Материалдар / Ертегі еліне саяхат. Ер Төстік ертегісі. Сахналық қойылым.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертегі еліне саяхат. Ер Төстік ертегісі. Сахналық қойылым.

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи түріне келтірілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
3098
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ерте ,ерте,ертеде, ешкі жүні бөртеде Ерназар деген бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты.Қора толған қойлары ,өріс толған жылқылары болыпты.

Бір жылы елде үлкен жұт болып, ел малын алысқа айдап кетіпті. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде қалыпты.

Осы кезде зұлымдықтың патшасы Бапы хан өз сарайында:

-Мыстан!

-Ия, мәртебелім.

-Сөйле!

-Өзіңіз бұйырғандай, елге жұт орнатып, теп-тегіс типыл еттім. Көпке бармас, енді адамдар да қырылады.(ха-ха-ха)

-Жарайды. Сенің не істегеніңді көрейік. Қап, мына итжегір істемей қалды ғой! Бекторы!(Бекторы келеді)

-Ия, әкетай.

-Мынау қайтадан қосылмай қалды.

-Мынаны басасыз.

-Аа.Осы екен ғой.Қане көрелік.Жер үстінде не болып жатқанын.(Экранды тамашалайды). Аа. Тамаша! Жарайсың ,мыстан!(ха-ха-ха)

Бір күні тұруға шамасы келмей жатқан Ерназар шаңыраққа қараса , керегеде ілулі тұрған кер биенің төстігін көріп қалып:

-Кемпір, сүйінші! Мына керегеде ілулі тұрған төстікті қара . Неғып отырсың? От жақ .Қазан көтер.

- Аа. Қайдан түсті? Жаратқанның бізге түскен рақымы да.

Автор: Бірнеше айдан кейін Ерназардың отбасында шекесі торсықтай ер бала дүниеге келеді. Төстік жеген соң біткен бала деп атын Төстік қояды.

Төстік өзгеше бала болып өседі.Ол ай-жыл да емес, сағат та емес, секунд сайын өсіп, тез ержетіп, әке-шешесіне қамқоршы болады.

Төстік сырттан кіріп: -әке, мынау менің бүгінгі олжам.

-Жарайсың, балам. Сен бізді қиыншылықтан құтқардың.

Осы кезде зұлымдықтың патшасы Бапы хан өз сарайында:

-Мына Төстік ақыры дүниеге келіпті. Мыстан, сен осының көзін жой.

- Ия, мәртебелім.(Бұрылып бара жатып) Ол кім?

-Мыстан!(Бапы хан ашуланып)

-Ия-ия, хан ием.

Автор: Кенжекей ауылдан алысырақта гүл теріп жүреді. Сол кезде жолбарыс Кенжекейге тап бермекші болады. (Жолбарыстың шабуылынан Төстік құтқарып қалады).

-Жазым бола жаздадыңыз ғой. Қорықпаңыз. Бәрі де жақсы. Таныс болайық. Менің атым – Төстік.

-Рахмет, Төстік. Сіз болмағанда ....

-Оқасы жоқ. Қарсы болмасаңыз, сізді ауылыңызға шығарып салайын. Есіміңіз кім?

-Кенжекей. Сізге алғысым ретінде мына тұмарды қабыл алыңыз. Қиын-қыстау сәтте жебеушің болсын.

Автор: Осы кезде зұлымдықтың патшасы Бапы хан өз сарайында:

-Мыстан! Мен саған қалыңдық тауып бер дедім бе? Оның көзін жой дегенім қайда?

-Енді не істейін? Жердің беті жердің асты емес қой, хан ием. Ойымызға келгенін істей беретін. Әйтпесе, баяғыда-ақ Төстіктің көзін жоймаймын ба?

-Онда не тұрыс? Төстікті менің алдыма әкел.

-Мұныңыз жөн екен. Ханда 40 кісінің ақылы бар деген рас –ау.(ха-ха-ха)

-Бекторы , саған да тапсырма бар.

Автор: Ерназар өз үйінде ұйқыда жатқанда, Мыстан кіріп келіп, алқымынан ала түседі:

-Әй, шал! Сенің жаныңды мына торсыққа құйып алдым. Егерде 3 тәулікте маған Төстік келмесе, арасында өзім ішіп отырамын .Ха-ха-ха.(Шығып кетеді)

Кемпірі: - Ойбай,мынау кім? Шал-ау, саған не болды?

-Мыстан кемпір Төстікті бізден тартып алмақшы.

-Төстік!

Төстік сырттан жүгіріп келіп, жатқан әкесін көріп:

-Әке , сізге не болды?Мыстан...Мыстан... Әке , мен сізді қалай болмасын құтқарамын.

-Балам, сақ бол. Жолың болсын! (Анасы)

Автор: Кенжекей ұйқыда жатқанда Бекторы келеді.

-Мм , Құдай өзінен сұлулықты аямапты. Енді сенің келбетің – менікі. Сенің келбетің Төстік танып, атыңды атаса ғана қалпына келмек( ха-ха-ха).

Таңертең ұйқысынан оянған Кенжекей айнадан өз жүзін көріп, шошып кетеді.

Автор: Зұлымдықтың патшасы Бапы ханның сарайында.

-Өзіңіз ойлағандай Төстік те келіп қалар ( ха-ха-ха).

Осы кезде Төстік кіріп келеді: Мыстан!

-Ойбай,бәтшағар! (Төстікті көріп қашып кетеді).

-Қош келдің , Төстікжан!

-Аа, Бапы хан деген сен бе едің?

-Ашулысың ғой өзің ( ха-ха-ха). Әкеңнің жанын менен оп-оңай алмақшымысың.

Екеуі шайқаса кетеді.

Автор: Төстік Бапы ханды жеңіп ,торсықты алып , әкесін құтқарып қалады.

-Өмірге жаңадан келгендей болдым ғой. Рақмет, балам .Сен мені ажалдан құтқарып қалдың.(Кенжекей келеді)

-Төстік!

-Кенжекей!

Бір-бірінің қолын ұстаған кезде , Кенжекей қолын тартып қалады.

-Мынасы несі! Денемді бір нәрсе қарып өтті. Лақтырып тастай сал.(Төстік тұмарды алып тастайды )

-Алыстап ұзап кеттік қой . Кенжекей, бүгін саған не болған?

-Неге? Сол баяғы Кенжекейің емеспін бе?

Осы кезде артқы жақтан Кенжекейдің дауысы шығады:

-Төстік!

-Кенжекей, бұл сенбісің? Сонда анау кім болғаны?

-Ия, бұл менмін.

-Ақымақ адамдар, сендерді алдау да арбау да оңай ( ха-ха-ха).Төстікке сиқырын жасайды. Төстік көзі көрмей, отырып қалады.

-Саған не болды, Төстік? Менің саған берген тұмарым қайда?

Төстік қалтасынан тұмарды алып , мойнына таққанда көзі шайдай ашылады.

-Кенжекей!

-Мұнысы несі! Менің сиқырымның әлсіз болғаны ма?!

Автор: Төстік пен Кенжекей тату -тәтті , бақытты ғұмыр кешкен екен.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!