Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ертегілер әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың қиялдау, елестету қабілеттерін арттыру, дұрыс айту
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ертегілер әлемі арқылы балалардың атекрлік шеберлігі мен тіл байлығын дамыту.»

Мейірпановна Жанар Зарлыкановна

ЖШС " Бөбек" мектепке дейінгі шағын орталықтың тәрбиешісі


Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, болашақ ұрпаққа сапалы тәрбие беруді басты мақсат еткен. Соңғы кезде балалардың сөйлеу, тіл дамуының проблемасы өткір мәселе болып тұр. Неге балалар нашар сөйлейді? Мүмкін біз олармен сөйлесуді ұмытқандықтан болар. Ата-аналар балаларымен сөйлескенде мақал-мәтел, нақыл сөздерді сирек қолданады. Негізінде, халық ауыз әдебиеті адамдардың мейрім шуағын оятатын ғажайып қабілетке ие. Балалармен жұмыс жасағанда халық ауыз әдебиетін қолдану дегеніміз — баланың тілін, ойлауын дамыту, мінез-құлқын реттеу, адамгершілік , патриоттық сезімдерге ие жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі заман талабына сай ұлттық психология негізінде қалыптасқан, дені сау, білімге деген қызығушылығы жоғары, өздігінен іс –әрекет жасау дағдыларын меңгерген тұлға даярлап шығару мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеті. Балаң білім жолын қусын десеңіз

Бесігінде-ақ ілім шоғын көсеңіз.

Білім үйрет сәбиіңе сарыла

Уыздай ілім сүттей сіңер қанына.

Сәбиінде көкірекке түйгені,

Өлгенінше санасында жүреді»,- деп Ж.Баласағұн айтқандай, балабақша тәр биешілеріне өте үлкен де жауапты міндет жүктелінген. Әлі тілі де шықпай келген кішкентай бүлдіршіндерді тәрбиелеп, оқытып, мектепке дайындау аса зор жауапкершілікті талап етеді. Балабақшадағы сәбилер жас шыбық секілді, қалай майыстырса солай өседі. Сондықтан да тәрбиешінің білім дәрежесі, мәдениеті, үлгілі сөйлеу тілін меңгеруді өте маңызды.

Тіл – табиғаттың үлкен сыйы.Тіл арқылы адамзат тілдесудің үлкен мүмкіндіктеріне қол жеткізеді, қарым — қатынасын біріктіреді, және көзқарастарын қалыптастырады. Дүниенің қыр — сырын танып білуге жол ашады. Сондықтан, тілдің дамуына, әсіресе мектеп жасына дейінгі бала тілінің дұрыс қалыптасуына ерте бастан ерекше мән берген жөн.

Бүлдіршіндердің ой — өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын дамытуда ауыз әдебиет үлгілері — ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ұлттық ойындардың тигізетін пайдасы ұшаң — теңіз.

Өз тәжіребиемде, күнделікті оқу іс-әрекетінде және одан тыс уақыттарда да халық ауыз әдебиетін түрлерін кеңінен қолданамын. Сонымен қатар бала тілін, сөздік қорын молайтуына әртүрлі көрнекі құралдарды түрлендіре пайдаланғанды жөн санаймын. Өйткені олар арқылы балаларды қызықтырып, өзіңе тарту қиынға соқпайды.

Б. Момышұлы атамыздың «Ертегісіз өскен бала рухани мүгедек адам»,- деген қанатты сөзі бар. Шыныныда да ертегі балаларды төзімділікке, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, батылдыққа тәрбиелейді. Балаларға ертегілерді үстел үсті театры, саусақ театры, қуыршақ театры, көлеңкелі театр арқылы сахналау өте ұнайды және олардың қызығушылығы, қабылдауы жоғары болады.

Бізде балалармен түскі ұйқыға жатар алдында ертегі айтып беру әдетке айналған. Оған балалар да үйреніп алған, төсектеріне жатқан соң ертегіні күтіп жатады. Жылдың басында ертегіні біз айтсақ, II- жарты жылдықта балалардың өздері айтады. Бұл жерде балалар ертегіні естеріне сақтап қана қоймайды, олардың тілі дамиды, бала байланыстырып сөйлеуді үйренеді және ойлау, қиялдау қабілеттері жетіледі. Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен бойларын аулақ ұстап, жақсылыққа құмартады. Мен өзім тәрбиеші қызметін бастаған уақыттан бастап осы бір тақырыпты өзімнің педагогикалық жолымда зерттеп –зерделеп келем, осыған орай өз тәжірбиеме зерттеуімнен бірнеше қызықты мағлұмат жинаудамын, өзімнің бір зерттеуімді нақтылап сипаттай өтейін. Балалардың актерлік шеберлігін, сөздік қорын арғартай дамытуға мынадай әдіс-тәсілдер қолдануға болады «Қуыршақ театыры» «Саусақ театыры» ықпал етеді. Танымдық оқиға өзін-өзі реттеуге, әлеуметтік ортада және қарым- қатынас жасауға, бірін- бірі бағалауға дағдылары қалыптасады деп ойлаймын.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2020
591
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12