 жылы Ермеков туған жері Қарқаралыға келіп екі басқышты мектеп ашады. Қарқаралы – Ұлытау, Баян өлкесінің жастарына өнер-білім алуға ұйытқы болады. Қызыларай өңірінде бастауыш мектептер ашты. Бұдан кейін әртүрлі жауапты қызметтерде болады. 1926 жылы Ташкентте тұңғыш қазақ педагогика институты ашылғанда, оған Ә.Ермеков алдырылып, математикадан сабақ бергізген институт ректоры Т.Жүргеновпен дос болады. Олар институтты Алматыға ауыстырады. Ол Қазақ мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. Бұдан кейін де бірнеше оқу орнының ашылуына себін тигізіп, онда математикадан сабақтар береді. 1935 жылы Қызылордадан 10 баспа табақ «Ұлы математика курсын» бастырып шығарды. Бұл – қазақ тілінде тұңғыш жазылған математика оқулығы. Қазіргі аналитикалық геометрияның, анықтауыштар теориясының көптеген атауларын Ә.Ермеков ұсынған. Кітабында бірінші рет эф, икс, вэ әріптерін пайдаланды. Бұл ойын ол 1930 жылдары Жаңа әліп отырыстарында талай айтқанды. 1935 және 1936 жылдары математикалық сөздерді де жинақтап, бастырып шығарды. 1992 жылы 10 сәуірде Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясында Ә.Ермековтың туғанына 100 жыл толуына байланысты ғылыми конференция болып өтті. Онда профессор Дәулет Үмбетжанұлы «Ә.Ә.Ермековтың өмір жолы» атты кең көлемді баяндама жасады. Кейін ол Академия «Хабаршысына» басылды. Сондай-ақ осы жолдың авторы «Қазақтың ғылыми математикалық терминологиясының бастауында профессор Ә.Ә.Ермеков» деген тақырыпта баяндама жасады.

Ә.Ермеков 1938 жылдың 3 ақпанынан бастап 17 наурызына дейінгі аралықта Куйбышев қаласындағы жоспарлау институтының математика кафедрасының меңгерушісі болып істеді. Жалақорлардың жазған бірнеше арызынан кейін, әскери трибунал Ә.Ермековты 10 жылға түрмеге қамады. Одан 1947 жылдың 15 тамызынан Шымкент технологиялық институты математика кафедрасының меңгерушісі болып ұстаздығын қайта жалғастырды. Қаламын қолына алып, терминология мәселесін қайта қозғады. Амал не, осы жылы түрмеге қамалып, одан 1955 жылы босанып, 1957 жылы толық ақталды. Осыдан кейін ол Қарағандыға қоныс аударып, Қарағанды тау-кен институтында қызмет істеді. Математиканы білмейтіндерге екіден басқа баға қоймайтын турашыл азамат әйелі Рахила 1960 жылы қайтыс болды. Өз қолымен толтырған құжаттарында орыс, латын, ағылшын, француз, неміс және итальян тілдерінде еркін сөйлейтіндігін жазған. Мұны біз өз оқулығында берген түсініктемелерінен де байқаймыз. Ә.Ермековтың жалғыз ұлы Мағауия –профессор, геология-минералогия ғылымының докторы, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ал қызы Раушан –инженер, Бакуде тұрады, ағасының баласы Мүсілім-ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, Қазақстан ҰҒА корреспондент мүшесі, ал қарындасы Бопан ғылым кандидаты, доцент.С.Торайғыров «Таныстыру» деген ертеде шығарған бір өлеңінде Ә.Ермековты жақсы сипаттайды.

«Оқу және әдістемелік әдебиеттері жөніндегі Республикалық баспа кабинеті» профессор Әбеуұлы Әлімханның «Ұлы математика курсын » 1995 жылы қайта басып шығарды. Баспаға дайындаған ғылым кандидаты Ш.Біләлов[1, 96-98 б.].

Ә.Ермеков тек қана математика саласына ғана емес, қазақ ұлтының мүддесінеде көп еңбегі сіңген. Ә.Ермеков 1920 жылы көктемде Орынборда жасаған баяндамасында сол баяғы Ертіс, Жайық өзендері бойындағы алқаптарды оны атам заманнан бері иеленіп келе жатқан қазақтарға қайтару жөнінде, әзірге қазақ жалпы жерге орналасқанша орталық аймақтардан көшіп-қонуды тоқтата тұру туралы маңызды ұсыныс жасайды. Мәскеуге келгенінде Қырревкомның өзге мүшелерімен араласа жүріп, Ермеков өзін іскер, алғыр, жан-жақты білімді, мәдениетті қайраткер ретінде көрсетеді. Ә.Ермеков Қырревком мүшесі, әрі коллегия төрағасы болып сайланады.

1920 жылғы 9-10 тамызда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Төралқасы жанында барлық мүдделі мекемелер мен ведомстволардың мәслихаты болып, онда Қырғыз (Қазақ ) өлкесін басқаруға байланысты және оның Ресей Федерациясымен шекарасы мен өзара қатынастары туралы мәселелер талқыланды. Онда Қырревкомнан С.Пестковский, Ә.Жангелдин, А.Кулаков, А.Мырзағалиев, Ә.Әлібеков, П.Петровский; Қазақстанның облыс орталықтарынан – С.П.Милютин, Д.Темірәлиев, Ә.Ермеков, Оразаев; РКФСР Ұлт істері Халық Комиссариатының төрағасының көмекшісі Түркоммиссияның көмекшісі Орталық Комитетінің мүшелері Г.И.Сафаров, Т.Рысқұлов, БОАК мен РКФСР ХКК төрағалары, Жер Халық Комиссариатынан Сібревком, Омбы, Астрахан, Челябинск облыстық атқару комитетінің басшылары және басқа да жауапты адамдар қатысты. Екі күнге созылған бұл мәжілісте болашақ Қазақ автономиясының территориясы мәселесі төңірегінде тиянақты шешім болмады. Ақырында 14-тамызда болашақ Қырғыз(Қазақ) Автономиялық Республикасын құру және оның шекарасын белгілеуге байланысты мәселені 17 - тамызда В.И.Лениннің төрағалығымен өтетін БОАК және ХКК-нің біріккен отырысында талқыға салу көзделді.

Осыған байланысты Ә.Ермеков Қазақ өлкесінің жағдайы мен оның шекарасын белгілеу мәселелері бойынша Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісіне дайындалады. Мәжіліс 1920 жылдың 17-тамызында өтеді. Төрағасы В.И.Ленин болған ХКК-нің осы отырысында Қырғыз(Қазақ) Автономиялық Кеңестік Республикасын құру туралы жоба жасалды.

Бұрын В.И.Ленинмен телефон арқылы сөйлесіп (1918ж.наурыз) таныс болған Ә.Ермеков енді оның алдында баяндама жасау мүмкіндігіне ие болады. Ә.Ермеков бүкіл өміріне өшпес із қалдырған бұл оқиға жайында өз қолымен естелік жазып қалдырған екен. Бұл қолжазба бүгінде ұлы Мағауия Ермековтің, журналист – жазушы Нөгербек Мағзұмұлының жеке архивтерінде сақтаулы[2].











































Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Қазақтың байырғы есептері авт.Сәбетбай Елубаев .

2.http//aiashainasy.kz/kazaktarihy/almhan-trmekovtn-kazak-shekarasyin-anyiktaudagyi-eren-enbeg-82303.






































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!