"Ертеде қалай тамақтанған"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ертеде қалай тамақтанған"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дұрыс тамақтану құрманың пайдасы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспарлау

Дүниетану

САБАҚ: Тағам және сусындар

Ертеде қалай тамақтанған?

Мектеп:

Күні:4.04.

Мұғалімнің аты-жөні:Султангереева Мөлдір

Сынып:

Қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттар:

1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірін әңгімелеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:


ежелгі және қазіргі заманғы адамдардың тамақтану ерекшелігі туралы біледі


Оқушылардың басым бөлігі:


алғашқы өркениет пайда болған кездегі өзендердің маңызын анықтай алады


Кейбір оқушылар:Ас мәзірін өмірлік тәжірибесіне сүйеніп ұсына алады

Тілдік мақсат:

Оқушылар:

  • оқушылар тағам мен сусын түрлерін ажырата біледі, ертедегі және қазіргі адамдардың тамақтануын біле отырып ежелгі Ұлы Жібек жолы туралы ақпарат алады. Дұрыс тамақтана білу денсаулыққа пайдалы екендігін түсініп, Қазақстанда жасалатын негізгі тағам өнімдерімен танысады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Жібек жолы , дәнді дақылдар

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тақырыптар:

  • Дүкен немесе базардан не сатып ала аласыздар?

  • Ас үйде нені табуға болады?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Денсаулықты сақтауға нелер көмектесуі мүмкін? «Ас – адамның арқауы» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай азық түрлері адам ағзасына пайдалы болуы мүмкін?

Жазу үшін ойға салу:

  • Тамақ дайындау үшін қажетті көгөністер мен жемістерді атаңыз.

  • Тамақ пісіруге арналған ыдыстар және қажетті заттар.

Алдыңғы оқу

Алдыңғы бөлімдерде тамақ пен сусын тақырыбының көптеген мәселелері қарастырылған.Оқушылар осыған дейін ұлттық және өздері тұтынатын тағамдар мен сусындардың түрлерін біледі. Бөлімге байланысты кейбір тарихи деректермен таныс.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)


ресурстар


Басталуы

10 мин





Ертеңгілік шеңбері

Сәлеметсіз бе, Күн!

Сәлеметсіз бе, Жер!

Сәлеметсіз бе, сіз!

Сәлеметпіз біз!

Балалар,менімен бүгін саяхатқа барғыларың келе ме?

-Біз бүгінгі сабақта Жібек жолымен саяхатқа шығамыз. Бұл саяхатта біз ежелдегі адамдар немен қоректенгенін анықтаймыз.

Мен саяхат жетекшісі боламын.Менің көмекшім болады.

Шаттық шебері



Ортасы

15 мин












































Аяқталуы

15

















«Мұғалім сыйы»

Ерден атаның әңгімелері «Ұлы Жібек Жолы» бейнетаспасын көру.

(Ұ) «Детектив» ойыны. Оқушыларға көне Тараз қаласының немесе Ұлы Жібек жолы бойындағы елдің тұрғындарының дастарқанында қандай азық-түлік болғанын зерттеу керектігін хабарлау.

Бізде бұл туралы оқулықтар, тақырыптық кітаптар мен суреттер, бейнежазбалар бар.Бірақ алдымен біздің ақпарат көздерінен табылған дәлелдер негізінде жауап беруге болатын сұрақтарды белгілеуіміз керек.

Топқа бөлу;

Себетпен конфет әкелу оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын конфеттің түрлеріне қарай

Топқа бөлінеді

Қызыл,көк қызыл конфеттер

(Т,Қ) Сынып оқушыларын шағын топтарға ұйымдастыру. Оқушыларға олар детективтер рөлінде карта, кітаптар мен картиналарды зерттейді. Ұлы Жібек жолы тұрғындары олардың дастарқанында қазіргі заман тағамының өнімдеріне ұқсас қандай азық-түлік болғанын табуды тапсырыңыз.

1-топ: Көшбасшы және тыңдаушы әдісі

Көшбасшы ретінде ортаға шығып сұрақ қойылады тыңдаушылар бағалайды.

2-топ: Дәнді-дақылдарды зертте.

-Балалар,мына қалташалардың ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

Қандай дәнді-дақылдар білесіңдер?

-Бұл дәнді –дақылдар өсу үшін не қажет?

-Жер қандай болу керек?

Дәнді-дақыл атауларын «Күн шұғыласы» әдісі бойынша топтастырыңдар.

3-топ: Оқулықпен жұмыс

72-беттегі мәтінді оқы.Сенің отбасыңда ботқаны қалай дайындайды? «Шөл дала наны» деп нені атайды?

«Отбасылық ботқа» мәзірін әзірлеңдер.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Сергіту сәті «Қара жорға» биі

Дәптермен жұмыс

Отбасына арнап бір күндік ас мәзірін жаса

«Дирижер ойыны» Көмекші бала бірінші қатарға таяқшамысен көрсетеді.Егер ол 1рет таяқты сілтесе оқушылар қазақ тілінде тірек сөздерді атаулары керек.Екі рет сілтеген сәтте екінші қатардағы топ қазақ, орыс тілінде жауап береді,таяқшаны үш рет сілтесе қазақ, орыс,ағылшын тілінде айтады.


Сен білесің бе?

Адамдар өміріне пайдалы тағамның тағы бір түрі

Құрма құрма ертеде шөл даланың наны аталған саяхатшылар өздерімен бірге құрманы алып жүрген.

https://www.youtube.com/watch?v=xmiureOu5BE























Жібек жолы картасы







Дәнді-дақылдар








Оқулық 73-74б


Флипчарт

маркер












бейнетаспа











«Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды. Егер сендер тағы да саяхатқа барғыларың келсе, өздеріңмен бірге құрма алып жүріңдер. Құрманың құрамында адам үшін барлық қажетті дәрумендер бар», – деп «саяхатымызды» аяқтаймыз.



Shape1

Shape2







Shape3








Қосымша ақпарат

Саралау-

Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспар-

лайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-

Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс


оқушылар өсімдіктердің өсуі үшін қажетті жағдайларды атайды;

оқушылар дұрыс тамақтану мәзірін құрастырады.

Оқушылар

–– картадан ежелгі қала мен мемлекетті табуын бағалау;

Ежелгі заманғы адамдардың тағамымен салыстыруға; –– өз отбасы үшін ас мәзірін дайындауға үйренді.

Өнер, сауат ашу пәні

Еңбек және шығармашылық арқылы астың маңыздылығын түсінеді.

Интерактивті тақта

Сергілту сәті және денсаулықты сақтау

Рефлексия (сабақтан кейін толтырылады)


Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер егіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау:


Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:


Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңызды жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетінін білдім?







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2018
1045
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі