Ерте
жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы мен
ерекшіліктері
14
желтоқсан 2012жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә
Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Біз балаларымыз қазақ
тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін
жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілдік мемлекеттік
деңгейде ынталандырылуы керек.» деп айтылғандай, қазіргі қоғам
мәселелерінің бірі тек қана экономикалық жағдайға бейімделген
тұлғаны тәрбиелеу емес, сонымен бірге нақты заманға лайық белсенді
жеке тұлғаны қалыптастыру.
Абай атамыз «Тіл жүректің айтқанына
көнсе,жалған шықпайды» деген нақыл сөзіне сүйене отырып ,қазіргі
заманға сай айтылған сияқты,тілді меңгергіміз келсе «тіл үйрену
үшін тілек те, жүрек те керек» екенін ұғынамыз
.
Көптілділіктің негізі ана тілден бастау алу керек.
Ата-бабамыз «Баланы –жастан » десе, ана тілі ананың сүтімен
сіңеді, өз ана тілін әбден толық меңгермеген балағ ағылшын тілін
үйрету оңайға соқпайды. Бұл кезде мұғалімге үлкен жауапкершілік
жүктеледі.
Қазіргі
заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие
үрдісінің барлық деңгейінде пәнаралық байланыстарды тереңдетуге
мүмкіндік туады. Бұл оқушының ақпаратты, қоғам жағдайында ойлау
қабілетін арттыра түседі. Осындай бағыттағы білім оқушыларды Отанға
деген сүйіспеншілікке, достық пен ынтымаққа
баулиды.
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес елдегі беделді
тілдің бірі – халықаралық қатынастағы ағылшын тілі болып саналады.
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі.
Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын
дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық
қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Қазақстан
Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму
жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді.
Ағылшын тілін оқытуды мектепке дейінгі мекемелерден басқа, отбасы
ортасында да жүзеге асыруға болады. Бұл үшін педагогикалық білімнің
болуы міндетті емес, жай ғана үй жағдайында балалармен дидактикалық
ойындарды ұйымдастырып өткізу ғана жеткілікті, мысалы ас дайындау,
немесе серуен кезінде белгілі бір заттарды ағылшын тілінде атауын
қайталату. Мектепке дейінгі ұйымымызда ата-аналармен байланыста
ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне, ертеңгіліктерге, пікір
алмасу мақсатында дөңгелек үстелге шақырылады, сауалнамалар
жүргізіледі, ақыл-кеңестер және үйге жеке
тапсырмаларберіледі.
Мектеп оқушыларына қарағанда мектепке
дейінгі жастағы балалардың еліктегіш қасиеті жақсы дамыған,
сондықтан олар ағылшын тілін үйренгенде азырақ қиналады. Сонымен
қатар, олар ағылшын дыбыстарын, сөздерін, сөйлемдерін қайталағанды
ұнатады. Бастауыш мектеп балалары да еліктеу арқылы үйренеді, бірақ
бұл балаларға дыбыстарды дұрыс айтқызу үшін сөйлеу мүшелерінің
жұмыстарын түсіндіруге болады.
5-6
жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойнау іс-әрекеті болып
табылады, сондықтан ағылшын тілін үйрету үшін мұғалім осы факторды
ескере отырып әртүрлі ойындарды пайдалану керек. Ойындар арқылы
мұғалім балаларға жаңа сөздерді,сөз тіркестерін үйрете алады. 7-9
жастағы балалар да ойнағанды ұнатады, бірақ оларды ағылшын тіліне
оқыту үшін тек ойындарды ғана емес, әртүрлі тапсырмалар,
жаттығуларды да орындатқызу керек. Ойын арқылы балалар шетел
тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар
шаршағандарын сезбей, әсерлене, қызыға отырып шет тілін тез
үйренеді. Егер мұғалім ойынды тек балаларды көңілдендіруге, дем
алдыру үшін ойнатса, одан ешқандай пайда жоқ. Ойын белгілі
бір білім беруді мақсат етіп, ойналған кезде ғана нәтижелі
болады.
Шет тілі
сабағының әр кезеңінде ойын элементтерін пайдалануға болады.
Мысалы: сабақтың басында ұйымдастыру бөлімі кезінде алынатын
фонетикалық рифмовка алған кезде, ал кәне кім мына өлеңді бірінші
жаттап алып, маған айтып берер екен деп жарыс ойынын ұйымдастырса
және эстафета таяқшасын дайындап алып барып, оны алда отырған
оқушыға берсе, ал оқушы өлеңді айтып болып, келесі оқушыға берсе,
балалар жарыса отырып өлеңді қалай жаттап алғандарын байқамай
да қалады.
Бастауыш
сынып оқушыларына ағылшын тілін үйреткенде басты төрт дағдыны
үйретеміз. Олар: тыңдау, оқу,
сөйлеу және жазу. Бірінші сыныпта осы төрт дағдыны
қалыптастыру сақталған, ал мектепке дейінгі сыныптарда жазу дағдысы
болмайды, олар қайталап, жаттап, ойыншықтарды бейнелеп, әртүрлі
ойындар меңгереді. Оқытуда жаңа технологияларды
қолданып, мысалы әндерді бірге орындауға, тексттерді тыңдатуға т.б.
қолданылса, көзбен көріп үйренген есте көп
сақталады.
Бастауыш
сынып барлық білімнің қалануының негізі. Бастауыш сынып оқушыларына
нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында
болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға
болады. Балдырғандарымыз тіл жағындағы нық басса, алдағы болашақта
нұрлы жолға қадам тастауына негіз қаланар еді. Бастауыш сынып
оқушыларының тілі толық дамып жетілмегендіктен әрине, ағылшын тілі
басында қиынырақ сезілгенімен, соңына келе біртіндеп қалыптасып,
жаттық әрі әдемі ағылшын тілін сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып
оқушылары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды
ағылшын тілінен жалықпауы үшін көбінесе жаңаша үйрету
тәсілдерімен тәрбиелеуіміз қажет.
Қорыта
айтқанда шет тілін ерте жастан оқытудың тиімділігі оқушылардың
пәнге деген қызығушылығымен бірге олардың сабаққа түгел
атсалысатындығы, бәсекеге қабілеттілігі, бір-бірінен қалғысы
келмейемін-еркін, сөздерді қайта-қайта айтуда бір-біріне
ықпалдарының әсер етуі жақсы нәтижелерге жетелейді.Қазақтың
қахарманы Б.Момышұлы:: «Қолына қалам ұстаған әр азамат ана тілінің
қорын игерумен бірге, басқа тілдердің де асыл қазынасынан
сусындауы, оны кәдеге жарата білуі абзал» дегендей қазіргі кезде
ағылшын тілін ерте жастан меңгертудің маңызы
зор.