Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ертегілер әлемінен Леонардо да Винчи «Құмырсқа мен бидай дәні»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Салт- дәстүр және ауыз әдебиеті Сынып: 2 |
Мектеп: Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Омарбекова Балжан Жолдыбаевна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Ертегілер әлемінен Леонардо да Винчи «Құмырсқа мен бидай дәні» |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
2.2.6.1.Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез- құлқы мен іс-әрекетін бағалау |
Сабақ мақсаттары |
Оқушылардың бәрі: ертегілердің түрлерін біледі, оқылған ертегінің қай топқа жататынын анықтайды. Оқушылардың көпшілігі: ертегідегі оқиғаға сүйініп кейіпкерді сипаттайды, оның іс-әректіне баға береді. Кейібір оқушылар: нағызханша қандай болуы керектігін еркін айта алады. |
Бағалау критерийлері |
-ертегілердің әр түрінің басты белгілерін атай алады; -ертегінің қай топқа жататынын анықтай алады; -мәтінді мазмұндай алады; -сахналық қойылым түрінде көрсете алады; |
Тілдік мақсаттар |
Ертегі, ертегі түрлері мен кейіпкерлерін түсіндіріп бере алады. |
Құндылық |
Қазақстан мәдениетінің озық дәстүріндегітәрбие; әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін академиялық білім; жеке және топта тиімді жұмыс жасай алу. |
Пәнаралық байланыстар |
Қазақ тілі, көркем еңбек |
Алдаңғы білім |
Ерке күнім, Келді тағы кезегі ертегінің |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Сабақтың басы 3 мин |
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі Қалпты атмосфера орнату. «Сен қандайсың» тренинг. Сәлем достым \ қол беріп амандасады\ Сен қалайсың?\ иықтарын қағады\ Қайда болдың? \сұрағандай болады\ Мен сені сағындым \ қолдарын жүрекке қояды\ Сен келдің \ қолдарын жаяды\ Жақсы болды \қолдарымен шапалқтайды\ Үй жұмысын сұрау. - біздің өтіп жатқан бөлім қалай аталады?
-ендеше, бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы не туралы болмақ? Бағалау критерийлерін шығару. |
|
Сабақтың ортасы 30минут Сергіту сәті 2 минут |
(Ұ, МК)Қызығушылықты ояту.Ертегілер туралы видеоролик көру. Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын арттыру, адамгершілік құндылықтарға баулу. Ертегі халық шығармасы, халық мұрасы. Ертегі арқылы біз жақсы мен жаманды, ақымақ пен дананы айырып, армандауға, қиялдауға үйренсек, ой-өрісіміз де кеңеймек. Бүгін біздер халықтың асыл қазынасы ертегілер еліне саяхат жасамақпыз. - Ал, сіздер ертегілер еліне саяхатқа шығуға дайынсыздар ма?! (Оқушылар: иә!) -Ендеше, бәріңе сәттілік! (Т) 1 – тапсырма: «Коллаж» әдісі. Постермен жұмыс Мақсаты: оқушыларды ұжыммен жұмыс істей білуге, сыни ойлауға дағдыландыру. Әрбір топқа ертегінің кеіпкерлерінің суреттері таратылып беріліп, олардың қай ертегі екені анықталады. Суретті постерге кейіпкерлердің іс- әректттеріне байланысты ретімен жабыстырады.Жұмыстарын топта жариялау. Топтық бағалау. Кері байланыс «Қол соғу» әдісімен бағалау. Дескриптор. - ертегіні анықтай алады; - ертегі кейіпкерлерін ажырата алады. І-топ «Шалқан» ІІ-топ «Мақта қыз» ІІІ- топ «Бауырсақ» Мағынаны ажырату.Ой қозғау. Жұмбақ шешу. Екі ұшы жұдырықтай Ортасы қылдырықтай . Тыңдалым. Ертегіні тыңдау. Құмырсқалар туралы видеоны көру. Авторымен таныстыру. Сабақтың мақсатымен таныстырып, күтілетін нәтижені оқушылармен бірлесе анықтау. Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез- құлқы мен іс-әрекетін бағалау. Ой қозғау:
1. Балалар құмырсқаны
көргендерің бар ма? 2 –тапсырма.Ертегінің мәтіні үш топқа бөлініп, қима қағаздарға жазылып беріледі. Әр топ мәтін бойынша келесі тапсырмаларды орындайды. І- топ бірі- құмырсқа, екіншісі бидай болып сұхбаттасады. ІІ- топ бірі құмырсқа, екіншісі бидай дәні болып қуыршақ театрын ойнайды. ІІІ-топқа бірі құмырсқа, екіншісі бидай дәні болып сахналық көрініс көрсетеді. Дескриптор 1-ертегідегі құмырсқаға және оның іс - әрекетіне баға береді
2- ертегідегі бидай дәніне
және оның іс - әрекетіне баға береді. (Қ.Ө) 4 - тапсырма: «Сиқырлы дорба» Сәнделген қорапқа ертегінің сюжеттік суреттері салынады. Оқушылар кезекпен шығып, таңдаған суреттің қандай ертегі үзіндісі екенін және оның кейіпкерлерін атауы керек. Дескриптор. -суреттер бойынша ертегінің тақырыбын, кейіпкерлерін анықтайды; -ертегінің түрін анықтайды. «Аңқау арыстан» «Қаңбақ шал» «Алдар көсе» «Қызыл телпек» Жұптық бағалау . Жауаптары слайдтан шығып тұрады. Кері байланыс «Жапон» әдісі Шығармашылық тапсырма “Дана үкі “ әдісі 1-топ Құмырсқа сөзінен бірнеше сөз жазу \ құмыра, қыр, ар, сыр,қар, сары, асық, арық, құс,ұры, ұр\ 2-топ «5 сөйлемді әңгіме» әдісі бойынша. “Құмырсқа” туралы ертегі құрастыру. Ерте, ерте, ертеде, бір күні, өкінішке қарай, сәттілікке қарай, соңында. 3-топ«Бағытталған жазу» Құмырсқаға сипаттама жазу Парақтың ортасына тізім жасалады.
|
Видеоролик
Қима суреттер Слайд
Қима қағаздар
«Екі жұлдыз,бір тілек
қорап Ертегілердің сюжеттік суреттері
|
Сабақтың соңы 3 мин
|
Рефлексия |
кесте
|
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз. 1: 2: Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Сұхбаттасу
-
1..Бидай .Әй құмырсқа, сен бұлай бенетке бата бермесең қайтеді?! Мені таста кете бер.
-
2.ҚұмырсқаМен сені тастап кетсем, қыста азықсыз қаламынғой.Біз көппіз. Осылай әрқайсымыз бір-бірден дән апарсқ, қысқа көп азық жинап аламыз.Сөйтіп құмырсқа илеуі қазынаға толады.
Сахналық көрініс
1 Автор. Сонда бидай дәні аз ойланып тұрып, былай деді.
-.2.БидайӘй еңбекқор құмырсқа, менің сөзімді тыңдашы өзің.
3.Автор. Құмырсқа арқасындағы ауыр дәнді жерге түсіріп, дәннің сөзін тыңдап, демалып отырады. Дән айтты:
-4.БидайКел, құмырсқа, екеуміз шартжасасайық. Менің бойымда ғажайып жасампаз ұлы күш бар. Менің игі мақсатым- өз бойымнан жаңа дән шығару.Онда да көп дән .Кел сол үшін шарт жасасайық.
5.Құмырсқа -Қандай шарт?-
6 .Автор-деп құмырсқа таңдана қарады.
7.Бидай-Ал, тыңда, олай болса. Егер мені илеуіңе апармай, далаға қалдырып кетсең, келесі жылы меннен бір дәннің орнына жүз дән аласың.
8.АвторБұл сөзге таңданған құмырсқа басын шайқайды.
Қуыршақ театры
1.БидайЕңбекқор құмырсқа, менің адал да ақ сөзіме сен.Егер мені тастап кетсең, келесі жылы жүз дән болып трамын.Құмырқа илеуі дәнге толады.
2.Құмырсқа «Бір дәннің орнына жүз дән , ә! Осындай ғажап болды екен –ау»
-
Қалай сен жүз дән бола аласың?
3.БидайБұл- өмір құпиясы. Мені топырақ астына жасырып кет. Келесі жылы қайта орал.Мен жүз дән болып өсіп тұрамын.
Қуыршақ театры
1.Бидай Еңбекқор құмырсқа, менің адал да ақ сөзіме сен.Егер мені тастап кетсең, келесі жылы жүз дән болып трамын.Құмырқа илеуі дәнге толады.
2.Құмырсқа «Бір дәннің орнына жүз дән , ә! Осындай ғажап болды екен –ау»
-
Қалай сен жүз дән бола аласың?
3.Бидай Бұл- өмір құпиясы. Мені топырақ астына жасырып кет. Келесі жылы қайта орал.Мен жүз дән болып өсіп тұрамын.
Ертегінің мәтінін төмендегідей топтарға бөліп орналастыр.
Қаздың тұзаққа түсуі |
|
Шалдың қазды іздеп шығуы |
|
Піс, қазаным, піс! |
|
Құс, есегім, құс! |
|
Ұр, тоқпағым, ұр! |
|
-Шырақтарым, «Піс, қазаным, піс» демеңдер, -дейді.
Шал үйге кіріп кеткен соң, балалар тыңдасын ба,
«Піс, қазаным, піс» деп, шулап қоя береді.
Шал мен кемпір малдары жоқ кедей болғандықтан,
тұзақ құрып күнін көреді екен.
Бір күні шал құрғ
ан тұзағына келіп қараса, бір қаз түсіп қалыпты.
Шал үйге кіріп кеткен соң, дәндеген балалар, «Ұр, тоқпағым, ұр!» дейді.
Тоқпақ балалардың әрқайсысын ұра жөнеледі.Ұрып жүр, ұрып жүр.
-Шырақтарым, «Құс, есегім, құс!» демеңдер, дейді.
Шал үйге кіріп кеткен соң балалар:
«құс,есегім, құс!» десе, есек алтын құсады.
Бір жыл өтеді. Шал қазға бармақшы болады.
Жүре- жүре бір жерге келсе, өңкей түйе жайылып жүр екен.
Берілген суретке назар аудар. Оны қай бөлімге орналастырар едің? Орналастыр.
Қаздың тұзаққа түсуі |
Шалдың қазды іздеп шығуы |
Піс, қазаным, піс! |
Құс, есегім, құс! |
Ұр,тоқпағым, ұр! |
|
|
|
|
|
Өзің шешкен жұмбақтарға және ертегіге сүйеніп, кейіпкерлерді тиісті сөздермен сәйкестендір.
күшті қайратты
ширақ ұзын құлақ
қу
-------------------------------------------------------------------------------------------------
Өзің шешкен жұмбақтарға және ертегіге сүйеніп, кейіпкерлерді тиісті сөздермен сәйкестендір.
күшті қайратты
ширақ ұзын құлақ
қу
Сабақтан кейін ата- анаңды тосып жүр едің.Әдемі көлікпен келген адам саған:
-Мені сенің әкең жіберді. Жүр, үйіңе апарып тастайын, -деді. Сен не істер едің?
Сақина ертегісі қай топқа жатады? Дұрыс жауаптың астын сызып көрсет.
Қиял –ғажайыпертегілер Шыншыл ертегілер
Жан- жануарлар туралы ертегілер
1.Тапсырма. Берілген диалогтарды ретімен орналастыр.
1 |
|
2 |
|
3 |
|
4 |
|
-Бұл кімнің қойы? - Бұл – Қазбайдың түйесі
-Бұл кімнің түйесі? -Бұл –Қазбайдың қойы
2.Тапсырма
Берілген диалогтарды сәйкестендір..
1
-
2
Қазға барып, алып келгенің осы ма?- Бұдан еш нәрсе шықпады- Піс, қазаным, піс!
3
-Шырақтарым, «Піс қазаным, піс!» демеңдер.-
4
Ата түсіп, тамақ ішіп кетіңіз
1 |
|
2 |
|
3 |
|
4 |
|
5 |
|
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: Саяхат Күні: Сынып: 2 |
Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы |
Драма/сахналық қойылым |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
2.2.3.2 дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау |
Сабақ мақсаттары |
Мәтінді мазмұндай білуге, сахналық қойылым түрінде көрсете білуге дағдылану. |
Бағалау критерийлері |
Мәтінді мазмұндай алады; Сахналық қойылым түрінде көрсете алады; |
Тілдік мақсаттар |
Ертегі, ертегі түрлері мен кейіпкерлерін түсіндіріп бере алады. |
Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік /интернационализм |
Еңбек және шығармашылық |
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, әдебиет |
Бастапқы білім |
Ертегі түрлерін біледі |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 5 мин 2 мин |
(Ұ) Ұйымдастыру
кезеңі
- Балалар, біз жаңа не істедік? - біздің өтіп жатқан бөлім қалай аталады?
-ендеше, бүгінгі сабағымыздың
тақырыбы не туралы болмақ? Бағалау критерийлерін шығару. |
слайд |
||
Орта 5 мин 10 мин 10 мин 3 мин 3 мин |
(Ұ, МК)Қызығушылықты ояту. Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын арттыру, адамгершілік құндылықтарға баулу. Ертегі халық шығармасы, халық мұрасы. Ертегі арқылы біз жақсы мен жаманды, ақымақ пен дананы айырып, армандауға, қиялдауға үйренсек, ой-өрісіміз де кеңеймек. Бүгін біздер халықтың асыл қазынасы ертегілер еліне саяхат жасамақпыз. - Ал, сіздер ертегілер еліне саяхатқа шығуға дайынсыздар ма?! (Оқушылар: иә!) Олай болса, барлығымыз жұмыла тыңдайық. Мен сендерге өте қызықты ертегі айтып берейін. ... Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, көркі мінезіне сай, өзі батыр, әрі ержүрек бір жігіт болыпты. Ол бір күні ұйықтап жатып түсінде айдай сұлу бір қызды көреді. Оған құлай сүйе ғашық болыпты. Ұйқысынан тұра сала жігіт қызды іздеуге жолға шығады. Жолда жігіт бір құсты көріп, оған барлық түсін баяндап, қызға жететін жолды көрсетуді сұрайды. Құс оған жолды көрсету үшін тапсырма орындау керектігін айтады.
(Оқушылар өздерінің келісетінін айтады)
(Т) І – тапсырма: «Кім тапқыр?» Мақсаты: оқушылардың әртістік қабілеттерін жетілдіру, ұжыммен жұмыс істей білуге, сыни ойлауға дағдыландыру. Әрбір топқа ертегі атаулары жазылған қима қағаздар таратылып беріледі. Олар келесі топтарға ертегіден үзіндіні жұмбақтап, сахналық көрініс көрсетеді. Келесі топ ертегінің атын табу арқылы сол топтың атын анықтайды.
(Т) 2-тапсырма: «Жалғасын тап» ойыны. Мақсаты: Берілген уақыт ішінде, ертегі мазмұнына сәйкес ойды жалғастыру дағдыларын дамыту. Әрбір топ өзара ойласа отырып, ертегінің белгілі бір бөлігін келесі топтарға айтады. Басқа топтар тез арада жасырылған ертегіні әрі қарай жалғастырып, ертегінің атауын табу керек. Дұрыс әрі толық жауап берген топтар ауызша түрде бағаланады. (Т) 3-тапсырма: «Кім білгір?» Мақсаты: оқушылардың сыни ойлауын дамыту, шапшаңдыққа баулу. Әрбір топқа сөздер жазылған қима қағаздар таратылып беріледі. Оқушылар сөздерден қажеттісін таңдай отырып, ертегі атауын құрастыру керек.
Топтар «Галерея» әдісі бойынша құрастырған ертегі атауларын бір – бірімен алмасады. Әрбір топ ертегінің тақырыбы бойынша кейіпкерлерін жазу керек.
(бала, дәуіт, қарлығаш, маса, айдаһар)
(шал, кемпір, қойшы, қазбай, түйеші, балалар)
(күшік, қасқыр, мысық)
(Дәу, шал, кемпір)
/«Галерея» әдісінің екінші ауысымында кейіпкерлермен толықтырылған ақпаратты қажеттілігіне қарай толықтырады, түзетулер енгізіледі, «Смайликтер» арқылы бағалайды/. (Ұ, Ө) 4 - тапсырма: «Сиқырлы дорба» Мақсаты: суреттер бойынша ертегінің тақырыбын, кейіпкерлерін анықтау. Сәнделген қорап немес дорбаға ертегінің сюжеттік суреттері салынады. Оқушылар кезекпен шығып, таңдаған суреттің қандай ертегі үзіндісі екенін және оның кейіпкерлерін атауы керек. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» «Ақымақ қасқыр» «Алдар көсе», т.б. |
Қима қағаздар
Қима қағаздар
Постерлер
Дорба немесе қорап Ертегілердің сюжеттік суреттері
|
||
Сабақтың соңы 2 мин
|
Рефлексия Қалай ойлайсыздар, біз жігітке көмектесе алдық па?(Оқушылардың ойы тыңдалады, себебі анықталады, қорытынды шығарады). |
кесте
|
||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||
Деңгейі жоғары оқушыларға қойылым дайындауға беріледі |
Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады |
Сергіту сәті |
||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
|
||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз. 1: 2: Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім? |