Материалдар / Ертегі. «Анашым ертегі оқып берші!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертегі. «Анашым ертегі оқып берші!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегілер туралы білімдерін кеңейту.Сөйлеу мәдениетін,еркін сөйлеп,өз ойларын дұрыс жеткізу.Баланың сөздік қорын дамыту,сөз өнеріне деген құрмет.Балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу. Ата-ана мен балабақшаның өзара қарым-қатынасын нығайту. Міндеттері:Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету, сыйласып, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Тараз қаласының білім бөлімінің

«№6 бөбекжай – бақшасы» МКҚК










«Анашым ертегі оқып берші!»





























2021-2022 ж.

«Анашым ертегі оқып берші!»

Өткізілген күні:20.01.2022 жыл

Қатысушылар:Барлық топ ата-аналармен (онлайн)

Мақсаты: Ертегілер туралы білімдерін кеңейту.Сөйлеу мәдениетін,еркін сөйлеп,өз ойларын дұрыс жеткізу.Баланың сөздік қорын дамыту,сөз өнеріне деген құрмет. Балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу. Ата-ана мен балабақшаның өзара қарым-қатынасын нығайту.

Міндеттері: Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету, сыйласып, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.

Қатысушылар: Автор, Ата, Апа, Бауырсақ, Қоян, Қасқыр, Аю, Түлкі.

Қажетті нәрселер: Ортада үстел үстінде ыдыстар, қатық, сыпырғыш,ине ағаш, тауық маскасы, тышқан маскасы, шелек, мысық киімі, дүкен, сиыр маскасы, мейіз, тары, қайшы, тақта, орман, орманды мекендеген аңдар, ағаштар.

Тәрбиеші: Балалар, енді бүгінгі ертегіміз ерекше болғалы тұр, кәне маған қараңдаршы Ертегі айту,ертегіні тыңдау сендерге ұнай ма? Қандай ертегілерді білесіңдер?Енді осы аталған ертегілерге саяхатқа барамыз, ол үшін біз оларға сыйлық апаруымыз керек, ендеше Ертегілер еліне бәріміз бірігіп «Ертегілер әлемі» әнін айтып берейік.

Тәрбиеші: Міне біздің ертегілер елінің қақпасын ашып ертегі елін тамашалайық. Енді ертегілер елінде жүрген мына кейіпкерлерге назар аударайықшы! Ең алды- мен қандай ертегілердің кейіпкерлері екенін тауып алайық.(балалар жауабы)

Тәрбиеші: Ал енді осы ертегілерді айтайық. Ол үшін мына қораптардың біреуін таңдаймыз да ішіндегі ертегіні әңгімелеп береміз.(«Бауырсақ», «Ойыншықтар достастығы», «Шалқан» ертегісі.) Бауырсақ неден жасалған-ұннан .Ұннан тағы қандай тағамдар жасауға болады?(балалар жауабы нан,тоқаш т.б.) 

Ас атасы-нан,нан атасы-дән демекші. Нан қайдан пайда болады?(Балалар жауабы) Көктемде дәнді егіп,күтіп-баптап күзде комбаймен орып жинаймызда диірменшіге апарамыз,диірменші бидайды тартып ұнғып ,ұнды наубайханаға апарып нан пісіреді. Кім Нан туралы тақпақ біледі?

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар,

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.

Тәрбиеші: Балалар ендеше «Бауырсақ» ертегісінің қойылымын қояйық. 

Автор : Ерте заманда бір ата мен апа өмір сүріпті. Бір күні ата апасына:

Ата: Маған бауырсақ пісіріп берші,- дейді.

Апа: Неден пісіремін? Көп болды үйде ұн жоқ.

Ата: Әй кемпірім – ай! Сен қамбаны сыпырып қуыс – мүйісін қырна осылайша қалған – құтқан ұнды жина.

Автор: Бауырсақ тегіс, домалақ, сырты қызарыңқырап әдемі болып піседі.

Апа бауырсақты суытуға терезе алдын қояды. Бір өзі жатып–жатып жалыққан бауырсақ жерге түсіп әрі қарай домалай жөнеледі.

Осылай домалаған күйі қалың қараңғы орманға келіп оған қоян кездеседі.

Қоян: Бауырсақ, бауырсақ!

Мен сені жеймін!

Автор : Бауырсақ оған былай деп жауап береді:

Бауырсақ: Мен атамнан, әжемнен кеткен бауырсақпын, сенен қоян кетуге аса қулықтың қажеті жоқ!

Автор: Осылайша бауырсақ әрі қарай домалап жөнеледі. Қоян оны дұрыс қарап та үлгермей қалады.

Автор: Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен домалап келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келеді.

Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!

Бауырсақ: Қасқыр сен мені жеме

Оданда мені тыңда

Мен атамнан, әжемнен

Қояннан кеткен бауырсақпын

Мен қасқыр сенен де кетемін.

Автор : Осылай бауырсақ әрі қарай домалап жөнеледі. Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.

Аю: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!

Бауырсақ: Жоқ, аю, сен мені жеме

Оданда мені тыңда

Мен атамнан, әжемнен

Қоянан, Қасқырдан

Кеткен бауырсақпын,

Аю сенен де кетемін.

Автор : Осылай бауырсақ әрі қарай домалап жөнеледі. Бауырсақ домалап келе жатса, алдынан түлкі шығып:

Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ

Мен сені жеймін!

Бауырсақ: Түлкі сен менің не айтатынымды тыңда.

Автор : Оған қу түлкі былай дейді:

Түлкі: Мен сенің айтқанынды тыңдар едім, бірақ қазір қартайып құлағымның естуі нашарлап жүр, тұмсығыма отыр да, айта ғой!

Автор : Түлкінің тұмсығына отырып бауырсақ әңгімесін бастайды!

Бауырсақ: Мен атамнан да, әжемнен де, қояннан да, қасқырдан да, аюдан да құтылып кеткен бауырсақпын, түлкі енді сенен де кетемін!

Автор : Осыны айтып үлгергені сол – ақ екен түлкі ауызын ашып, тістерін ақситып, бауырсақты жұтып жібереді!

Тәрбиеші: Осымен ертегі аяқталды, ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп рақмет!

 «Тәрбие тал бесіктен» - демекші біздің балаларымыз бала-бақшаға да барады. Бала-бақшадан алған тәрбиелерін біз арықарай жалғастырып, балалардың тәрбиелі болып өсуіне жол көрсетеміз. Сондай жақсы тәрбиемен өскен бала тек жақсылыққа жететініне сенеміз. Енді құрметті ата-аналар Сіздерге «Анашым ертегі оқып берші!» атты челленджін жолдаймыз! Балаларыңызға ертегі оқып жүріңіздер!













 












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!