Ертеде бір қыз өмір сүріпті...

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеде бір қыз өмір сүріпті...

Материал туралы қысқаша түсінік
материалды ертегі терапия ретінде коррекциялық жұмыстарға қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «ЕРТЕДЕ БІР ҚЫЗ (ұл) ӨМІР СҮРІПТІ...»

Мақсаты: өзін-өзі бағалау және қиял қабілетін дамыту. Өз қабілетін анықтау және қолдана білу.

Міндеттері:

- өз эксзистенциясын зерттеу;

- өзінің қайталанбас тұлға екендігін, әлемнің қайталанбас әлем екендігін көру мен қабылдау;

- әлемге деген оң көзқарасын дамыту;

- жеке тұлғалық қабілетін ашу.

Қуыршақ терапиясының әдісі: жұмыс жүргізу барысында кез келген кейіпкердің рөлін сомдау.

Қуыршақ терапиясының түрі: мата қиындыларынан жасалған қуыршақтар.

Қажетті құралдар: Қуыршақтың сұлбасын жасауға арналған маталар, мақта, қайшы, жіп.

Өткізілу уақыты: 15 минут.

Кіріспе:

Жұмыс барысында қиындық тудыратын мәселелерге байланысты әрбір қатысушыларға жүргізуші пікірталасқа қатысуларын сұрайды, нәтижесінде өз экзистенциясына қатысты сауалдарға жауап алады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

Сіздер өздеріңізге ұқсамайтын «қызды» дайындауларыңыз керек.

Ескерту: Егер топта ер адам болса, онда олар өздеріне ұқсамайтын ер баланы жасайды.

Қуыршаққа қайталанбас бейне беріңіз, оны әртүсті жіптерден әшекейлеңіз. (шашын жасаңыз, шаш үлгісін, киімін әдемілеңіз?).

Қуыршақ дайын болғанда оған есім беріңіз, оның мінез ерекшелігін атап өтіңіз. «Ол маған ұқсай ма?» деген сұраққа жауап беріңіз. Қуыршақпен бірге қарым-қатынас жасаңыз. Сізде туындайтын мәселелерге назар аудара отырып, қарым-қатынас жасаңыз.

Таныстыруды: «Баяғы өткен заманда маған бір қыз (ұл) болған екен» . Оның атын көрсетіңіз, оның қандай екенін айтыңыз, нені жақсы көреді, өмірде оған не қымбат екенін.

Топпен жұмыс:

Мақсаты: қатысушының топқа бейімділігін , ұжымшылдығын анықтау.

Ойын шарты: Бөлінген топтар өздерінің топ басшысын тағайындап, топтың атын қояды. Топтарға үлестірме таратылады. Үлестірмеде мынадай сөздер жасырынған:

1. Қуыршақ болып ән айту;

2. Қуыршақ болып билеу;

3. Ертегі кейіпкерлерін сомдау (ертегі қою)

Ескерту: Қатысушылар топқа бөлініп, әр топ мүшелерінің қуыршақ кейпінде жүретіндігін ескерту керек.

Жасырынған сұрақтар бойынша өнерлерін көрсетеді.

(Оқушылардың дайындығына 5 минут беріледі)

Талдау:

  • Жұмыс сізге не берді?

- Сізге ұқсамайтын қыз сізге несімен қымбат?

Қорытынды сөз. Қатысушылардың біреуі бастап , қолына ұстаған қуыршағы арқылы бүгінгі кездесуге , тапсырма барысындағы белсеніділікке ризашылығын білдіре отырып, тілек тілейді.

Халық даналығы:

«Адам өзінің болмысында суретші. Ол үнемі өз өміріне қайтсе де әдемілік енгізуге ұмтылады».

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2018
485
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі