Ертегі терапиясы - креативті ойлаудың кепілі
Бүгінгі күн талабы жалпы білім беру жүйесіне, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың білім мазмұны мен тәрбиелеу әдістеріне үлкен міндеттер жүктеуде.
Әрбір бала қайталанбайтын, ешкімге ұқсамайтын даралық ретінде қалыптасуы тиіс. Мектеп жасына дейінгі әрбір баланың даралығын ашу үшін ертегі терапиясын қолдана отырып, оның креативті ойлауын дамытудың маңызы зор. Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде 3 жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қасиетті нәрсенің бәрінде ертегіден алады», - деген. Беделді ертегі терапевттердің бірі Т.Д.Зинкевич Еветигнеева ертегі терапиясын рухани білім беретін, әлеуметтік тұрғыдан адамды жүзеге асыратын және адамның рухани табиғатын дамытатын, тәрбие жүйесі ретіндегі тәсілдер жиынтығы деп анықтама берген.
Ертегі – баланы тәрбиелеуге арналса, ертегі терапиясы сол тәрбие арқылы баланы жөнге салу, онын көзқарасын бағдарлау және ішкі әлемінен хабардар болу тәсілдері. Ертегі терапиясы арқылы сенімсіз, агресивті, қорқынышы басым балалармен жұмыс істеуге болады, олармен: ұят, өтірік, кінәні сезіну және т.б. қиындықтарда қолданылады. Сонымен қатар, ертегі терапия үдерісі балаға өз қиындықтарын түсінуге, талқылауға және де сол қиындықтарды шешудің түрлі жолдарын көруге мүмкіндік береді.
Ертегі терапиясын мектеп жасына дейінгі балаларға қолдану барлық уақытта оларға мерекелік көңіл – күй сыйлайды. Егер де, ертегіні өте жоғары деңгейде ұйымдастыра білсе, кейбір қиын мәселелерге қатысты жүргізілетін терапиялық жұмыстар да өзінің көмегін тигізеді.
Ертегі терапиясын қолдану арқылы баланың креативті ойлауын дамытудың маңызы зор. Креативтік ойлау балалардың ертегідегі проблемаларды шешу дағдыларына ықпал ете отырып, нұсқаларды зерделеп, ертегі мазмұнын сындарлы, әрі креативті етіп құрастыруына мүмкіндік береді. Креативтілік ағылшынның «Creativity» сөзінен аударғанда шығармашылық деген мағынаны береді. Креативтілік – жаңаны құрумен байланысты әрекет нәтижесі, шығармашылық өнім.
Мектеп жасына дейінгі балалардың креативтік ойлауын дамыту үшін «Коммуникация» білім беру саласындағы «Көркем әдебиет», «Сөйлеуді дамыту» оқу қызметтері негізінде, күннің екінші жартысында т.б. жүзеге асыруға мүмкіндік көп. Ертегі терапиясы барысында балалар достықтың үлкен үлгісін көріп, оған көмек қолын созуға ұмтылады, достықты насихаттайды.
Ертегі терапиясының бір ұтымдылығы – бала тілімен жеткізілуінде, баланың ой ауқымына тән оқиғалар дәрежесінде ситуация құруында. Бала ертегі тыңдау арқылы өзін – өзі емдеп, түрлі шығармашылық қабілетінің ашылуына мүмкіндік алады. Барлық ертегілерде басты кейіпкердің еркін өмірге қол жеткізуі, Отанының тәуелсіз дамуы басты мұрат ретінде бағаланса, ертегі арқылы балақайлар өздік кеңістік пен еркіндік ұғымын түйсінеді. Осы орайда ертегі терапиясы барысында балаларға ойдан шығару үшін бірнеше ертегі кейіпкерлері мен негізгі құралдардың суреттері бала назарына ұсынылады, ал балалар өз қиялынан ертегі құрастырады. Бұл тұста, әриен бала жасын ескерген жөн. Мысалы үшін, мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиеленушілердің ең үлкен топтағы, демек, мектеп алдындағы топта тәрбиеленіп жүрген тәрбиеленушілердің қолынан келеді. Әрине, алдымен ертегі үзіндісін құрастыру берілді, солайша толық ертегіні құрастыруға қол жеткізеді. Балалар ол ертегіні құрастырғанда өз шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, қиялдары бойынша оны дамытып әрі қарай жалғастыру ұсынуға әбден болады. Креативті ойлау қабілетін дамытуды басшылыққа алып отырса, көптеген нәтижеге жетуге жол бар. Ол үшін, кретаивті ойлауына мынадай тақырыптарды қарастырған кезде балаларда қызығушылық әрекеті типтен артады. Олар: «Неге түлкі қу?», «Неге қасқыр жауыз?» Неліктен қоян қорқақ?» т.б.с.с. Демек, сұрақ түрінде берген тақырыптар балалардың терең ойлауына септ ігін тигізеді. Бұл сауал түрінде берілген тақырыптар балаларды тіпті қызықтырып, ой түбіне шомылуына әсерін береді. Өзекті проблема түрінде қарастырады. Сонымен қатар, «Қоян мен қасқыр неге дос емес?», «Аңдардың патшасы етіп неліктен Арыстанды таңдады?», «Неліктен мыстан кемпір қорқынышты?» т.б.с.с тақырыптарды алуға болады және осы сұрақтар тқрінде қарастырып, балаларды жан – жақты ойлауына мүмкіндік туғызу, әрине тәрбиешінің шеберлігіне байланысты.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертегі терпаиясы-креативті ойлаудың кепілі

шағым қалдыра аласыз