Аметова Айжан
Сейльхановна
Астана
қаласы
№68 «Балбұлақ»
балабақшасы
тәрбиешісі
Білім беру
саласы: Коммуникация /Шығармашылық.
Бөлімі: Көркем әдебиет / Сурет
салу
Тақырыбы: Ертегілер әлемі.
Мақсаты: Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау.
Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар,
ертегілер арқылы тілін дамыту. Ауызша айтқызу сахналау арқылы
сөздік қорын молайтып, диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай
дамыту.
Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлердің
суреттері.
Балаларды шеңберге
тұрғызу.
Шаттық
шеңбер:
Үлкенге де
сіз
Кішіге де
сіз
Ата-ананы
құрметтеп
Бас иеміз
біз
Жұмбақ:
Гүл-гүл жайнап жер
аспан
Гүрілдейді сайды
өзен
Гүлдермен
жарасқан
Бұл қай мезгіл деп ойлайсын?
(Көктем)
Балалар: көктем мезгілінде.
Сұрақ-жауап:
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар. Ал қазір қандай жыл
мезгілі?
Балалар: Қазір көктем
мезгілі.
Тәрбиеші: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтып
беріңдерші.
Балалар: күн жылынады, жиі жаңбыр жауды,ағаштар бүршік атады,құстар
ұшып келеді.
Тәрбиеші: Көктем мезгілінде неше ай
бар?
Балалар: көктем мезгілінде үш ай бар.
Наурыз,сәуір,мамыр
Тәрбиеші: Қазір қандай ай?
Балалар: мамыр айы.
Тәрбиеші: жыл мезгілдері туралы тақпақ білесіңдер
ме?
Тақпақ:
күз,қыс,көктем,жаз
Айлин
Қыс келді қыс
келді
Ақтарып ақ
қарды
Жон аппақ түскен
енді
Аралап
қайтайық
Ақ күміс
бақтарды.
Бала:
Көктем келді
балақай
Жасарды жер
алақай
Наурыз тойын
тойлайық
Әсем әнге
салайық
Бала
Көктем болды
алақай
Қуанар барлық
балақай
Көктемде жаңбыр
болады
Бақшаға гүлдер
толады
Тәрбиеші: Жарайсың,өте ақылды
екенсің.
Ғажайып сәт: Маша жылап
келеді.
Сәлеметсіңдер ме! Мен
Машамын.Мен туралы ертегілерден естіген боларсыңдар.Мен, көктемгі
табиғатқа серуендеп барғанмын.Ал мені орманшы ата ұстап алып, маған
тамақтар жасатып қойды.Ал мен үйіме барғым келеді. Аюымды сағындым.
Мені құтқарыңдаршы!!!
Балалар: Иә!!!
Тәрбиеші: Машаны құтқарамыз ба? Көктемгі орманға барамыз ба?
Ертегілер әлеміне енеміз бе?
Ендеше, бәріміз кілемшеге
отырып,көзімізді жұмып,орманды,құстардың даусын,елестетіп,өзімізді
орманда жүрген күйге енейік.Кәне,
кеттік!
(«Ертегілер» әні
қосылып,безендірілген көктем орман алаңқайындағы орындықтарға барып
отырады).
Тәрбиеші: Балақайлар, міне бізде орманға келіп
қалдық.
Зал іші орманға
безендірілген.
Тәрбиеші: Көктемгі орман әдемі
ме?
Балалар: Ия!
(Осы
кезде Орманшы ата залға алаңқайға кіріп
келеді)
Орманшы ата (ашулы дауыспен
айтады)
Кім кім менің орманыма
рұқсатсыз келген?
Тәрбиеші: Балалар, кәне,Орманшы атамен
амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Орманшы
ата: ,біз Машаны іздеп
жүрміз.
Орманшы
ата: Ха ха ха!Жалғыз өзі орманда серуендеп жүр екен ұстап алып
тағамдар жасатқам,мен жоқта қашып
кетіпті.
Тәрбиеші: Балалар, орманда
немесе көшеде жалғыз серуендеп н/е ойнап жүруге бола
ма?
Балалар: Жоқ.
Тәрбиеші: Орманшы ата,Машаны кешірші,оны ол кішкентай сүйкімді қыз ғой.Аю
оны іздеп жылап жатқан болар.Ал Маша сізден
қашпады,үйін,достарын,аюды сағыныпты,қазір бізбен
бірге.
Орманшы: Ммм,егер сендер менің тапсырмамды орындай алсаңдар,сендерге
қалдырамын.
Тәрбиеші: Балалар тапсырмасын орындаймыз
ба?
Балалар: Иә!
Орманшы
ата: Жарайсыңдар, ал сендер ертегілерді білесіңдер
ме?
Балалар: Ия!
Бірінші тапсырма: «Ертегінің
атын тап?»
Магнитті тақтадағы көрсетілген
ертегі суретіне қарап, қай ертегі екенін айту
керек.
Орманшы Жарайсыңдар!Ертегілерді жақсы біледі
екенсіңдер!
Екінші тапсырма мына жұмбақты
шешкенде белгілі болады:
Қашып кеткен
атадан,
Қашып кеткен
әжеден.
Орманда кеше жүр
еді,
Домалап шықты алдымнан.
(Бауырсақ)
Үшінші тапсырма: «Бауырсақ»
ертегісін сомдау.
Балалардан бауырсақ ертегісін
еске түсірейікші
Ата, Әже,Бауырсақ,Қоян,
Қасқыр, Аю, Түлкі.
Тәрбиеші
: Керемет, балалар, өте жақсы
сомдадыңдар!
Бесінші тапсырма:назар
аударайық.
Балалармен
жұмыс:
«Қонжықтарды сыйға
тартамыз». (Қонжықтардың суретін
бояйды).
Орманшы: Жарайсыңдар ,қандай ақылды балаларсыңдар.Тапсырманың бәрін
жақсы орындадыңдар.Ендеше мен Машаны
босатайын.
Маша: Рахмет, сендерге балалар! Сендер көмектеспегенде не істер
едім.Тоңып қамауда жүрер едім. Орманшы сізге де рахмет .Мен енді
үйімнің қасынан ешқайда кетпеймін.Балалар сендерде орманға, көшеге
жалғыз ойнап шықпаңдар жарай ма? Менің сендерге сыйлығым бар еді
орман арасынан адасып жүргенде көптеген құлпынай жинап алып едім
,апайларың топ ішінде өздеріңе таратар.Мен аюымды сағындым,үйіме
қайтайын. Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз,
Орманшы!
Қорытынды: Сұрақ-жауап:
Біз қайда
бардық?
Кімге
көмектестік?
Кімге сыйлық
жасадық?
Тәрбиеші:
Осымен оқу қызметі аяқталды.
Рахмет, балалар! Қонақтармен қоштасайық
.
Балалар: Сау болыңыз!