Сабақтың тақырыбы: Ертегі – танымның көзі (интерактивті сабақ)
Сабақтың мақсаты: әжелер мектебі арқылы ертегінің танымдық-тәрбиелік әлеуетін жан-жақты ашып, отбасында ертегіні тәрбие құралы ретінде қолдана білуге ықпал ету.
Міндеттері: - ата-әжелердің тәрбиедегі орнын айқындау; - ертегі туралы білімдерімен, ой-пікірлерімен бөлісу; - ертегінің тәрбие құралы ретіндегі маңызын ашу;
- ертегін оқушыға керек дағдыларды нақтылау;
- құнын жоғалтпаған ертегілер мен бүгінгі күн ертегілерінің айырмашылығы, мәнін ашу.
Көрнекілігі: экранда ертегінің тәрбиелік мәні туралы пікірлері мен ертегі кейіпкерлері жайында бейнетаспалар жүріп тұруы қажет. Айгерім Қалаубаеваның орындауында «Ертегілер» әні (авторы: Е.Елгезеков) орындалып тұрады
Жоспары:
-
Күймен ашылады
«Сіздің әжеңіз...»
Сұрақтар:
1. Ертегі туралы не білеміз?
2. Ертегі не береді?
3. Ертегі баланы дамыту құралы ретінде...
4. Ертегілерді не үшін оқу керек және қалай оқу керек, оқитын адамға қандай дағдылар керек?
5. Құндылығын жоғалтпаған ертегілер
6. Заманауи ертегілер жөнінде айтарымыз бар ма?
Сабақтың барысы:
Модератор: Қайырлы күн, құрметті ақсақалдар, ардақты әжелер! Әже мен ата деген аяулы атаудың өзін тосырқап қалғандаймыз. Дегенмен, бұл әлеуметтік мәртебе екендігін ұмытпағанымыз абзал. Небір қиын жағдайларда ұрпағын аман сақтап, өсіру мен жетілдірудің жолдарын жан-жақты білетін даналар қазақ әжелері мен аталары еді. Олай болса, ақсақалдарымыз бен әжелер қауымын «Даналық мектебі» аясында көргенімізге қуаныштымыз.
Сіздерге ортақ бір сұрақ: Сіздің ата, әжеңіз қандай естелігімен қымбат немесе қандай естелік әжеңізді немесе атаңызды еске түсіреді? (Қатысушылар өз аталары мен әжелері туралы бір сөйлеммен жауап беруі тиіс)
- Менде әжемнен қалған күміс білезік бар.
- Біздің үйде әжеміз сырған сырмақ бар.
- Атамыздың суреті маған ыстық... дегендей жауаптар беріледі.
Модератор: Бүгін Сіздермен «Ертегі – танымның көзі» атты тақырыпты бірлесе отырып ашсақ деген ұсыныс бар.
1. Ертегі туралы не білеміз?
Ертегі деген атаудың өзі «ертедегі», «ертеде ерте күндегі» деген сөзден туған. Содан ертегі айтушыны «ертекші» дейді. Аталарымыз бен әжелеріміз немерелеріне ертегілерін былай деп бастайтын: «Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен» деп көпке таныс өлеңдете бастау немесе «Ертеде, ерте ертеде, бәлкім одан да ерте ме, бір бай бопты», «Ертеде кемпір мен шал болыпты» - деген сияқты тіркеспен басталғаны қалыптасқан үрдіс еді. Бұл ертегінің алдында үнемі айтылып отыратын дағдылы сөздер ертегінің жолын ашады, бағытын аңғартады. Ертегінің басталуы мен баяндалуында өзге сөзден бөлек, өзіне тән айшықты өрнектері бар. Мұндағы мақсат: балалар соны аңғарсын да тыңдар ертегісінің ерекшелігіне бейімделе берсін деп психологиялық ахуал туғызғаны. Ертегіні жұрт қолы боста, қыстың ұзақ кештерінде айтқыш, тыңдағыш болады. Бірақ бұған қарап «ертегі» еріккеннің ермегі деп ойламау керек. Ертегі де фольклордың ішіндегі қоғамдық тәрбиелік маңызы зор – халық шығармашылығының жемісі.
Алғашқы жүз жылда Қазақстанға Ресейден келген адамдардың кейбірі қазақ жұртының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы туралы деректер жинап, солардың қатарында фольклор жайында жалпылама мәліметтер жариялап жүрді. Ертегілердің көбірек жиналып, жарық көрген тұсы – ХІХ ғасырдың 2-жартысы. Бұл кезеңде қазақ ертегілерін ғылыми мақсатта жариялаған жинақтар да болды. Әсіресе В.В. Радлов, И.Н. Березин, Ы.Алтынсарин, Г.Н. Потанин, А.В. Васильев, А.Е. Алекторов, Ә.Диваев жинақтарында ертегілердің көптеген мәтіндері жарық көріп, олар туралы азды-көпті ғылыми пікірлер айтылды.
2. Ертегі не береді?
Топқа бөлу. Қазір топқа бөлінсек. Қатарынан 1, 2, 3, 4-ке дейін санайық. Сан реті бойынша төрт топқа бөлініп, орналасады. Топтарына тақырып иемденеді. 1-топ: қиял-ғажайып ертегі 2-топ: хайуанаттар жайлы ертегілер 3-топ: тұрмыс-салт ертегісі 4-топ: заманауи ертегі
Аталған тақырып бойынша өз білетіндерін жүйелеп, ақылдаса отырып, біреуі баяндайды.
1-кезең: «Бәйге». Бұл топтық жұмыста қатысушылардың ертегі туралы қаншалықты білімі бар екендіктерін, өз пайымдаулары мен тұжырымдарын жеткізеді. (15 минут)
Мысалы: қиял-ғажайын ертегі адамзатқа не береді, бала тәрбиесіне қаншалықты ықпалды. Сіз осы ертегілерді қалай заманауиландыра аласыз, қалай үлес қосар едіңіз? – деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітеді.
Терме «Жан жолдасым домбыра»
2-кезең: «Білгір». Экранда аудиоертегінің үзіндісі қосылады. Қай ертегінің үзіндісі екенін қатысушылар дұрыс табулары қажет.
«Сәулем-ай» халық әні
3-кезең. «Көненің сөзі». Қатысушы топтар экранда берілген тарихи не көнерген сөздердің мағынасын ашып айтулары қажет.
Қорытынды.
Модератор: Қазір бәріміз қазылар алқасы әділ шешімін шығарғанша көңіл көтеріп, ән салайықшы!
6 Г сыныбының орындауында ән – «Үш бақытым».
Модератор: құрметті бүгінгі іс-шараға қатысушылар, Сіздердің пікірлеріңіз аса құнды. Қойын дәптерімізге өзімізге мынадай сұрақтар жазып алайықшы: - Мен әдістемелік қоржынымда неше ертегі бар? - Ертегіні қызықтыра баяндай аламын ба? - Суретті, қызықты ертегі кітаптар сатып алатын мүмкіндік бар ма? - Егер, өз ойымнан ертегі жазсам... Тағы қандай тапсырмалы сұрақтар жазар едіңіздер?
«Даналық ағашы» арқылы қорытындау.
Сабақты қорытындылаудың екі түрі бар: екеуінің бірін таңдай аласыз.
1-нұсқа: қатысушылар ішінен бір жүргізуші сайланады. Жүргізушінің қолында қорап немесе сандықша болуы керек. Қатысушылар тақырып бойынша ашық сұрақтар құрастырып, жүргізушіге береді. Сұрақтар құрастырылып біткен соң, қатысушылар кезектесіп сандықшадан кез келген сұрақты алып, дауыстап оқиды, толық жауап беруге тырысады. Қойылған сұрақпен берілген жауап бағаланады.
2-нұсқа: тақтада ілулі тұрған даналық ағашына қатысушылар бүгінгі сабақтан не түйгенін, тілекпен жазып іледі.
Модератор: Ардақты аналар, аяулы әжелер! Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, төмендегіше түйіндейік: Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Отбасында әжелер арқылы ұлттық құндылықтарымыз насихаттала беруі керек. Халқымыздың даңқты батыры, қырғын соғыстан қорықпаған, қызыл империяның саяси идеологиясынан қорықпай аты-жөнін өзгертпеген – Бауыржан Момышұлы: өз қорқынышын былай жеткізген екен: «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын…» Жаһандану жағдайында ұрпақ тәрбиесінде қаперде жүрер ескертулер мен қорқыныштар жоқ деп айта алмаймыз. Олай болса, осы мәселелерді отбасы тәрбиесінде ескеріп, өз әжелік мәртебемізге сай болайық дегім келеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертегі-танымның көзі (интерактивті сабақ)

шағым қалдыра аласыз