1-сабақ
Бауырсақ ертегісі
Ертеде бір Шал мен Кемпір
болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып
бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.Бауырсақ
суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе
алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден
аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай
береді.Бір кезде оған Қоян жолығып:- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені
жеймін! - дейді.
- Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!».Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді. Бауырсақ өзінің әнің Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.Бір кезде Аю жолығады:
- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! - дейді ол.
- Аю, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: Атамнан да құтылдым, әжемнен де құтылдым, қояннан да құтылдым, енді аю сенен де құтылам »,- деп домалап кетеді. Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса, оған Түлкі жолығады:
- Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.
- Жолмен домалап барамын.
- Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!...
- Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді.
Түлкі оған:- Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді.Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнің айтады. Сол кезде Түлкі: « Ап »,-деп ұстап алып, жеп қояды.
2-сабақ
Арыстан мен түлкі

Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да:
- Аурумын, жүруге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты.Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болды. Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:
- Халіңіз қалай, тақсыр?- деп көңілін сұрады.
- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, бір азырақ сөйлесейік, - деді арыстан.
Түлкі:
- Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! - деп жүріп кетіпті.
3-сабақ
Қызыл телпек
Eртеде кішкентай бір сүйкімді
қыз өмір сүріпті. Анасы оны өте жақсы көреді екен. Әжесінің де ең
сүйікті немересі еді. Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл
телпек сыйлапты. Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп
жүретін болыпты. Содан бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл
телпек» деп атап кетіпті. Бір күні анасы бәліш пісіріп,
қызына:
– Қызым, мына бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып, халжағдайын біліп қайтшы, – дейді.
Қызыл телпек:
– Жарайды, анашым, апарып берейін, – деп бәліш пен май салынған себетті алады. Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл телпек әжесіне аттанады. Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді. Қызыл телпек орманда жалғыз жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Сондықтан ол өлең айтып, гүл теріп, асықпай жүрді. Бір кезде орманның ішімен келе жатқан қыздың алдынан бір қасқыр шыға келеді. – Қызыл телпек, сен қайда барасың? – деп сұрайды қызды жегісі келген қасқыр.
– Мен әжемнің үйіне барамын, оған анамның пісірген бәлішін және бір құты май алып бара жатырмын, – дейді қыз.
Қызыл телпек қасқырдың жаман пиғылынан бейха бар еді. – Ал әжең қайда тұрады? – деп сұрайды қасқыр.
– Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы ауылда, ауыл шетіндегі диірменнің жанында, диірменнің жанындағы бірінші үйде тұрады, – деп Қызыл телпек қасқырға әжесінің тұратын жерін дәл айтып береді. Бұл кезде жақын маңда отыншылар ағаш кесіп жатқан болатын. Қасқыр сол отыншылардың даусын естіп, қызға тиіспейді. Қызыл телпектің әжесінің тұратын жерін біліп алған ол алдымен әжесін жемек болады.
– Жарайды, мен де сенімен бірге сол ауылға барып, әжеңнің жағдайын сұрап қайтайын. Кел, екеуіміз жарысайық, әжеңе қайсымыз бірінші жетер екенбіз? Сен мына жолмен бар, мен ана жолмен жүрейін, – деп қасқыр өзіне ауылға апарар төте жолды таңдап алады. Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жүретін жолға түседі. Ол жол-жөнекей асықпай гүл теріп келеді. Ал қасқыр алды-артына қарамай, тура ауылға қарай бет алады. Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен ол есікті қағады. – Тоқ-тоқ-тоқ!
– Бұл кім? – деп сұрайды әжесі.
Қасқыр дауысын жіңішкертіп:
– Әже, бұл мен ғой, немере қызың – Қызыл телпек, мен сізге қонаққа келдім, анамның пісірген бәліші мен бір құты майын ала келдім, – дейді.
Бұл кезде ауырып, төсек тартып жатқан әжей шынымен немересі келген екен деп ойлап: – Айналайын қызым, тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң, есік ашылады, – дейді дауыстап. Қасқыр жіпті тартып қалады, сол кезде есік ашылады. Үш күн аш жүрген қасқыр баса көктеп кіріп келеді. Ашқарақтанып бірден әжейді бас салады да бүтіндей жұта салады.
Содан соң есікті жауып, басына әжейдің қалпағын киіп, көзіне көзілдірігін тағып, төсегіне жатады да қыздың келуін күтеді. Сәлден соң есікті Қызыл телпек қағады. – Тоқ-тоқ-тоқ!
– Бұл кім? – дейді жуан дауыспен, тойып алған қасқыр.
Қыз гүрілдеген дауысты естіп, қорқып кетеді. Артынша «Әжеме суық тиіп, дауысы содан өзгерген болар» деп ойлайды.
– Бұл мен, сіздің немереңіз – Қызыл телпекпін! Мені сізге анам жіберді. Бәліш пен бір құты май алып келдім. Қасқыр дауысын өзгерте қойып, жіңішке дауыспен:
– Тұтқаның жанындағы жіпті тарта ғой, қызым, сонда есік ашылады, – дейді. Қыз жіпті тартады, есік ашылып, үйге кіреді. Көр пемен бүркеніп жатқан қасқыр оған:
– Қызым, себетті үстелдің үстіне қойып, өзің менің қасыма кел, – дейді. Қызыл телпек бәліш пен май құйылған құты салынған себетті үстелдің үстіне қойып, қасқырдың жанына жақындайды.Қасқыр енді:
– Жолдан шаршаған боларсың, қасыма кеп жата ғой, – дейді. Әжем деп ойлаған Қызыл телпек қасқырдың жанына жатады да:
– Әже, әже, сіздің қолыңыз неге үлкен? – деп сұрайды.
– Сені қатты құшағыма басу үшін, қызым.
– Әже, әже, құлағыңыз неге сондай үлкен?
– Сені жақсы есту үшін, қызым.
– Әже, әже, көзіңіз неге үлкен?
– Сені жақсы көру үшін, қызым. – Әже, әже, тісіңіз неге сондай үлкен?
– Сені тезірек жеу үшін, қызым-ау! – деп Қызыл телпекті бас салып, аяғындағы кебісі, қызыл телпегімен бірге жұта салады. Байғұс қыз айғайлапта үлгермейді. Бірақ, бақытына қарай, дәл осы сәтте үйдің қасынан бір отыншы өтіп бара жатқан еді. Отыншы қасқырдың дауысын естіп, үйдің терезесінен қарайды. Үй ішінде, төсекте орнынан қозғала алмай жатқан қасқырды көреді. Оның қампиған қарнына қарап, не болғанын бірден түсіне қояды. Отыншы жыртқышты ұстап алып, қарнын жарып жібереді. Қасқырдың ішінен Қызыл телпек пен әжесі дін аман шыға келеді. Отыншы қасқырдың қарнын қайта тігіп, бос қоя береді.
Қызыл телпек пен әжесі отыншыға алғыстарын білдіреді. Әжесі шай қойып, немересі әкелген бәліштерді себеттен шығарып, дастарқан жаяды. Сөйтіп үшеуі жақсылап тұрып шай ішеді. Әңгімедүкен құрады. Қасқырдың сыбағасын қалай бергендерін айтып мәз болады.
4-сабақ
Ай мен күн

Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен-бірі асқан сұлумын деп бірімен-бірі үнеміұрысысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп:
- Сенен мен сұлумын! - дейді. Ал Айсұлу болса:
- Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! - деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының ізі Айсұлудың бетінде өшпестей болып қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал бейбастақтығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбейді.
5-сабақ
Түбір мен Қосымша

Орманның ішінде бір кішкене үйшік бар.Онда түбір өмір сүреді.Оның достары басқаша түрленбейді екен.Түбір олар өзгерсе қалай болады екен деп ойлайды.Түбір бір күні орман ішінде келе жатса алдынан біреуді көреді.Қасында достары бар екен. Аттары өзгеше екен. Оларды көріп таң қалады. Ол арасынан біреуін ерекше көзге іледі. Ол өте мықты екен.
Түбір қасына келіп:
- Сенің атың кім? - деп сұрайды.
- Менің атым Қосымша, - дейді.
Ол атына таң қалады.
Қосымша:
- Ал сенің атың кім? - дейді.
- Менің атым Түбір, - деп айтады.
Бір-бірінің атын біліп алғаннан кейін, Түбір одан:
- Сенің қандай қасиетің бар? - дейді.
- Мен кез келген сөзді өзгерте аламын, қасыңа қосымша екі әріп қосып, - дейді.
Түбір:
- Мені түрлендірші, - дейді .
- Мысалы: түбірді, - деп айтады
Түбір естіп қуанып таң қалады.
Түбір:
- Онда менің достарымды түрлендірші, - дейді.
Ол мақұлдап достарын түрлендіреді.
Достары қуанады.
Түбір:
- Қосымша екеуміз дос болып, бір үйде тұрайық, - дейді.
Қуана-қуана келіседі. Барлығы бір үйде тұрады. Екеуі айырылмас дос болады.Олар Қазақ тіліне жұмысқа тұрады. Көптеген қызмет атқарып, баянды өмір кешеді.
6-сабақ
Мақтақыз бен мысық
Баяғыда Мақтақызболыпты.
Мақтақызүйінжинапжүріп, бірмейізтауыпалады да, мысықтышақырады,
Мысықкелмейді. Қыз: - Келмесең келме! - деп,
мейіздіөзіжепқояды. Жепболғансоңмысық келіп: - Неге шақырдың? -
депсұрайды. Мақтақызайтпайды. Сонансоң мысық: - Ендешеқатығыңды
төгем! - дейді. Мақта
қыз: - Мен құйрығыңдыкесіп аламын!
- дейді. Мысыққатықтытөгеді. Мақтақызмысықтыңқұйрығынкесіп
алады. Мысық: - Апа, апа, құйрығымды берші!
- дейді. Мақта
қыз: - Меніңқатығымды төле! -
дейді. Мысықсиырға барады. - Сиыр, мағанқатықберші! -
дейді. Сиыр:
- Меніңқарнымашыптұр. Мағанжапырақәкеліп берші! - дейді.
Мысықағашқа барып: - Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! -
дейді. Ағаш: - Мен шөлдептұрмын. Су
әкелсең, жапырақберемін, - дейді. Мысықсуға бара жатса, су
әкележатқанқыздарды көреді. - Қыздар, қыздар, маған су
беріңіздерші! - дейді. Қыздар
оған: - Бізгесағызәкеліпберсең,
біз саған су береміз, - дейді. Мысықдүкенге барады. - Әй, дүкенші,
мағансағызберші! - дейді. Дүкенші: - Мағанжұмыртқа бер! - дейді.
Мысықтауыққа барады.
- Тауық, тауық, мағанжұмыртқа берші! -
дейді. Тауықтар: - Бізгедәнәкеліпберсең, біз
саған жұмыртқа береміз, - дейді.
Мысық: «Енді не қыламын?» - деп бара
жатса, бірінқазыпжатқантышқандыкөреді. Мысық тышқанды бас салады. -
Жаныңныңбарында айт! Үйіңде не бар? - дейді. Тышқанқорыққанынан: -
Үйімдебіртабақ тары бар, - дейді.
Мысық: - Мағанбір уыс тары бер, -
дейді. Тышқанүйінебарып, біруыс тары әкеліпбереді;
мысықтарыныапарыптауыққабереді, тауықжұмыртқабереді;
жұмыртқаныапарыпдүкеншігебереді; дүкеншісағызбереді;
сағыздыапарыпқыздарғабереді, қыздар су береді; суды
апарыпағашқабереді; ағашжапырақбереді; жапырақтыапарыпсиырғабереді,
сиырқатықбереді; қатықтыапарыпМақтақызғабереді,
Мақтақызмысықтыңқұйрығынбереді.
7-сабақ
Өнерпаз Патшайым

Ерте, ерте, ертеде, бір хан болыпты. Ол өзіне жар іздепті. Сөйтіп, ол әрбір қаланы аралап шығыпты. Бірақ, ол өзіне лайықты қыз таба алмапты. Оның арманындағы қыз өте ақылды, өнерлі болған. Сөйтіп ол бір ауылға жетеді. Шаршағаны сонша кетіп бара жатып, ол бір үйді көреді. Сосын ол сол үйге кіріп, үйдің үлкендерімен амандасады. Бірақ, ол бұл үйден ешқандай қызды көрмейді. Сол кезде қария өзінің қызын шақырады. Оның қызы өзінің салған суреттерін, пісірген бәлішттерін әкеледі. Сонда хан ойлайды: «Менің арманымдағы қыз осы»,- деп. Ол қариядан өзінің қызын алуды сұрапты. Екеуіде баталарын алыпты. Сөйтіп, осылай олар бақытты ғұмыр кешіпті. Міне, менің ертегімде өз мұратына жетті.
8-сабақ
Ақылды егінші

Патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 лира үшін жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтынға шығатын еді. Шаруа патшаның таң қалғанына қарап: Бұл ақша қанағатшыл адамға тіпті көп те болады. Мен ақшамды үшке бөлемін. Бір бөлігімен өмір сүремін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп, қор жинаймын, – дейді. Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді. Ақкөңіл диқан күлімсіреп: Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенімде мынаны айтпақшы болдым. Бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем ғой. Ақшамның бір бөлігін соларға беремін. Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім, бұл ақшамның бір бөлігін балаларымның біліміне төлеймін. Менің қолым, аяғым жұмыстан қалған жағдайда, олар маған көмектеседі деп үміттенемін. Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын, - дейді. Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады. Намысты шаруаның балаларының біліміне төлейтін ақшаны өз мойнына алды. Балалары да ер жеткен соң ата-анасына, халқына да қолдарынан келген көмектерін аямай көрсетіпті деседі.
9-сабақ
Арыстан мен тышқан

Ерте, ерте, ертеде орман патшасы арыстан тоғайдың қалың беделінде ұйықтап жатады. Бір тышқан ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезіпті. Арыстанұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып:
- Тақсыр, мені өлтірмеңізші, бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні мен де бір қызметіңізге жарармын, - депті.
Арыстан оның сөзіне күліп:
- Сен өзің кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың,- деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс қуанып, «арыстан досым»,- деп, жүгіріп ойнап кете беріпті.
Күндердің күнінде арыстан жортып ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты. Шарқ ұрып тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты.
Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл халін көріп, қасына келіп қарап тұрса, сонда арыстан тышқанға қарап:
- Лажың бар ма бұған қылар? – депті. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып кеп жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарыпты. Тышқан арыстанға:
- Мені кішкентайсың,- деп мән бермеуші едің. Міне сені бір ажалдан алып қалдым, - депті. Осылайша арыстан жасалған жақсылықтың қайтарымы болатынын жақсы түсініпті.
10-сабақ
Қорқақ қоянның жауабы

Ертеде бір нулы орманда әртүрлі жан-жануарлар мекендепті. Оларды аң патшасы арыстан билеп тұрыпты. Бірде арыстан: "барлық аңдар алдыма жиналсын"- деп бұйырыпты. Ормандағы барлық аң атауы жиналыпты. Сонда арыстан:"Барлығың менің келе жатқан туған күніме дайындалыңдар. Әрқайсыңа жеке-жеке тапсырма беремін"-депті. Сол кезде барлық аңдарға не дайындау керегі айтылыпты, кезек қоянға да жетеді. "Қоян сен үстелге құмыраға салып қоятын гүл әкел"-депті арыстан. Қоян орманның ішін арлы-берлі кезіп бірде-бір гүл таппапты. Қайтсін байқұс, өйткені бұл қақаған суық қыс мезгілі еді. Барлық аңдар өз тапсырмаларын орындап, тек арыстанды күтіп тұрады. Арыстан өзінің туған күніне деген дайындықты көріп риза болып келе жатады. Бір кезде арыстанның көзі үстелде бос тұрған құмыраға түседі. "Мұнда неге гүл жоқ? Кімге тапсырылып еді?"-деп ашуланыпты. Алдына сүмірейіп қоян келеді. Арыстан "Қоян, гүл қайда?"-деп ақырып үстелді жұдырығымен бір қойыпты. Қоян алды-артына қарамай зыта жөнеліпті. Сол күйінде үйіне келіп, есігін ішінен бекітіп, терезелерінің перделерін түсіріп жауып, жан-жағына қарап, ешкімнің жоғына көзі жеткен кезде өзінің үстеліне келіп бар ашуын бойына жинап "Гүл жоқ"-деп үстелді жұдырығымен бір қойыпты.
11-сабақ
Соқыр күйші

Баяғы өткен заманда бір соқыр күйші болыпты. Ол халық арасында қобыз тартып күнелтіпті. Бір күні ел көп жиналған жерде күй тартып отырады. Жиналған қауым тиын-тебенін беріп тараған кезде сәнді киім киген біреу келіп, шалдың қойнына қолын салады. Шал алдымен сасқалақтағанымен, артынан ұрының қолын ұстай алады да:
- Халқым-ау, тапа-тал түсте тонап жатыр! – деп айғай салады.
- Өзің шіреніп киініп алыпсың, сөйте тұра ғаріп кісіге қиянат жасайсың. Ұялмайсың ба?- деп жұрт шуласады.
- Мен шалдың қалтасына садақа салмақ болып едім, қолымды ұстай алды, - дейді ұры.Халық шал мен ұрыны қазының алдына апарады. Екеуін тыңдап болып, ұрыға ашуланған қазы ақыра бастайды. Сол кезде ұры ұялмастан:
- Мырза! Менің әке-шешем бай. Қайдағы бір соқыр шалға қиянат жасап не қылайын. Садақа бермек болып едім, қолымды ұстай алды, - дейді.
- Сен сияқты сұмды тәрбиелеген қандай әке екен? – деп тепсінеді.
- Мырза, сіз білесіз, - дейді сонда ұры.
- Сенің әкеңді де дарға асқызамын! – деп ақырады қазы. Ұры қазыға көзін қысыпқойып:
- Әкемнің беті бұдыр, арқысы күдір, есімі – «Отыз күміс», - дейді. Қазы ойланып қалады. Біраздан соң ұры мен шалды қаматып тастайды. Қараңғы түскен соң қазы мен ұры кездеседі. Ұры қазыға отыз күміс теңге санап береді. Ертеңіне қазы соқыр шалға:
- Сен кәрі қақпас, адал адамға жала жауып жүрсің! – деп зіркілдейді.
Шал жауап қатпай, отыра қалып, жерді қазып, тың тыңдайды. Бұған қазы таңданып, шалдан оның мәнісін сұрайды. Шал басын көтеріп:
- Кеше осы жерде әділет төрелік айтып еді. Сол әділет отыз теңгенің салмағын көтере алмай жердің тесігіне түсіп кетіпті. Не сол әділетті алам, не отыз теңгені алам, - деп жауап береді.Қазы өз қателігін мойындап, ұрыны жазалайды. Соқыр күйшіге үлкен сый жасап, ат мінгізіп, аттандырып салады.
12-сабақ
Бір үзім нан

Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған - алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.
Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:
- Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді.
- Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей.
Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.
- Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы.
- Жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді.Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.
13-сабақ
Алтын санаған аштан өледі
Қай заманда өткені белгісіз, Сағат есімді үрерге иті, сығарға биті жоқ, сіңірі шыққан қу кедей болыпты. Ол бірде аштықтан көзі қарайып, басы ауғанжаққа қаңғалақтап келе жатыпты. Әбден қалжырап, ұйқы мендеген байғұс сәл тынығып алайын деп бір құмайт жерге жантая кетіпті. Арқасына аяздай батқан жоқшылық ұйықтаса да қыр соңынан қалмаса керек. Түсінде де осы азаптан бас сауғалап, қашып келе жатса, алдынан сақалы белуарына түскен аппақ қудай қария шығады. Жарлының жолын кес-кестеп:
- Оян! – депті. Өзің жантайған құмайттың оң жағына қарай он қадам жүрсең, ескі жертөленің орны бар. Сол арадағы қираған ошақтың астын сынық сүйемдей қазсаң, Сүлеймен саудагердің былғары сақтияны табылар. Сақтияның аузын ашып-жапқан сайын ішінен бір теңгелік алтын ділдә аласың. Енді қалған өміріңе бұйырған несібе осы қанағат қылсаң, қарның тояды, - дейді де ғайып болады. Жүрегі алып-ұшып, орнынан атып тұрған Сағат ұйықтаған жерінен оңға қарай он адым аттайды. Опырылған жертөленің оқпандай орнына кезігеді. Құлаған ошақтың орнын тырналап қазып жатып:
- Осыдан шалдың айтқандары расқа шығып, бір ділдә тапсам - тойынып тамақ ішермін. Екі ділдә тапсам, дүние - ай, бала шағамның жүрегін жалғар едім. Егер үш ділдәға жетсе, әйеліме арнап көйлек сатып алар едім, - деп қиялдайды. Шалдың берген аяны айнымай келеді де, айтқан орыннан әмиян табылады. Бір ашса - бір ділдә, екі ашса - екі.... Әмиянды жүз ашқанда, үйіліп жатқан ділдәларды көзімен жей отырып, Қарақұмның қақа ортасынан хан сарайындай күмбезді үй салуды армандайды. Қарнының ашқанын да, балаларын да, бұл дүниеде әйелінің бар екенін де ұмытады. Көзіне қызылды-жасылды дүние елестеген Сағат мың, он мың, жүз мың, ..., миллион рет ашамын дегенше, арада екі апта уақыт өтіпті. Өстіп отырғанда дүниеқоңыз сорлының жүрегі үзіліп, бұл дүниемен қош айтысқан деседі.
14-сабақ
Гүл
Баяғы өткен заманда бір гүл өмір сүріпті. Гүлдің басқа достары болмапты. Бір күні күн бұлттанып, жаңбыр жауа бастайды. Гүл жаңбырдан қаша алмайды. Жаңбыр жауып, басылған соң, күн қайта ашылады. Кейін гүлдің көңілі көтеріліп, қуанады. Ол әр-түрлі қимыл жасап билейді. Бір кезде оның басындағы тұқымы жерге себіледі. Гүл оны байқамайды. Гүл тағы да менің достарым жоқ, деп мұңайып жылай бастайды. Қарап тұрған күннің көзі жабылып, тағы да жаңбыр жауады. Жаңбырдан соң, гүл жан-жағына қараса кішкентай-кішкентай гүлдердің шыға бастағанын көреді. Гүл: «Енді менің достарым көбейді, алақай» - деп қуанады. Содан бері әр-түрлі гүлдер жерге шыға бастапты.
15-сабақ
Лақтың мүйізі

Ертеде бір мүйізсіз лақ болыпты. Оның барлық отбасы мүшелері мүйіздермен болған. Бұл айырмашылығын көріп, кішкентай лақ соған өте қапаланған. Сол жағдайды түзету үшін, лақ өзіне жаңа мүйізді іздеуге шығып, орманға қарай қашады. Орманға келгенде кішкентай лақ көп ағаштардың бұтақтарын көріп, «Қалай олар үлкен мүйіздерге ұқсайды, мен жинап, олардан өзіме мүйіз жасайын» деп ойлайды.
Екі күн бойы лақ мүйіз жасап,
үйіне оралады. Ол ата-анасына мақтанып:
- Менде ең үлкен және әдемі мүйіз бар! – деп мақтанады. Ата-анасы
оған үндемейді.Бір ай өттеді. Өкінішке орай, бұтақтар құрғап қалып,
түсе бастайды. Оны көріп, лақтың көңілі қайтадан бұзылады. Сонда
Ешкі-ана:
- Лағым-ау, сен неге өз-өзінді алдап жүрсің? - деп
сұрайды.
- Өйткені сіздердің барлықтарыңызда мүйіз бар, ал менде жоқ. Мен де
мүйізді болғым келеді! Неге менде мүйіз жоқ?- деп өксіп жылап,
анасынан сұрайды.
Анасы:
- Себебі сен әлі кішкентайсың! Үлкейгенде сенің мүйіздерін өседі, -
деп жауап береді.Бес-алты ай өтеді. Көктем келгенде лақтың мүйізі
өседі.Сонда лақ ешкіге оралып:
- Анашым, анашым, менде мүйіз
өсті!-деп, қуанып айқайлайды.
Сонда лақ ешқашан мақтанбау және өтірік айтпау керек екенін
түсінеді.
16-сабақ
Түлкі мен Құмыра
Бір әйел далаға егін ора
келіп, құмыраны сүтімен шөптің арасына тығып қояды. Бұны түлкі
көрді де, жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын тығып, сүтті ішіп
қояды. Енді түлкі құмырадан басын шығара
алмай
әлек
болады.
Түлкі:
- Әу, құмыра! Біраз ойнадың, жетер, жібер менің басымды?- дейді.
Қалай жұлқынса да басын шығара алмайды. Түлкі ашуланып:
- Қап, бәлем, тұра тұр, жақсылықпен қаламасаң, сені суға батырамын, – деп жүгіріп келіп, өзін өзенге лақтырып, құмырамен бірге өзі де суға батып кетңпті.
Ертегіден алатын сабағымыз: Балалар! Ешқашан біреудің затына тиіспеуіміз керек. Қолдансақ та иесінің рұқсатын алып, қолдануымыз керек. Ұрлық жасау жақсылыққа апармайды. Көріп тұрғандарыңдай, ұрлық түбі - қорлық.
17-сабақ
Ақ тышқан мен нәресте

Алыстағы бір ауылда жесір қалған жүкті әйел өзіне серік болсын деп таудағы жаралы ақ тышқанды (күзен) асырап алады. Ақ тышқан әйелдің қасынан бір сәтте де айырылмапты. Қаншалықты үй жануары болмаса да, барынша тіл алғыш болады. Бірнеше ай өткен соң әйел босанады. Жалғыз басты әйел үшін барлық қиыншылықтарға төтеп беруге және баласын асырап бағуға тура келеді. Күндердің күнінде баласын үйіне тастап, біраз уақытқа сыртқа шығуына мәжбүр болады. Алайда үйде нәресте мен ақ тышқан қалады.
Арада біраз уақыт өткен соң әйел үйіне оралады. Есіктің алдында аузы-басы қанға боялған ақ тышқанды көргенде зәр-иманы қалмай, аласұрып, ақ тышқанға бас салады. Сөйтіп, тышқанды өлтіріп тастайды. Дәл сол мезетте ішкі бөлмеден нәрестенің дауысы шығады. Анасы жүгіріп барып қараса, бөлменің ішінде бесікті, бесіктің ішіндегі нәрестені және нәрестенің қасында паршаланып жатқан жыланды көреді.
18-сабақ
Түлкі мен ешкі

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті.
Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып,
түлкіні көреді.
- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен, – депті түлкі.Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.
19-сабақ
Ай неге жалаңаш қалды

Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшепалады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.
- Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тігебастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді. Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретінінетүсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі.Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда кележатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерінбілмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, берііздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.
20-сабақ
Жалқау қоян
Баяғы өткен заманда орманда құрғақшылық болыпты. Жаз келсе де бір тамшы су жаңбыр жаумапты. Шөлден азап шеккен жануарлар бір шарасын ойлап табуға жиналыпты. Сөйтіп, араларындағы біреуінің ұсынысымен құдық қазуға бел буыпты. Барлық жануарлар тіпті құстарға шейін күндіз-түні еңбек етіп құдық қазуға кірісіпті. Бірақ араларындағы қоян ғана: «Мен әлі кішкентаймын!»,- деп жалқауланып жұмыс істегісі келмепті. Қоянның бұл еркелігі өзге жануарлардың ашуына тиіпті.
Сөйтіп, жануарлардың еңбегі босқа кетпей, қазған құдықтарынан мұздай су шыға бығыпты. Мұны көрген олар қуанып, суды қанып ішіп, әрі жуыныпты. Ал құдықтың қазылуына көмектеспеген жалғыз қоян ғана су іше алмапты. Орман патшасы арыстан қоянның құдыққа жақындамауы үшін күн сайын кезекші тағайындапты. Қоян істеген ісіне іштей өкінсе де, бұл өкінішінен ешқандай пайда болмапты. Бір күні түнде кезекшілік кезегі пілге келіпті. Пілмен дос болған қоян «ешкімге білдіртпей су берер»,- деген оймен қасына барыпты. Сөйтсе піл ұйықтап жатыр екен. Қанша оятса да ұйқысынан тұрмапты. Болмаған соң құлағына барып айқайлапты. Ұйқысынан шошынып оянған піл құдықтың шетінде үйіліп тұрған үйіндіге соқтығысып, үйіндіні құдықтың ішіне құлатып алыпты. Осылайша құдық бітеліп қалыпты. Болған оқиғаға қатты қайғырған піл: «Мұның бәрі менің кесірім! Енді не ішеміз? Ертең жануарлар не дейді?»,- деп жылай бастапты. Қоян: «Достым, қайғырма, бір жолын табармыз. Екеуміз де осы құдықты қазатын болсақ, таң атқанша бітіріп қалармыз»,- депті. Сонда піл: «Сен кішкентай әрі әлсізсің ғой»,- десе қоян: «Енді көр де тұршы менің қалай жұмыс істейтінімді!»,- депті.Шынында да, қоян білегін сыбанып, іске кірісіп, таң атқанша пілмен бірге құдықты қазып тастапты. Ертеңіне піл барлық жануарларға қоянның еңбегін айтып мақтапты. Барлығы шапалақ ұрып, құдықтан су ішуіне енді лайықты болғанын айтыпты.Қоян су ішкенімен қоймай, өзге жануарлармен қайта татуласқанына да қатты қуаныпты. Өзін орманның бір мүшесіндей бақытты сезініпті. Олай болса, балалар «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»,- деп ата-бабаларымыз бекерге айтпаса керек.
21-сабақ
Маша мен Аю

Ерте, ерте, ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың Маша атты немересі болыпты. Бірде Маша құрбыларымен орманға жиналыпты. Атасы мен әжесі оған:
- Құрбыларыңнан қалып қалма! – деп табыстады.
Бірақ Маша олардың айтқанын тыңдамады. Ол құрбыларынан алысқа ұзап кетіп, ақырында адасып қалды. Маша оларды шақырып айқайлай бастады. Құрбылары дауыс қатпады. Маша ымырт түскенше орманды кезіп жүрді. Кенет бір үйді көрді.
Машенька үйге кіріп:
- Бұл үйде кім тұрады екен? – деп ойлады.
Ал бұл үйде аю тұратын. Ойлағанынша болмады, үйге Аю кіріп келіп:
- Менің үйіме рұқсатсыз неге кіресің? – деп гүр ете түсті.
Маша:
- Мен адасып кеттім. Бүгін осында қонып, ертең үйіме қайтамын, - деді,
- Жоқ! Енді мен сені жібермеймін. Сен менің қолымда тұрасың. Пеш жағып, ботқа пісіріп, мені тамақтандырасың – деді.
Маша біраз бұртиды, бірақ не шара?! Ол аюдың үйінде тұра бастады. Аю күні ұзақ орманға кетеді, ал Маша үй жинап, дәмді бәліш пісіреді. Аюдың қуанышында шек жоқ.
Біраз күн өтті. Маша Аюға:
- Атам мен әжемді көрмегелі көп болды. Мен бір қорап бәліш пісірейін, ал сен оларға апарып бер, - деп еді, ол келісе кетті.
Маша бір қорап бәліш пісірді де:
- Жаңбыр жауып тұрған жоқ па? Есік алдына шығып қарашы, - деді. Аю сыртқа шығып кеткенде Машенька қораптың ішіне кіріп алды.
Аю қайтып оралғанда қораптың дайын тұрғанын көрді. Оны арқасына салып, деревняға тартты. Аю ұзақ жүрді, шаршады, ағаштың түбіріне отырып тынығып алғысы келді.
- Түбірге отырып, бәліш жейін, - деп ойлады.
Ал Машенька қорап ішінен:
- Түбірге отырушы болма, бәлішті жеме! Атам мен әжеме апар, - деді.
- Неткен қырағы еді. Бәрін көріп тұр, - деп, Аю қорапты көтеріп, ары қарай аяңдады.
Деревняға жетті, қыздың атасы мен әжесі тұратын үйді де тапты. Олардың есігін бар күшімен тоқпақтап:
- Түк-түк-түк! Есікті ашыңдар. Мен Машенькадан базарлық әкелдім, - деді.
Иттер бір нәрсені сезгендей оған тап берді.
Басқа иттер де жан-жақтан үріп, жүгіре бастады. Аю қорқып кетті. Ол қорапты қақпа алдына тастай сала, алды-артына қарамай қаша жөнелді.
Осы кезде үйден атай мен әжей шықты. Қорапты көрді.
- Мынау не қорап – деп әжесі таңғалды. Атасы қораптың аузын ашып қараса, онда Машенька отыр. Атасы мен әжесі Маша қуанады.
22-сабақ
Қияр мен орамжапырақ

Ертеде қияр мен орамжапырақ дос болыпты. Бір күні екі дос суға шомылуға өзенге келіпті. Келген бетте қияр шешініп, суға күмп беріпті де, жүзе жөнеліпті. Орамжапырақ бір-бірдеп барып, тоқсан қабат көйлегін шешкенше, күн батыпты, осыған дейін су ішінде тұрған қияр қалшылдап, терісін су сорып бөртіп кетіпті. Қиярдың қабығындағы бүршіктер, міне содан бері пайда болған екен.
23-жұмыс
Шалқан

Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.
Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды.
Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.
Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етег інен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды.
Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады.
24-сабақ
Қасқыр мен жеті лақ.
Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Біреуі
қара, қалғандары ақ лақ екен. Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын
шақырып алып, ақылын
айтады:
- Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда
қасқыр жүр. Мен
келгенде
-«Шырақтарым - лақтарым, аналарың келді, сүт
әкелді», - деп әндетемін. Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр
оның сөзін естіп қалады. Ешкі кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің
жуан дауысымен оның әнін айтады. Бірақ лақтар оның бөтен дауыс
екенін біліп, есікті ашпайды. Қасқыр саудагерге барып бор сатып
алды. Бордың бір кесегін жегенде даусы аздап жіңішкерді. Осы
дауыспен ән айтып еді, лақтар тағы алданбады. Қасқыр ұстаға барып,
өзіне тамақ жасатып алды - даусы ешкінікі сияқты жіңішке болып
шықты. Бірақ жаңа дауыстың да көмегі болмады - лақтар аяғын көріп
қойып, ашпай қойды. Қасқыр жылдам наубайшыға барып, аяғына себетін
ұн сатып алды. Қасқыр есік алдына қайтіп келді, ақ аяғын лақтарға
көрсете созып тұрып әнге
басты:
- Шырақтарым - лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді. Қорықпаңдар, есік ашыңдар! Лақтар сеніп есік ашты! Қасқыр үйге кіріп келгенде лақтар жан-жаққа қашып, тығылып қалды. Қасқыр олардың бәрін де тауып, жеп қойды. Тек біреуін ғана байқамай қалды ол сағаттың артына тығылған еді. Қарны тойған қасқыр ағаш көлеңкесіне жата кетіп ұйқыға кірісті. Ұзамай ешкі үйіне оралды. Есікті итерсе, есік ашық тұр. Ешкі үйге кіріп, лақтарын шақырады. Аман қалған лақ қарсы шығып, болған жайды айтып береді. Ешкі мен лағы үйдің артына шығып қараса, қасқыр көгалда шалқасынан түсіп қорылдап жатыр екен. Ешкі мүйізімен қасқырдың қарнын жарып жібергенде алты лақ шыға келеді. Бәріде аман-есен. Ешкі мен лақтардың қуанышында шек болмады .Қасқыр оянбай тұрғанда ешкі оның қарынын таспен толтырып, қайта тігіп қояды. Шөлдеген қасқыр су ішпек болып құдыққа барады .Сол кезде ішіндегі ауыр тастар оны төмен тартып, қасқыр құдыққа құлады да, батып кетті.
25-сабақ.
Қарлығаш пен Дәуіт
Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен..
Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады.
Қарлығаш: «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» – дейді.
- Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, – дейді көкек.
Қарлығаш ұшып қарғаға келеді. – Қарғажан, маған көмек бере гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр, – дейді жылап тұрып.- Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан: Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма! – дейді маңғазданып.
Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді. Қарлығашқа дәуіт .- Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады. -Олай болса, мені тезірек жеткіз, -дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады. Қарлығаш пен дәуіт көзді ашып-жұмғанша ұяға жетед
Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді. Жылан сылқ етіп жерге құлап түседі.
Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болады.
Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін болған екен.
26-сабақ.
Үйшік(орыс халық ертегісі)
Жазық далада бір үйшік тұр.
Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
Ешкім үн қатпады. Тышқан үйшікке кіріп өмір сүреді. Бақылдап бақа
келеді:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Ал мен, бақылдаған бақамын.
— Кел, бірге тұрайық! — деп бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір
сүреді. Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен,..бақылдаған бақамын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Кел, бізбен тұр!
Енді олар үшеуі үйшікте тұрады. Терезені түлкішек-әпке
тоқылдатады:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен түлкішек-әпкемін.
— Кел, бізбен тұр!
Енді олар төртеу болады.
Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Мен, түлкішек-әпкемін.
— Ал сен кімсің?
— Мен, сұр қасқырмын.
— Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу болады.
Барлығы көңілді өмір сүріпті, ән айтыпты.Бір күні қорбаңдаған аю
үйшіктен шыққан дауыстарды естіп, тоқтап айқайға салады:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Мен, түлкішек-әпкемін.
— Мен, сұр қасқырмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, қорбаңдаған аюмын.
— Кел, бізге!
Аю кірейін-кірейін деп, кіре алмайды.
— Мен, шатырда тұрайын.
— Бізді басып қаласың.
— Жоқ, қорықпаңдар.
— Жарайды, шық.
Аю отыра қалғанда үй: «тарс» — етіп құлады.
Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр қашып шықты.
Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға
кірісті. Үйшіктері үлкен, биік, әдемі болып
шықты.
27 жұмыс.
«Алма» ертегісі

|
|
Қоңыр күз мезгілі еді. Ағаштың
жапырақтары түсіп, тек жабайы алма
ағашының басында жалғыз алма қалыпты. Осы кезде орман аралап
жүрген
Қоян алманы байқап қалады. Оны қалай алуға болады? Алма өте биікте
— секіріп жете алмайсың!
Шырша бұтағында отырған қарға қоян қылығына сырттай күліп
отырды.
— Қарқ-қарқ! Оны көрген қоян:
— Қарға, Қарға! Маған алманы үзіп алып берші! — дейді.
Қарға ағаш басына ұшып барып, алманы үзіп алады. Бірақ алманы
тұм-сығымен қармап ұстай алмай, жерге түсіріп алады.
Рақмет, саған, Қарға! — деді де Қоян алманы жерден көтермек болды.
Ал жерге түскен алма жаны бардай, дыбыс шығарып, қозғалып жүгіре
жөнелді.
— Бұл қалай?
Қорқып кеткен Қоян ағаш алмасының түбінде ұйықтап жатқан кірпінің
тікеніне құлағанын түсініп:
— Кірпі, кірпі! Тоқта, тоқта! — деп айғайлады. — Менің алмамды
қайда алып бара жатырсың?
Кірпі кідірместен:
~ Бұл — менің алмам! Ол төбеден құлады, ал мен болсам оны ұстап
алдым.
Қоян да қояр емес!
— Алмамды қайтарып бер. Оны тауып алған мен! Таласып жатқан Қоян
мен Кірпіге Қарға қосылады.
— Босқа таласасыңдар, алма менікі! Мен оны өзім үшін үзіп алғанмын!
-деді ол өтірік-шынын араластыра.
Олар бір-бірімен түсінісе алмай, алманы әрі тартып, бері тартып,
орман .~: айғайдан у-шу болып кетеді.
Сол кезде қорбаңбай Аю келіп қалады.
— Бұл не деген айғай-шу! Мазамды алдыңдар ғой! Бәрі оған
жақындап:
— Сен, Аю, біздің ормандағы ең үлкен, әрі ең ақылдысың. Сондыңтан
бізге алманың кімдікі екенін айтып берші? — деп аюға оқиғаның қалай
болғанын баяндап, төрелігін сұрайды.
Аю сәл ойланып, сұрады:
— Алманы кім тапты?
— Мен! — деді Қоян.
— Ал, алманы кім үзіп алды?
— Мен! — деп қарқ етті Қарға.
— Жақсы. Кім оны ұстап алды?
— Мен ұстап алдым! — деді Кірпі.
— Мінекей, бәрің де дұрыс айтасыңдар, өйткені әрқайсыларың алманы
алу үшін еңбектендіңдер! Алма бәріңдікі!
— Мұнда бір алма ғой! — деді Кірпі, Қоян,Қарға түк түсінбей.
— Бұл алманы теңдей бөліңдер. Әрқайсың бір-бір бөлігін алыңдар! —
деді аю. Мұны естіп бәрі қуанып кетті:
— Бағанадан бері біз бостан-босқа таласқан екенбіз ғой! Кірпі
алманы төрт бөлікке бөледі. Қоянға бір бөлігін беріп:
— Бұл саған, Қоян — сен алманы бірінші көрдің! Екінші бөлігін
Қарғаға беріп:
— Бұл саған, Қарға — сен алманы үзіп алдың! Үшінші бөлігін Кірпі
аузына салып:
— Бұл маған, өйткені алманы ұстап алған — мен! Кірпі Аюға төртінші
бөлігін беріп:
— Бұл саған, Аю!
— Маған, не үшін? — деп таңқалды Аю.
— Сен бізге ақыл айтып, татуластырдың! — деді ол, риза кейіппен.
Әрқайсы өзіне берілген алманың бөлігін жеп риза болды, өйткені Аю
ешкімді ренжітпей дұрыс, әділ шешім шығарған еді.
« Береке басы — бірлікте» деген осыдан қалған
көрінеді.
28 жұмыс.
Кішкентай маса
Кіп-кішкентай маса дүниеге
келе салып, өз-өзіне қарап сүйсіне бастайды.
- Міне, ғажап, қандай әдемі, сұлумын! Ғажайып деп осыны айт!
Аяғына қараса, алтау екен! Ұп-ұзын, сымбатты! Төрт аяқпен тік
тұрасың, ал қалған екеуі: бесіншісі, алтыншысы - қорғаушылар. Олар
денеге ештеңені жақындатпайды.
Маса енді өз қанаттарына қарады. Қандай мөп-мөлдір, жеп-жеңіл,
жылдам көтеріп кетеді. Мұртшасы үлпілдек, ал тұмсығы жебе сияқты
біздей.
- Ал мен не жасай аламын? -
деп маса өз-өзіне сұрақ қойды.
Ән шырқады. Әні сондай нәзік, жіңішке, осылай ән айтатын кім бар
екен? Қуанышын кіммен бөлісерін білмеді. Әнін өзенге айтып көріп
еді - су сылдырлай ағып естімеді. Енді ол әнін ағашқа айта бастады
- жапырақтары сыбдырлап, шулап ол да тыңдамады.
Сөйтіп жүргенде, масаға тышқан кездесті. Кішкентай маса оған да
әнін айтпақ болып еді, тышқан бұтаға қарай қаша жөнелді. Тығылып
қалған тыш¬қанның ұзын құйрығы сыртта қалып қойды.
- Менің әнімді тыңдамайсың ғой! Ал ендеше! — деп маса оның
құйрығына өзінің біздей тұмсығын сұғып алды. — Ойбай! Апа! — деп
тышқан шиқылдап ала жөнелді.
Тышқанның «апалап» біреуден қашқанын осы кезде қоян көреді. Ол да
қорқып, өзінше «апалап» айғай салып, секектей, тышқанның артынан
зыта жөнелді.
Оқша зымыраған қоянның алдынан қу түлкі шыға келеді. Қоянның
түлкіге қарауға шамасы болмады. Түлкі тышқан мен қоянның артынан
бір қорқынышты бәленің келе жатқанын білді. Ол да дыбыс шығаруға
шамасы жетпей қаша жөнелді.
Тышқан, қоян, түлкі жан-жаққа қарауға мұршалары келмей, шаңдата
жүгіріп келеді.
Осы сәтте қасқыр апанында ұйықтап жатыр еді. Ол аңдардың дабырлап
шулаған дауысын естіп, шошып қалды. Атып тұрып арттарынан ере
кетті:
— А-а-па-а!
Тышқан, қоян, түлкі, қасқыр ес-түстері қалмай жүгіріп келеді.
Осы кезде аю құмырсқалардың илеуін шұқып ойнап отырған. Ол жанынан
шулап өтіп бара жатқан аңдарды көріп, бір жаманшылықты сезінгендей
болып, әй-шәйға қарамастан, тоғайды басына көтеріп тарпаңдап жүгіре
жө¬нелді…
Тышқан, қоян, түлкі, қасқыр, аю жүгіріп келеді, жүгіріп келеді. Бір
уақытта қоян тышқаннан сұрайды:
— Сен неге апаңды шақырдың?
— Маса! Түлкі қояннан:
— Біз кімнен қашып келеміз?
— Маса! — деді қоян.
— Кім? — деп қасқыр түсінбей.
— Маса!
— Қасқыр, біздің артымыздан кім қуып келе жатыр? Аңшылар ма? — деп
аю қосыла сұрайды.
— Қайдағы адам! Маса!
— М-а-а-а-с-а! — деп аюдың ақырған дауысынан бүкіл орман жаңғырып,
аспан айналып жерге түскендей болды.
Жүрегі тарсылдап, аю жерге құлап түсіп, басын борсық ініне тықты.
Аңдардың алдынан көлшіктен бақа ыршып шықты:
— Не болды? Кімнен қорқып қашып келе жатырсыңдар?
— Ойбай! Маса құртты бізді! — деп ентігін баса алмай аю. Ал
кішкентай маса ызылдап әнін айтып қоймады.
Бақа таң қалып, көзін шарасынан шығара бадырайтып, аузын ашып: ап!
-деп масаны жұтып қойды. Сөйтіп, масаның әні біржолата
тиылды.
29 жұмыс.
Кім күшті?
|
Ерте, ерте, ерте
екен, |
30-жұмыс.
Тәтті
ботқа.
Баяғыда бір кішкентай қыз
болыпты. Оның жалғыз шешесі бар екен. Шешесі екеуінің тұрмыстары
нашар болады. Кейде, тіпті үйлерінде ішерге ас табылмай
қалады.Бірде қыз орманда серуендеп жүреді. Ол сонда қарт әжейді
жолықтырады. Әжей қыздың басындағы ауыр жағдайды естіген соң, оған
түбі жалпақ, ауызы кең құмыра
береді.
Міне, қызық! Құмыраның сиқыры
бар екен. Оған тек «Құмыра, ас пісір!» десең болғаны, сол сәтінде
бүлк-бүлк қайнап, дәмі тіл үйірер бидай ботқасын дайындай бастайды.
Ал «Құмыра, оқтай ғой!» десең, қайнағанын тоқтата қояды.Қыз қуанып,
сиқырлы құмыраны үйіне алып келеді. Сол күннен бастап шешесі екеуі
аштық пен кедейшіліктің не екенін ұмытады. Олар қарындары аша
бастаса болғаны, құмыра дайындаған тәтті ботқаға тойып
алады.Күндердің күнінде қыз орманға серуендеуге шығып кетеді.
Шешесі оны арыбері күтеді. Қызы кешіккен соң, ботқа жегісі
келіп:
– Құмыра, ас пісір! –
дейді.
Сиқырлы құмыра бүлкілдеп
қайнап, бидай ботқасын пісіре бастайды. Әйел оны мақтай-мақтай,
дәміне тамсана отырып, әбден жейді. Енді тоқтатайын десе, қандай
сөз айту керек екенін ұмытып қалыпты. Құмыра пісіріп жатыр, пісіріп
жатыр. Тіпті, бір кезде көпіріп, ернеуінен асып, төгіле
бастайды.Сәлден соң ас үйдің іші ботқаға толады. Одан әбден
көпіршіген ботқа бүкіл бөлмелерге жайылады. Құмыра шаршайтын емес.
Біраздан соң ботқа көрші үйді, одан әрі бүкіл көшені басып қалады.
Мұны тоқтатудың жолын ешкім таба алмайды.Бір уақытта, ботқа ең
соңғы үйге жеткен кезде, қыз да оралады.
Ол:
– Құмыра, тоқтай ғой! – деп
айғай салады, құмыра басыла қалады.
Осы оқиғадан соң қалаға кіргісі келген әрбір адам ботқа жеп, өзіне жол ашатын болыпты.
31-жұмыс.
Түлкі, аю және қойшы
Ерте, ерте, ертеде бір қойшы
болыпты. Қойшы қой бағып жүр.
Бір кезде шаңын шығарып түлкі қашып шығады, артынан аю қуып келеді
екен. Түлкі қашып барып ескі тамға кіріп кетеді. Аю болса тамға
кіремін дегенде бөксесі сыймай қалады. Түлкі болса басқа бір
тесігінен жылт етіп шығып, есіктен не әрі, не бері шыға алмай
жатқан аюды түлкі әжуалап, күліп кетеді. Мұны қойшы бақылап
тұрады. Аю болса әрең дегенде қайта шығып, жан-жағына
қарайды. Болған жайды бақылап тұрған қойшыны көреді. Қойшыға
жақындап келіп, аю;
Е, - қойшы сен не көрдің? – деп ақырады. Қойшы қорқып кетіп:
Ойбай, мен ештеңе көрген жоқпын деп жауап береді.
Аю: Жарайды. «Көргеніңді айтсаң өлесің» дейді де кетіп қалады.
Қойшы: Қойларын айдап ауылына қайтады. Ауылына келген соң кездескен
адамдардың бәріне айтады. Ауылдағы бала шаға оқиғаны өлең
қылып күліп жүреді. Осы өсекті естіген аю, ыза болып қойшыны
іздейді.
Аю: Ыза болып, қойшыны іздеп шығады. Қой бағып жүрген қойшыны тауып
алады.
- Ештеңе көрмедім, ешкімге айтпаймын деген уәдең қайда? Енді
сөзіңде тұрмағаның үшін мен сені жеймін – деп ақырады. Қойшы
жалынып:
- Маған үш күн рұқсат бер, үй – ішіммен, ағайын-туыспен қоштасайын
деп сұрайды. Аю: Жарайды. Үш күнге рұқсат берейін деп кетіп
қалады.
Қойшы қоштаса бастайды. Осы кезде:
Қойшы екі күн үй-ішімен қоштасып, уәделескен күніне бір күн
қалғанда далада істеген ісіне өкініп жылап отырады.
Қойшы: Жылап отырады. Осы кезде қасына түлкі келеді.
Түлкі: Е, қойшым неге жылап отырсың? Сенің кесіріңнен енді өлетін
болдым: деп жауап береді. Түлкі: е, үндеме саған көмектесейін.
Аюдан құтылудың амалын табайын. Ал, енді маған ақылыма не бересің?
– дейді.
Қойшы: Қуанып кетеді де:
- Ойбай, не қаласаң соны берейін – дейді.
Түлкі: Егер мен сені аюдан құтқарсам сен маған өзіңнің бір
бүйрегіңді бересің бе? дейді. Қойшы: Қатты сасып, қипақтап,
қиналып бірақ басқа амалы болмағандықтан.
- Мейлі берейін. – деп келіседі.
- Сонда түлкі қойшыға:
- Аулыңа барып, демал ертең уәделескен жерге кел де, аюды күт. Аю
келгенде анау жерде шаңды бұрқыратып мен жүрейін. Аю сұрап: Анау
неткен шаң? – деп сонда сен: «Ол ханның баласы әйелі аюдың жүрегіне
жерік болып, соны іздеп жүр» де аю қорыққанынан қашып кетер –
дейді.
Екеуі уәделесіп екі жаққа тарасады. Келесі күні қойшы уәделескен
жеріне келеді. Осы кезде басы салбырап қойшы келе жатады. Аюда
келеді.
- Екеуі кездесе бергенде, аю алыстан бұрқырап шығып жатқан шаңды
көреді.
Аю:
- Қойшым анау бұрқыраған не шаң? –деп сұрайды. Қойшы:
Е, - ол ханның баласы ғой. Әйелі аюдың жүрегіне жерік болып, соны
шарқ ұрып іздеп жүр дейді. Аю қорқып кетеді де, қойшыны құшақтай
алып:
- Ойбай, қойшым онда мен тезірек қашайын. Тек сен мені көргеніңді
айтпа, - деп қаша жөнеледі. Осы жайды алыстан бақылап тұрған түлкі,
аю қаша жөнелісімен қойшының қасына жетіп келеді.
- Түлкі қуланып қойшыға келіп:
- Қойшым, мен саған көмектестім. Енді сен уәдеңде тұр. Маған бір
бүйрегіңді бересің. Қойшы: Қипақтап, жыламсырап, шапанының белбеуін
шеше бастайды. Осы кезде үш күн бойы жөнді тамақ ішпеген,
жөнді ұйықтай алмаған қойшының іші шұрылдайды. Бұл шұрылды естіп
қалған түлкі құлағын тіге қойып:
Түлкі:
О, не қыңсылаған? – деп сұрайды. Сол кезде қойшы:
Түнеу күні бір тазының күшігін жұтқан едім. Сол енді үлкен тазы
болып, ішімнен шығайын деп, қыңсылап жатыр – дейді. Түлкі шошып
кетіп:
Ойбай, қойшым ендеше дос болайық!
Тазы шығып кетпесін мен қашайын деп алды – артына қарамай қаша
жөнеледі. Түлкіден қулық үйренген қойшы басына түскен
ауыртпалықтан осылай құтылады балалар. Қойшы қойларын айдап жайына
кетеді.
32-жұмыс.
Кішкентай тас пен құмырсқа.
Ол - ұшы қиыры көрінбей,
көкжиекпен ұштасқан алып теңіздің жағасындағы кішкене ғана тас
бөлшегі еді. Балалармен ойнағанды қатты ұнататын.
Әсіресе осы кішкентай достары оны
теңізге лақтырып ойнаған кезде қалай қуанатынын білсеңдер ғой! Оған
күні бойы самсыған күн астында жату оңай еместі әрине. Теңізге шөлп
етіп түсумен денесін әсем бір салқындық қаптап, жылдамдатып су
түбіне шөгеді. Керемет көңіл-күйге бөленіп, балық және шаяндармен
ойнап көңіл сергітетін. Бірақ көп ұзамай қайта теңіз
жағасы мен балаларды сағына бастайды. Толқындардың көтеріп, қайта
жағаға алып шығуын күтуден басқа амалы жоқ болатын. Негізінде оның
балалардан басқа жақындары жоқ еді. Мыңдаған жыл бұрын таудан
опырылып, ірілі-ұсақ достарымен жағаға домалап түскен болатын. Әу
баста үлкен тау болып, кейін ұсақталып кішкентай тас бөлшегіне
айналғанына қатты ренжитін. Бірақ одан да жаманы, уақыт өткен сайын
айналасындағы тастардың да мүжіліп, майдалануы еді. Өзінде де
өзгерістер пайда болғанын байқады. Әуелде жұдырықтай қыңыр-қисық
тас еді. Ал қазір бұрыштары домаланып тегістелген. Бұрынғыдан
әлдеқайда әдемірек көрінетін болды, бірақ әйтсе де қуанар емес.
Өйткені қатты жүдеп кеткен
еді.
«Осылай жалғаса беретін болса мен түбегейлі жойылып кетемін»- деп уайымдайтын. Бұл жағдайына қайғыратыны соншалық, айналасындағыларға мұңын шаға бастады. Оның бұл шағымын естіген құмырсқалардан бірі: «Ренжіген нәрсесіне қара! Кім айтты жойылып кетесің деп? Керісінше барлығы сені бұрынғыдан да қатты жақсы көретін болады.» дейді. Кішкентай тас бұған сенбейді: «Мен олай ойламаймын! Балалар мені көре алмаса қалайша жақсы көреді.»- дейді жылаған дауыспен. Құмырсқа:
- Сені қалай көре алмайды? Әрине көреді! Тек атың ғана өзгереді.
- Атың өзгереді деймісің? Кім өзгертеді атымды? Жаңа атым қандай болады?
- Кішірейіп, кішірейіп соңында тозаңдай болып майдаланасың. Сенен бұрын өткен дастарың сияқты, сенің де атың топырақ болады. Кейін сені тек балалар ғана емес, барлығы жақсы көретін болады. Өйткені бүкіл жанды заттардың өмір сүруіне көмекші боласың.
- Топырақ дейсің бе? Жаман ат емес сияқты. Бірақ сонда да бір түсінбегенім, басқалардың өмір сүруіне қалай көмектесемін?
Құмырсқа күліп:
- Топырақтың қадірі, құндылығы соншалық, оның пайдаларын санаумен бітіре алмаймыз. Мысалы, бүкіл жануарлар мен адамдардың тамақтары, жемістері топырақта жетіледі. Сондай-ақ майда құрт-құмырсқалар ұяларын топырақтың астына салады. Топырақ арқылы қорғанып, жайбарақат азықтанады. Кішкентай тас бұдан былай жаңа достар табатынына көз жеткізіп және оларға пайдалы болатынына қатты қуанып, ішіндегі қайғыдан құтылады. Ұзақ уақыттар өтіп ұсақталып, өзі сияқты майда топырақтар арасына еніп, араласып кетеді. Бұдан былай оның шағымын ешкім естімейтін болды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертегілер әлемінде

шағым қалдыра аласыз