Материалдар / Ертегілер елінде
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертегілер елінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Даярлық тобына арналған ертеңгілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2018
556
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-сыныпқа «Жаратылыстану» пәні бойынша орта мерзімді жоспарлау

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.


Авторлары: С.Н. Кузнецова, Д.Н. Сапақов, И.Н. Васева, Ә.Қ. Жамиева, М.Қ. Құсайынова, М.Қ. Тасболатова

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен

Мектеп” баспасымен бірлесіп әзірленген

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының сарапшыларымен келісілген



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________







































Жаратлыстану

Сабақ тақырыбы:

Кіріспе

Мен зерттеушімін

Мектеп:83

Күні :06.09.2016ж


Мұғалімнің есімі: Шингисбаева Н.М.

СЫНЫП: 1 «А»-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: қоршаған ортадағы құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды оқып-үйренудің маңызын түсіну;


  • Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жүргізу.

  • Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. бөлме өсімдіктері;

  2. табиғи және жасанды заттар;

  3. сызғыш;

  4. таразы.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар: қоршаған ортадағы құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды оқып-үйренудің қажеттілігін түсінеді;

  2. қоршаған ортадағы құбылыстарға қалай бақылау­ жасау керектігін біледі.

Сабақтың мақсаты:

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Зерттеу дегеніміз — қандай да бір құбылысты ғылыми түрде оқып-үйрену үдерісі. Адам ба­ ласы қоршаған ортаны тани бастаған шақтан зерт­ теушілер пайда бола бастады. Алғашқы зерттеу­­ шілер философтар және дін қызметкерлері еді. Олар ғылымның жеке салаларын зерттемей, тұтас қарастырды. Мысалы, Ежелгі Мысыр абыздары бір мезгілде жыл санаумен, астрономиямен, матема­ тикамен және медицинамен айналысты. Ұлы ғалым­-дардың көпшілігі Ежелгі Грекиядан шықты. Олар — есімдері дүниежүзіне белгілі Сократ, Платон, Аристотель, Пифагор, Гиппократ, Архимед т.б.


Қазіргі заманғы ғылымның көптеген бағыттары бар. Өмірін ғылымға арнаған ғалымдар теориялық та, практикалық та тұрғыда зерттеулер жасай алады. Олар барлық қолда бар құжаттарды зерттейді немесе әртүрлі тәжірибелік бақылаулар жүргізеді.


Кіріспе сабағының барысында оқушылар зерт­ теушілер дегеніміздің белгілі бір ғылым саласын зерттейтін мамандар екенін түсінеді. Зерттеушілер қоршаған әлемнің үдерістері мен құбылыстарын, олардың табиғатын жақсы түсіну үшін зерттеу жүргізеді. Олар өз жұмысында ғылыми әдістерді пайдаланады және тексерістен өткен деректерге сүйеніп, зерттеу жасайды. Деректер құбылыстарды тікелей бақылау, өлшеу, тәжірибелер жасау ар­ қылы алынады. Ғалым жұмысының негізгі бөлігі мәлі­ меттермен жұмыс жасап, оларды жазу және сараптау болып табылады.

Есте сақта!

Зерттеушілер бізді қоршаған

Әлемді зерттейді. Олар бақы­

лайды,­ өлшейді, тәжірибелер

жасайды­ және нәтижелерін жазып отырады.

Кіріспе тапсырма. Оқулықтағы мәтінді оқыңыз. Оқушыларға айна­ ламыздағы заттар мен құбылыстарды зерттейтін адамдарды зерттеушілер деп айтатынымызды түсін­­­ діріңіз. Ғылым саласындағы зерттеулермен ғалым-дар айналысады. Олардан ғалымдардың нені зерт-­ тейтіндерін­ айтып беруді сұраңыз. Талқылау бары­ сында оқушылардың жауаптарын толықтыруға болады: ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде табиғатта өсімдіктер мен жануарлардың өте көп екенін, олардың қандай түрге жататынын, қайда өсіп, мекендейтінін, немен қоректенетіндерін біл­ дік. “Заттар қалай қозғалады?” және “Не үшін қозға­ лады?” деген сұрақтарға ғалымдардың өз пайымдауы­ болатынын айтыңыз. Мысал келтірулерін сұраңыз, кейбір оқушылар өз нұсқаларын ұсынуы мүмкін. Тапсырманы жұппен ауызша орындауға болады.


Талқылаудан кейін ойын ойнатыңыз. Оқушыларға әртүрлі заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың суреттерін таратыңыз. Әрбір оқушы зерттеуші рөлін ойнап, өз қолындағы суретті көрсетеді. Мысалы, аюдың суретіне қарап, оқушы: “Мен зерттеушімін, мен аңдарды зерттеймін”, — деп айтады.



Бақыла.

Shape1 Сен білесің бе? Оқушыларға қазіргі заманзерттеушілері табиғатта болып жатқан әртүрлі құбылыстар мен заттарды да бақылай алатынын айтыңыз. Қазіргі таңда олар көзге көрінбейтін заттарды бақылауды үйренді. Ғалымдар көзге көрін-­бейтін заттарды бақылау үшін лупаны (үлкейтіп көрсететін арнайы құралдарды) пайдаланады. Oқу­ шыларға көзге көрінбейтін ұсақ затты үлкейткіш әйнекпен немесе микроскоппен бақылатуға болады. Егер сыныпта оқушылардың біреуі телескопты көр­ ген болса, көргенін айтып беруін сұраңыз.


Бөлме өсімдігін зертте. Оқулықтағы тапсыр­маға кіріспес бұрын, оқушыларға өлшеу әрекеті туралы мәтінді оқып беріңіз. Оқулықтағы суретке назарларын аударып, балалардың не істеп жатқан­ дарын сұраңыз. Жақсы зерттеуші болу үшін заттарды өлшей білу қажет екенін айтыңыз. Өлшеудің көмегімен олар заттың көлемін немесе салмағын анықтай алады. Оқушыларды топтарға бөліңіз, әр топтағы оқушылар саны 4-тен аспағаны дұрыс. Oларға өлшеу жасай алатындай әртүрлі заттарды ұсыныңыз. Өлшеуге пайдаланатын затты оқушы­ лардың өздеріне таңдатыңыз. Оқушыларға бөлме өсімдіктерін беріп, оларға ұқыпты болуларын сұ­ раңыз. Тәжірибеге мысал келтіріңіз, мысалы: өсім­­ діктің биіктігі 2 қаламға сәйкес т.б. Оқушылар өз өлшеулерінің нәтижелерін сурет салу арқылы көр­ сетсін.



Нәтижесін жаз. Оқушылардың назарыноқулықтағы мәтінге аударыңыз, зерттеушілердің өз бақылаулары мен өлшеулерінің нәтижелерін не үшін

жазатындығы туралы сұраңыз. Жауаптарды тыңдап алып, оқушыларға бұл нәтижелерді ұмытып қалмау үшін және кейін тексеру кезінде қолдану үшін жазу керек екенін айтыңыз. Оқушыларға өздерінің бақылаулары мен өлшеулерінің жазбаларына қайта қарап, оларды сыныптағы басқа оқушылардың жазбаларымен салыстыруды ұсыныңыз.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Дүниетану. Адамдар өздерін қоршаған ортанықалай зерттейтіндіктері туралы талқылайды.


Көркем еңбек. Бақылау барысында сурет салу.Oқушылар зейінді болып, заттың суретін неғұрлым нақтырақ салулары тиіс.



Кейбір оқушыларға оқулықтағы тапсырмаға қосымша ретінде өсімдіктерді сызғыштың көмегімен өлшеуді ұсынуға болады.


Бөлме өсімдігін зертте.

Бөлме өсімдігінің бірін ал.

Оның биіктігін қолыңда бар

заттармен өлше.

Нәтижесін жазып отырады.

Сен өсімдіктің биіктігін әртүрлі заттармен өлшедің. Зерттеу нәтижесін қағазға жазып ал немесе суретін сал.


Бағалау


  1. Оқушылар бақылау жасай алады.


Оқушыларға өздерінің айналасындағы заттарға бақылау жасатыңыз.


  1. Оқушылар әртүрлі өлшеулер жасай алады. Қолда бар заттардың көмегімен заттарды өлшеу­ ді тапсырыңыз.


  1. Оқушылар жасаған бақылаулары мен өлшеуле­­ рінің нәтижесін жаза алады.


Бақылаулары мен өлшеулерінің нәтижелерін жазып отыруды ұсыныңыз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________














Жаратылыстану


Сабақ тақырыбы:

Өсімдіктер — тірі ағзалар.

Мектеп: 83

Күні :13.09.2016ж


Мұғалімнің есімі: Шингисбаева Н.М.

СЫНЫП: 1 «А»-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:өсімдіктердің негізгі сипаттамалары мен олардың тіршілік формаларын анықтау;



Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.


Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

Бөлме өсімдіктері; жанды және жансыз заттар­ дың суреттері..

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар табиғаттағы жанды және жансыз заттарды ажырата алады.

  2. Өсімдіктердің тірі ағза ретіндегі негізгі ерек­ шеліктерін табады. Олардың өсетінін, қорек­ тенетінін, тыныс алатынын және көбейетінін­ біледі.

  3. Зерттеу жұмысы барысында оқушылар бақылау, сараптау, қорытындылау дағдыларын жетілдіре түседі.

Сабақтың мақсаты:

1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;

1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату;

1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Табиғатта заттардың түрі көп. Оларды жанды және жансыз табиғат деп бөледі.


Жанды және жансыз табиғат


Суреттерден нелерді көріп тұрсың? Олардың қайсысы жанды табиғатқа жатады?

Қайсысы жансыз табиғатқа жатады?

Ал қайсысы бұрын тірі ағзаның бөлігі болған?

Есте сақта!


Өсімдіктер — тірі ағзалар. Олар өседі, қоректенеді,­ тыныс алады, көбейеді. Жансыз табиғат нысандары өспейді,­ қоректенбейді, тыныс алмайды және көбеймейді.


Тас пен өсімдік

Тас пен өсімдікті салыстыр. Нені байқадың? Өсімдіктердің тірі ағза екенін қалай білуге болады?



Зерттейік

Айналаңа қара. Қандай жанды табиғат нысандарын көріп тұрсың?



Зерттейік


Тапсырмаларды орындағаннан кейін шағын тә­ жірибелік жұмыс жасаңыздар. Жұмыс барысында оқушылар мынадай сұраққа жауап беруі тиіс: Біздің айналамызда жанды заттар бар ма? Егер ауа райы қолайлы болса, далаға шығуға болады, егер мүмкіндік болмаса, жұмысты сыныпта орындаңыздар.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Дүниетану. Адамның әртүрлі тұрмыстық зат­тарды жасауы мен өмірде пайдалануын талқылау адамның айналадағы әлемге қалай бейімделетінін көрсетеді.




Кейбір оқушыларға алдын ала дайындалып қойған екі өсімдікті ұсынуға болады. Оның бірі үнемі суарылған, екіншісі суарылмаған болсын. Оқушылар өсімдіктердің суреттерін салып, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін таба алады.





Бағалау


  1. Оқушылар жанды және жансыз заттарды ажырата алулары тиіс.

Жанды — жансыз

Оқушылар суреттерде салынған жанды ағзалар мен жансыз заттарды ажырата алады.


Жұмыстың дұрыс орындалуын бақылаңыз. Егер оқушыға тапсырманы орындау қиынға соқса, онда оған көмектесіңіз. Сонымен қатар тапсырманы тез, нақты әрі қатесіз орындаған оқушыларды ерекше атап өтіңіз. Тапсырманы орындай алмаған оқушылар кездессе, оның себебін анықтап, сабақ тақырыбын тағы да түсіндіру қажет.

Жауабы

Жанды: ағаш, ит, гүл, қоңыз, құс.

Жансыз: сағат, тас, су, үстел, асықтар, домбыра, құс қауырсыны.Shape2

Оқушылар бақылау, сараптау дағдыларын жетіл­ діреді.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________





Сабақ тақырыбы:

Өсімдіктердің қандай түрлері болады?

Мектеп: 83

Күні :


Мұғалімнің есімі: Шингисбаева Н. М.

СЫНЫП: 1 «А»-сынып

Қатысқандар саны: 22


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:жабайы және мәдени өсімдіктерді ажырату;



Оқушылардың басым бөлігі:өсімдіктердің негізгі бөліктерін білу;


Кейбір оқушылар:қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.

Ресурстар:

  1. өсімдіктердің суреттері;

  2. бөлме өсімдіктері;

  3. көкөністер мен жемістер.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Oқушылар өсімдіктердің әртүрлі тіршілік фор­ маларын­ оқып біледі.

  2. Ағаштар, бұталар және шөптердің негізгі ерекшеліктері­ мен ұқсас белгілерін біле алады.

  3. Мәдени және жабайы өсімдіктердің ерекшелік­ терімен танысады.

  4. Оқушылар жергілікті флора түрлерін (оқушылар елімізде өсетін кем дегенде 3 өсімдіктің­ түрімен­ танысады) қарастыру арқылы қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және қамқор болуға үйренеді.

Сабақтың мақсаты:

1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату;

1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;

1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Өсімдік үш түрлі қарапайым морфологиялық топқа бөлінеді. Мысалы: ағаштар, бұталар және шөптесін өсімдіктер. Ағаш — бір ғана сүректенген сабағы бар, көпжылдық өсімдіктің тіршілік формасы. Ағаштың жуан сүрегі дің деп аталады. Ал бұта дегеніміз — бірнеше сүректенген сабағы бар, көпжылдық өсімдіктің тіршілік формасы. Бұталарда дің болмайды. Бұталардың биіктігі ағаштарға­ қарағанда аласа. Шөптесін өсімдіктер дегеніміз — сүректенбеген, жұмсақ сабақтары бар біржылдық және көпжылдық өсімдіктер. Қолайсыз жағдайда шөптесін өсімдіктердің жерүсті бөлігі қурап қалады. Өсімдіктер мәдени және жабайы

болып екіге бөлінеді. Мәдени өсімдіктерді адам өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өсіреді. Жабайы өсімдіктерді адам қолдан өсіруінің арқасында мәдени өсімдіктерге айналдырған. Мә­ дени өсімдіктер жеміс, көгөніс, дәнді дақылдар, сәндік өсімдіктер болып бөлінеді. Жабайы өсім­діктер дегеніміз — адам күтім жасамайтын өсімдік­тер тобы.


Кіріспе тапсырма. “Өсімдіктер — тірі ағзалар”тарауын толық меңгерту үшін қарапайым сұрақ қоюдан бастауға болады.


  1. Жанды ағзалар жансыз заттардан қалай ерекше­ ленеді?


  1. Жанды ағзаларға не жатады?

  2. Жанды ағзаларға мысал келтіріңдер.

  3. Жансыз заттарға мысал келтіріңдер.


Бау-бақшадағы өсімдіктер. Оқулықтағы кі­ріспе бөлімді оқып, оқушылардың назарын суретке аударыңыз. Оқушылардың бейнеленген өсімдік­ терді қаншалықты білетіндігін және осы өсімдік­тер­ дің қай жерлерде өсетінін сұраңыз.


Оқушыларды жұптастыра отырып, суреттегі өсімдіктердің бір-бірінен қандай ерекшелігі бар екенін сұраңыз. Жауап беру барысында оқушы­­ лардың назарын өсімдіктің мөлшеріне, биіктігіне,­ сабағының санына аударыңыз. Оқушылар өсім­ діктерді­ ағаштар тобы, бұталар тобы, шөптесін өсімдіктер тобы деп анықтағаннан кейін, екінші суреттен осы топқа жататын өсімдіктерді табуды тапсырыңыз.


Оқып, білген білімдерін бекіту мақсатында оқу­ шылардың өмірлік тәжірибесімен байланыстыра отырып, ойын ойнауды ұсыныңыз. Тақтаға өсімдіктер топтарының атауларын (ағаштар, бұталар, шөптер) бекітіп, сыныпты үш топқа бөліңіз. Әр топ өз атауына сәйкес (бірінші топ — ағаштар, екінші топ — бұталар, үшінші топ — шөптер) неғұрлым көп өсімдіктерді атауы қажет. Оқытушы осы атауларды тақтадағы сәйкес бағанға жазады.


Өсімдіктерді ата. Егер ауа райы қолайлыболса,­ мектептің ауласындағы өсіп тұрған өсімдік­­ терді зерттеуге болады. Олардың мөлшерін анық­ тау үшін оқушыларды ағаштың немесе бұтаның жанына тұрғызыңыз. Оқушылар ағаш діңінің жуан­ дығын құшақ арқылы анықтап көрсін, егер бір оқушының құшағы жетпесе, онда екі немесе бір­ неше оқушы бір-бірінің қолдарынан ұстауына болады. Егер ауа райы қолайсыз болса, өсімдіктер туралы бейнефильм немесе фотосуреттерді көруді, терезеден қарап, күнделікті көріп жүрген өсімдік­­ терге қарауды ұсыныңыз.


Ормандағы және шалғындағы өсімдіктер.


Бұл тапсырманың мақсаты — “мәдени өсімдіктер” ұғымымен олардың өсетін жерлерін (бау-бақшада) зерттеу арқылы таныстыру. Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аударып, келесі сұрақтарды қойыңыз.


Өз мектебіңнің айналасында өсетін бірнеше өсімдікті ата.

Shape3

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Өсімдіктің биіктігін салыстыру.

Мәдени және жабайы өсімдіктер. Оқушылар әр пікірге сай келетін дұрыс жауапты қоршайды.

Жауабы: 1. Жоқ. 2. Жоқ. 3. Иә. 4. Иә.

Осыдан кейін оқушылардан мәдени және жабайы өсімдіктердің айырмашылықтарын атауын сұрауға болады.


Бағалау


Оқушылар өсімдіктердің тіршілік формаларын ажыратып, ағаштардың, бұталардың және шөп­ тердің негізгі белгілерін білулері тиіс.

Өсімдіктер тобы. Оқушыларға әр өсімдіктің қай топқа жататынын анықтатыңыз. Одан кейін тапсырманы біршама күрделендіруге болады. Оқу­ шылардан өсімдіктердің әрқайсысы қалай атала­ тынын сұрай отырып, олардың ағаш, шөп және бұта деп бөлінетінін еске түсіртіңіз.

Оқушылар мәдени және жабайы өсімдіктерді ажырата білулері тиіс.

Суретте не көрсетілген? Оқушылар суреттегі өсімдіктерді олардың дұрыс атауларымен байла­ ныстырып қосып, мәдени өсімдік түрлерін ғана бояйды. Тапсырманы орындағаннан кейін мәдени және жабайы өсімдіктер дегеніміздің не екендігін сұрауға болады.

Оқушылардың жұмысын қадағалаңыз. Әлі де жақсы оқи алмайтын оқушыларға көмек көрсетіңіз. Тапсырманы орындауда қандай қиындықтарға кез­ дескенін айтқызыңыз. Қажет болса, тағы да өсім­ діктер тобы арасындағы айырмашылықты түсінді­­ ріңіз.

Жауабы

Орамжапырақты, алманы, картопты, қызылшаны, сәбізді, пиязды бояу.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________





































Сабақ тақырыбы:

Өсімдік бөліктері

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;



Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.


Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. өсімдік суреттері;

  2. бөлме өсімдіктері;

  3. үрмебұршақ тұқымдары;

  4. стақандар;

  5. пластикалық тостағандар (кішкене стақандар және басқа да ыдыстар);

  6. мақта;

  7. тұқымы бар жемістер (қызанақ, шие, алма, алмұрт және т.б.);

  8. алдын ала дайындалған тәжірибе нәтижесі.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Өсімдіктердің қандай бөліктерден тұратынын білетін болады.

  2. Суретте көрсетілген өсімдік бөліктерін (тамыр, сабақ, жеміс, тұқым) танып, ажыратады.

  3. Тұқымдар қалай өнеді?” зерттеуін жүргізуде оқушылар бақылау, талдау, қорытындылау дағ­ дыларын жетілдіреді.

Сабақтың мақсаты:

1.2.1.1өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың өмірлік формаларын анықтау;

1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Табиғатта тіршілік формалары мен мөлшерінің алуантүрлілігіне қарамастан, өсімдіктердің құры­ лысы ұқсас болып келеді. Өсімдіктердің мүшелері­ вегетативтік (өсімді) және генеративтік (көбею) болып екіге бөлінеді. Қоректену және өсу қызметін атқаратын мүшелер вегетативті мүшелер деп аталады­. Өсімдіктердің ең маңызды вегетативті мүшелері­ өркені және тамыры болып табылады. Өсімдіктердің­ бұтағы сабақтан, жапырақтардан және бүршіктерден тұрады. Өсімдіктердің генера­ тивті мүшелеріне гүлдер мен олардан пайда болатын тұқымы бар жемістер жатады. Генеративті мүшелер өсімдіктердің жынысты көбеюін қамтамасыз етеді.

Өсімдік бөліктері


Суретке қара. Өсімдіктің бөліктерін көрсет және ата.




Жемістердің ішінде не болады?

Суреттегі тұқымдар мен жемістер несімен ерекшеленеді?

Өсімдік гүлінің орнында не пайда болады? Ойланып көр.

Есте сақта!



Өсімдік бөліктері — тамыр, сабақ,жапырақ, гүл, жеміс және тұқым.






Кіріспе тапсырма. Оқушылардың сабаққа қы­зығушылығын­ арттыру үшін сабақты ойыннан бастауға­ болады. Оқушылардан өздерін өсімдіктер рөлінде елестетулерін сұраңыз: қолдарын жоғары көтеріп, саусақтарының арасын ашсын. Оқушылардан қан­-дай өсімдікті бейнелегенін және қандай бөліктері бар екенін сұраңыз.


Өсімдік бөліктері. Оқулықтағы өсімдік бөлік­тері бейнеленген суреттерге қарауды ұсыныңыз. Оқушылардан бұл өсімдіктерді бұрын қай жерден көргенін және оның бөліктерін атап көрсетулерін сұраңыз. Олар әр суретті мұқият қарап, әр мүшенің атауын оқып немесе тыңдап, оның ерекшеліктері мен орналасуын есте сақтаулары тиіс. Жұптасып немесе шағын топта бір-біріне өсімдік бөліктеріне қатысты сұрақ қоюды ұсыныңыз. Өсімдік бөліктерін нөмірімен атап, суреттерімен сәйкестендіру керек. Мысалы, 1 — тамыр.


Жеміс — өсімдіктің бөлігі. Оқушылардан оқу­лықтағы суретке қарап, бейнеленген жемістерді атауларын сұраңыз. Олардан қандай жеміс-жидек­ терді жақсы көретіндерін және себебін сұраңыз. “Жидектер мен жемістерді жеу” деген пантомима ойнауға болады. Оқушылардың бірі оларды қалай жейтінін көрсетуі тиіс, ал басқа оқушылар жеміс не жидек екенін табулары керек. Оқушылардың назарын жемістердің алуантүрлілігіне аударыңыз. Олар жемістердің пішінін, мөлшерін, түсін, сонымен қатар құрғақ немесе шырынды екенін сипаттасын. Егер пантомима көрсету мүмкін болмаса, оқушы­ лардан жемістің іші қандай, олардың дәмі қандай екенін нақтылап сұраңыз. Өсімдіктің жемісінде не бар екенін сұраңыз. Оқушылардың жауабынан кейін ”Жемістің ішіндегі тұқымның саны қанша? Олардың пішіні мен мөлшері қандай?” деген сұрақтар­ қо­ йыңыз. Мүмкіндігінше бірнеше жемісті алдын ала дайындап қойыңыз. Ортасынан жарылған жемістерді көрсетіңіз.


Мектептегі өсімдіктер. Шағын тәжірибелікжұмыс жүргізіңіз. Осы жұмыстың барысында оқу­ шылар “Барлық өсімдіктердің бөліктері бірдей ме?” деген сұраққа жауап берулері тиіс. Егер ауа райы қолайлы болса, далаға шығуға болады. Ал егер оған мүмкіндік болмаса, онда бөлме өсімдіктерімен сы­ ныпта жұмыс жасаңыз. Қауіпсіздік техникасы бо­-йынша­ нұсқаулық жүргізіңіз. Оқушыларға өсім­ діктерді немесе олардың бөліктерін жұлуға бол­ майтынын ескертіңіз. Олар өсімдіктермен жұмыс істегеннен кейін қолдарын жууы керек.

Зерттейік. Шағын тәжірибелік жұмыс жүргізіңіз.Жұмыс барысында оқушылар “Тұқым қалай өнеді?” деген сұраққа жауап берулері тиіс. Бұл жұмыстың нәтижелері біраз уақыт күтуді қажет етеді. Сондықтан мұғалім алдын ала тәжірибе жасап, осы сабақта нәтижелерін көрсетуі керек. Кейін оқушылар өз жұмысының нәтижелерін мұғалімнің нәтижесімен салыстыра алады.

Оқушыларды бірнеше топқа бөліңіз.


Әр топқа қажетті заттарды беріңіз: үрмебұршақ, кішігірім құтылар, мақта, су, стақан.

Оқушыларға мынадай нұсқаулар беріңіз:

  1. Шағын ыдысты алыңыз.

  2. Түбіне мақта салыңыз.

  3. Мақта ылғалданатындай, бірақ тұқымдардың бетін жаппайтындай етіп, аздап су құйыңыз.

  4. Егер тұқымдардың бетін су жауып тұрса, олар бөртеді, бірақ өнбейді, себебі су ауаның өтуіне кедергі жасайды.


  1. Бірнеше тұқымды мақтаның үстіне қойыңыз да, қақпақпен жабыңыз. Қақпақта ауа өтетіндей тесіктер болуы керек.


  1. Тұқымды жылы жерге қойыңыз.


Шамамен үш күннен кейін тұқымдар бөртіп, бір аптадан кейін өнеді. Алдын ала осы екі нұсқаны жасап қоюға болады.


Ойлан! Тұқымдардың өнуіне ылғал қажет,сондықтан олар ылғалды мақтада өнеді. Егер мақта құрғақ болса, тұқым өне алмайды. Егер тұқымды суға батырып қойса, олар өнбейді, себебі тыныс алуға қажетті оттек жетіспей қалады.





Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Өсімдіктің биіктігін салыстыру.


Кейбір оқушылар қолда бар заттарды пайдалана отырып, өсімдіктің коллажын жасап, оның бөліктерін белгілей алады.


Бағалау


Оқушылар өсімдіктердің бөліктерін ажырата алады.


Өсімдік бөліктері. Оқушылар өсімдіктің әрбөлігінің атын жазады. Жаза алмайтын оқушыларға өсімдік бөлігін, оның атауымен қосуды ұсыныңыз. Тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалаңыз. Орындау жылдамдығы мен ұқыптылығына назар аударыңыз. Тапсырманы орындауға қиналған оқушы­ ларға көмектесіңіз.

  1. Оқушылар өсімдіктердің тұқымдары мен жеміс­ терін ажыратады.


Жемістер және тұқымдар. Оқушыларға жеміс-терді бояп, тұқымдардың суреттерін аяқтауды, со­ нымен қатар оны дұрыс атауымен қосып, өсімдікті атауды ұсыныңыз. Жемістердегі тұқым санына ерекше назар аударыңыз. Бұл оқушыларға қиын болуы мүмкін. Оқи алмайтындарға көмектесіңіз.

Тұқымның өнуі. Оқушылардан үрмебұршақ­тың қалай өнетіндігін бақылауды сұраңыз. Тұқымның өнуін бақылап, 3 және 6 күннен кейінгі суретін са­ луды тапсырыңыз.


Мұнда оқушылардың бақылау жүргізу және ба­ қылау нәтижелерінің суретін дұрыс салу қабілет­ терін атап, мақтап отыру қажет.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Өсімдіктердің тіршілігіне не қажет?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:өсімдіктердің тіршілігіне қажет жағдайларды зерттеу;


Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. су, топырақ, күннің суреттері;

  2. бөлме өсімдіктері;

  3. үрмебұршақ тұқымдары;

  4. қораптар.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар өсімдікке өсу үшін қандай жағдайлар қажет екенін білетін болады. Бұл үшін олар өсімдікке түрлі өсу жағдайларын модельдеу арқылы зерттеулер жүргізеді.

  2. Оқушылар болжамдар мен бақылау нәтижелерін салыстыруды, болжамдар ұсынуды үйренеді, содан кейін түрлі жағдайларда өсімдіктердің өсу нәтижелерін салыстырады, салыстырудың нәтижесінде қорытынды жасайды.

Сабақтың мақсаты:

1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;

1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Әр түрге жататын өсімдіктердің өсуі үшін тір­ шілік ету ортасына байланысты әртүрлі жағдайлар қажет. Кейбір өсімдіктер шөлге төзімді, басқалары ылғалсүйгіш болады. Біреулері жарықсүйгіш болса, екіншілері қараңғылықты сүйеді. Бірақ барлығына өсу үшін қажетті мөлшерде: су, жарық, жылу, ауа және қоректік заттар қажет.


Су өсімдіктер үшін өте маңызды, себебі ол жасушалардың құрамына кіреді және тіршілік үдерістері жүріп жатқан орта болып табылады. Ол тұқымның суды сіңіріп, бөртуі мен өнуі үшін қажет.


Жарық фотосинтез үдерісі үшін қажет, соның нәтижесінде өсімдік жапырақтарында қоректік зат­ тар түзіледі. Өсімдік минералды заттарды топы­ рақтан алады.

Сен білесің бе?

Оқушыларға жылыжайларда өсімдіктерге бар­ лық жағдайлар жасалатындықтан, олар жыл бойы өсе алатындығын түсіндіріңіз. Кейде онда осы өлкеге тән емес өсімдіктерді өсіреді. Егер сіздің өлкеңізде жылыжайлар болса, экскурсияға апарыңыз.


Кіріспе тапсырма. Оқушыларға пантомимаменсау өсімдікті көрсетуді сұраңыз. Содан кейін солып бара жатқан өсімдік қандай болатынын сұраңыз. Ол неге осындай болды? Оған не жетпеді? Өсімдіктерге өсу үшін не қажет?


Суреттерді салыстыр. Екі суреттегі өсімдік­­терді салыстырыңдар. Қандай айырмашылықтарын байқадыңдар? Осы сұрақты жұппен талдап, өзде­ рінің­ жасаған болжамдарының дұрыстығын дәлел­ деуді тапсырыңыз.


Алаңқай. Оқушылардың назарын оқулықтағысуретке аударыңыз. Тағы қандай жерлерде шөп аз өсетінін, ал қай жерде өте жақсы өсетінін сұраңыз. Неге бұлай болатынын сұраңыз. Шыршалы орманның фотосуретін көрсетіңіз. Толық сөйлемдермен суреттеуді өтініңіз. Кейбір оқушыларға сурет бойынша әңгіме құрауды ұсынуға болады. Оқушылар шыршалы орманның өте қараңғы болатынын, онда жарықтың аз түсетінін, сондықтан ешнәрсе өспейтінін айтуы мүмкін. Салыстыру үшін алаңқай немесе жапырақты орманның суретін көрсетіңіз. Бұл жұмысты оқушылар өз бетімен “өсімдікке жарық қажет” деген қорытынды жасай алатындай етіп ұйымдастырыңыз. Оқушыларға күн жарығы өсімдікке күш-қуат беретінін және олар осының нәтижесінде қоректік заттар түзетінін түсіндіріңіз.


Шөл. Оқушыларға шөлді жерлердің, орманныңсуреттерін көрсетіңіз, оқушылар суреттерді салыстырсын. “Неге өсімдіктердің барлығы шөлді жерде тіршілік ете алмайды?” деп сұраңыз. Оқу­ шылар өз жауаптарын негіздесін. Тамыр туралы өткен сабақты естеріне түсіріңіз. Шөлді жерде тіршілік ететін өсімдіктердің тамырының ұзындығы қандай? Неге?


Зерттейік. Жұмысты еркін құрылған топтардаұйымдастырыңыз.


Үрмебұршақ немесе асбұршақтың тұқымдарын, бөлме өсімдігін (немесе өніп тұрған үрмебұршақты), 3 құты (пластикалық стақандар), топырақ, қорап және “су, жарық”; “су, жарықсыз”; “жарық, сусыз” деген жазулары бар қағаздарды пайдаланыңыз.

Нұсқаулар

  1. Құтыларға жазулары бар қағаздарды жабыс­ тырып, сол күнді, топтың атауын немесе оқу­ шының атын жазып қою. Құтыларға топырақ салу.

  2. Әрқайсысына бір үрмебұршақ тұқымын отыр­ ғызу. Тұқымды сабаққа бір тәулік қалғанда сулап қойған дұрыс. Құтыларды терезенің алдына қою.


  1. Бірінші құтыдағы топырақты суарып, қақпағын ашып қою.


  1. Екінші құтыдағы топырақты суарып, қораппен жабу.


  1. Үшінші құтыдағы топырақты ашық қалдырып, суармау.


Тура осыны бөлме өсімдіктері немесе алдын ала


өнген тұқымдар арқылы да жасауға болады.


Оқушыларға нәтижесінде не болатынын бол­ жауды тапсырыңыз. Айнымалы және тұрақты көрсет.

Суреттерді салыстыр.

Екінші сурeттегі өсімдіктерге не болғанын түсіндір. Оларға не жетіспеді?

Shape4

Зерттейік

Өсімдіктерге өсу үшін не қажет?

Shape5

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. “Тексер” тапсырмасын орындаубарысында ұзындық өлшем бірліктерін пайдаланады.


Оқушылар өсімдіктердің өсуіне қажет жағдай­ ларды біледі.

Өсімдікке жасалатын жағдай. Оқушылар су­ реттерді­ сәйкес сөздермен­ байланыстырады. Жұ­ мыс барысында оқушылар­ өсімдіктердің өсуіне және тіршілігіне қажет жағдайларды тағы бір рет түйіндейді,­ артық сөзді анықтайды. Егер уақыт болса, оқушылар суреттерді бояйды.

Жауабы:

Су, жарық, жылу, топырақ.

Зерттеу нәтижесі. Оқушылар зерттеу жұмы­ сының нәтижелерінің суретін салып бере алады. Бұл үшін олар бірнеше күн бойы үш өсімдікті бақылайды, негізгісін таңдап, суретін салады. Оқушылар өсім­ діктің өзгеруіне назарын аударсын, маңызды өзге­ рістерге көңіл бөліп отырсын.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:бөлме және мәдени өсімдіктерді күту тәсіл­ дерін сипаттау;


Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

пульверизатор (сепкіш, бүріккіш);

сусепкіш;

қопсытуға арналған таяқшалар;

бөлме өсімдіктері.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар өсімдікке қалай күтім жасау керек­ тігін білетін болады. Бұл үшін олар өсімдіктерге күтім жасаудың әртүрлі әдістерімен, соған ар­ налған арнайы құралдармен танысады.

  2. Оқушылар бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасау керектігін үйренеді.

Сабақтың мақсаты:

1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;

1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Мәдени өсімдіктер өздеріне көп күтімді қажет етеді. Жақсы өнім алу үшін адам өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, топыраққа күтім жасау, суару, арамшөптермен және зиянкестермен күрес жүргізу.


Топыраққа күтім жасау — оның құнарлылығын арттыру мақсатында жасалатын шаралар кешені. Жерді ұзақ уақыт бойы пайдалану — топырақтың тозуына әкеледі. Сондықтан топыраққа жиі тыңайт­ қыштар себу қажет.


Топырақты қопсыту өсімдіктің тамыр жүйе­ сіне ауаның жақсы баруына мүмкіндік береді. Өсімдіктерді қажет мөлшерде суару қажет. Арам­ шөптерін жұлу керек. Арамшөптер мәдени өсім­ діктердің қалыпты өсуіне кедергі жасайды, себебі олар өсімдіктерге қажетті ылғал мен қоректік зат­ тарға ортақтасады.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға “Бағбанныңқимылы” пантомимасын жасауды ұсыныңыз. Олар топпен бағбанның қимылдарын ойлап тауып, сосын

неге олар осы қимылды көрсеткенін және әр қимыл­ дың нені білдіретінін түсіндірулері керек.


Құрал-саймандармен таныс бол. Оқушылар­дың назарын оқулықтағы құрал-саймандардың суретіне­ аударыңыз­. Олардан суреттердегі­ құрал-саймандарды­ анықтап,­ осы құрал-саймандармен қалай жұмыс істеу керектігін­ айтқызыңыз және сол қимылдарды жасап көрсетулерін­ сұраңыз.


Күтім жасау. Мынадай сұрақтарды қойыңыз:“Өсімдік­ өсіп тұрған топыраққа да күтім жасау керек пе? Әлде өсімдікке ғана ма? Неге? Өсімдіктің қай бөлігі топырақта орналасқан? Тамыр топырақтан не сіңіреді?” Оқушылардың назарын суреттерге және берілген жазуларға аударыңыз. Бала не істеп жүр? Егер өсімдікті суармаса, оған не болады? (Солып қалады.) Тыңайтқыштар не үшін керек? (Уақыт өте келе, топырақтағы қоректік заттар жойылады, сон­ дықтан оған тыңайтқыштар қосып отыру қажет.) Топырақты неге қопсыту керек? (Тамырға ауа жақсы жетеді.)


Зерттейік. Бұл тапсырманы оқушылар жұппенжұмыс істейтіндей етіп ұйымдастырыңыз, ал егер сыныптағы бөлме өсімдіктері жеткілікті болса, оқушылар жеке жұмыс істейді.


Әр топқа сусепкіш, пульверизатор, шүберектер және таяқша беріңіз. Төмендегі нұсқауларды бас­ шылыққа алыңыз.


  1. Өсімдіктің ерекшеліктерін ескере отырып, оны суару.


  1. Сосын топырақты таяқшамен қопсыту.

  2. Жапырақтардың шаңын сүртіп, су бүркіп, шаңын сүрту.


Осы іс-әрекеттерді өсімдікке зиян тигізбей істеу керектігін егжей-тегжейлі түсіндіріңіз.


Тапсырманы орындау алдында сұрақ қойыңыз: “Егер өсімдікті дұрыс суарып, топырағын қопсытса, не болады?” Ойларын тыңдаңыз. Мүмкін кейбір оқушылар: Өсімдік басқаша көрінетін болады”, — дейтін болар. Мысалы, гүлдейді. Зерттеуді жасап болған соң: “Олардың болжамдары дәл келді ме?” — деп сұраңыз. Оқушылар кейбір болжамдар орындалмады деген қорытынды жасауы мүмкін. “Болжамдар нәтижемен сай келу үшін не істеу ке­-рек?” — деп сұраңыз. (Өсімдікке ұзақ уақыт бойы күтім жасау керек.) Нәтижелер тезірек көріну үшін тағы не істеуге болатынын сұраңыз. (Тыңайтқыштар­ себу, басқа орынға ауыстыру.) Осылайша, оқушылар зерттеулер мен тәжірибелердің нәтижелері­ алға қойған болжамдармен сай келмеуі мүмкін екенін және зерттеу әдісін жетілдіру керектігін түсінеді.


Осы жұмыстың нәтижесінде оқушылар бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасау керектігін түсінеді.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. “Тексер” тапсырмасын орындау барысында ұзындық өлшем бірліктерін пайдаланады.


Зерттейік

Бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасау керек?

Shape6

Бағалау


Оқушылар өсімдіктерге күтім жасауға қолда­­ нылатын құралдардың атауларын біледі.

Бау-бақша құрал-саймандары

Оқушылар құралдарды атауы тиіс. Бұл үшін олар сөздердегі әріптердің орындарын сөз шығатындай етіп ауыстырулары керек. Міндетті түрде әр құрал­ дың не үшін керектігін сұраңыз. Оқушылардың берген­ жауаптарын толықтыру үшін құралдарды қолдануды­ сұраңыз. Бұл оқушылардың тақырыпты қаншалықты­ түсінгендерін байқау үшін керек.

Жауабы

Күрек, тырма, қайшы, сусепкіш.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Жануарлар

Жануарлар — тірі ағзалар

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: қоршаған ортадағы құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды оқып-үйренудің маңызын түсіну; жануарлар және өсімдіктерді салыстырып, олардың­ ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтау;


Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған орта заттары, құбылыстары мен үдерістерін зерттеудің қажеттілігін түсіндіру.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. қағаз ұстағышы бар тақтайшалар;

  2. фотоаппарат (бейнекамера);

  3. ермексаз;

  4. жануарлардың суреттері. Интернет-ресурстар:

  5. Қазақстан табиғаты туралы бейнефильм http://www.youtube.com

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар жануарлардың тірі ағзаларға жата­ тынын мына белгілер бойынша біледі: олар қо­ ректенеді,­ өседі, дамиды, көбейеді.

  2. Оқушылар өсімдіктердің жануарлардан қандай айырмашылығы бар екенін түсінеді, оның ішінде жануарлардың қозғалуға қабілеттілігін түсінеді.

  3. Оқушылар бақылау, талдау, түйіндеу, түсіндіру дағдыларын жетілдіреді.

Сабақтың мақсаты:

1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау;

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Тірі ағзалардың айқын белгілері: қоректену, өсу және даму, тыныс алу мүмкіндігі. Барлық тірі ағзалардың қоректенуі әртүрлі. Бірде-бір жанды ағза тыныс алмай тіршілік ете алмайды. Жануар­ ларға да өсімдіктер сияқты жоғарыда аталған белгі­ лердің барлығы тән. Яғни, жануарлар — жанды ағзалар. Жануарларға қозғалу тән, бұл олардың өсімдіктерден ерекшелігі болып табылады.


Түйе. Шөлді аймақтарға бейімделген ірі жануар.Екі өркешті түйелерді Қазақстанда және Моңғолия­ да өсіреді.

Әлемде алуан түрлі жануарлар бар. Жануарлар да өсімдіктер сияқты тірі ағзаларғажатады.Фотосуреттерге қара.Топтарға бөл. Қандай топтар шықты.



Өсімдіктер мен жануарларды салыстыр

Суреттерге қарап, өсімдіктер мен жануарлардың үш ұқсастығын анықта.



Суреттерді сипатта.

Мысық не істеп жатыр? Мысық пен гүлдің айырмашылығы неде?

Жануарлар өсімдіктер сияқты өседі, қоректенеді, тыныс алады және көбейеді. Жануарлар қозғалады әрі түрлі қимылдар

жасайды: жүреді, жүгіреді, қарғиды, секіреді, өрмелейді, ұшады, қалықтайды, қонады, жүзеді, сүңгиді т.б.

Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында оқушылардың эмоциялық көңіл күйін сабаққа аудару үшін

Қайырлы таң” ойынын ойнауды ұсыныңыз. Ойын барысында мұғалім оқушыларға “Қайырлы таң!” деп тілек айтады. Мұғалімнің айтқанына келісетін оқушылар қол соғуы керек.

Әрі қарай оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында мұғалім “Өсімдіктер дегеніміз не? Өсімдіктер қандай болады? Олар неге тірі ағзаларға жатады?” деген сияқты сұрақтар қояды.

Топтарға бөл. Бұл тапсырманың мақсаты өсім­ діктер және жануарларды топтастыру болып табы­ лады. Тапсырманы оқушыларға жұппен орындатуға­ болады. Берілген жұмыс нәтижесінде оқушылар­ өсімдіктердің­ жанды ағза екенін түсінеді.

Жауабы

Өсімдіктер: қарағаш, итмұрын, түймедақ. Жануарлар: құлан, түйе, аққу.

Өсімдіктер мен жануарларды салыстыр.

Оқушылардың­ назарын бірінші қатардағы суретке аударыңыз. “Өсімдіктің қандай ерекшелігі бар? Жанды ағзалардың қандай белгілері көрсетілген?” Әрі қарай үш бағандағы суреттерді салыстырып, қандай ортақ белгісі барын анықтаңыз. Бірінші ба­ ғандағы сурет (өсімдік өскіні де, марғау да қорек­ теніп жатыр, яғни екеуі де қоректі қажет етеді) пен екінші бағандағы суреттерде не ортақ (өскіннің де, марғаудың да өсіп қалғаны байқалады, яғни екеуі де өсуге қабілетті) және үшінші бағандағы суреттерге назар аударыңыз (өсімдік гүлге айналды, кішкене марғау — мысыққа айналды, гүлдің жанында жас өскіндер пайда болып келеді, ал мысықтың жанында кішкене марғау пайда болыпты, яғни екеуі де ұрпақ беріп, көбеюге қабілетті).

Көжек” атты сергіту сәті

Суреттерді сипатта. Оқушылардың назарын тағы бір рет үш бағандағы суреттерге аударыңыз. Бірінші қатардың екіншісінен басты айырмашылығы не екенін табуды сұраңыз. Бұл жұмысты топпен орындауға болады.

Марғау қалай қозғалатынын сұраңыз. Үлкен мысық сияқты қозғала ма? Қимылдарды пантоми­ мамен­ көрсетуді ұсыныңыз. Ең жақсы пантомимаға жарыс ұйымдастырыңыз.

Зерттейік. Егер ауа райы қолайлы болса, оқу­ шыларды мектеп алаңына шығарып бірнеше­ жанды ағзаларды тауып алуға ұсыныс жасаңыз­. Ол үшін қағаз ұстайтын тақтайшалар мен фотоап­парат­ немесе бейнекамера керек.

Зерттеу алдында тағы бір рет жанды ағзалардың белгілерін қайталаңыз. Оқушылардың алдына нақты мақсат қойыңыз, мысалы, бес жанды ағзаны табуы керек екенін айтыңыз. Олар жанды ағзаларды тауып, суретке түсіріп, жазып, сыныпқа келгеннен кейін өсімдіктер мен жануарлар тобына бөлуі керек.


Есте сақта!


Жануарлар — бұл тірі ағзалар. Олар тыныс алады, өседі, қозғала­ ды, қоректенеді және көбейеді.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек. Сүйікті жануарлардың бейнесін ермексаздан жасау.


Оқушылар ермексаздан өздері ұнататын бір жануарды жасап, оның басқа жануарлардан қан­ дай ерекшелігі бар екенін айтуы керек. Жасаған жануардың ерекшелігі мен ол туралы есте қалған қызықты сәттерін еске түсірсін.

Мысық қалай өсті? Оқушылар мысықтың өсукезеңдерін анықтап, дұрыс тәртіппен нөмірлеуі тиіс. Кейбір оқушыларға бұл тапсырманы жеке орындауға, қалғандарына топпен орындауға ұсыныс жасаңыз.

Бағалау



Оқушылар тақырыпты қаншалықты жақсы мең­ гергенін тексеру үшін рефлексия ретінде кез келген жануарды сипаттап беруін және қандай да бір өсім­ дікпен салыстырып, жануарлардың тірі ағза екенін түсінуі керек. Tапсырманы жеңілдету үшін оларға екі суретті (жануар мен өсімдікті) немесе нақты мысалды ұсынуға болады.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Жануарлардың қандай түрлері болады?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата алу;


Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсіндіру.


Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. үлестірмелі парақшалар: орман, үй;

  2. белгілі үй жануарлары, олардың қорасы, күтуге арналған құралдар бейнеленген үлестірмелі материалдар.

  3. Интернет-ресурстар:

  4. ферманың күнделікті тіршілігі туралы бейнефильм, мысалы, http://www.youtube.com/ watch?v=j-OB5q7ZxcY.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. үй және жабайы жануарлардың кейбір түрлері­ мен танысады;

  3. жабайы жануарлардың үй жануарларынан қан­ дай ерекшелігі бар екенін түсінеді;

  4. үй жануарларының тұратын жерінен сиырқора­ мен, атқорамен, түйеқорамен, қойқорамен, ит­ тің үйшігімен танысады;

  5. жануарларды қалай күту керектігін білетін болады;

  6. бақылау нәтижелерін жазуға дағдыланады.

Сабақтың мақсаты:

1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату;

1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Әлемде жануарлардың орасан көп түрі бар. Алғашында олардың барлығы жабайы болған, бірақ адам кейбірін қолға үйретті. Адамдар үй жануарларына қамқорлық көрсетеді. Қамқорлық көрсету дегеніміз — оларды қоректендіру, емдеу, қорасын салу, олардың ұрпақтарына қамқорлық

көрсету болып табылады.


Үй жануарлары үшін адам малқора соғады. Сиырға арналған малқора — сиырқора деп аталады. Бұл үлкен, жылы қора, онда су құюға арналған науа, жем салатын астау болады.


Жылқыға арналған малқора атқора деп аталады. Бұл — ұзын ағаш қора, екі жағынан қашаларға

бөлінеді.

Түйеге арналған қора — түйеқора, ал қойға арналғаны қойқора деп аталады.


Арқар. Жұптұяқты сүтқоректі. Денесінің ұзын­дығы 1 м-ден 2 м-ге, биіктігі 1 м-ге дейін жетеді. Тау бөктерінде, жартасты тау етегінде, шатқалдарда тір­ шілік етеді.


Құлан. Сырттай есекке ұқсайтын түз жануары,бірақ жылқымен ортақ белгілері көп. Жазықта, шөл және шөлейт жерлерде тіршілік етеді, тау бөктерлерінде де кездестіруге болады.


Құндыз. Сүтқоректі, ірі кеміргіш. Денесініңұзындығы кейде 1 м-ге дейін жетеді. Жүзе алады, артқы аяқтарының саусақтарының арасында жар­ ғақтары бар, алдыңғы аяқтарымен бұтақтарды қар­ мап ұстап, жерді қаза алады. Судың астында 15 минутқа дейін бола алады. Ағаштың қабығы мен сүрегін қорек етеді.

Кіріспе тапсырма. Сабақты жануарлар туралыжұмбақтар дайындап әкеліп, шешкізуден бастаңыз.


Мұғалім: “Сендер бұл жануарды білесіңдер ме? Қазақстанның қандай жануарларын білесіңдер?” — деп сұрайды.


Жануарлар дүниесі. Оқушылар суреттергеқарасын. “Бейнеленген жануарлардың қайсысын білесіңдер? Олар туралы не айта аласыңдар? Қай­ сысы біздің өлкемізде тіршілік етеді?” деп сұраңыз. Мәліметті сабаққа байланысты деректі материал­ дардан немесе энциклопедиядан қарауға болады. Суреттердегі жануарларды қандай топтарға­ бөлуге болатынын сұраңыз. (Жабайы және үй жануарлары.) Егер оқушылар жауап беруге қиналса, жетелеуші сұрақтарын қойыңыз. “Суреттегі әр жануар қай жерде тіршілік етеді? Немен қоректенеді?”­


Жабайы және үй жануарлары. Оқушылардыңназарын суреттерге аударыңыз.

Сұрақ қойыңыз: “Суреттердегі әр жануар не істеп жатыр? Салыстырыңдар. Суреттер несімен ұқсайды? Ит пен құндыздың іс-әрекеттерінде қандай айырмашылық бар? Осы екі суретті жұптастыруға бола ма? Сендерде қандай жұптар шықты? Неге?” Суреттерді төмендегідей етіп жұптастыруға болады:


  1. қоректену: құндыз қорегін өзі табады, итке адам тамақ береді;


  1. емделу: құндыз жарақатын жалап жазады, ал итке адам қамқорлық жасайды, мал дәрігеріне апарады;


  1. баспана: құндыз өзіне ағаш бұтақтарынан ін жасап алады, ал итке адам үйшік жасайды. Оқу­


шылардан өмірде осы әрекеттердің қайсысын­ көргенін сұраңыз.



Shape7

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Дүниетану. Жануарларды қолға үйрету.


Енелері мен төлдері. Үй жануарларын атапшығуды тапсырыңыз. Әр жануар қандай дыбыс шығаратынын дыбыстап көрсетуге болады. Сонымен қатар “Жалғастыр” ойынын ойнасын. Мысалы: ит — күшік, тауық — балапан, мысық — марғау, үйрек­ — балапан, қаз — балапан.


Зерттейік. Мұғалім алдын ала әзірленіп қойғанбелгілі үй жануарларының, олардың қораларының, азықтарының, бағып-күтуге арналған құралдардың суреттерін таратады. Мысалы, сиыр, түйе, ит, жылқы, шөп, қырғыш, жем-шөп, сүйектер, сиырқора, ит үйшігі, қойқора, атқора.


Оқушылар топпен талдап, адам әр үй жануары үшін не істей алатындығын сәйкестендіреді. Әр топқа бір жануарды таңдап алып, ол туралы мәлімет дайындауға ұсыныс жасауға болады.

Ойлан!


Оқушылар мынадай сұрақтар бойынша ойланып көрсін: Ит қандай әрекеттер жасайды? Қасқыр ше? Олардың қандай ұқсастығы бар? Негізгі ерек­ шеліктері не?

Орман” және “үй” деген үлестірмелі материал­ дарды оқушыларға таратып беріңіз. Мұғалім жа­ нуарларды атайды, ал оқушылар оны жабайы жануар деп санаса “ОРМАН”, үй жануары деп ойласа “ҮЙ” белгісін көтереді.


Сөздер: сиыр, бұғы, қасқыр, қой, есек, бұлан, кірпі, қоян, тауық, қаз, түлкі, мысық, аю.

Бағалау


Оқушылар жабайы жануарларды үй жануар­ ларынан ажырата білуі керек.

Үй және жабайы жануарлар. Бұл тапсырманы барлық оқушыларға жеке орындауға беріңіз. Тап­ сырманы аяқтаған соң өзара бағалау арқылы тек­ серуді ұсыныңыз. Тапсырманы орындау жылдамдығы мен дұрыстығына назар аударыңыз. Содан соң бейнеленген жануарларды тағы бір атап шығуды ұсыныңыз.

Жауабы:

Үй жануарлары: 2, 4, 5, 9. Жабайы жануарлар: 1, 3, 6, 7, 8.

Оқушылар әртүрлі жануарлардың тіршілік ете­ тін орнының атауларын біледі.

Адасқан жануарлар. Оқушылар жануарларға өз мекендейтін орнын тауып алуына көмектесуі қажет. Тапсырманы орындау барысында тағы бір рет жануарлардың және олардың мекендейтін орны­ның атауларын айтып өтеді. Жұптағы балалардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастырыңыз. Жауап беруге қиналған оқушыларға көмектесу қажет.

Жауабы:

Үйшік — ит, қойқора — қой, атқора — жылқы

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Адамдар жануарлардан не алады?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:жабайы жануарларды үй жануарларынан ажыратуды үйрету;


Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсіндіру.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

жүн мен мамықтан жасалған бұйымдар;

ыдысқа құйылған сүт өнімдері: сүт, шұбат, мүмкін­ дік болса, қымыз немесе олардың суреттері;

үй және жабайы жануарлардың белгілері бар үлестірмелі парақшалар.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар:

қандай жануарлар үй жануарларына жататыны туралы білімдерін дамытады;

үй жануарларынан және үй құстарынан алына­ тын өнімдерді біледі;

қымыз, шұбат, құрт сияқты ұлттық сүт өнімдерімен танысады;

бақылау, талдау және түйіндеу дағдыларын жетілдіреді.

Сабақтың мақсаты:

1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау;

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Үй жануарларының адамға пайдасы көп. Сиыр­-дан сүт, ет, тері алынады.


Жылқы адам үшін жақсы көлік қана емес, сонымен қатар ол қымыз деп аталатын шипалы сүт береді. Тауық, қаз, үйректен ет, жұмыртқа, мамық алынады. Қойдан — ет пен жүн; ешкіден — ет, сүт, түбіт алынады. Түйе өте пайдалы сүт береді. Одан шұбат деп аталатын сусын жасалады.


Қалада жануарлар адамдармен бірге пәтер­­ лерде тіршілік ететіндіктен, адамдар тек өздері үшін ғана емес, сонымен қатар олар үшін де жауапты екенін сезінеді. Осы жауапкершілік баланың бойында барлық тіршілік иесіне деген мейірімділік, сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдерін ұялатады.

Сөйтіп, адам үй жануарларына қарау арқылы мейі­ рімді және қамқор болуға үйренеді.


Шұбат — бұл түйенің сүтінен жасалған қышқылсусын. Ол ақ түсті, майлы және қою болады.


Қымыз — бие сүтін ашытып жасайтын, сергіт­-кіш, қышқылтым сусын.


Құрт — тұзды сүт өнімі.

Адам жануар етін, сүті мен жүнін пайдаланады. Түйе сүті — шұбат, ал жылқы сүті — қымыз деп аталады. Олар — пайдалы сусындар. Сиыр мен қой сүтінен май, құрт және ірімшік жасайды.

Жануардың жүні мен терісінен киім, аяқкиім тігеді.

Үй құстары

Сен жұмыртқа қосылған

тағамдарды ұнатасың ба?

Жұмыртқаны қайдан алады?

Қандай үй құстарын біле­сің?

Құстардан тағы не алынады?

Кіріспе тапсырма.


Басқа нұсқаны ұсынуға болады. Топтағы оқу­-шылар мұғалім ұсынған үй және жабайы жануар­ лардың белгілері бар үлестірмелі парақшаларды­ таңдайды.


Үй жануарлары


адамның жанында тіршілік етеді; адам оларға қора, үйшік салады; оларды қоректендіреді; оларды күтеді; төлдеріне қамқор болады.


Жабайы аңдар

орманда мекен етеді; суқоймада тіршілік етеді; тауда мекендейді; далада мекендейді; өзін-өзі қорғайды; өзін-өзі емдейді;


өздері төлдеріне қамқорлық жасайды; өздері қорек табады; өздері ін қазып, үңгірлерді мекендейді.

Адамдар және жануарлар. Анасы не сатып алды? Өнімдер қайдан алынaды? Адамдар жануарлардан қандай азық-түлік өндіреді? Азық-түлік өнімдерінен басқа жануарлардан тағы не алынады? Кім шұбат, қымыз ішіп көрді? Шұбатты, қымызды немесе құртты қалай жасайтынын көр­ гендерің бар ма? Тапсырма барысында aуылдың қаладан айырмашылығын нақтылауға болады. “Не себепті ірі үй жануарларын қаланың пәтерінде емес, ауылда асырайды?” — деп сұраңыз.


Үй құстары. Оқушылардан “Кім жұмыртқаныңақуызын жақсы көреді? Жұмыртқадан тағы қандай­ ас әзірлеуге болады?” — деп сұраңыз.


Зерттейік. Оқушылардың назарын алдын аладайындалып қойған, олар күнделікті қолданатын­ азық-түліктерге аударыңыз. Егер азық-түліктер­ болмаса, суреттер көрсетуге болады. Зерттеуді шағын топтарда жүргізген ыңғайлы. Әр топ адамға өнімдер немесе азық-түлік беретін жануарларды жазып, төрт бағаннан тұратын кесте әзірлейді (немесе мұғалімнен алады). Оқушылар әкелінген бұйымдарды қарап, бұл өнімнің қай жануардан алынғанын анықтап, кестенің сәйкес бағанына жазады. Олар “адам үй жануарларынан өте көп бұйым алады” деген қорытындыға келулері керек.


Үйде ұстайтын жануарлар. Оқушылардыңназарын дүкеннің­ қасында орналасқан көпқабатты үйге аударыңыз­. Кейіпкерлерді мұқият қарасын. “Негеш не істеп жатыр? Эврика не істеп жатыр? Адамға тотықұс, мысық, аквариум балықтары қандай пайда әкеледі?” деген сұрақтарға жауап ала отырып, оқушыларға жануарлардан азық-түлік пен киім жасайтын өнім (жүн, тері, мамық) алып қана қоймай, оларға қамқорлық жасау (емдеу, қоректендіру, қарау) керектігін түсіндіріңіз. Кімнің үйінде осындай жануарлар барын сұраңыз.


Ойлан!

Балалар арасында үйде тіршілік ететін жануар­ лар ғана үй жануары деп аталады деген түсінік қалыптасқан.


Келтірілген мысал арқылы оқушылар үй жануар­ ларына қайсысы жататынын талдайды.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Дүниетану. Ауыл — қала ұғымдары. Музыка. “Үй жануарларының хоры” ойыны.


Үй жануарларының хоры” ойыны. Сыныпты төрт топқа бөліңіз. Бірінші топ — сүт беретін жануарлар; екінші — үйде ұсталатын жануарлар; үшінші топ — жұмыртқа беретін, ал төртінші топ — қымыз беретін жануарлар.

Ойынды былай бастаңыз: “Тек сүт беретін жануарлар әндетеді (ме-ме-ме, мө-мө-мө-му)”. Әрі қарай үйде ұстайтын жануарлар әндетеді. Содан кейін жұмыртқа беретін жануарлар, соңынан тек сусын беретін жануарлар әндетеді.

Кесте. Бұл тапсырманы орындауды зерек оқу­ шыларға ұсынуға болады. Оқушының міндеті — қажетті сөздерді пайдаланып, кестені толтыру. Алдымен жануардың тұратын мекенін, содан соң одан алынатын өнім түрін таңдап алсын. Оларға кейбір сөздердің қайталануы мүмкін екенін айтыңыз.

Жауабы:

СИЫР: сиырқора, сүт, ет. ЖЫЛҚЫ: атқора, қымыз, ет. ҚОЙ: қойқора, жүн, ет.

ТАУЫҚ: күрке, жұмыртқа, мамық, ет. ТҮЙЕ: түйеқора, шұбат, ет.

Бағалау


Оқушылар адамның үй жануарларынан қандай өнімдер алатынын түсінуі тиіс.

Адамдар жануарлардан не алады? Бұл тап­ сырманы оқушылар өз бетінше орындауы керек. Тапсырманы орындау кезінде оқушылардың тақы­ рыпты қаншалықты меңгергендігін сырттай бақы­ лаңыз.

Жауабы Бояйды: жұмыртқа, сүзбе, қымыз, құрт, шұбат, сүт,

қаймақ, шұжық.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:жануарлардың жыл мезгілінің ауысуына бейім­ делуін түсіндіру;


Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. жыл мезгілдері, өрістейтін, ұйқыға кететін, қор жинайтын жануарлардың суреттері бар үлестір­­ мелі парақшалар;

  2. жаңғақтар, бүрлер, тұқымдар, дәндер, нан, сорпа, кәмпиттер (кейбірінің суреттері).

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. жануарлар жыл мезгілінің ауысуына қалай бейімделетінін білетін болады (қысқы ұйқыға кетеді, қысқы қор жинайды, өрістейді);

  3. жыл құстарымен, қыстап қалатын құстармен (бұлдырық, көкшымшық, шұбаршымшық, сұр тырна, сарыайдар үйрек) танысады.

Сабақтың мақсаты:

1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату;

1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Жылдың әрбір мезгілі жануарлардың тіршілігіне өзінше әсер етеді. Жаздың соңы мен күздің басында тиіндер, тышқандар, боршатышқандар, аламандар қысқа қорек дайындайды. Аюлар, сарышұнақтар, борсықтар, кірпілер қысқы ұйқыға кетеді, оған дейін олар еселеп қоректенеді. Жануарлардың қысқы ұйқыға кетуі — күрделі биологиялық үдеріс. Қыста суық кезде және азықтың жоқ кезінде жануарлардың күш-қуат шығынын азайту үшін дене температурасы төмендеп,­ жүректің соғу жиілігі баяулайды.


Кейбір жануарлар өрістейді. Өрістеу — бұл жануарлардың алыс қашықтыққа маусымдық қоныс өзгертуі. Албырт балығы уылдырық шашу үшін жылы суға кетеді. Негізінен, маусымдық қоныс өзгерту құстарда жиі кездеседі. Қазақстан Республикасының аумағында миллиондаған суда жүзетін және су маңын мекендейтін құстар, сондай-ақ ұшып өтетін құстар ұя салады.

Сабақ барысында оқушылар құстардың бірнеше түрін білетін болады.


Көкшымшық. Адамдар тұратын жерде тіршілікетеді, қалаларда, бақшаларда және саябақтарда кездеседі. Ұсақ жәндіктермен қоректеніп, табиғатқа пайдасын тигізеді. Қыста қорек іздеп, көшіп жүреді. Оның кеудесінде қара жолақ бар. Арқасы жасыл, кеудесі мен құрсағы сары болады.

Сарыайдар үйрек. Суда жүзетін өзен үйрек­терінің қатарына жатады. Салыстырмалы түрде мойыны және тұмсығы қысқа, шағын денелі құс. Сол­ түстік Қазақстанды мекендейтін жыл құсы.


Бұлдырық. Тамағы, мойны мен басының екіжағы қызғылт сары. Денесінің үстіңгі жағы құм түсті. Кеудесі сарғыштау, қара жолақтары бар. Құрсағы қара. Жыл құсы.


Шұбаршымшық. Тұрқы торғаймен бірдей.Жыл құсы. Арқасы қоңыр, құйрық үсті сары жасыл­. Денесінің төменгі жағы және басының екі жағы қошқыл қызыл түсті.


Сұр тырна. Түсі көбінесе сұр. Мойнының астысұр. Бұл құстардың салмағы 3 кг-дан 6 кг-ға дейін жетеді. Қызыл кітапқа енгізілген, жыл құсы.

Аюлар, борсықтар, кірпілер қыста азық таба алмайды. Сондықтан­ олар қыста ұйқығакетіп, көктемде оянады.

Есте сақта!

Күзде жануарлар қысқа дайындалады: қор жинайды, жылы жаққа қоныс аударады, ұйқыға кетеді.

Кіріспе тапсырма. Кезекпен күзден бастап,түрлі жыл мезгілдері бар үлестірмелі парақшаларды көрсетіңіз. Оқушылар әрбір жыл мезгілінің ерек­ шеліктерін (белгілерін) атауы керек.


Азық қоры. Тағы бір рет қыстың жаздан қалайерекшеленетінін нақтылаңыз. “Жануарлар қыста да жаздағыдай тіршілік ете ала ма?” деп сұраңыз. “Жоқ, себебі шөп, жәндіктер жоқ әрі суық”. Тиін қысқа қалай дайындалады? (Қор жинайды.)


Оқушылардан қор жинайтын тағы қандай жа­-нуарларды­ білетінін сұраңыз (aралар, борсықтар, аламандар,­ сұр тышқандар).


Зерттейік. Оқушыларды шағын топтарға бөліңіз.Әр топқа жем үлгілерін (немесе солардың сурет­ терін) таратыңыз, адам немесе жануарлар қорек­ тенетін азық-түліктерді қосуға да болады (ет, нан, шырын т.б.). Қысқа қор жинайтын жануарларды атап, жазып алуды тапсырыңыз (тиін, тышқан, aралар, борсық, құндыз, боршатышқан, аламандар). Оқу­-шылар әр жануардың ұсынылған үлгілердің ішінен қайсысынан­ қор жинайтынын анықтап, артығын алып тастасын. Олардың талқылауы: тиін жәндіктермен де қоректенеді, бірақ оны қысқа сақтау мүмкін емес, ол нанды да жейді, бірақ табиғи жағдайда оны табу қиын деген бағытта өрбігені абзал. Әр топтың нәтижесін салыстырыңыз. Олар өз таңдауын түсіндірсін. Содан кейін “Олар қорларын қай жерде сақтай алады?” — деп сұраңыз (көбінесе індерінің бір тармағындағы арнайы қоймаларда, аралар — омартада).


Құстар. Оқушылардың назарын құстардыңсуреттердегі атауларына аударыңыз. Олардың кейбірі оқушыларға таныс болмауы мүмкін. Сабаққа байланысты деректі материалды пайдаланып,

олар туралы айтып беріңіз. “Құстардың бұл тобы қалай аталады? Қыстап қалатын құстарға қалай кө­ мектесуге болады?” (Қосымша жем беру.)

Орман жануарлары. Оқушылардың жануар­лардың қысқы ұйқыға кетуі — бұл жай ұйықтау емес, олардың ағзасының үнемдеу режіміне­ ауысуы екенін түсінгені маңызды. Ұйқыға кететін жануарлардан басқа қорегін қыста табатын­ жануарлар да бар. Екі қатардағы суретті салыстыруды­ тапсырыңыз. Бұлардың әрқайсысы қалай қоректенеді? Қасқыр мен түлкі — жыртқыш­тар­. Олар қыста қорек таба алады. Бұлан — бұтақтармен және қабықпен қорек­ тенеді. Қоңыр аю, борсық, кірпі қысқы ұйқыға кетеді.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Музыка, дүниетану.

Сен білесің бе?

Суыр өмірінің басым бөлігін ұйқымен өткізеді. Біздің елімізді мекендейтін суырлар тамыздың соңында ұйқыға кетіп, наурыздың басында оянады.

Шешуін тап. Кез келген тәртіпте сабақтыңдеректі материалын пайдалана отырып, сұр тырна, шұбаршымшық, сарыайдар үйрек, бұлдырық сияқты құстардың сипаттамасын оқыңыз. Оқушылар беріл­ ген тәртіпте торкөзге қажетті санды қояды.



Бағалау


Оқушылар жануарлардың жыл мезгіліне сәйкес бейімделуін білетін болады.

Қысқы орман. Оқушылар қысқы ұйқыға кететін жануарларды бояйды.

Жауабы:

Ұйқыға кететін жануарлар: аю, сарышұнақ, борсық. Қыстап қалатын жануарлар: бұлан, түлкі, тышқан, тиін, қасқыр.

Қысқа дайындық. Оқушыларға суреттерді сәйкес сөздермен байланыстыруды тапсырыңыз: азық қорын жинау, өрістеу, ұйқыға кету. Содан кейін суреттерді бояйды.

Егер оқушы тапсырманы қатесіз орындаса, онда тақырыпты жақсы түсінгені. Егер қате жіберсе, онда қай топтарды ажыратудан қателік кеткеніне назар аудару қажет.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Адам

Адамның дене мүшелері

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:адамның негізгі дене мүшелерін және олардың атқаратын қызметін атау;


Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

дене мүшелерінің атауы жазылған кестелер;

үлкен көлемдегі ватман парағы..

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар:

негізгі дене мүшелерін анықтау және ажырату икемділіктерін жетілдіреді;

суреттердің көмегімен оларды атайды;

қолдың және аяқтың бөліктері қалай аталатынын білетін болады;

дене мүшелерінің атқаратын қызметін анық­ тайды.

Сабақтың мақсаты:

1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау;

1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;

1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Адам денесі бес бөліктен тұрады: бас, мойын, тұлға, жоғарғы бөліктер (қол), төменгі бөліктер (аяқ). Әрбір бөлікте бөлімдерді ажыратады: баста — ми және беттік; тұлғада — арқа, кеуде, іш және жамбас; қолда — иық, шынтақ, білек, білезік және саусақтар; аяқта — сан, тізе, жіліншік, табан және башпайлар.


Әр бөлік өзінің қызметін атқарады. Баста ми, тұлғада жұлын орналасқан. Мойын бастың қоз­ ғалуын қамтамасыз етеді және бас пен тұлғаны байланыстырады. Аяқ — негізгі тірек мүшелерінің бірі.

Қол шынтақта бүгіле алады. Бұл оның жақсы қозғалғыштығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар амплитудасын және қызметін жоғарылатады. Қол­ дың көмегімен адам түрлі іс-әрекеттер жасай алады.


Паралимпиада. Мүмкіндіктері шектеулі адам­дарға арналған халықаралық деңгейдегі спорттық

жарыс. Олимпиададан кейін өткізіледі.

Адамның қандай дене мүшелері бар?

Ойлан

Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсың?

Біздің денеміздің қызметі

Дене мүшелері не үшін қажет?

Біздің дене мүшелеріміз қандай қызмет атқарады?

Сен білесің бе?

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Паралимпиада ойындары өткізіледі. Оған қазақстандық спортшылар да қатысып, жетістіктерге жетуде. Лондонда өткен сайыста Қабира Асқарова 65 килограмдық зілтемірді көтерді. Александр Колядин Сочида өткен Паралимпиадада оң аяғына жасанды сүйек қойылғанына қарамастан, шаңғымен 20 километрді 1 сағат 4 минутта жүріп өтті!

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға мынадай тап­сырмаларды орындауды ұсыныңыз: секіру, жүгіру, бір жақтан екінші жаққа иілу, басты алға-артқа айнал­ дыру, үстел үстінен кез келген затты алу. Қай дене бөліктері оны істей алады? Сабақтың осы кезеңінде олар тек адамның дене бөліктерін атап өту керек.

Сұлбалар. “Бейнелеу өнері” сабағында өткен“сұлба” терминін еске түсіріңіз. Сұлба — ұсақ бөлшектерсіз бір түспен салынған заттың бейнесі. Суретке назар аударыңыз. Мынадай сұрақтар қо­ йыңыз: “Қай суретте Эвриканың бейнесі салынған?” (Шаш және киім үлгісі бойынша.) Әрбір сұлбаға назар аударыңыз. Бейнеленген балалар сұлбасынан олардың қандай іс-әрекет жасап тұрғанын анық­ тауға бола ма деп нақтылаңыз (билейді, бокспен шұғылданады, саңырауқұлақ теріп жүр, доп ойнап жүр). “Бұған қандай дене мүшелері қатысады?” (Аяқ және қол қимылы, бас бұру, дене иілуі.) Оқушыларға бұл қимылдарды қайталауын ұсыныңыз. Ойын ойнатуға болады: оқушылар кезекпен шығып кез келген мамандыққа немесе спорт түріне сәйкес келетін дене қалпын көрсетеді, ал қалған оқушылар кімді көрсетіп тұрғанын табуы керек. Аяқтау үшін тағы да дене мүшелерін атап өтіңіз: бас, мойын, тұлға, қол, аяқ.


Қол. Оқушыларға өз қолдарына мұқият қарапжәне жұппен оның бөліктерін анықтап көруін ұсыныңыз. Сосын әр бөліктің атын білу үшін оқулықтағы суретке назар аударыңыз. Қол басын қарап, саусақ аттарын атап шығуды ұсынуға болады. Бас бармақтың басқа саусақтарға қарама- қарсы орналасуының арқасында адам бір нәрсені ұстай алатынын айтыңыз.


Аяқ. Оқушылардың назарын буындардың қоз­ғалғыштығына, аяқ басындағы башпай санына ауда­ рыңыз. Аяқтың негізгі бөліктері қалай аталатынын айтыңыз. Оқулықтағы аяқтың барлық бөліктері (сан, тізе, жіліншік, табан және башпайлар) көрсетілген суретке назар аударыңыз­.


Аяқтың осы бөліктерін нығайту үшін бірқатар дене шынықтыру жаттығуларын жасауға болады. Санға: отырып-тұру және алға қарай ұмтылу. Жілін­ шікке: жүгіру және аяқ ұшымен жүру. Табанға: аяқ басын айналдыру. Орындау барысында аяқтың тап сол бөліктеріне қалай күш түсетініне және қалай жұмыс істейтініне назар аударуын сұраңыз.


Зерттейік. Сыныпты алты-жеті оқушыдан тұра­тын топтарға бөліңіз.


Әр топқа оқушының бойы толығымен сыятын ұзындықтағы­ қағаздан таратып беріңіз.


Қағазды жайып қоятын орынды таңдап алу қажет. Оқушылардың біреуі қағазға жатады. Оған қозғалыссыз жатуы керектігін түсіндіріңіз. Екінші оқушы басынан бастап оның дене кескінін сызады. Топтың қалған оқушылары үздіксіз сызық шығу үшін маркерді бір-біріне береді. Дайын болған сұлбаны қиып алып, қабырғаға іліп және жанына дене мүшелері жазылған кестелерді жапсырып қою­ ға болады. Біздің денеміздің қызметі. Оқушыларға әрдене мүшесінің атқаратын қызметін анықтауды ұсыныңыз. Ол үшін сыныпты бес топқа бөлуге болады. Әр топқа “өзінің” дене бөлігін беріңіз (жеребе көмегімен). Белгілі уақыттан кейін оқушылар ол туралы қысқаша хабарлама дайындай алады. Топтың бір мүшесіне белгілі дене мүшесінің мүмкіндіктерін көрсетуін ұсыныңыз: қол-аяқты сермеу, аяқты бүгу-жазу, басты айналдыру және т.б. Қалғандары бақылау негізінде қорытынды жасай алады.


Ойлан! Оқушыларға адамның дене мүшелерініңқайсысы ең маңызды екенін ойлануға ұсыныс жа­ саңыз. Олар барлығы өте маңызды және әрбіреуі өзінің қызметін атқарады деген қорытындыға келу керек. Артық дене бөлігінің болатын/болмайтынын сұраңыз. Егер сыныпта мүмкіндігі шектеулі оқушылар болса, барынша әдепті және мұқият болыңыз. Кей кезде адамда денесінің қандай да бір бөлігінің бол­ майтынын,­ сондай жағдайда сол бөліктің қызметін протездер немесе арнайы құрылғылар атқаратынын түсіндіріңіз.


Сен білесің бе? Мүмкіндігі шектеулі адамдаржайлы айтқанда, Паралимпиадаға қатысушылар жайлы, оның ішінде қазақстандық Қабира Асқарова және Александр Колядин туралы айтыңыз. Бұл адамдар мақсатқа жетуде батылдық пен табандылықтың үлгісі болып табылатынын айтып өтіңіз.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек. Сұлба түсінігі.

Дене шынықтыру. Жаттығуды орындау: иілу,отырып-тұру, айналу.


Кімнің сұлбасы? Бұл тапсырманы жекелеген оқушыларға орындауды ұсыныңыз. Олар тапсыр­­ мадағы түрлі кескіндерді анықтап, әрбіреуін түрлі түсті қарандашпен қоршап қоюы керек.

Жауабы:

балерина, зілтемірші, боксшы, саңырауқұлақ те­ руші, шаңғышы, оқушы.

Қол немесе аяқ. Оқушылар кестені толтыра алады. Оқи алмайтын оқушыларға көмектесіңіз. Өз­ ара тексеруді ұйымдастырыңыз. Ол үшін оқушылар­ кестеде көрсетілген барлық жаттығуларды орын­ дайды.

Бағалау


Оқушылар адамның дене мүшелерін біледі.

Адамның дене мүшелерін олардың атауы­ мен біріктір. Оқушылар адамның дене мүшелерін

олардың атауымен байланыстыра алады. Оқи алмай­­ тын оқушыларға­ көмектесіңіз.

Тапсырманы орындау барысын қадағалап, тап­ сырманы тез және қатесіз орындауға назар ауда­ рыңыз. Әрбір дене мүшесі бір атаумен байланыс­­ қанын ескертіңіз.

Адамның қанша дене мүшесі бар? Оқушылар әр суреттің жанына адамның­ дене мүшесінің санын жаза алады. Сандарды жаза алмайтындарға көмек­ тесіңіз. Егер оқушы дене мүшесінің санын анықтауға қиналса, сол дене бөлігін өзінен тауып санауына болады. Тапсырманы күрделендіру мақсатында­ жаза алатын оқушыларға әрбір суреттің атауын жазуға ұсыныс жасаңыз.

Жауабы:

қол — 2; аяқ — 2; бас — 1; мойын — 1; көз — 2, мұрын — 1.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Адам қалай есейеді?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;


Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарды зерттеудің маңыздылығын түсіну.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

оқушылар өмірінің түрлі кезеңдерінің фото­ суреттері;

адам өмірінің түрлі кезеңдеріне арналған заттар, мысалы, тамақтандыруға арналған бөтелке, кішкентай пирамида, қаламсауыт, сылдырмақ, үлкен текше, картон кітап;

фломастер, шытыра моншақ, мата қиындысы, бау.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. адамның өсу кезеңдерімен танысады;

  3. адамның есеюі арқылы өзгеретінін біледі, салыс­ тырады;

  4. үлкенді сыйлауға, құрметтеуге үйренеді.

Сабақтың мақсаты:

1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;

1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Адам өмірі көптеген кезеңдерден тұрады.


Сәби (1 жасқа дейін) — бұл кезеңде адам қор­шаған әлеммен таныса бастайды. Оған ерекше тамақ қажет, ол — ана сүті, арнайы қоспалар.


Ерте балалық шақ (шамамен 1 жастан 4 жасқадейін) — бала көп затты басқа адамның көмегінсіз істеуге тырысады.


Мектепке дейінгі балалық шақ (шамамен 6—7жасқа дейін) — негізгі әрекеті ойын болып табылады. Ойын арқылы бала қоршаған әлемді таниды.


Мектеп жасы (кіші мектеп жасы) (шамамен 11—12 жасқа дейін) — негізгі әрекеті оқуға ауысады.


Жасөспірімдік кезең (шамамен 15 жасқадейін) — адам әлеуметтік ортада өз орнын біледі.

Жастық шақ (шамамен 19 жасқа дейін) — адамөзінің болашақтағы мамандығы туралы ойланады, таңдайды.


Кемелдену кезеңі — адам еңбек етеді, тұрмысқұрады, мансапқа жету жолдарын қарастырады.


Қарттық шақ — адамның өсуі тежеледі, бел­сенділігі төмендейді.


Қазіргі уақытта ересектік пен қарттықтың шегін ажырату қиын. Қалыптасқан пікірлерге қарамастан барлық қарт адамдар жиі ауырмайды, жүре алмай қалмайды­. Қарт адамдардың ішінде денсаулығы мықты, жүрістері қалыпты, өзін жақсы сезінетін адамдар да бар. Саламатты өмір салтын ұстанатын адамдарда сергектік сезімі ұзақ сақталады.


Сенің інің немесе қарындасың (сіңлің) бар ма? Олар туралы айтып бер.

Сен қалай өстің?

Суреттерді салыстыр.

Өзіңнің кішкене кезің есіңде ме?

Сен өсіп келе жатқанда қалай өзгердің?

Shape8

Сен дүниеге келдің, сәби болдың. Одан әрі сенің балалық шағың басталды. Қазір сен оқушысың.

Сәбиге, бүлдіршінге және оқушыға не керек?

Суреттердің көмегімен өсіп, дамыған кезеңдеріңде саған не қажет болғанын есіңе түсір.

Тағы қандай заттарды қосуға болады?

Кіші мектеп жасынан кейін жасөспірімдік кезең, одан кейін жастық шақ, кемелдену кезеңі, қарттық шақ келеді.

Есте сақта!

Бала сәбилік, балалық шақта және жасөспірімдік кезеңде тез өседі. Жастық шақта өсіп-жетіледі. Кемелденген және қартайған шағында адамның өсуі тежеледі.




Shape9

Зерттейік. Оқушылар жұмысты топпен жалғас­ тырады. Зерттеу бірнеше кезеңде өтеді.

Нұсқау

1-кезең. Бастапқыда мұғалім сұрақ қояды, топ мүшелері ақылдасып, дәлелмен жауап береді. Әр топқа атасын немесе әжесін қосуға болады.

Сұрақтар:

Кім жүз метрлік арақашықтықты тез жүгіріп өтеді: атасы ма әлде немересі ме?

Адамдар кімнен ақыл сұрайды: әжесінен бе әлде немересінен бе?

Кім тауға тез көтеріледі: атасы ма әлде немересі ме?

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар



Сәбиге, бүлдіршінге және оқушыға не керек?

Мынадай сұрақ қойыңыз: Сәби қалай тамақтанады? Оған не беру керек? Қандай ойыншықтар керек? Содан кейін оқушыларды топқа бөліңіз. Әр топқа бірнеше заттан алуды сұраңыз, мысалы, тамақ­ тандыратын бөтелке, қаламсауыт,­ сылдырмақ, текше және т.б. Алған заттарын­ өмірінің кезеңдеріндегі қажеттілігіне байланысты­ төрт топқа бөліп, таң­ дауының себебін түсіндіруін сұраңыз.

Жауабы:

Сәбилік шақ: тамақтандыратын бөтелке, сыл­ дырмақ ойыншық.

Ерте балалық шақ: текше. Мектепке дейінгі кезең: кітап. Оқушы: портфель.

Бағалау


Оқушылар өмір кезеңдерінің ретін біледі.

Отбасы. Оқушылар кестедегі бағандарға өз­ дерінің отбасы мүшелерін өмір кезеңіне сәйкес орналастырады. Ал кейбіреуі отбасы мүшелерінің атын және жасын ғана жазып қоймай, оларды жасы­ ның өсу ретімен жаза алады.

Оқушылар кезеңдердің жастық ерекшеліктерін біледі (балалық шақ және қарттық шақ).

Атасы мен немересі. Оқушылар бір түспен атасы немесе немересі орындай алатын іс-әрекетті бояйды. Тапсырманы мұқият және қатесіз орындаған оқушыны мақтаңыз.

Жауабы

Немересі: жүгіру, секіру, велосипед тебу, ағашқа өрмелеу.

Атасы: оқу, ертегі айту, жазу, табыс табу, естелік айту.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________




































Сабақ тақырыбы:

Қалай дұрыс тамақтану керек?

Мектеп: №58 жалпы орта мектеп

Күні :


Мұғалімнің есімі: Досқара Алтынай Ертайқызы

СЫНЫП: 1Д-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:адамның өсуі және дамуы үшін керек қажет­ тіліктерді анықтау;


Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсін­ діру;

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

тамақтану пирамидасы салынған плакат;

бос” тамақтану пирамидасы бар парақтар;

оқушылардың алдын ала дайындаған азық-түлік тізімі (бір күн бойы жеген тағамдары). Интернет-ресурстар:

Қазақтың ұлттық тағамы туралы бейнефильм, мысалы, http://www.youtube.com/ watch?v=nZH30H-gq-I.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар:

қандай азық-түліктің денсаулыққа пайдалы еке­ нін және олардан қандай тамақ әзірлеуге бола­ тынын түсінеді;

дұрыс тамақтану ережесімен танысады;

қазақтың ұлттық тағамдарының атауларын біледі.

Сабақтың мақсаты:

1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Тамақтану пирамидасы — дұрыс тамақтану­


дың негізгі қағидаларының сызбалық көрінісі. Ол Гарвард қоғамдық денсаулық мектебінде америка­­ лық диетолог Уолтер Виллеттаның жетекшілігімен құрастырылған.


Пирамиданың төменгі жағында тамаққа жиі қол­ данылатын азық-түліктер, ал төбесінде шектеулі­ мөлшерде қолдануға тиісті азық-түліктер орналас­­ тырылған. Кейіннен Азия, Жерорта теңізі мемле­ кеттері мен ет тағамдарын жемейтіндерге арнап тамақтану пирамидасын жасады.


Шұбаттың құрамында кальций және фосфор микроэлементтері, А, В, С дәрумендері бар. Құра­ мында жоғарыда аталған пайдалы заттары бар құртты жылдап сақтауға болады. Ерекше құрамға ие

қымыз өкпе ауруларын және кейбір асқазан ауру­ ларын емдеуге көмектеседі.



Таңғы асқа балаға жұмыртқа, картоп, макарон, ботқа тағамдарын дайындаған дұрыс. Оған қоса жеміс, көгөністің де пайдаcы зор. Сусыннан — шырын, шай, сүт қосылған какао пайдалы. Бутерброд дайындауға болады, бірақ шұжықтың орнына піскен етті пайдаланыңыз.

Түскі ас бірінші және екінші ыстық тағамнан тұруы қажет.

Ас қабылдау арасындағы үзіліс тым ұзақ болмауы керек, сондықтан бесіндікке жеміс, ірімшік, йогурт, тоқаш жеп, шай, сүт ішуі керек.

Кешкі асқа жұмыртқа, сүзбе, көгөніс, балық тағамдарын, шай, шырын немесе сүт өнімдерін пайдаланған абзал. Қарабидайдан жасалған нанды жеген дұрыс. Ұннан жасалған және тәтті тағам­-дарды (тәтті тоқаш, торт, халуа, шоколад және т.б.) баланың күнделікті мәзіріне қосуға болмайды. Оларды жеуге болады, бірақ сирек пайдаланған дұрыс. Фастфуд — тез дайындалатын және тез тамақтану өнімдері. Әдетте оларды көп мөлшер­ дегі майда және әртүрлі тағам қоспаларын, дәм күшейткіштерін қосып дайындайды. Бұндай тағам­ дардың құрамында трансмайлар көп болады.

Оқушыларға алдын ала ұлттық тағам түрлерін алып келулерін тапсыруға болады: қазақ, орыс, украин және т.б. Санитарлық-гигиеналық талап­ тардың орындалуын қадағалауды ұмытпаңыз.


Кіріспе тапсырма. Оқушылардан олардыңотбасындағы сүйікті тағамдарды естеріне түсіру­ лерін сұраңыз. Сосын мынадай сұрақтар қойыңыз: Отбасылық мерекелер қалай өтеді? Қандай тағамдарды сүйіп жейсіңдер? Кім аналарына ас әзірлеуге көмектеседі? Ол үшін не істейсіңдер? Не үшін тамақтану керек?


Дастарқан. Оқушылардың назарын суреткеаударыңыз. “Тағамдарға назар аудар. Олардың ішінде­ қайсысы саған таныс? Қандай азық-түлік­ терден дайындалған? Тағы қандай қазақтың ұлттық тағамдарын білесің?” — деген сұрақтар қойыңыз. Қазақтың ұлттық тағамдары туралы бейнефильм көрсетіңіз. Олардың әрқайсысына қысқаша тоқта­ лып өтіңіз. Оқушылардың негізгі тағамдардың атау­ ларын білуі маңызды: ет асу, бауырсақ, қазы, шұжық, қымыз.


Алып келген тағамдар арасында жоғарыда атал­ ғандар болса, балаларға ауыз тиюге беріңіз (aлдын ала оқушылардан қандай тағамға аллергиясы бар екендігін, қандай диетаны ұстанатынын анықтау қажет). Оқушыларды топтарға бөліп, “Дастарқан басында” атты қойылымды ойнатуға болады. Егер оқушылар әңгімелесу барысында өз үйлерінде ұста­ натын дәстүрлермен бөліссе, жақсы болар еді.


Қалай дұрыс тамақтану қажет? Төмендегі сұ­рақтарды тақтаға жазып қойыңыз.

  1. Күніне неше рет тамақтану керек?

Мөлшері қандай болу керек?

Қай уақытта тамақтанған дұрыс?

Қай тағамды таңертең, ал қайсысын кешке жеген дұрыс?

Топпен талдап, ой-пікірлерін білдірулерін ұсы­ ныңыз.

Жауабы:

Дастарқанда шұжық, қазы, бауырсақтар, шелпек­ тер, жаңғақтар, жеміс-жидектер.

Күніне төрт рет (немесе бес рет) тамақтану қажет. Мөлшері көп болмауы керек. Үнемі бір мезгілде тамақтанған дұрыс, мысалы: 8.00 — таңғы ас, (11.00 — жеміс-жидек немесе шырын), 13.00 — түскі ас, 16.00 — бесіндік, 19.00 — кешкі ас. Таңғы ас нәрлі болу үшін ботқа және жеміс-жидек жеген дұрыс. Ал кешке жұмыртқа, көгөніс, балықтан жасалған тағамдарды жеген пайдалы.

Пайдалы тағам. Тамақтану пирамидасын көр­ сетіңіз немесе кітаптағы суретке назар аударыңыз. Суретте көрсетілген барлық топтарды және жеке азық-түліктерді атап шығуларын сұраңыз. Олардың қайсыларын көп және жиі қабылдау керектігін ой­ лануларын ұсыныңыз. (Дәнді дақылдар, макарон өнімдері, ботқалар.) Олар пирамиданың қай же­ рінде орналасқан? Жоғарыда не орналасқан? (Май.) Оны жеуге бола ма? (Иә, бірақ көп мөлшерде емес.) Оқушылар пирамидада “күнделікті тағамға пайдалануға қажет азық-түлік топтары көрсетілген” деген қорытындыға келулері тиіс. Пирамиданың төбесіне жақын орналасқан азық-түліктерді аз мөл­ шерде пайдалану керек.

Шеңбердегі азық-түлік. Оқушылар неліктен шеңбердің ішінде бейнеленген азық-түліктерді­ көп мөлшерде қолдануға тыйым салын­ғандығы ту­ ралы ойлансын. Барлық нұсқаларды тыңдап шы­ ғыңыз. Газдалған тәтті сусындармен шөлді басуға болмайтынын, себебі олардың құрамында көп мөл­ шерде қант болатынын айтыңыз. Тез дайындалатын­ азық-түліктердің де зиянды екенін айтып өтіңіз. Олар туралы сабаққа арналған арнайы материал­ дарды қолдана отырып айтып беріңіз.

Дастарқан

Суреттегі барлық тағам түрлерін ата. Сен олар туралы не білесің? Қалай дұрыс тамақтану керек?


Shape10


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Дүниетану. Отбасындағы дәстүрлер.


Оқушылардан басқа ұлттардың тағамдары туралы не білетіндерін сұрап көріңіз. Қазақтың ұлттық тағамдарымен салыстыру жүргізіңіз. (Мы­ салы, өзбектің және қазақтың палауы, бауырсақ пен орыстың домалақ наны және т. б.)

Аспаз болып көр. Оқушылар үш күнге арналған таңғы ас мәзірін құрастырады. Олар таңғы астың бірінші күніне қажет азық-түліктерді — көк түспен, екінші күндікін — жасыл түспен, ал үшінші күндікін — қызыл түспен қоршап сызады.

Бұл тапсырма шығармашылықпен орындалады және оның әртүрлі жауаптары болуы мүмкін. Тағам дайындау үшін оқушының қандай азық-түлік түрле­­ рін таңдағанын бақылаңыз.

Жауабы:

Берілген азық-түліктерден: күріш ботқасын, қара­ құмық ботқасын, сүзбе қосылған нан, уыздық, омлет, жеміс-жидек салаты, сарымай жағылған бутерброд дайындауға болады. Сусын: шырын, сүт, сүт қосылған­ какао. Қант ботқа мен какаоға қосу үшін қажет.

Бағалау



Оқушылар қандай азық-түліктен жасалған та­

ғамдар пайдалы болатынын түсінеді.

Әжеңе көмектес. Оқушылар тек пайдалы азық-түліктерден дайындалған тағамдарды бояйды. Тағамдарды­ дұрыс бояған оқушыларды анықтаңыз. Егер оқушылар неліктен дәл осы тағамды таңдағанын түсіндірсе, жақсы болады. Осы тапсырманы орындай алмаған оқушыларға көмектесіңіз.

Жауабы:

Жеміс, көгөніс, піскен ет, қымыз, шырынды бояу керек.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?


































Сабақ тақырыбы:

Демалыс үшін не қажет?

Демалыс үшін не қажет?

Мектеп: №58 жалпы орта мектебі

Күні :06.12.17ж


Мұғалімнің есімі: Досқара Алтынай Ертайқызы

СЫНЫП: 1Д-сынып

Қатысқандар саны: 25


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар:адамның өсуіне және дамуына керек қажет­ тіліктерді анықтау;



  • Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау.

  • Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

оқушылардың жазғы демалысындағы фотосуре тері;

оқушының бір күнінің негізгі кезеңдері көр­ сетілген суреттер немесе жазуы бар тақтай­­ шалар;

доп;топ санына байланысты балалар доминосы.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар:

ұйқының маңыздылығын түсінеді;

қысқамерзімді үзіліс кезінде, демалыс күндері және каникул уақытында қалай демалу қажеттігін біледі;

Күн тәртібі” түсінігімен танысады және өзінің күн тәртібін құрастыра алады.

Сабақтың мақсаты:

1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Адамдар демалудың маңыздылығын дұрыс ба­ ғаламайды. Балаларды дұрыс демалуға үйрету керек.


Мектептен шыққан соң бірден сабақ оқуға болмайды. Түскі астан кейін шамалы демалу керек, тек содан кейін үй тапсырмасын орындауға кірісуге болады.


Арасында үзіліс болу қажет. Әр жарты сағаттан соң он минуттық үзіліс жасап, іс-әрекетін өзгертіп отыру керек. Мысалы: қозғалу, тіпті ыдыс жуып, еден сыпыруға болады.


Демалыс кезінде баланың барлық уақытын диван­ да немесе компьютер алдында өткізбеуін қадағалау­ керек. Төменгі сынып оқушылары компьютер алдын­ да күніне 30 минуттан артық отыр­мағаны жөн. Оның орнына өз құрдастарымен бірге уақыт өткізіп, кітап оқып, қимылға құрылған ойындар ойнау пайдалы.

Бос уақытты отбасымен бірге өткізген дұрыс. Саябақта, хайуанат бағында серуендеп, ойын-сауық орталықтарына баруға болады. Ұйқының маңызын елемеуге болмайды. Таңертең ерте тұру үшін оқу­ шының сағат 22.00-ден кешікпей ұйықтауын ата-аналары қадағалауы керек. Жалпы, ұйқы 8 сағаттан кем болмауы тиіс. Күн тәртібі — ағзаның қалыпты қызметінің негізі. Ол уақыттың сағат бойынша дұрыс реттелуі: ұйқыдан тұру және түнгі ұйқы, тамақтану, жұмыс істеу және тынығу, дене жаттығуымен шұғыл­ дану, жеке бас гигиенасы және т.б. Күн тәртібін сақтамайтын адамдар өз денсаулығына зиян тигізеді.


Басқа жаққа қоныс аударғанда, жұмыс орнын ауыстырған кезде немесе жұмыс уақытын ауыстыр­ ғанда күн тәртібінде өзгерістер болуы мүмкін.

Алдын ала оқушыларға жазғы демалыс уақы­ тында түскен суреттерін әкелуді тапсырыңыз. Кей­ бір оқушыларға “Менің жазғы демалысым” атты презентация жасауды тапсыруға болады.

Кіріспе тапсырма. Фотосуреттерін немесе жазғы демалысының презентациясын көрсетуін сұраңыз­. “Қай уақытта адам демалу керек? (Көп жұмыс істегенде, шаршағанда.) Демалыс не үшін керек? (Күш жинау үшін.) Адам қалай демалады?” деген сұрақтар қойыңыз. Oқушылар: “Серуендеп, ойын-сауық орталықтарында демалуға болады” деп жауап беруі мүмкін.

Демалу. Оқушыларды топтарға бөліңіз. “Сендер мектептен келдіңдер. Үй жұмысын қалай және қашан орындайсыңдар?” деген сұрақ қойыңыз. Жауабын кішкене қойылым ретінде көрсетуін ұсыныңыз. Мектеп ауласында немесе сыныпта жеткілікті болатындай орын

Демалыс. Суретке назар аударыңыз. Сіз тұра­ тын аймақта қалай демалуға болады: отбасымен барып демалатын тау, орман, өзен немесе көл бар ма? Немесе саябақтар, хайуанат бағы, ойын-сауық орталықтары бар ма? Осыған байланысты оқушыларға демалыс немесе жазғы каникул уақы­ тында отбасымен қалай демалуға болатыны туралы кеңес беріңіз. Отбасымен бірге демалатын өзіндік

отбасылық дәстүрлері бар ма екен? Барлығы бірге қандай ойын ойнайды екен? Сол жайында сұраңыз. Барлық отбасы мүшелерімен бірге үстел үстінде ойналатын ойын ойнауға мүмкіндік болса, тіптен жақсы. Ойнау тәртібін түсіндіріп, оқушыларға топ­ пен домино ойнауға ұсыныс жасауға болады.

Ойлан!

Ұйқысы қанбаған балалар мектепке бара жатыр (сабақта отыр, тақтада жауап беріп тұр және т.б.)” атты пантомима көрсетуін ұсыныңыз. Қысқаша сұрақ-жауап ойнауды ұсынуға болады:

Тапсырманы кім бірінші орындайды — сергек бала ма әлде ұйқысы қанбаған оқушы ма?

Жүз метрлік қашықтықты кім тезірек жүгіріп өтеді?

Кім жаңа тақырыпты тезірек меңгереді?

Оқушылар нешеде түнгі ұйқыға жатуы керек?

Оқушылар кемінде 8 сағат ұйықтау керектігін және сағат 22-ден кеш қалмай ұйқыға жатқан дұрыс екенін білуі керек. Ұйқы кезінде ағзаның жаңа күнге қажетті күш жинайтынын­ түсіндіруіңіз керек.

Жауабы:

Ұйқысы қанбаған оқушы сылбыр, тез шаршағыш, зейіні шашыраңқы болады. Кей жағдайда оқушы­ лар тіпті сабақ үстінде ұйықтап қалады.

Егер баланың ұйқысы үнемi қанбаса, өсуі нашар­ лайды, тәбеті бұзылады.

Күн тәртібі. Оқушылардан кім күн тәртібін сақтайтынын сұраңыз. Бұл сөздің мағынасын қалай түсінетінін нақтылаңыз. “Сабаққа байланысты дерек­ ті материалдарды” қолдана отырып түсіндіріңіз.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Дүниетану. Отбасылық демалыс.


Сен білесің бе?


Оқушылардан қайсысы өздерінің көрген барлық түстерін есінде сақтайтынын сұраңыз. Әдетте ең қызықты түстер ғана есте қалатынын айтыңыз. Көр­ ген түстерінің ең жақсысының суретін салуға ұсыныс жасаңыз.


Оқушыларға алдағы жазғы демалысты елестетіп, қиялдап көруді ұсыныңыз. Олар оны қалай өткізгісі келеді? Осы сабаққа байланысты кейбір оқушылар өз ойын өзгертіп, белсенді отбасылық демалысты елестетуі мүмкін. Бұл тақырып бойынша сурет салуды тапсырыңыз. Сыныпты топтарға бөліп, сөз тіркестерін оқыңыз, ал топ мүшелері оның пайдалы не зиянды екенін айтып, түсіндіреді:

  1. егер бала жаттығу жасаса, …

  2. егер бала суға түсіп, күнге қыздырынса, …

  3. егер ол күн тәртібін орындаса, …

  4. егер ол таза ауамен тыныстамаса, …

  5. егер бала қолын жумаса, …

  6. егер бала уақытында тынықпаса, … .


Бағалау


Оқушылар күн тәртібін сақтаудың маңыздылы­ ғын түсінеді.

24-жұмыс парағы. Күн тәртібі.

Сенің күн тәртібің. Таңертеңгілік және күндізгі уақытқа қандай іс- әрекеттер тән екенін нақтылаңыз. Оқушылар өзінің күн тәртібіне сәйкес суреттерді бояйды. Бос ұяшықтарға суретте бейнеленбеген іс-әрекеттерді салады.

25-жұмыс парағы. Күн тәртібі.

Сен қалай демаласың? Бұл тапсырма алдың­ ғының жалғасы болып келеді.

Оқушылардың іс-әрекеттерді шатастырып ал­ мауын қадағалаңыз, мысалы, таңертең және күндіз­. Қалай демалған жақсы екенін нақтылаңыз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



















Сабақ тақырыбы:

Күш пен қозғалыс

Қозғалыс дегеніміз не?

Мектеп:№58 жалпы орта мектебі

Күні :13.12.17ж


Мұғалімнің есімі: Досқара Алтынай Ертайқызы

СЫНЫП: 1Д-сынып

Қатысқандар саны:25


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:әртүрлі денелердің қозғалысына мысалдар келтіру;


Оқушылардың басым бөлігі:қозғалыстың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын анықтау;

Кейбір оқушылар:жасаған тәжірибесін түсіндіру.

Ресурстар:

ойыншық мәшинелер: жеңіл және жүк мәшине­ лері;

ағаштан жасалған балаларға арналған құрылыс материалдары;

өлшеуіш құралдар;

көлік бейнеленген ашықхат;

белгі беретін (сигналдық) парақшалар (қызыл, сары, көк);

жолақпішінді стикерлер.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар:

қозғалыс дегеніміз дененің бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы екенін біледі. Ол үшін олар ойыншық мәшинелермен тәжірибелер жүргізеді;

мәшинелердің көлемі олардың жүріп өткен қашықтығына қалай байланысты екенін түсінеді.

Сабақтың мақсаты:

1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру;

1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау;

1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Ұзындық — екі нүкте арасындағы қашықтық.


Орналасқан жері — нысан немесе дененіңкеңістіктегі­ орналасқан жері.


Өзгеріс — кез келген қозғалыспен өзара әре­кеттесу және бір күйден екінші күйге ауысу.


Қозғалыс — дененің кеңістікте және уақыт ара­лығында бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыс­ тыруы.


Барлық денелер мен нысандар қозғалады. Адам заттар мен нысандардың бір нүктеден басқа нүктеге орын ауыстырып, қозғалуын көруге қабілетті.


Терезеге қара. Оқушыларға бірнеше минут терезенің арғы жағындағы қозғалыстағы заттарды бақылауды ұсынамын. Таймерді немесе түрлі дыбыстық­ (музыкалық) сигналдарды пайдалану арқылы алдын ала уақытқа шектеу қоямын. Оқу­ шылардан: “Терезенің арғы жағындағы қандай нысандар қозғалды? Олар қалай қозғалды?” — деп сұраймын. Жанды ағзаларға тән белгілерді тізіп шығуын өтінемін. Оқушылар барлық жануарлар, адамдар және өсімдіктер де қозғалатынын, бірақ олардың қозғалысы әртүрлі болатынын түсінулері керек. Олардан “Жансыз заттар қозғала ма?” — деп сұраймын. Оқушылардан бір-бірінің қозғалысын бақылауды өтінемін.


Ажырат. Денелер мен заттар қалай қозғалатынын тағы бір рет нақтылаймын. (Кейбірі өздігінен, ал басқалары — күш түсіру әсерінен.) Адамдар мен жануарлар қалай қозғалады? (Жүгіреді, секіреді, жүреді, бауырымен жорғалайды.) Жансыз денелер қозғалуы үшін не істеу керек? (Итеру немесе тарту керек.) Суреттегі денелердің қайсысы өздігінен қозғала алады? (Негеш пен мысық — жанды ағзалар.) Ойыншық мәшине қалай қозғалады? (Оны итеру керек.) Арба қалай қозғалады? (Итеру немесе тарту керек.) Шана қалай қозғалады? (Тарту керек.) Итеріп жібергенде қозғалатын денелерге мысал келтіруді тапсыруға болады.

Өлше. Зерттеу кезіндегі Ахметтің және оқушылардың мәшинелерінің жүріп өткен қашықтығын салыстыруды өтінемін. Математикалық салыстыру белгілерін пайдаланып, нәтижені жазуды ұсынамын. Кімнің мәшинесі ең ұзақ қашықтыққа жүрді? Неге олай болғанын ойлансын. Олардың болжамдарын тыңдаймын. Жауап алу үшін келесі тапсырманы орындау керек.


Ойлан. Негештің және оқушылардың мәшинелерінің мөлшеріне назар аудартамын. Егер төбешіктен үлкен жүк мәшинесі мен жеңіл мәшинені бір мезетте жіберсе, қайсысы ұзақ қашықтыққа жүретінін сұраймын. Оқушылардың барлық болжам­ дарын тыңдаймын. Шындығында дене неғұрлым ауыр болса, соғұрлым алыс қашықтықты жүріп өтеді. Шатаспас үшін одан әрі нақтылау қажет. Осы тәжірибені практикада тексеру үшін сыныпта жасап көруге болады.


Сен білесің бе?


Ең ұзақ түзу жол туралы айтып беремін. Оқушыларға көздерін жұмып, осындай автострадада мәшинемен келе жатқанын елестетуін тапсырамын. Олардан нені сезгенін сұраймын. Осындай жолда жүру жайлы ма? Оны сипаттап берсін. Осыдан кейін суреттерді көрсетемін, шындығында, осындай жолдар көңілсіз болып саналады, себебі жол жигінде әдемі көрініс те, қалалар да жоқ.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Ұзындықты өлшеу. Тәжірибелікжұмыс кезінде оқушылар ойыншық мәшиненің жүріп өткен қашықтығын белгілейді, салыстырады.


Үш мәшине. Саралап оқыту мақсатында оқушыларға ойыншық мәшинелердің жүріп өткен қа шықтығын өлшеуді ұсынамын. Оқушылар алынған өлшеу нәтижесін салыстырып, қорытынды жасай алады.

Shape11 Shape12 Shape13

Жауабы

Мәшине неғұрлым ауыр болса, соғұрлым ұзағырақ жүріп барып тоқтайды.

Бағалау


Оқушылар көрсетілген тәжірибені түсіндіре алады.

Арақашықтық. Оқушылар зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша сұрақтарға жауап беріп, мәшинемен тәжірибе жасап, тапсырмаларды орын дай алады. Жұмыс барысында тәжірибе кезеңдерін­ нақтылап, мәшиненің жүріп өткен қашықтығын қалай өлшеуге болатынын сұраймын.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да )?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Сабақ тақырыбы:

Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

Мектеп:№58 жалпы орта мектебі

Күні :20.12.17ж


Мұғалімнің есімі:Досқара Алтынай

СЫНЫП: 1Д-сынып

Қатысқандар саны: 25


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:әртүрлі қозғалыс траекторияларын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету;


Оқушылардың басым бөлігі:табиғаттағы және адам өміріндегі қозғалыстың маңызын анықтау;

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. жайпақ төртбұрышты пластмасса немесе темір табақша;



  1. топтардың санына байланысты ойыншық мәшинелер,­ металл шарлар;



құм салынған ыдыс. Интернет-ресурстар:

  1. әртүрлі көлік құралдарының қозғалысы туралы бейнежазба,

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. траекторияның не екенін біледі. Ол үшін әр­-түрлі нысандардың қозғалыс траекториясын көрнекі етіп көрсететін тәжірибе жасайды;

  3. түзу сызықты және қисық сызықты қозғалыс траекториясын­ ажыратады. Сондықтан траек­ тория түрін анықтауға арналған жаттығуларды орындайды. Сонымен қатар шарт бойынша көлік құралының траекториясын сызады.

Сабақтың мақсаты:

1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру;

1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау;

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Дененің траекториясы — дененің кеңістікте


қозғалыста болған кезінде жүріп өткен бірнеше нүктелерін қосатын сызық.


Көлік құралы — адамдарды немесе жүктерді тасуға­ (тасымалдауға) арналған және осы мақсатта пайдаланылатын құрылғы.


Жол — бұл қозғалыстағы дене траектория­сыныңұзындығы.


Дене түзу немесе қисық сызықты траектория бойымен қозғалады. Бір дене әртүрлі траекториямен қозғала алады.



Траекторияның өзгеруі

Суреттегі Бауырсақтың қозға­ лыс траекториясына назар аудар. Оның траекториясы неге өзгере ді? Түзу­ сызық бойымен қозғалуға­ не бөгет болуы мүмкін? Үнемі түзу сызық бойымен қозға­луға­ бола ма? Неліктен?


Кіріспе тапсырма. Оқушыларға жолда жүру ережесін естеріне түсіруді ұсынамын. Көлік құралдары қозғалысының әртүрлі бағытына назар аудартамын. Түрлі көлік құралдарының қалай қозғалатыны туралы бейнежазбаны көрсетуге болады. Терезеден сыртқа қарауды, сыртқа шығуды өтінемін. Көлік қалай қозғалады? Адамдар қалай қозғалады? — деп сұраймын. Қозғалыстың ізі. Суреттерге назар аударыңдар. Оның қайсысында қозғалыстың ізі көрінеді? (Біріншісінде, ұшақтан.) Тағы қай көліктің қандай жолмен жүргенін көруге болады? (Суда.) Жолдағы мәшиненің ізін көруге бола ма? (Тек жаңбырлы күні, соқпақ жолда.) Ізіне қарап нені білуге болады? (Көліктің қалай жүргенін.) Кез келген нысан жай көзге көріне ме, жоқ па, соған қарамастан белгілі бір сызық бойымен қозғалатыны жайлы айтамын. Бұл сызық траектория деп аталады.

Дененің қозғалысы. “Мәшине қандай сызық бойымен қозғалады? Ал ұшақ ше?” — деп сұраймын. Оқушылар дене түзу сызық немесе қисық сызық бойымен қозғала алатыны туралы түсінуі керек. Ойыншық мәшиненің көмегімен бұрылыстарда және түзу күрежолдарда қалай жүруге болатынын көрсетемін. “Осы екі жағдайда қозғалыс траекториясы қалай бейнеленеді?” — деп сұраймын. (Түзу және қисық сызықтар арқылы.)

Зерттейік. Әрбір бала тәжірибеге қатыса алатындай етіп, 3 адамнан тұратын шағын топтар ұйымдастырамын.

Әр топқа құм салынған ыдыс, табақша (поднос), ойыншық мәшине және металл шарлар таратып беремін.

Нұсқау

Жайпақ табақшаға құм себіңіздер.

Еңістеу келген төбешік пайда болу үшін бір жақ шетіне кітаптарды немесе ағаштарды қойып, табақты сәл қисайта орналастырамын. “Төбешікке” ойыншық мәшинені қойып, итеріп жіберсін.

Құмда ойыншықтың ізінен қалған сызықты салсын.

Төбешікке” металл шарды орналастырсын.

Шардың ізінен қалған сызықты салсын.

Тәжірибені бірнеше рет қайталау қажет.

Сызықтарды салыстырып, айырмашылықтарын көрсету керек.


Оқушылар топта тәжірибе нәтижесін салыстыра отырып, мәшине, көбінесе түзу траекториямен, ал шар әртүрлі траекториямен қозғалатынын байқайды.

Жұмыс барысында оқушылар бақылау мен са­ лыстырулардың жазбаларын жүргізу қабілеттерін дамытады. Жұмыс барысын бақылаймын, бақылау нәтиже рәсімдеуге көмектесемін

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Ұзындықты өлшеу. Тәжірибелік жұмыс кезінде оқушылар ойыншық мәшиненің жүріп өткен қашықтығын белгілейді, салыстырады.

Траекторияны таңда. Оқушылар әртүрлі көлік құралдарының: ұшақтың, катердің және мәшиненің қозғалыс траекториясын анықтайды.

Тапсырманы күрделендіру және оқушылардың әртүрлі көлік құралдары туралы білімдерін бекіту мақсатында суда қозғалатын көлік құралының суретін бояуды өтінемін.

Жауабы:

Түзу жол — қозғалыс траекториясы.

Доға тәріздес қисық сызық — толқындар үстімен қозғалатын катердің траекториясы.

Бұрыш жасай жоғары бағытталған сызық — ұшақтың­ ұшу траекториясы.

Бағалау



Оқушылар көрсетілген тәжірибені түсіндіре алады.


Арақашықтық. Оқушылар зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша сұрақтарға жауап беріп, мәшинемен тәжірибе жасап, тапсырмаларды орындай алады. Жұмыс барысында тәжірибе кезеңдерін­ нақтылаймын, мәшиненің жүріп өткен қашықтығын қалай өлшеуге болатынын сұраймын.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?







































Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Біз қалай қозғаламыз?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:әртүрлі заттардың қозғалысына мысалдар келтіру;


Оқушылардың басым бөлігі:табиғаттағы және адам өміріндегі қозғалыстың маңызын анықтау.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. қозғалысқа келтіруге болатын заттар: балалар арбасы, қоларба, бауы бар мәшине;

  2. кез келген радиомен басқарылатын модель;

  3. бесiк (немесе бесіктің суреті);

  4. асықтар (егер жоқ болса, онда балалардың спорттық кеглі).

  5. Интернет-ресурстар:

  6. Бесiкке салу” рәсімінің бейнежазбасы, мысалы, http://www.youtube.com/watch?v=Ql_r2prvu7o

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. адам дене мүшелерінің арқасында қозғала ала­ тынын біледі;

  3. басқа денелердің әсерінен заттардың қозғалуын түсіндіре біледі және тәжірибе барысында көр­ сете алады;

  4. өзінің қозғалысы мен жануарлардың қозғалысын бақылайды және салыстырады.

Сабақтың мақсаты:

1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау;

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Адамның қозғалысы дене мүшелерінің қимыл-қозғалысына, яғни бүгілуге, жазылуға және айналуға негізделген. Дене мүшелерінің ішінде ең көп қоз­ ғалатыны — аяқ пен қол, сонымен қатар дене мен бас та қозғалыста болады. Адамның денесі жүру, жүгіру, секіру сияқты әртүрлі қимыл-қозғалыстар жасай алады. Осы қозғалыстың әсерінен адам әртүрлі зат­ тарды қозғалысқа келтіре алады.


Пультпен (радио­мен)­ басқарылатын ойын­ шықтар. Әдетте мұндай ойыншықтар­ қайықтар­-


дың, мәшинелердің, ұшақтардың модельдеріне сәй­ кес жасалады.


ХІХ ғасырдың соңында (1898 жыл) Нью-Йоркте электр энергиясын қолдану салаларындағы жетіс­-тіктер бойынша жыл сайын өтетін көрме ұйымдас­ тырылды. Көрме орталығында айлағы бар үлкен бассейн болды. Оған желкенсіз үш діңгегі бар

кішкентай кемені байлап қойды. Ол көмір салу арқылы жұмыс істейтін ескі үтікке ұқсайтын еді, тек тұтқасы жоқ, бірақ алды мен арт жағында шамы бар. Бұл ең алғашқы радиомен басқарылатын кеме моделі болатын. Оны ұлы өнертапқыш Никола Тесла ойлап тапты.


Қазақ бесігі көшпелі тұрмыс үшін ыңғайлы. Оныталдан, ал екі жағын қайыңның қабығынан жасайды. Ата-бабаларымыз дәстүрді сақтап, осы күнге дейін бесікті атадан балаға мұра етіп қалдырып келеді. Көбіне ұлына әкесі жатқан бесік бұйырады.


Нәресте туғаннан кейін “бесікке салу” рәсімін өткізеді. Бесікке салу рәсімі жолы үлкен, өнегелі, көпбалалы әже-апаларымызға тапсырылады.

Кіріспе тапсырма. Сабақты ойыннан бастаңыз.Оқушылар музыка әуеніне ілесіп, белгілі бір қимыл-қозғалыстарды (бастарын, мойындарын, иықтарын айналдыру, қолдарын алға-артқа қозғау, бір орында жүгіру) жасаулары тиіс. Жаттығу аяқталған соң оқушылардан қандай қимыл-қозғалыс жасағандарын сұраңыз.


Спортзалда. Суреттегі балалар қандай жат­тығулар жасап жатқанын сұраңыз. Осы жаттығу­ лардың әрқайсысын жасағанда қай дене мүшелері қозғалады?

Біз заттарды қалай қозғаймыз? Суретке на­зар аудартыңыз. Алдымен балалар не істеп жүр деп сұраңыз. Ойыншықтар өз бетімен қозғалады ма?


Сурет бойынша сөйлем құрауды сұраңыз. Тап­ сырманы күрделендіру мақсатында кейбір оқушы­ ларға суреттерге қарап әңгіме құрауды ұсыныңыз.


Осыдан кейін оқушылардың назарын қалған екі суретке аудартыңыз. Кімдер бейнеленген? (Балалардың аналары.) Олар қандай заттарды қоз­ ғалтты? (Арба мен бесік.) “Бесікті кім біледі? Ол не үшін керек?” — деп сұраңыз. Бесік болса көрсетіңіз. Болмаса, “бесікке салу” салт-дәстүрі туралы түсінік беріп, бейнефильм көрсетуге болады. Бесікті қалай тербетеді? Оқушылар “әсер ету” сөзінің мағынасын түсінетініне көз жеткізіңіз. Жақсы түсінуі үшін сол сөздің синонимін мысал ретінде келтіріңіз: ықпал ету, қол тигізу арқылы қозғалысқа келтіру.

Зерттейік. Бұл жұмысты алаңда өткізуге болады.“Денелерді қасына жақындамай қалай қозғауға болады?” — деп сұраңыз. Топта асық ойнауды (немесе кеглді шарлармен құлатуды) ұсыныңыз. “Оқушылар асықты (кеглді) қалай қозғады?” — деп сұраңыз. Оларды жанасты ма әлде қашықтықтан басқарды ма? (Жоқ, оларды басқа асықпен (шармен) қозғады.)


Пульттің көмегімен ойыншықтарды басқарғанда, модельдерді қозғағанда олармен жанасады ма әлде қашықтықтан басқарады ма?


Оқушылар ойыншықты пульттің көмегімен қа­ шықтықтан­ басқаруға немесе басқа заттар арқылы қозғауға болатынын қорытындылауы қажет.

Сен білесің бе?


Пульт арқылы қозғалатын алғашқы кеменің суре­ тін көрсетіңіз, қазіргі заманғы модельдермен салыс­ тыруды сұраңыз.


Жануарлардың қозғалысы. Жануарлар даадам сияқты қозғалады. Алайда қимылдарында біраз айырмашылықтар бар: адам секіреді, жүгіреді, жүреді, жорғалайды, ал жануарлардың кейбіреуі осылардың біреуін ғана жасай алады. Оқушыларды оқулықтағы тапсырманың суреттеріне қаратып, мынадай сұрақтарды қойыңыз: “Бейнеленіп тұрған жануарлар қандай қимыл-қозғалыс жасап тұр? Адам осындай қимыл-қозғалыс жасай ала ма?”. Осы қимыл- қозғалысты жасауларын сұраңыз. Оқытылып жатқан тақырыпқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында ойын ұйымдастыруға болады. Мұғалім жануарды (жолбарыс, жылан, маймыл, бақа және т.б.) атайды, ал оқушылар осы жануарға тән қимыл-қозғалысты жасайды.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Дене шынықтыру. Жаттығулар жасау. Дүниетану. Таңертеңгілік жаттығудың пайдасы.



Ойлан!

Мынадай сұрақтар қойыңыз: Егер адамдар қоз­ ғалмаса не болар еді? Жаттығулардың пайдасы неде? Күнделікті өмірде жаяу жүрудің немесе жү­ гірудің қандай пайдасы бар? Қозғалыстың аздығы денсаулыққа­ қалай әсер етеді?


Жануарлар не үшін қозғалады? (Тіршілік ету үшін: қорегін табу, тірі қалу.)

Кейбір оқушылар адамның қозғалысын зерттеу бойынша қосымша тапсырмалар орындай алады.


Оларға бір орында тұрып алға секіруді және секірген жердің ұзындығын өлшеуді тапсырыңыз. Оқушылар бірнеше рет секірсін. Алайда әр секірген сайын әртүрлі дәрежеде күш жұмсап секірулерін ұсыныңыз. Осыдан кейін секіру қашықтығының итерілу күшіне байланысы бар-жоғын сұраңыз.


Бағалау


  1. Оқушылар адам жасайтын қимыл-қозғалыстарды біледі және оларды орындай алады.


Адам қозғалыстары бейнеленген үлестірмелі парақшаларды кезекпен көрсетіңіз. Оқушылар бейнеленген қозғалысты жасасын.


Адам қалай қозғалады? Оқушылар қозғалыстысалыстыруға шолу жасауы керек. Қозғалыстың қай жерде итерілу, қай жерде тартылу арқылы болаты­ нын тағы да айта кеткен маңызды. Мұғалім мынадай сұрақтар қояды: “Қай жаттығулар итерілуді қажет етеді? Балалар қай жерде тартылып тұр?” Бәрінің пікірін тыңдаңыз. Әр оқушыдан әртүрлі суреттер бойынша сұрауға болады. Өтілген тақырыпты дұрыс түсінбеген оқушыларды анықтау қажет немесе тапсырмалардың қатесіз, тез орындалып жатқанына көз жеткізіңіз.


  1. Оқушылар әртүрлі жануарлар жасайтын қимыл­ дарды біледі.


Жануарлар қалай қозғалады? Берілген сөз­дерді оқып беріңіз. Қай жануарлардың осы қозға­ лыстарды жасай алатынын сұрап, олардың суретін салуды ұсыныңыз. Кейбір оқушыларға бейнеленген­ жануарлар туралы, олардың қалай қозғалатыны жайлы айтып беруге де болады.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________











Сабақ тақырыбы:

Жер және ғарыш

Ғарыш дегеніміз не?

Мектеп: №58 жалпы орта мектебі

Күні :10.01.2018ж


Мұғалімнің есімі:Досқара Алтынай Ертайқызы

СЫНЫП: 1Д-сынып

Қатысқандар саны: 25


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар:астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;



  • Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсіну.


  • Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

жұлдызды аспанның картасы;

ең танымал шоқжұлдыздардың суреттері. Интернет-ресурстар:

астрономия тарихы туралы бейнефильм, мысалы, https://www.youtube.com/watch?v=X-0Lzezbwmc;

астрономияның нені зерттейтіні туралы таным дық мультфильм, мысалы, https://www.youtube. com/watch?v=GI0OEuDqrE8&index=1&list=PLlnx ylws3Ecdcw9Tw13eBOnLzwN3nRMLX.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар:

ғарыш ұғымымен танысады. Астрономияның аспан денелерін және оларда жүретін барлық үдерістерді зерттейтін ғылым екенін түсінеді;

шоқжұлдыздар терминімен танысады және оның мағынасын түсінетін болады. Ол үшін түрлі аңыздарды оқиды, өз беттерінше шоқжұлдыздар туралы жоба дайындайды.

Сабақтың мақсаты:

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Астрономия — жер бетіндегі ең ежелгі ғылым. Ол ғаламды, аспан денелерін, олардың қозғалыстарын, пайда болуы мен дамуын зерттейді.


Ерте заманда адамдар жұлдызды аспанды бақылаған,­ олар күн мен түннің және жыл мезгіл­ дерінің, Ай фазаларының ауысуын байқаған. Ежелгі мысырлықтар аспанда жарық жұлдыз Сириус пайда болғаннан кейін төртінші-бесінші күні Ніл өзенінің арнасынан асатынын білген. Ежелгі диқандар Күн көкжиектен неғұрлым биік көтерілсе, соғұрлым жылы болатынын, яғни жақын арада көктем келетінін анықтаған. Бақылау нәтижесінде алғашқы күн­ тізбелер­ жасалған. Күн және Ай күнтізбелері әр халықта әртүрлі болған. Олар әлі күнге дейін қазіргі

ғалымдарды зерттеулеріндегі дәлдігімен таңғалдырып келеді.


Ғалам — уақытпен және кеңістікпен шектелмеген алуан түрлі әлем. Ол — адамның санасынан тыс тіршілік ететін әлем. Ғалам өте көп аспан денелерінен тұрады, олардың көпшілігінің мөлшері Жерден бірнеше миллион есе үлкен.


Шоқжұлдыздар шоғырланып түрлі мүсіндерді түзетін жұлдыздардың тобы. Олардың көпшілігінің атаулары грек аңыздарынан шыққан. Птолемейдің “Альмагестінде” аспан мен шоқжұлдыздар жан-жақты сипатталған. Бұл классикалық сипаттама. Жылдар­ өте келе кейбірі ұмытылып, жаңадан пайда болды, бос орындар толтырылды. 1930 жылы қазіргі шоқжұлдыздардың тізімі жасалып, шекарасы бекітілді.


Кіріспе тапсырма. Ғарышқа саяхат. Оқушы лардан ғарышты қалай елестететіндерін сұраймын. Суретке назар аудартамын.

Анықтаймын:

Сендердің елестеткендерің шындықпен сәйкес келді ме?

Ғарышта не бар? (Ғарыш — бұл шексіз кеңістік, онда сан алуан ғарыш денелері бар.)

Ерте заманда адамдар аспанда көрінетін жұлдыздарды аспан күмбезіне қағылып тұрған шегелер деп есептеген.

Ежелгі астрономия. Оқушыларды шағын топтарға бөлемін. Олардың назарын суретке аударамын. “Ежелгі адамдар астрономиямен не үшін айналысты, олар нені байқаулары мүмкін еді?” дегенге болжам жасап көруді тапсырамын. Талқылаудан кейін барлығын тыңдаймын, барлық жауап нұсқаларын тақтаға жазып қоямын. Егер қиындық туындаса, оларға ерте заманда адамдардың немен айналысқанын, қандай құралдарды қолданғанын еске түсіруді сұраймын. Оқушылар сол кездегі адамдардың негізгі іс-әрекеті диқаншылық, аңшылық және балық аулау болғанын түсінуге мүмкіндік алады. Көптеген халықтар, сонымен қатар қазақтар да көшпенді өмір сүрді. Сондықтан олар жұлдыздардың қозғалысын бағдарлап, жыл маусымдарының ауысуын болжаған. Себебі оларға қай уақытта егін егіп, қай уақытта жинап алу керектігін анықтау қажет болды. Сонымен қатар кейбір елдерде өзендердің арнасынан шығу кезеңдерін білу маңызды рөл атқарды. Оны алғашқы күнтізбелерден байқауға болады.

Сабақ барысында қазақтардың көшпенді өмірі бейнеленген суретке назар аудартамын. “Адамдар не үшін көшпенді өмір салтын ұстанды?” — деп сұраймын. (Жайылымдық жерді ауыстыру үшін және жыл мезгілінің өзгеруімен байланысты көшпенділік салтын ұстанды.)

Бақылау. Тапсырманы орындай отырып, оқушыларға сұрақтар қоямын:

Аспанда не көрінеді? (Ай, Күн, жұлдыздар.)

Жұлдыздардың барлығы бірдей болып көріне ме? (Жарық жұлдыздар, сонымен қатар күңгірттері де бар.)

Жұлдызды аспанның суретін көрсетіп, кейбір жұлдыздардың бір-біріне жақын орналасқанына ерекше назар аударуға болады. Осындай жұлдыздар тобы шоқжұлдыз деп аталатыны туралы айтып беремін. Қазіргі адамдар олардың барлығын ерте заманда көрінгендей көре алмайды. Жұлдыздардың бір бөлігі жоғалып, күңгірттеніп кетті. Оқушылардың қай шоқжұлдыздарды білетінін анықтаймын.

Зерттейік. Оқушыларды топтарға бөлемін. Топ тарда қабілеті жағынан деңгейлері әртүрлі оқушылар болғаны дұрыс. Топтық жұмыс жасау үшін түрлі түсті қағаз, картон, А4 форматты ақ парақ, желім, түрлі түсті қарындаштар, шоқжұлдыздар туралы аңыз кітаптар қажет болады.

Таңдап алынған шоқжұлдыздар туралы аңыз дардан үзінді оқып беремін. Бұл шағын мәтіндер болуы керек. Тапсырмаларды күрделендіру­ мақсатында оқи алатын оқушыларға оны өз бетінше орындауды ұсынамын.

Оқушыларға тауып алған ақпараттарын тірек сөздердің көмегімен жазып алуды тапсырамын. Топ мүшелерінің міндеттерді бөліп алуын ұйымдастырамын: олардың жартысы шоқжұлдыздардың­ суреттерін­ салады, келесі бөлігі шоқжұлдыздарды­ бірнеше сөзбен сипаттай алады, қалған оқушылар кітаптың мұқабасын әзірлей алады. Тапсырманы орындап болған соң, әр топ өз жұмыстарын сыныптың талқылауына ұсына алады.

Зерттеу барысында сұраймын:

Не себепті осы шоқжұлдыз таңдап алынды?

Ол несімен қызықты?

Шоқжұлдыздарды ажырату не үшін қажет болды? “Астрономия” сөзінің аудармасы жайлы айтып беремін. Оқушылардан: “Жұлдыздар қандай заңдылықтарға бағынады?” — деп сұраймын. Әңгіме барысында оқушылар жұлдыздардың белгілі тәртіппен орналасатыны, аспан денелерінің қозғалысы соған байланысты болатыны туралы айтып бере алады.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Дүниетану. Ерте замандағы адамдардың өмір салты. Көшпенділер.



Шоқжұлдызды құрастыр. Оқушылар “ғаламшар” сөзінің әріптерін тауып алып, жұлдыздарды ретімен жалғастыра алады. Тапсырманы­ орындау­ нәтижесінде оқушыларда Жетіқарақшы шоқжұлдызының бейнесі (ожау) пайда болады.


Бағалау



  1. Оқушылар ғарыштың не екенін түсінеді.


Ғарышқа саяхат. Оқушылардан өздерін ойшағарыштамыз­ деп елестетуді өтінемін. “Айналадан не көріп тұрсыңдар?” — деп сұраймын. Тапсырманы орындай отырып, оқушылар өздерінің ғарыш туралы қиялдарының суретін салып бере алады. Оқу­ шылардың тақырыпты қаншалықты жақсы меңгергенін білу үшін: “Айналада ауа бар ма? Шарлар ұша ала ма?” — деп сұраймын.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеремін)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеремін)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?





















Сабақ тақырыбы:

Адамдар ғарышты қалай зерттеді?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;


Оқушылардың басым бөлігі:ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшатын аппараттарды суреттеу;

Кейбір оқушылар:қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу.

Ресурстар:

  1. күнтізбелердің әртүрлі нұсқалары: қабырғаға ілетін, үстелге қоятын, аудармалы және т.б. ал-ғашқы күнтізбелердің суреттері.

  2. Интернет-ресурстар:

  3. Ай мен жұлдыздар бойынша қалай бағдарлауға болатыны туралы бейнефильм, мысалы, https:// www.youtube.com/watch?v=QNF68MokbFE.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. ерте заманнан бері ғаламды зерттеудің негізгі әдісі бақылау болғанын біледі. Олар астрономияның өте ұзақ қашықтықта орналасқан аспан денелерін зерттейтіндігін түсінеді;

  3. ерте заманда аспан денелерін бақылау арқылы қандай маңызды жаңалықтар ашылғанын түсінеді. Бұл үшін олар аспаннан жай көзбен нені көруге болатынын және осы білімдерінің көмегімен қан­ дай жаңалық ашуға болатынын анықтайды.

Сабақтың мақсаты:

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;

1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Адамдар әрдайым жұлдызды аспанның құпия­ сын ұғуға тырысқан. Олар бақылау барысында жұл-дыздардың өзара орналасу қалпын өзгертпейтінін және шоқжұлдыз құрайтынын байқаған. Шоқжұл­ дыздардың көмегімен адамдар кеңістікте бағдар­ лауды үйренген. Бірақ аспан жұлдыздардың су­ реті салынған шар сияқты Жерді айналып жүреді деп есептеген. Айды бақылағанда, ол туу әрі толу нүктелерін және өзінің пішінін өзгертіп отыра­ тындығын анықтаған. Ай күнтізбелері мен гномон аспанды игерудің алғашқы жаңалықтары болыптабылады. Гномон — Күннің биіктігін көлеңке арқылы анықтайтын,­ күнсағаттың негізі болып табылатын құрал. Кейіннен Күн күнтізбелері құрастырылған­. Оларда күн мен түннің теңелуі және Күннің тоқырау аралығы­ жыл болып есептелген. Әрине, қайсысы бірінші, қайсысы екінші болғанын нақты ешкім айта алмайды. Бірақ Ай күнтізбесі — Ай фазаларының ауысуын бақылағаннан кейін, Күн күнтізбесі гномон­ ның ашылуынан­ кейін пайда болды деген болжамның ықтималдығы жоғары.


Кіріспе тапсырма. Оқушыларға өздерін ертезамандағы адамдардың орнында елестетуін тап­ сырыңыз­. Сабақты былай бастаңыз: “Өздеріңді кең далада, түн мезгілінде жүрміз деп елестетіңдер. Айналада қазіргі замандағы биік үйлер жоқ. Барлық жерде ұшы-қиыры жоқ кеңістік. Алыста жануарлар жайылып жүр. Аспанға қараңдар. Сендер не көре аласыңдар?”


Оқушылардың жауаптарын тыңдап, талқылаңыз­­ дар.


Осы ойынды сабақ көлемінде жүргізуге болады.


Алғашқы жаңалықтар. Алғаш қандай астро­номиялық жаңалықтар ашылғанын ойланып көрсін. Ол үшін аспанға тағы бір рет “көз тігу керек”. Ең бірінші нені көруге болады? Барлық мүмкін болатын жауаптарды тыңдаңыз. Жұлдыздар бойынша қалай бағдарлауға болатыны жайлы бейнефильмнің бас жағын дауыссыз көрсетуге болады. “Не көрінеді?“ — деп сұраңыз. Оқушылар “адамдар ең алдымен жұлдыздарды көріп, олардан шоқжұлдыздарды құрастырды” деген қорытынды жасаулары керек. Ол не үшін қажет еді? — деп нақтылаңыз. Ай мен жұлдыздар бойынша қалай бағдарлауға болатыны жайлы бейнефильм көрсетуге болады. Сабаққа байланысты деректі материалды пайдаланып, ерте замандағы адамдардың аспанның және аспан шырақтарының­ Жерді айналып қозғалатынын қалай көз алдарына елестеткендігі туралы айтып беріңіз.


Кейінгі жаңалықтар. Оқушыларға әлі деерте замандағы адамдардың рөлінде бола тұруды тапсырыңыз. Оларға тіршілік ету үшін не қажет болғанын ойланып көрсін. Ерте замандағы адамдар­ дың, негізінен, диқаншылықпен және мал шаруашы­­ лығымен­ айналысқанын естеріне салыңыз. Ол үшін нелер қажет болғаны туралы оқушылар­дан­ сұраңыз. Оқушылар жылдың жазғы мезгілінде жаңбыр жау­ ғанда нені білу қажет болғанын айтып бере алады. Аспан денелерін бақылау жаңбыр жауатынын анық­ тауға көмектесе­ алатынын сұраңыз. Шағын сұрақ-жауап сайысын ұйымдастыруға болады. Нәтиже­сінде­ оқушылар “адамзаттың­ кейінгі ашқан жаңалығы­ күнсағат пен Ай күнтізбесі болды” деген қорытынды­ жасай алады.


Күнтізбе. Әртүрлі күнтізбелер нұсқасын көр­сетіңіз. Оларды топтарға таратып беруге болады. Оқушыларға қазіргі күнтізбелердің көбінде мейрам күндері, Күннің тұтылуы, шығуы мен батуы жазылып тұрғанын көрсетіңіз. “Ерте замандағы адамдарға

күнтізбе не үшін қажет болды?” деген сұраққа қайтып оралыңыз. (Тіршіліктеріндегі маңызды оқиғалар: егін егу, өнімін жинау, жыл сайын болатын өзендердің арнасынан шығу уақытына дайын болу үшін.) Ерте кездегі күнтізбелер қазіргілерге ұқсас болуы мүмкін бе? — деп сұраңыз. Ерте кездегі күнтізбелер суретін көрсетіңіз, оларды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауды тапсырыңыз. (Ал­ ғашқы күнтізбелердің ортасында Күн және Ай бейнеленген,­ ал айлар айнала орналасқан. Барлық күнтізбелерде­ күндер мен айлар белгіленген. Әр айдың белгісі мен атауы болған.)


Shape14

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар





Дүниетану. Оқиғалар мен нысандарды хроно­логиялық тұрғыдан жүйелеу.


Ғарышты зерттеу


Бұл тапсырманы орындаған кезде мынадай сұ­ рақтар қойыңыз:


Біз әдетте қандай да бір белгісіз, бұрын көрмеген затты қалай зерттейміз? (Ұстап көреміз, мұқият қараймыз, дәмін көреміз, иіскейміз, тыңдаймыз т.б.)


Адам аспан денелерін қалай зерттейді? (Оларды бақылайды.)


Неге? (Олар өте алыс; жақыннан олар үлкен; олардың барлығына жақындауға болмайды, мысалы, Күн — қатты қызып тұрған шар.)


Зерттейік. Оқушыларды шамамен әр топта алты-сегіз адам болатындай етіп бөліңіз. Топтарға бөлген кезде оқушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескеру керек. Тапсырманы орындау үшін: А4 фор­ матты парақтар (басқалардан баяу жұмыс жасайтын оқушылар үшін астрономиялық жаңалықтар жазылған парақтарды алдын ала дайындап қойыңыз), бояулар, түрлі түсті қарындаштар қажет болады.


Оқушылар ерте кезде ашылған астрономиялық­ жаңалықтарды парақтарға жаза алады. Бір парақ — бір жазба. Әр жаңалықтың суретін салып көрсетуге болады. Одан кейін оқушылар жаңалықтарды (па­ рақтарды)­ хронологиялық ретпен орналастырады. Нөмірлейді.

Топта оқушылар әр жаңалықты пантомима не­ месе рөлдік қойылым түрінде ұсынуға болатынын ойластырады.

Әр топ өз нұсқасын көрсетеді.


Оқушылар астрономиялық жаңалықтардың адамдардың­ өмірін жақсарту үшін жасалғанын түсі­ нетін болады. Сонымен қатар оқушылар осы тап­ сырманы­ орындау барысында өздерінің бақыла­ ғандарының­ нәтижесін ұсына алу дағдыларын жетілдіреді­ (ауызша, сурет, пантомима түрінде).

Бағалау


Астрономияда мәлімет алудың ең негізгі әдісі — бақылау екенін біледі, оның көмегімен қандай жаңалықтар ашылғанын түсінеді.

Алғашқы жаңалықтар. Оқушылар алғашқы астрономиялық жаңалықтар бейнеленген сурет­ терді таңбалап, белгілі ретпен нөмірлей алады. Жұмыс кезінде не себепті осындай рет сақталғанын нақтылап,­ олардың дәлелдерін тыңдаңыз.

Ықтимал жауаптар

Суреттерді орналастыру тәртібі бойынша: 4. Шоқжұлдыздар.

2. Күн мен түннің ауысуы.

1. Күннің көзге көрінетін тәуліктік жолы.

5. Күнсағаттар.

3. Күн күнтізбесі.

Нақты хронологиялық реттілікті анықтау қиын болғандықтан,­ келесі нұсқаларды қабылдауға бо­ лады: 2—4—1—5—3; 4—2—1—5—3. Маңыздысы,­ Күн күнтізбесінің соңғы болуы. Гномон (күнсағат) тек Күннің көзге көрінетін тәуліктік жолынан кейін болуы, ал Күн күнтізбесі бірінші болуы мүмкін емес.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
























Сабақ тақырыбы:

Қазір ғарышты қалай зерттейді?

Мектеп: №58 жалпы орта мектеп

Күні:24.01.2018ж


Мұғалімнің есімі:Досқара Алтынай Ертайқызы

СЫНЫП: 1 Д-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:кейбір ғарыш денелерін сипаттау;


Оқушылардың басым бөлігі:ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшу аппараттарын сипаттау;

Кейбір оқушылар:қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу.

Ресурстар:

ұшу аппараттарының әртүрлі суреттері;

телескоптардың суреттері. Интернет-ресурстар:

телескопты қалай жасауға болатыны туралы бейнежазба, мысалы, https://www.youtube.com/ watch?v=k6vs_sjzGFY;

Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыранның ұшуы, мысалы, http://masik.tv/zapusk-kosmicheskoy-raketyi/.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Олар құрылғылар мен ұшу аппараттарының не үшін қолданылатынын түсінеді;

  2. расытханалардың қалай жұмыс істейтінін, қазіргі телескоптардың алғашқы телескоптардан айыр­ машылығын түсінеді.

Сабақтың мақсаты:

1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;

1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Ғарыш — бұл Жерді қоршап тұрған кеңістік. Оны зерттеу үшін телескоптар мен басқа да күрделі оптикалық құрылғылар қажет.


Жердің жасанды серіктерінің көмегімен метео­ рологиялық­ ақпараттар алынады, Күннің құбылыс­­­ тарын бақылайды, ормандардағы өрттерді анық­ тайды. Ғарыш аппараттары Айда, Шолпанда, Марста болған.


Қазіргі уақытта әлемде ғарыш аппараттарын ұшыратын­ ғарыш айлақтары көп емес. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әлемге әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағы да бар.


Расытхана (обсерватория) — астрономиялық құбылыстарды бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізетін арнайы мамандандырылған мекеме. Ағылшынның­ “бақылау”­ сөзінен шыққан.


Асы-Түрген расытханасы — климатты бақылауға арналған Қазақстандағы ең қолайлы бірден-бір ра­ сытхана.


Тянь-Шань астрономиялық расытханасы Үлкен Алматы көлінің маңайында орналасқан.


Каменское плато” расытханасы Алматыдағы В. Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтқа қарайды.


Ойлан


Жүзіп келе жатқан кемені кім бірінші көре алады: теңіз жағасында тұрғанадам ба әлде биік ағашта отырған адам ба?


Кіріспе тапсырма. Блиц-турнир. Оқушылардытоптарға бөліп, оқулықтағы сұрақтарға жауап беруді ұсынамын. Немесе алдын ала қарсылас топтарға “Ғарыш” тақырыбында бірнеше тапсырмалар ойластыруды тапсырамын. Оқушылар ежелде ашылған астрономиялық жаңалықтарды еске түсіріп, оларды атап бере алады.


Телескоп. Оқушылардан дүрбі туралы не білетіндерін сұраңыз. Ғалым Галилео Галилей жайында айтып беремін. Оқулықтағы суреттерге назар аудартамын. Оларды салыстыруды ұсынамын. Оқушылардан алғашқы телескоптардың қандай кемшіліктері болғанын сұраймын. Егер олар жауап беруге қиналса, мен сұрағымды “Тым алыстағы нысандарды ескі телескоптардың көмегімен көруге бола ма?” — деп нақтылаймын. Оқушылардың қайсысы қарапайым дүрбімен қарап көргенін сұраймын. Кескін анық болды ма?


Оқушылар “заманауи телескоптардың ұлғайтып көрсету мүмкіндігі мол, сондықтан кескіндері де нақты болады” деген қорытындыға келеді.

Жерқандай?


Ертеде адамдар Жердің пішінінқалай елестеткен?




Зерттейік. Оқушылардытөрттопқабөліп, нұсқаулықтар беремін.


1-топ. “Суретшілер” — зымыранның суретін салады. 2-топ. “Мүсіншілер” — оны ермексаздан жасайды. 3-топ. “Оригами” — зымыранның үлкен үлгісін қағаздан жасайды. (Нұсқаулықберіп, қажетінше көмек көрсетемін.)


4-топ. “Тәжірибе” — зымыранды ұшырады. (Шыны ыдысқа құрамында көпіретін газы бар дәрілер салынып, оның бетіне қағаздан жасалған зымыран орналастырылады. Ол он секунд ішінде ұшады.)


Осы жұмысты орындағаннан кейін барлық топ мүшелерін жинаймын. Оқушыларға өздерінің орындаған жұмыстарын талқылап, қорытынды жасау үшін бес минут уақыт беремін. Содан кейін қатысушыларды таныстырылымдарын тыңдау үшін ортаға шақырамын. Әр топта өзара бағалау жасатып, тапсырма орындаудан алған әсерлерімен бөлісіп, алынған нәтижелер бойынша өз ойларын ортаға салу мақсатында оқу диалогін құрамын.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек. Аппликация жасау.



Ғарышкерлер тобында ойнауды ұсынамын. Ғарыштағы салмақсыздық туралы айтамын. : ғарышкерлер қалай тамақ жейді, ішеді, ұйықтайды? Мүмкіндігінше, расытханаларға саяхат ұйымдастырамын. Егер ғаламторға шығу мүмкіндігі болса, Жер серіктері көмегімен ғарыштан алынған фото­ суреттерді көрсетуге болады.


Суретшінің қателігі. Оқушылар суретті қарап,сәйкессіздікті­ анықтап, себебін түсіндіре алады. (Расытханалардың­ айналасында көпқабатты ғима­-раттар­ болмауы керек, расытханалардағы телескоптар заманға сай болуы керек.) Осыдан кейін оқушыларға суретті бояп шығуды ұсынамын.




Бағалау



  1. Оқушылар ғарышты зерттеуге қандай құралдар мен аппараттар қолданылатынын біледі, олардың көмегімен жаңалықтар ашылатынын тү­ сінеді.

Зымыран. Оқушылар зерттеу кезінде алынғанзымыранның аппликациясын жасай алады. Әр оқушыға өзінің ұшатын аппаратын жетілдіріп, элемент­­ тер қосып, атын ойлап табу ұсынылады. Кейбір оқушылар ойдан шығарған бөлшектерін толық сипаттап­ беруі мүмкін.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеремін)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеремін)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



































Сабақ тақырыбы:

Жер ғаламшарының көрінісі

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:жасанды моделіне сүйене отырып, Жердің пішінін анықтау;


Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдеріс­ терді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсіну.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. шар;

  2. доп;

  3. глобус;

  4. желім;

  5. Ай тұтылуы кезіндегі Айдың фотосуреті;

  6. ойыншық кеме. Интернет-ресурстар:

  7. http://www.youtube.com/watch?v=pg9gelaIJmM

  8. https://www.youtube.com/watch?v=Emb62UbUaVc

  9. ғаламшарлар туралы ақпарат беретін мульт­ фильмнен және “Старик Хаттабыч” фильмінен үзінділер.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. Жердің шарға ұқсайтынын анықтай алады; шардың физикалық қасиетіне бақылау жүргізе алады;

  3. жеке және топтық жұмыста өзінің сезімдерін жеткізе білуді әрі елестете алуды үйренеді.

Сабақтың мақсаты:

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;

1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Ерте заман адамдарын Жер ғаламшарының пі­ шіні қандай екені жөніндегі ой толғандырған.


Ежелгі гректер біздің ғаламшарды жауынгер қалқаны сияқты дөңес деп есептеген. Ал оның шетін Мұхит шайып тұрады деп ойлаған.


Ежелгі Қытайда Жерді тегіс тіктөртбұрыш ретінде қабылдаған. Оның үстінде бағандар тіреп тұрған дөңес келген дөңгелек аспан орналасқан деп ойлаған. Аласұрған айдаһар дәл ортада орналасқан бағанды бұзып тастағаннан кейін Жер шығысқа қарай

қисайған деп есептеп, осыған байланысты өзендер шығысқа қарай ағады деп ойлаған.


Ежелгі Үндістан халқы Жерді үш піл көтеріп тұрған жартылай сфера ретінде елестеткен. Ал пілдер үлкен тасбақаның үстінде, тасбақа жыланның үстінде орналасқан деп ойлаған, ал жылан шексіз сүтті мұхитта жүзіп келе жатыр деген тұжырым болған. Жылан сақина тәріздес жерді айналып жүреді деп ойлаған.


Кіріспе тапсырма. Бүгінгі сабақта “Ғарыш әле­міне” саяхат жасайтындарын айтыңыз. Ауа райы қолайлы болса, сабақты сыртта жүргізіңіз. Оқушы­­-­ларды далаға шығарып, аспанға және көкжиек сызығына­ қарап тұрып, аспан мен жердің біріккен жерін тауып, көкжиекті анықтауға бағыт- бағдар бе­ ріңіз. “Аспан мен жер қалай түйісіп тұр? Не бай­қа­ дыңдар?” деген тәрізді сұрақтар қойыңыз.


Бақылау жүргізіп болған соң, бақылау барысында оқушының не түсінгенін, қандай ой туындағанын сұрап біліңіз. Оқушының барлық жауабын қабыл­ даңыз және “дұрыс емес” деген сөзді айтпауға тыры­ сыңыз. Қажет болған жағдайда тапсырманы өзіңіз нақтылаңыз.


Жер қандай? Оқушылардың назарын сурет­терге аударыңыз. Ежелде адамдардың Жер ғалам­ шарын қалай елестеткені туралы айтып беріңіз. Неге олай ойлағаны туралы сұраңыз. Осы жерде “Старик Хаттабыч” фильмінен үзінді көрсетіп, бірлесе талқы­ лауға болады.


Оқушылармен тәжірибелік жұмыс жүргізіңіз: қолдарына жалпақ табақ алып, үстіне ұсақ адамдар мен жан-жануарлардың макеттерін орналастыруды ұсыныңыз. Егер Жер осындай пішінді болса, қалай болар еді? — деген жетелеу сұрағын қойыңыз. Ертеде адамдар осы тәрелкедегі сияқты жердің шетіне шығып кетсе, онда басқа аймаққа өтіп кетеді деп ойлағаны туралы айтыңыз.


Зерттейік. Сыныпты екі топқа бөліңіз. Жердіңдомалақ екенін әр топ зерттеу жүргізе отырып дәлелдейді.


Бірінші топқа: Айдың тұтылу кезіндегі фотосу­­ ретін беріңіз. Оқушылардың назарын көлеңкеге аударыңыз. Тәжірибе өткізуді ұсыныңыз. Үстел шамы (Күн) мен бір парақ қағаздың (Ай) ортасына кезекпен пішіні әртүрлі заттарды: доп, қалам, кітап, өшіргішті қойыңыз. Қай заттың көлеңкесі домалақ болды? (Доп.) Оқушылар Жер шарға ұқсас деп қорытынды жасау керек.


Екінші топқа: энциклопедиядан көкжиек, көк­ жиек сызығы туралы материалды беріңіз. Орындап болған соң әр топтың оқушылары алған білімдері­ мен және жасаған қорытындыларымен бөлісуі үшін ортақ талқылау жасатыңыз.


Ойлан” айдарын оқып, тәжірибе өткізудіұсыныңыз. Алдымен ойыншық немесе қағаздан жа­ салған­ кемені партаның үстімен жүргізіп көріңіз.

Суреттерге қара. Оқушыларға доп пен гло­бусты салыстыруға беріңіз де, мынадай сұрақтар қойыңыз:


Мына доп пен глобус бір-біріне ұқсайды ма? Несімен ұқсас?


Қандай айырмашылықтары бар?

Шардың сыртқы белгілері туралы сұраңыз:

Шардың пішіні қандай?

Ол неге ұқсайды?

Шардың бұрыштары бар ма?


Мұның алдында жасаған бақылаулары бойынша қорытынды жасауға жетелеңіз. Өздігінен тұжырым жасауға ұмтылған балаларды мақтаңыз.

Шарға ұқсас заттарды ата. Бұл тапсырманыжұппен орындауды ұсыныңыз. Ол үшін шар пішінді бірнеше дөңгелектің кескіні салынған парақтарды таратып беріңіз. Оқушылар жұбымен ақылдаса отырып, дөңгелектерді қандай да бір заттың немесе нысанның суретіне айналдырады, яғни суретті аяқтайды. Мысалы, ол сағат немесе доптың суреті болуы мүмкін. Қай жұп шарға ұқсайтын заттарды көп салғанына көңіл аударыңыз.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Шар —көлемді геометриялықпішін.




Оқушыларға папье -машеден (қағаз массасынан жасалған қатты нығыз бұйым) шар жасауды ұсы­ ныңыз. Ең алдымен оқушыларды қауіпсіздік сақтау ережесімен таныстырып, желіммен және қайшымен жұмыс жасағанда, сақ болуларын ескерткеніңіз жөн. Шардың сыртына ұсақтап жыртылған қағаздарды желімдеп жабыстырып, Жер шарын жасаймыз. Шар кепкен соң сыртына құрлықтар, теңіздер, мұхиттар мен өзен-көлдерді бейнелейміз. Бұл тапсырманы топтық жұмыс ретінде ұсынсаңыз болады. Жұмыс барысын бақылаңыз, ынтымақтасып, бір -біріне қол-дау­ көрсетіп, шарды әдемілеп жасаған топтың жұ­ мысы сәтті болатынын ескертіңіз.

Бағалау


Оқушылар өздері өмір сүріп жатқан ғаламшар­ дың атын біледі.

Ол қандай?

Оқушылар Жер ғаламшарын сипаттайтын сөз­ дерді таңдап, ол сөздерді Күн сәулелеріне жазады.

Негештің хаты. Оқушылар хатты оқу үшін О әріптерін сызып тастайды. Сонда “Жер” деген сөз қалады. Содан кейін “Жер шарға ұқсайды” немесе “Жер — бұл ғаламшар” деген сөйлемдерді жазуды ұсыныңыз.


Оқушы Жер ғаламшарының шарға ұқсайтынын білуі керек.

Жердің пішіні. Оқушылардың бақылау жүргізу кезіндегі белсенділігі,­ тәжірибелік тапсырманы өз бетінше орындай алуы бағаланады. Оқушылар Жер­ дің пішіні тәрізді заттардың суреттерін таңдауы қажет. Тәрелкені­ таңдағанда: “Оның пішіні дөңес диск сияқты ма әлде шар тәрізді ме?” деп сұраңыз. Математика­ сабағынан: “Жазық қағаз бетінде кө­ лемді фигураларды­ көрсете алмағандықтан, шар пішіні дөңгелек болып беріледі” деп, оқушылардың естеріне салуға болады.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
























Сабақ тақырыбы:

Глобусты қалай қолданады?

Мектеп: №58 жалпы орта мектебі

Күні :14.02.18ж


Мұғалімнің есімі:Досқара Алтынай Ертайқызы

СЫНЫП: 1Д-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:жасанды моделіне сүйене отырып, Жердің пішінін анықтау;



Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеу қажеттілігін түсіндіру.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. глобус ;


  1. түрлі түсті түймелер.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. глобуспен танысады;

  3. oқушылар глобустан Қазақстан Республикасын таба алады;

  4. глобустан құрлықтар мен мұхиттарды табады.

Сабақтың мақсаты:

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Глобус (латын тілінде шар деген мағынаны білдіреді) — Жер ғаламшарының бірнеше есе кішірейтілген моделі.


Дәл осы модель біздің ғаламшарымыздың сыртқы бейнесін және оның бөліктерінің арақатынасын анық көрcетеді.


Глобус ежелгі заманнан бар. Көне жазбаларда Жер шары моделін 2000 жылдай бұрын Пергама тұрғыны Кратес жасаған деген дерек бар.


Ең бірінші глобусты неміс географы және саяхатшысы Мартин Бехайм жасаған (1492 ж.). Ол оны “Жер алмасы” деп атаған. Бірақ оның глобусында Солтүстік пен Оңтүстік Америка жоқ еді. Себебі ол кезде Оңтүстік және Солтүстік Америка әлі ашылмаған болатын.


ХVІІ ғасырда Лондонда пішіні апельсинге ұқсас, қалтаға сыятын кішірек глобустар сатылды. Оның жартышарының ішкі жақтарында аспан жарықшаларының картасы бейнеленген. Сол кезде бұл глобус Жердің де, аспан денесінің де моделі болып саналып келді. Осы күнге дейін Санкт-Петербург қаласындағы мұражайда диаметрі 3 метр 19 сантиметр болатын глобус сақтаулы.

Оның сыртқы бетінде Жер картасы, ал ішкі жағында жұлдызды аспанның картасы бейнеленген.


Кіріспе тапсырма. Оқушыларға алдыңғы сабақтағы ғарышқа сапар жалғасатынын ескерту. Оқушылар өздерін ғарышта жүрміз деп елестетсін. Мұғалім “Балалар, біз бүгін де ғарыш кемесімен сапар шегеміз” деп, cабақты қызықтыруға болады. Бұл тапсырманы оқушылар өздерін теңізші, альпинист, орманшы ретінде сезінетіндей етіп, рөлдік ойын түрінде ұйымдастыру. Олардың назарын Жер ғаламшарының өте үлкен екеніне аудару. Ойын барысында сұрақтар қоямын:

Жердің барлық түкпір-түкпірін көру үшін не істеу қажет?

Біздің ғаламшарды оның үстінде тұрып тұтас көруге бола ма?

Жер. Оқушыларға ғарыштан түсірілген Жер ғаламшарының фотосуреттерін көрсету. Мынадай сұрақтар қоямын:

Фотосуреттен не көріп тұрсыңдар?

Жерді тұтастай көруге бола ма? (Жоқ.)

Неліктен? (Ол үлкен, бір фото арқылы оны жан-жағынан көрсету мүмкін емес.)

Осыншама үлкен Жерді жан-жағынан қалай көруге болады, себебі біз Жерді кішірейте алмаймыз ғой?

Оқушылардың пікірін толық тыңдаймын. Дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды бірден айтуға асықпаймын. Оның дұрыс- бұрыстығын келесі тапсырманы орындау барысында өздері түсінеді.

Ойыншықтар. Оқулық суреттеріндегі заттардың моделін қарастыруды ұсыну. Оқушыларға:­ “Бұл заттардың өзі емес, олардың моделі, кіші­ рейтілген көшірмесі” — деп ескертемін. Барлық оқушылардың дұрыс түсінгеніне көз жеткізу. Ол үшін алдын ала сынып бөлмесіндегі заттардың суреттерін, макеттерін дайындаймын. Әр затты көрсете отырып, “Бұл не?” — деп сұрау. “Тек жекелеген­ заттардың ғана емес, үйдің, бөлменің де моделін жасауға болады” — деп айтамын. Алдыңғы тапсырманы­ орындау кезіндегі “Біздің үлкен ғалам шарымызды зерттеу үшін оның суретін қалай салуға болады?” деген сұраққа қайта ораламын. Оқушылардың пікірін тыңдап, бұл үшін бізге оның кіші­ рейтілген моделін жасау қажет деген тұжырымға келуге жетелеймін. Олар “Мұндай модель — глобус. Глобус — Жердің кішірейтілген көшірмесі” деген қорытындыға келуі тиіс.

Зерттейік. Оқушылардан ермексазбен кез келген заттың моделін жасауды ұсынамын. Кейбір оқушылар сынып бөлмесіндегі барлық заттардың моделін жасай алады. Модельдердің суреттерін де салуға болады. Жұмыс барысында оқушылардың не жасап жатқанын сұраймын. Кейбір оқушылар Жердің моделін жасауға талпынуы да мүмкін. Ондай оқушылар болса, мақтап қоямын.

Глобуспен танысу. Бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсыну. Әр жұпқа бір глобус, түрлі түсті түймелер қажет. Оқушы глобустан көк түспен берілген жерлерді тауып, өзен, көл, мұхиттардың атауларын оқиды және сол жерге көк немесе көгілдір түсті түймелерді бекітеді. Құрлықтарды да осы әдіспен­ іздеп тауып, ол жерлерге қағаздан жасалған адамның бейнелерін жапсыртуға болады.

Глобустың басым бөлігі неліктен көк түспен боялғаны­ туралы оқушылардың өздері қорытындылағаны жөн. Осы тапсырмадан кейін глобус — Жердің кішірейтілген моделі екенін тағы қайталап, алған білімдерін тиянақтау керек.

Сен білесің бе? Оқушылардың естеріне өт­ кен сабақтағы Жердің шарға ұқсайтыны туралы қорытынды жасалған тәжірибені түсірту. Жердің шар тәрізді екенінің тағы бір дәлелі — Жер шарын кемемен айналып шыққан адамдардың саяхаты екенін айтамын. Егер Жер “дөңес диск” тәрізді болса, теңізшілер шыққан жеріне қайта оралмайтынын түсіндіру. Фернан Магеллан саяхаты туралы, яғни бес кеменің тек біреуі оралғаны туралы тарихты айтып беру.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Модель сөзін математикамен байланыстырады.

Көркем еңбек. Ермексазбен жұмыс. Бөлменің моделін салады және картадан құрлықтар мен өзендерді, көлдер мен мұхиттарды тауып бояйды.



Зат моделі. Оқушылар кез келген екі заттың моделін салады. Мүмкіндік болса google.planet.

сайтының көмегімен саяхатқа шығуға болады. Саралау мақсатында зерек оқушыларға әртүрлі энциклопедиялардан Жер ғаламшары туралы үзін­ ділерді оқытып, мынадай тест жұмысын ұсынуға болады:

Глобус дегеніміз не?

а) оқу бөлмесінің моделі; ә) ғаламшар;

б) Жер ғаламшарының моделі.

Жер ғаламшарында неше құрлық бар? а) алты; ә) тоғыз; б) төрт.

Жер шарында неше мұхит бар? а) тоғыз; ә) бес; б) төрт.


Бағалау


Оқушылар глобус — Жердің кішірейтілген моделі екенін біледі және алған білімдерін қолдана алады.


Сұрақтар бойынша әңгімелесу

  1. Глобус дегеніміз не?

  2. Глобус бізге не үшін қажет?

  3. Глобустың пішіні қандай?

  4. Глобустың басым бөлігі қандай түстермен боялған? Неге?


Глобус. Оқушылар глобус салынған суретті қажетті түстермен бояуы керек. Оқушылардың “құрлық” және “су” ұғымдарының айырмашылығын түсінгенін жұмыс барысында бақылау


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?


































Сабақ тақырыбы:

Уақытты анықтау не үшін қажет?

Мектеп: №58 жалпы орта мектебі

Күні :21.02.2018ж


Мұғалімнің есімі: Досқара Алтынай Ертайқызы

СЫНЫП: 1Д-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:

уақыттың маңызын түсінеді;


Оқушылардың басым бөлігі:

уақытты өлшеу құралдарын анықтайды;

Кейбір оқушылар:көрсетілген тәжірибені түсіндіреді.

Ресурстар:

  1. құмсағат, механикалық және электронды сағат;

  2. күнсағаттың фотосуреті;

  3. ұзындық өлшегіш таспа. Интернет-ресурстар:

  4. әйгілі сағаттар туралы сайт, мысалы, http://old-clock.kz/o-ch.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. уақытты үнемдеудің қаншалықты маңызды екенін түсінеді;

  3. уақытты анықтайтын құралдар мен әдістерді атап, олардың ішіндегі ең дәл көрсететінін анықтайды;

  4. қанша уақыт кеткенін анықтайды.

Сабақтың мақсаты:

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Әр тарихи кезеңде уақыт пен кеңістік туралы өз танымдары болған. Ертеректе адамдар күндерді, апталарды, айлар мен жылдарды көрінбейтін уақыт өзені ағызып әкетеді деп санаған. Тәуліктің жарық бөлігі аса маңызды саналған, себебі аңға шығу, тамақ табу, отын жинау жұмыстарын адамдар күндіз атқарған. Ал қараңғыда адамдар түрлі қауіптерге тап болуы мүмкін еді. Таң атқанда барлық тіршілік басталған. Кейіннен жасанды жарық көздері пайда болғанда уақытты арнайы құралдар көмегімен анықтау қажеттігі туды.


Уақыт — бұл қандай да бір әрекеттің, оқиғаның орындалу немесе қандай да бір заттың өмір сүру ұзақтығы. Айналадағы кеңістікте болып жат­-қан құбылыстар мен оқиғалардың барлығы уақыт аралығында болып жатыр. Уақыт үнемі қозға

лыста болады, оны тоқтату немесе

кері қай­

тару мүмкін емес. Өміріміздің әр

секундында

біз уақыт кеңістігінде боламыз, оған

бағытталып

түрлі әрекеттер жасаймыз. Алғашқы сағаттар — күнсағаттар, онда уақыт көлеңкенің көмегімен анықталған. Кейін Ежелгі Мысырда сусағаттар (клеп­ сидрлер)­ пайда болған. Одан кейін құмсағаттар шықты. Бірнеше жылдардан соң механикалық және электронды сағаттар пайда болған.

Тілдік құзыреттілікті дамыту


Сынып оқушыларын шағын топтарға бөліңіз. Әр топқа тірек сөздер әріптері жазылған үлестірмелі қимақағаздарды таратып беріңіз. Оқушылар олар­ дан тірек сөздер құрастырып, айта алады. Дең­ гейлеп оқыту мақсатында кейбір оқушыларға осы сөздермен сөйлем құрастыруды тапсыруға болады.



Саяхат. Негеш пен Эврика саяхатқа шығуға жиналды деп айтамын. Оқушылардың қайсысы саяхаттап көргенін сұраймын. Саяхаттан алған әсерлерін сипаттасын. Басқа елдерге саяхаттап баруға, қонақ үйлерге, қонақжайларға тоқтауға болады деп айтамын. Сонымен қатар табиғатқа шығуға, орманға баруға, шатырларда демалуға болады. Оқулықтағы суретке назар аударту.

Сұрау:

Негеш пен Эврика қалай демалмақшы ? (Жолдорбаларын алып, табиғат аясында белсенді серуендеуге барады.)


Сапаржайдағы карта мен жазуға қараңдар. Біздің кейіпкерлеріміз қай жерден қайда барады? (Астанадан — Бурабайға.)


Оқушыларға Қазақстанның інжу-маржаны болып табылатын осы өлке туралы айтып берулерін ұсынамын.

Төмендегі сұрақтарды қоямын:


Балалар бірден Бурабайға жете ала ма? Неге?


Олар қандай көлікпен жетеді?

Ол қанша уақыт алады?

Сендерге кейде уақыт “жүйрік” болып көріне ме?


Ал кейде өте баяу жылжитындай болып көрінді ме? Қандай жағдайда? Айтып беріңдер.


Талқылау жүргізіп, қажетті жерге жету үшін белгілі­ бір уақыт керек деген қорытынды жасаймын. Баратын жер неғұрлым алыс болса, жету үшін соғұрлым көп уақыт жұмсалады.


Гүлдің өсуіне қанша уақыт қажет? Суреттерге назар аудартамын. Сұрау: “Бірінші суретте не бейнеленген? (Тұқым.) Екіншіде? (Өскін.) Өскін қайдан пайда болды? (Тұқымнан.) Үшінші суретте не бейнеленген? (Өсімдік гүл жарды.) Сендер қалай ойлайсыңдар, бірінші сурет пен үшінші сурет арасында қанша уақыт өтті? (Бір айға жуық.) Уақытты тоқтатып қоюға бола ма? (Жоқ.) “Егер уақыт тоқтап қалса, онда...” — деп, қиялдауды ұсынамын.


Уақыт көзге көрінбейді, қолға ұсталмайды деп қорытынды жасап, жинақтау. Ол өткен шақтан болашаққа қарай жылжиды. Барлық өзгерістер уақыт аралығында болады.


Сағаттың түрлері. Осы тапсырманы орындай отырып, оқушылардан сұрау:


Сендер сағат дегеннің не екенін білесіңдер ме?


Оларды қай жерден көруге болады? (Сапаржайда, мектепте, емханада, үйде, мұражайда және т.б.)


Сағаттар қандай болады?

Ойлан!


Оқушыларға мәселелік сұрақ қоямын: “Сағаттың неше болғанын білу бізге не үшін керек?”


Оқушылардың ойларын тыңдау. Оқушыларға кенеттен, бір мезетте барлық сағаттар жоқ болып кетсе немесе жұмыс істемей қалса, не болатынын көз алдарына елестетуін тапсырамын. (Ұшқыштар, жүргізушілер және т.б. сағат нешеде жолға шығу керектігін білмес еді. Апат көп болушы еді. Адамдар жұмысқа кешігетін еді және т.б.)


Зерттейік. Осы зерттеуді аулада немесе спортзалда жүргізсе,­ жақсы болады. Сыныпты үш топқа бөлемін. Практикалық жұмысты жүргізу үшін бірінші топ құмсағатты, екінші топ — механикалық, үшінші топ — электрондық сағатты алады.


Сөренің және мәренің орнын анықтаңыз, аралығын ұзындық өлшеуіш таспамен немесе қадаммен өлшеймін.


Оқушылардың арасынан осы арақашықтықты кезекпен жүгіріп өтетін үш оқушыны таңдап аламын. Әрбір жүгіру кезінде топтағы басқа оқушылар уақытты белгілеп, жазып тұрады.


Содан кейін оқушылар сағаттарын алмастырып, тәжірибені қайталай алады.


Тәжірибе аяқталғаннан кейін “Осы уақытты құмсағаттың көмегімен өлшеуге бола ма?” — деп сұраймын.


Оқушылардан қай сағат бәрінен де нақты болғанын сұрап, нақтылаймын.


Оқушылар “Құмсағатта циферблат жоқ, сондықтан дәл уақытты анықтау қиын. Механикалық және электрондық сағаттардың көмегімен дәл уақытты анықтауға болады, алайда электрондық сағат ыңғайлы” деген қорытынды жасай алады.


Уақыт қозғалысы. Оқушылардың назарын оқулықтағы суреттерге аудартамын. Сұрақтарға жауап беруін сұраймын:


Жағдайлардың әрқайсысында қанша уақыт өтті? Неге?


Сәби бір минуттан кейін оқушы болуы мүмкін бе?


Бала төсектен бір жылдан кейін тұруы мүмкін бе?


Оқушылар әр әрекет үшін белгілі бір уақыт ара лығы қажет екенін түсіне алады.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Уақыт.


Оқушыларға картоннан сағат жасауды ұсынамын. Циферблатты кесіп алып, оны әсемдеп, сандарды жазулары керек. Сағат тілін бөлек қиып алып, оны ортасына сымтемірден жасалған білік арқылы бекітсін. Сыныпта сағаттардың көрмесін ұйымдастыруға болады.


Қосымша материал ретінде оқушыларға ата-анасымен бірге Е. Шварцтың “Жоғалған уақыт ту­ ралы ертегісін” оқуға және оның мазмұнын талдауға ұсыныс жасауға болады.

Бағалау


Оқушылар уақытты анықтайтын құралдар мен құрылғыларды біледі.


Кеш — ерте. Оқушыларға суреттерді қарауды тапсырамын. Сұрау: “Ағаш бас кезінде қандай болды? Содан кейін қандай болды? Ол бірден үлкен болып өсті ме? Қалай өсті?” Ағаштар қанша жыл тіршілік­ ететіні туралы мәліметті ұсынуға болады. Оқушылар суреттерді дұрыс ретімен орналастырып, нөмірлеп, бояйды.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?































Сабақ тақырыбы:

Табиғат физикасы

Жылытқыш құралдар

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:жылытуға арналған құралдарды анықтау;



Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. әртүрлі жылытқыш құралдардың суреттері;

  2. А4 форматты парақ;

  3. түрлі үй-жайлардың: көпқабатты­ үй, сарай, шағын ағаш үй, қала сыртындағы үй т.б. суреттері (не­-месе олардың сипаттамалары);

  4. желім. Интернет-ресурстар:

  5. үй жағдайындағы жылытқыш құралдар туралы бейнефильм. Мысалы, https://www.youtube.com/ watch?v=-W6LH2oIo0I;

  6. алғашқықауымадамдарыныңүңгірдеқалайжылынғаны­ туралықысқашабейнефильм, https:// www.youtube.com/watch?v=3rE6OPRzuKM.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. жылытқыш құралдарға нелердiң жататынын біле­ тін болады;

  3. оқушылар түрлі жылытқыш құралдардың үй-жайды жылыту үшін қажет екенін түсінеді.

Сабақтың мақсаты:

1.5.4.1 жылыту жабдықтары мен құрылғыларын анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Ежелгі адамдар жылыну және суықтан қорғану үшін ашық отты пайдаланған. От, алау алғашқы жылыт­ қыш құрал болып есептеледі.


Алды ашық пеш (камин) (грек тілінен kaminos — ошақ) Ежелгі Римде пайдаланыла бастаған. Ол ашық оттығы және одан төбеге кететін мұржасы бар пеш сияқты болған.

XV ғасырда түтін шығатын мұржасы бар пештер пайда болып, қолданылған. XVIII ғасырға дейін олар сазбалшықтан және кірпіштен жасалған. Ұзақ жылдар бойы пеш үйдің жылуы мен жайлылығының бір бөлігі болып келген.


Техниканың дамуымен адамдардың өмірін ыңғайлы да жайлы ететін түрлі жылытқыш құралдар пайда болды. Жылытқыш құралдар — ол жылу тасымалдағыштан қоршаған ортаға жылу беретін құрылғы.

Соңғы жылдары олардың көптеген түрлері мен модельдері пайда болды. Мысалы, радиаторлар мен батареялар. Оларды пайдалану үнемді. Газ, электр, сұйық немесе қатты отын арқылы жұмыс істейді.


Соңғы жылдардағы ең белгілі жылытқыш құралға конвектор жатады. Оған төмен жағынан суық ауа келеді де, арнайы қондырғының көмегімен қызады, содан кейін жоғары көтеріледі.


Кіріспе тапсырма. Ол үшін оқушылар “қыс” сөзіне сипаттаушы сөздерді атап бере алады (мысалы: суық, ақ, аязды, қарлы т.б.).

Саяхатта. Оқушыларға суретке қарап, сипаттап беруді тапсырыңыз.

Кім қысқы орманда болып көрді?

Қысқы орманның ерекшелігі неде?

Онда нені көруге болады?

Негеш пен Эврика неге тоңып қалды?

Олар жылыну үшін не істеді? (От жақты.)

Балаларға от жағуға кім көмектесті?

Ежелгі заманда оттың адамдарды суықтан қор­ ғағаны жайлы айтып беріңіз. Осы туралы бейнефильм көрсетуге­ болады. Адамдар алдымен отты пайда­ лануды, содан кейін ғана оны жағуды үйренген деген болжам бар. Мүмкін, олар найзағай түсіп тұтанған ағашты тауып алып, оны жылдар бойы сөндірмей отырған болар.

Оқушылардың назарын екінші суретке аудар­ тыңыз.

Сұраңыз:

Негеш пен Эврика үйде не істеп жатыр? (Қол­-дарын­ жылытып тұр.)

Олар жылыну үшін нені пайдаланды? (Үй жылы­ татын құралды.)

Үйдегі жылу. Бұл тапсырманы ұйымдастыру кезінде “Қыс мезгілінде үйлерің жылы бола ма? Неге? Ол үшін не істейді?” — деп сұраңыз.

Оқушылардың көбі батарея ыстық болып, оның жылуы бөлмеге таралады деп жауап беруі мүмкін. Көпқабатты үйлерде радиаторлар мен батареялар сияқты жылытқыш құралдарды пайдаланады деп түсіндіріңіз. Ал кейбір үйлерде, ескі сарайларда адамдар пеш жағып, ошақты пайдаланады. “Егер біздің үйлерімізде жылытқыш құралдар болмаса, не болар еді?” — деп сұраңыз. Оқушылардың жауап­ тарын тыңдаңыз.

Әртүрлі құралдар. Оқушыларға суреттерге қарауды тапсырыңыз. Суретте бейнеленген әр құралды не үшін пайдаланатынын жұп болып тал­ дасын. Оқушылардың жауаптарын тыңдап болған­нан­ кейін, суреттерді қандай екі топқа бөлуге болатынын анықтауды сұраңыз. Егер балаға қиын болса, “Үйді үтіктің, шәугімнің, қысқатолқынды пештің­ көмегімен

Зерттейік. Бұл зерттеу жұмысын жұпта ұйым­дастырған тиімді. Ол үшін: А4 форматты парақ, желім, түрлі түсті қарындаш, жылытқыш құралдардың суреттері, әртүрлі ғимараттардың (көпқабатты үй, сарай, шағын ағаш үй, қала сыртындағы үй т.б.) сурет­ тері қажет. Жұптағы оқушылар қажет ғимараттар­­-дың суреттерін таңдап алады.


А4 парақта оқушылар осы ғимаратта орналасқан бір бөлменің суретін сала алады. Содан кейін жы­ лытқыш­ құралды таңдап алады да, оны қай жерге орналастыруға болатынын анықтап, сол жерге суре­ тін салады. Тапсырманы орындап болған соң, оқу­-шылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыруға болады. Оқушылардың әр жұбына өздерінің таң­ дауларын түсіндіріп беруді тапсырыңыз. Жұмыс барысында оқушылар жылытқыш құралдар туралы неғұрлым көп мәлімет алады.


Сен білесің бе?


Оқушылардан: “Киіз үй дегеніміз не?” — деп сұра­ ңыз. Одан кейін мынадай проблемалық сұрақтарды қойыңыз:

Киіз үйде батарея орнатуға бола ма?

Киіз үйде жылыну үшін не істеуге болады?

Киіз үйде жылыну үшін тастан немесе кірпіштен


жасалған, темір мұржасы бар пешті, темір пешті, ошақты пайдалануға болатынын айтып беріңіз. Пештер­ киіз үйдің ортасына орналастырылады. Ертеде адамдар киіз үйде қалай өмір сүргені, қалай ас әзірлегені, күн суықта қалай жылынғаны туралы бейнефильм көрсетуге болады.


Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар


Дүниетану. Ежелгі адамдардың өмірі.

Суретші нені шатастырды? Оқушыларға су­ ретке мұқият қарауды тапсырыңыз. Суретші жіберген­ қателерді сұраңыз. Оқушылар тұрмыстық құрал­ дардың орнын анықтап, сызық арқылы өз орын­ дарымен қосады.

Жауабы:

Аспашам терезенің астында емес, төбеде. Үтік плитада емес, киім үтіктейтін тақтайдың үстінде. Жылытқыш радиатор киім үтіктейтін тақтайдың үстінде емес, терезенің астында. Шәугім үстелде емес, плитада.

Бағалау


Оқушылар жылу алу үшін қандай жылытқыш құралдарды­ пайдалану керектігін біледі.

Жылытқыш құралдар. Оқушыларға суреттерге қарап, жылытқыш құралдардың тұсына “” белгісін қоюды тапсырыңыз. Таңдап алған суреттерін бояуға болады.

Жауабы

Электр радиаторы, инфрақызыл жылытқыш, батарея, алауошақ, пеш.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Электр

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:адамдардың күнделікті өміріндегі электрдің маңызын түсіндіру;


Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсіндіру.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. ұялы телефон;

батареялы ойыншықтар;

  1. батареялар;

  2. ток көзі. Интернет-ресурстар:

  3. электрдің адам өміріндегі маңызы туралы, бу мәшинесінің жұмысы жайлы бейнефильм, мысалы, http://pikabu.ru/story/esli_byi_ne_byilo_ yelektrichestva.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. адамдардың күнделікті өміріндегі электрдің маңызын білетін болады;

  3. электр энергиясын басқа да құралдардан алуға болатынын түсінеді.

Сабақтың мақсаты:

1.5.5.1 адамдардың күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру

1.5.6.1 магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау;

1.5.6.2 магниттің қасиетін зерттеу

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Электр — ол жарыққа немесе жылуға айналаалатын энергияның пайдалы түрі. Ол электр желісі арқылы беріледі.


Электр — электр тогын, өткізгіштердің немесезарядталған денелердің маңайында электр өрісін түзуге қабілетті. Ежелгі грек философы Фалес, егер кәріптасты жүнге үйкесе, ол басқа жеңіл заттарды өзіне тартатын қасиетке ие болатынын байқаған. “Электр” сөзі гректің “электрон” — “кәріптас” деген сөзінен шыққан.


Жыл сайын электр құралдары жетілдіріліп келеді. Жанармаймен емес, электрмен жүретін электромобильдер шығарылып жатыр. Олардың қоршаған ортаға тигізетін зияны аз, бірақ жиі зарядтауды қажет ететіндіктен, кең пайдаланылмай отыр.


Бүгін біз өмірімізді электрсіз елестете алмаймыз. Үйлерде жарық жанып тұр, теледидар, компьютер, түрлі электр құралдары жұмыс істейді, жолдарда

троллейбустар, электр пойыздары, электромо­биль­­ дер жүріп жатыр, зауыттар мен фабрикалардың­ жұмысы да электр арқылы жүреді. Бірақ біз электр қауіпті болуы да мүмкін екенін ұмытпағанымыз­ жөн.


Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында оқушы­ларға сынып бөлмесіндегі электр құралдарын санап шығуды тапсырыңыз.

Әр электр құралы не үшін қажет?

Бөлмеде неше шам бар?

Жарықты қалай жағу керек?


Алау маңында. Оқушылар ерте кездегі адамдарқандай жағдайда өмір сүргенін, үйлерін қалай жылыт­ қанын естеріне түсірсін. Олар ежелгі адамдар жылыну үшін алау жақты деген қорытынды жасаулары керек. Оқушыларға оқулықтағы бірінші суретке қарап, сипаттап беруді ұсыныңыз. “Ерте кезде адамдар­ алаудың отын тағы не үшін пайдаланып еді?” — деп сұраңыз.

(Ас әзірледі, киімдерін кептірді, оттың көмегімен жыртқыш аңдардан қорғанды, баспаналарының ішін жарықтандырды.)


Электр жарығы. Бұл тапсырманы орындаубарысында оқушыларға екі суретті салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табуды тапсырыңыз. Оқушылар жұпта екінші сурет бойынша әңгіме немесе диалог құруы мүмкін.


Содан кейін оқушылар көз алдарына кешке үйде электр энергиясы сөніп қалды деп елестетсін. Электр энергиясынсыз нені істеуге болады, ал нені істей алмаймыз деп сұраңыз. Жұпта ойланып, талдау үшін уақыт беріңіз. Оқушылардың жауаптарын тақтаға жазыңыз.


Оқушылар ерте кезде адамдар майшамның және ошақтың жарығымен оқып, жазған дегенді түсіне алады. Осының барлығы олардың көз жанарына кері әсерін тигізген. Қазіргі кезде біз үйді жарықтандыру және жылыту үшін түрлі электр құралдарын пайда­ ланамыз. Ток көздері мен ток қосқыштарды көрсетіңіз. Ток көздеріне компьютерді, теледидарды қосады деп айтыңыз. Зауыттар мен фабрикалар, көптеген медициналық құралдар электр арқылы жұмыс істей­

тінін айтыңыз.


Қауіпсіздік техникасы! Электр тогының қауіп­тілігі туралы айтуды ұмытпаңыз. Ең бастысы: қауіпсіздік техникасын сақтау, үлкендерсіз еш уақытта электр құралдарын қосуға болмайды.


Сонымен қатар осы сабақта электрдің адам өмі­-ріндегі маңызы туралы және кейбір құралдардың бу арқылы жұмыс істейтіндігі жайлы бейнефильмді көр­ сетуге болады. Көріп болған соң оқушыларға электр және бу арқылы жұмыс істейтін құралдарды салыс­ тырып, ұнағанын таңдап алуын ұсыныңыз.


Зерттейік. Оқушыларды шағын топтарға бөліңіз.Жұмысты ұйымдастыру үшін оқушыларға: пульт ар­ қылы басқарылатын ойыншық мәшинелер, ұшақтар, тікұшақтар, сондай-ақ пульттің батареялары, ұялы телефон, бөлек розеткалар мен қосқыштар (электр желісіне қосылмаған), электр шәйнегі қажет болады.

Сен білесің бе?

Оқушылардан электромобильдер туралы не білетінін сұраңыз. Олардың суретін көрсетіңіз. Олар неге осылай аталатыны, қалай зарядталатыны жайлы ойлансын. Мұндай мәшинелердің өте қымбат тұратындығы, бірақ айналаны ластамайтыны, эко­ логиялық тұрғыдан таза екендігі туралы айтып беріңіз. Электро­мобильдердегі энергия тез таусылып қалады, ал қала сыртында зарядтауға әрдайым мүмкіндік бола бермейді.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Дүниетану. Ежелгі адамдардың өмірі.


Ток көзі. Оқушыларға суреттерге қарауды ұсыныңыз. Оқушылар ток көзіне қосылатын құрал­ дардың суреттерін бояйды, батарея арқылы жұмыс істейтін құралдардың суреттерін қоршап қояды. Кейбір құралдар әртүрлі ток көзінен алынған электр арқылы жұмыс істей алатындығына назар аудартыңыз.

Жауабы:

Қысқатолқынды пешті, шаш кептіргішті (фен), үтікті, теледидарды бояйды.

Қолшамды, ойыншық тікұшақты, телефонды қоршап сызады.


Бағалау



Оқушылар адамдардың өміріндегі электрдің маңызын біледі.

Сөзжұмбақты шеш. Оқушылар назарын сурет­ терге аударыңыз. Оқушылар құралды атап, оның атауының бірінші әрпін ұяшыққа жазып қояды. Әріп­ терді кестенің нөмірленген бағанына орналастыру­ арқылы оқушылар жасырылған сөзді таба алады.

Жауабы Компьютер. Теледидар.

Радио.

Жасырылған сөз: электр.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Сабақ тақырыбы:

Магнит

Мектеп: №58 жалпы орта мектебі

Күні :14.03.18ж


Мұғалімнің есімі: Досқара Алтынай Ертайқызы

СЫНЫП: 1Д-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:магниттік қасиеттері бар кейбір денелерді анықтау;



Оқушылардың басым бөлігі:магниттердің қасиетін зерттеу;

жүргізілген экспериментті түсіндіру.


  • Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. жолақты магниттер (әр оқушыға);

  2. металдан жасалған түрлі заттар (темір бұранда, бұрандалы шеге, кішкене темір шарлар, шегелер, қағаз қыстырғыштар, өшіргіштер, қарын­даштар­ және т.б.);

  3. көзәйнек (ескі, қажетсіз) немесе басқа шыны зат;

  4. құм салынған табақша;

  5. ине;

  6. пластикалық құмыра. Интернет-ресурстар:

  7. магнит туралы мультфильм, мысалы, https://www. youtube.com/watch?v=P1Tbebrf39Q

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. магниттік қасиетке ие заттар болатынын біледі;

  3. магниттің қасиеттерімен танысады, магниттердің кейбір заттарды тартатынын түсінеді.

Сабақтың мақсаты:

1.5.6.1 магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау;

1.5.6.2 магниттің қасиетін зерттеу

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Магниттіліктің пайда болуы ертеректен белгілі, алайда оны түсіндіру біраз уақыт бұрын ғана мүмкін болды. Бір аңызға сәйкес Магнус есімді қария өзінің таяғының темір ұшы қызықты тасқа тартылғанын байқайды. Содан бері сол ерекше тасты “Магнус тасы” немесе магнит деп атап кеткен деседі.


Барлық заттардың нақты магниттік қасиеттері болады. Темір, кобальт, никель жақсы магниттелетін материалдарға жатады. Тұрақты магниттің екі магниттік полюсі болады: солтүстік (N) және оңтүстік


(S). Аттас полюстер бірін-бірі тебеді, ал аттас емес полюстер тартылады.


Электромагнит — өзінен электр тогын өткіз­генде магниттік қасиеттері бар заттарды тартатын құрал. Әдетте ол ферромагнитті өзекшеден және орамнан тұрады.

Магниттер. Оқушылардың назарын суреткеаударып, сұраңыз:

Негеш нені қарап отыр?

Ол не туралы ойланып отыр?


Осыны жұпта талдауды сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Мынадай сұрақтарды қойыңыз:


Не болды? Барлық заттар магнитке тартылды ма? (Жоқ.)


Магниттерді бір-біріне жақындатқанда не бо­ лады?


Осы кезеңде оқушылардың қайсысы бұрын-соңды магнитпен таныс болғанын және онымен тәжірибе жасап көргенін анықтап алу маңызды. Магниттердің бір-біріне тартылуы мүмкін деген қорытынды жа­ саңыз.

Тартыла ма әлде жоқ па? Эвриканың суретіненазар аудартыңыз.

Келесі сұрақтарды қойыңыз:

Эврика қолына не ұстап тұр? (Магниттерді.)

Магниттердің түсі қандай? (Бір ұшы — қызыл, ал екіншісі — көк.)


Эврика не істемекші?

Неліктен Эвриканың магниттерді қосуға талпынғанынан еш нәтиже шықпады? (Магниттер тебіледі.)


Қандай қорытынды жасауға болады? (Магниттерді бірдей боялған шетімен жақындатқанда олар бір-бірін тебеді.)


Магниттік қасиеттер. Суретке тағы да қараңыз.Оқушылардан магнитке тартылған заттарды атауды сұраңыз. Қорытынды жасатыңыз. Осы заттардың барлығына ортақ не бар? Оқушылар ол заттар металдан жасалған немесе металл бөлшектері бар деген қорытындыға келе алады. Магниттердің кей­ бір заттарды ғана тарта алатынын айтып беріңіз. Магниттің осы қасиетін қалай атауға болатынын сұраңыз. (Магниттік қасиеттер.) Суреттерге сәйкес қандай заттар осы қасиетке ие?

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Ойын өткізіңіз. Оқушыларды жұптастырып, бір-біріне арқаларын тигізіп тұруын сұраңыз. “Сендер тебілдіңдер ме әлде тартылдыңдар ма?” — деп сұраңыз. Оқушылар “Тартыламыз!” деп жауап бере алады. Осыдан кейін оқушылар бір-біріне қарап тұрып, қолдарынан ұстап бір-бірлерін өздеріне тартуға тырысады. “Сендер тебілдіңдер ме әлде тартылдыңдар ма?” деген сұраққа оқушылар “Тебі­ леміз!” деп жауап бере алады. “Қандай зат басқа заттарды­ тарта алады немесе тебе алады?” — деп сұраңыз­. Оқушылар “Магнит” деп жауап бере алады.


Зерттейік. Оқушыларды бірнеше топқа бөліңіз.Мүмкіндігінше әр топта қабілеттері әртүрлі оқушылар болсын. Бір топ магниттің көмегімен құмда жоғалған затты табу тапсырмасын орындай алады. Келесі топ су құйылған құмырадағы заттарды қолын суға малмай, құмыраны төңкермей алуға бола ма, соны зерттейді. Үшінші топ магнит өз қасиеттерін қатты қағаз бен ағаштың арғы жағынан сақтай ала ма, соны тексереді. Төртінші топ магниттің қасиетін шынының сыртынан тексереді.

1-топ Зерттеу жүргізу үшін табақшаға құмды сеуіп, оның


арасына бірнеше темір шегелер мен бұрандаларды, пластмасса мен резеңкенің бөлшегін тығып қойыңыз. Оқушылар табақшаның бетімен магнитті жүргізіп, магниттік қасиеттерге ие заттарды тауып, шығарып алады.


2-топ Құмыраға су құйып, оған кішкене бұрандалар


мен сомындарды (гайка), резеңке бөлшегін салы ңыз. Оқушыларға құмырадағы суды төкпей, ішін­ дегі заттарды қалай алуға болатынын ойлануды ұсыныңыз. Оқушылар түрлі әдіс-тәсілдерді іздеп, ең дұрысын табады: магнитті құмыраның қабырғасына жақындатып, жүргізу керек.



3-топ Қатты қағаз бетіне ұсақ темір заттарды шашу



керек, мысалы, қыстырғыштарды. Қағаздың астынан магнитті қозғалту арқылы қағаз үстімен ұсақ заттардың жылжитынын көре алады. Оқушылар осы тәжірибені қатты қағаз орнына ағаш тақтайшаны, мысалы, парта бетін қолдану арқылы жасап көре алады. Тәжірибе барысында олар: “Магниттің тартылысы ағаш тақтай­ шаның арғы жағына өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады.

4-топ.



Тәжірибе жасау үшін бұл топқа шеті өңделген ескі көзәйнек пен қағаз қыстырғыштар қажет. Көзәйнек­-тің бір жағына қағаз қыстырғыштарды шашып қойып, шыны­ның астымен магнитті жылжыту арқылы оқу­ шылар­ қағаз қыстырғыштар­ қозғала ма, жоқ па тексе­ реді. Тәжірибе барысында­ оқушылар: “Магниттің­ тартылысы шыныдан­ өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады.



Содан кейін әр топтағы оқушылар зерттеу үдері­ сінің орындалуы туралы айтып береді.



Оқушылар “магниттің күші қағаздан, пластиктен, шыныдан, ағаштан, судан және басқа да көптеген материалдардан өтеді” деген қорытынды жасай алады.



Сен білесің бе?

Электромагнит деген не? Оны қайда және не үшін қолданатынын түсіндіріп беріңіз. Оның өнеркәсіпте қолданылуы туралы бейнефильм көрсетуге болады. Аталған құрылғы адамдар еңбегін жеңілдете ме? (Ия.) Электромагниттердің ауыр жүк көтеруге қабілетті екенін айтып беріңіз.



Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Жасалған материалына қарай зат­тарды салыстыру.



Оқушыларға тұсбағар (компас) жасауды тапсы­ рыңыз. Ол үшін ине, табақша, қағаз сүлгілер, магнит қажет. Алдымен инені магниттің көмегімен “магнит­ теп” алу керек. Содан соң табақшаға суық су құйып, оған қағаз сүлгіні салып, оның үстіне инені қойыңыз. Сүлгі суға батып кетеді, ал ине су түбіне түседі. Ине бұрылып, ұшымен солтүстікті көрсетеді. Нәти­-жені тұсбағар көмегімен тексеруге болады.


Кестені толтыр. Оқушыларға түрлі заттардыңсуреттері салынған үлестірмелі парақшаларды таратыңыз. Олардың арасында металдан жасалған және металл емес заттар болуы керек. Үлестірмелі парақшаларды нөмірлеңіз. Оқушылар берілген заттардың ішінен қайсысы магниттік қасиеттерге ие, ал қайсысында ондай қасиет жоқ екенін анықтаулары қажет. Осы тапсырмадан кейін оқушылар кестеге сәйкес нөмірлерді жазып, толтыра алады.

Бағалау



  1. Оқушылар магниттердің қасиеттерін біледі.


Сиқырлы магнит. Оқушыларға зерттеу нәтиже­леріне байланысты магниттің қасиеттерін өткізетін заттар мен материалдарды атауды ұсыныңыз. Кестеде қай материал жоқ? (Құм.) Магниттік қасиеттерге­ ие заттардың суретін салуды ұсыныңыз.

Шыны



Пластик



Ағаш



Су



Топырақ




Қағаз




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?







































Сабақ тақырыбы:

Жарық

Табиғи жарық көздері дегеніміз не?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар:табиғи және жасанды жарық көздерін ажырату;



  • Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.


  • Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. Тәуліктің күндізгі және түнгі уақыттарын көрсе­­ тетін cюжетті суреттер.



Интернет-ресурстар:

  1. http://intellect-video.com/2888/2-seriya-pochemuchka-family-online/.



  1. Найзағайдың пайда болуы туралы бейнефильм­ нен үзінді.


Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. әртүрлі жарық көздерінің жарық шығаратынын біледі

  3. табиғи жарық көздерін негізгі белгілер арқылы ажыратады;

  4. күн сәулесінің барлық тірі ағзалар үшін қажет екенін біледі

Сабақтың мақсаты:

1.5.2.1 жарық пен қараңғылықты салыстыру;

1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Жарық табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Жарық майда бөлшектер ағыны әрі электромагнитті толқын болып табылады.


Ай жарығы күн сәулесінің шағылуынан пайда болады.


Күн — қызған газды шар. Күн сәулесіне тура қарауға болмайды.

Кіріспе тапсырма. Сабақты бастамас бұрыноқушыларды позитивтік көңіл күйге келтіру және сабақтың тақырыбына логикалық түрде ауысу үшін “Жарық — қараңғы” деген ойын өткізу керек. Оқы­-тушы рет-ретімен тәуліктің күндізгі және түнгі суреттерін көрсетеді. Oқушылар күнделікті тәжі­ рибелеріне­ сүйене отырып, әр уақыттағы адамның­ іс-әрекетін көрсетеді.

Ойын аяқталған соң, оқушылардан “Неліктен адам қараңғыға қарағанда жарықта тым белсенді болады?” — деп сұраңыз.


Оқушылар “жарықта айнала жақсы көрінеді” деген қорытындыға келуі керек. Адам мен жан-жануар­ лардың табиғатпен қарым-қатынасын қараңғылық шектейді.


Қараңғыда кейбір тіршілік иелері белсенді өмір сүреді, олардың есту, көру және сезу қабілеттері өте жақсы дамыған. Кейбір адамдар өз мамандығы бойынша (дәрігер, өртсөндіруші, полиция, зауыт және фабрикадағы кешкі кезектегі жұмыскерлер) түнгі уақытта жұмыс істеп, күндізгі уақытта ұйықтап, демалады. Түнгі кезекте жұмыс істейтін мамандық иелеріне назар аударыңыздар.


Жұмбақты шеш. Оқушыларға жұмбақты шешудіұсыныңыз. Жақсы оқи алатын оқушыға оқып беруді ұсынуға болады. Неге күндіз жарық? Жерді не жарық­ тандырады? — деген сұрақтар қойыңыз.


Оқушылар күн өз жарығымен біздің ғаламшарды жарықтандырады деп қорытындылауы керек.

Оқулықтағы суреттерді қарастырып және бәй­ шешекті мысалға ала отырып, өсімдіктердің­ дамуына әрі өсуіне күннің тигізетін әсерін талқылаңыз.


Дүниежүзі бойынша 19 сәуірде Бәйшешек күні атап өтіледі. Бәйшешек гүлі — шуақты күннің бастал­ ғанының белгісі. Күндіз жылы және жарық болған кезде гүлдер күлтелерін ашады, ал түнгі уақытта түйіршіктеніп жабылады.

Бәйшешек туралы аңызды айтыңыз.

Ертеде бір Қыс есімді әже өзінің Аяз және Жел деген қызметшілерімен жер бетіне Көктемді келтіргісі келмейді. Бірақ батыл Бәйшешек бой түзеп, жапырақтарын жазып, Күннен көмек сұрайды. Күн ержүрек Бәйшешекті көріп, жер бетіне күн шуағын шашып, Көктемге жол ашады”. Оқушылар күннің өсімдіктердің өсуінде өте маңызды рөл атқаратынын түсінуі қажет.


Мысалдарды салыстырыңыз: “Неге қараңғы уақыт­­ та сауысқан, аю немесе қояндар ойнамайды?”


Күннің шуағы жануарлар мен өсімдіктер үшін маңызды екеніне назарын аудартыңыз. Оқушылардан аю мен қоян туралы қандай ертегі білетінін сұраңыз.


Табиғатты түсіну үшін найзағай сияқты табиғи жарықтың пайда болуы жайлы бейнематериалдардың үзіндісін көрсетіңіз.

Суретке қара. Суретте қандай жарық көзі бей­ неленгенін сұраңыз. Әр суретті бөлек қарас­тыруын­ ұсыныңыз: қалай аталады, қалай жарықтан­дырады?­ Ай жарығының Күн жарығынан айырмашылығы­ қандай?­ “Егер қажет болса, Күннің жарығын қосып немесе сөндіре аламыз ба?” — деп сұраңыз. Оқу­ шылар табиғи жарық көздеріне адамдардың әсер ете алмайтынын түсінуі керек.

Жауабы

Табиғи жарық көздеріне жарық қоңыздары, Күн, жұлдыз, Ай жатады.

Зерттейік. Ауа райы ашық күні далада зерттеужүргізуге болады. Жасалған зерттеулерді белгілеп немесе сурет түрінде түсіріп алу үшін оқушыларға қойындәптер және қарындаш таратып беріңіз. Мүмкіндік болса, қалаға саяхат ұйымдастырыңыз.


Алдын ала қоғамдық орындарда оқушының өзін ұстау тәртібіне байланысты қауіпсіздік техникасы ережесі бойынша нұсқаулық өткізіңіз.


Оқушылар күннің жарығында кімнің тым бел­ сенді болатынын бақылап, бақылау нәтижесін қойын­ дәптеріне түсіруі керек.


Сыныпқа қайтып оралғанда, оқушыларға бақылау нәтижелерімен алмасуын ұсыныңыз. Оқушылар белсенді тіршілік иесі ретінде кімді белгілегендерін­ айтады. Жалпы нәтижелерін жазады, қайталана­ тындарын сызып тастайды.


Бақылау арқылы oқушылар адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің күндізгі уақытта белсенді тіршілік ететініне көз жеткізеді. Адамдар оқиды, жұмыс істейді, спортпен шұғылданады, белсенді демалады және бір-бірімен араласады. Өсімдіктер өседі, гүлдейді және жеміс береді. Үй жануарлары мен аңдар ойнайды, аунайды.





Ойлан! Сұрақты оқып, кері ойлауды ұсыныңыз:“Дүниежүзінде жарық жоқ деп елестетіңіз. Не болады?”. Оқушыларға “Соқыртеке” ойынын ойнатыңыз. Жүргізушіден қараңғыда жол табу оңай болды ма деп сұраңыз. Оқушылардың қауіпсіздігіне байланысты ойынға жеткілікті орынды қамтамасыз етуді ұмытпаңыз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Оқытушы мәтіндегі тірек сөздерді тастап оқиды, оқушылар мәтіннің мағынасына қарап, тірек сөздерді бейнелегенін айтады. Мысалы, “Жерде …(жарықсыз) өмір сүру мүмкін емес. Ай және Күн — … (табиғи) жарық көзі”.

Таңғажайып жарық әлеміне саяхат жасап, оның сырларымен танысамыз.

Shape15

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Жарық көздерін санау. Сандарды салыстыру. “Текше” туралы ұғым.



Текше пішінді зат. Тақырыпты бекіту үшін тек­ шенің қырларында­ орналасқан табиғи жарық көзде­­ рін атауды ұсыныңыз. Оқушы үш жағдайда текшенің үстіңгі қырында не бейнеленгеніне жауап беруі керек.

Жауабы

2, 1, 3.

Бағалау


Оқушы жарықтың не екенін түсіндіре алуы керек.

Сөздерді тап. Оқушылар жұмбақты шешіп, суреттегі қай зат екенін тауып жазады. Қиналып отыр­ ған оқушыларға көмектесіңіз. Қай сурет артық және неге артық екенін оқушылардан сұраңыз.

Жауабы:

Ай, Күн, жұлдыз, найзағай — табиғи жарық көздері. Артығы — түйе. Себебі ол жануар, жарық көзі емес.

Оқушылардың жауаптарын қадағалаңыз. Егер қиналып отырған оқушыларды байқасаңыз, оған қосымша уақыт беріңіз.

Оқушылар табиғи жарық көздерін ажырата алады­ және атайды.

Жарық көздері.

Оқушылар табиғи жарық көзін таңдап бояуы керек.

Жауабы:

Табиғи жарық көздері: найзағай, Күн, Ай, жұлдыз.

Оқушылардың жұмысты қалай орындап жатқанын қадағалаңыз. Егер оқушы жарықтың табиғи көздерін оңай анықтаса, онда тақырыпты жақсы меңгергені. Ал анықтай алмаса, оған көмектесіп, тақырыпты қайта түсіндіру керек.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Жасанды жарық көздері дегеніміз не?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: табиғи және жасанды жарық көздерін ажырату;


  • Оқушылардың басым бөлігі:жасанды жарық көздерінің қажеттілігін білу

  • Кейбір оқушылар:және жасанды жарық көздерін анықтау.

Ресурстар:

  1. тірек сөз жазылған үлестірмелі материалдар жиынтығы;

  2. аппликациямен жұмыс жасау кезінде пайдала­ натын жиынтық;

  3. алғашқы жарық көздерінің суреттері. Интернет-ресурстар. http://svet58.ru/ru/articles/34).

Күтілетін нәтижелер:

  1. күнделікті өмірде адамдардың жасанды жарық көздерін пайдаланатынын біледі;

  2. кейбір жасанды жарық көздерін (шамшырақ, белгі беретін құрал және шамдарды) белгі беру үшін пайдаланатынын біледі;

  3. cабақ барысында оқушының белсенді оқуы ар­ қылы сыни тұрғыдан ойлауын және коммуника­­ тивті дағдысын қалыптастырады.

Сабақтың мақсаты:

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Табиғи жарық көздері әрдайым қажетті жерлерге түсе бермейді. Адам баласына жарықтың қажеттілігі артып, ерте заманнан бері жасанды жарық көздерін ойлап таба бастады. Алдымен от, алау, шырпы шам, кейіннен шырақ, майлы және керосинді шамдар, XIX ғасырдың соңында электр шамы пайда болды. От ең алғашқы жасанды жарық көзі болып саналады. Уақыт өте келе адамдар сапалы жарық көзін майлы тұқымды ағаштарды, майды және табиғи шайырды жағып алуға болатынын білді. Металл өңдеу технологиясын дамыту, шақпақ арқылы тез арада тұтату әдістері алғашқы жасанды жарық көздерін шығаруға және жетілдіруге мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде жарықты кез келген жерге орнатуға, орнын ауыстыруға, жанар­ маймен зарядтауға мүмкін болды. Мұнайды, майды және балауызды өңдеудегі жетістіктер отын­ның керекті фракцияларын (тазартылған балауыз, пара­ фин, стеарин, пальмитин, керосин және т.б.) айыруға көмектесті. Осындай жарық көздеріне шырақ, алау,

майлы шам, кейіннен пайда болған мұнай шамы жатады.


Сабаққа қатысты ескертпелер


Кіріспе тапсырма. Жарық көздерін зерттеу үшінтоптарға бөліп, саяхатқа аттануды ұсынуға болады. Саяхат барысында топ оқушылары тапсырмаларды орындай отырып ұпай жинай алады. Көбірек ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.


Кенеттен жел соғып, дауыл тұрды, теңізшілер болжамды бағытынан ауытқып кетті”.

Оқушылар топты құтқару үшін жағалаудың қай жақта екенін анықтап, оқулықтағы тапсырмаларға назар аударып, дұрыс шешімді табуы керек.

Қала көшесі. Тапсырмада оқушыларға фото­суреттердегі жарық көздерін қарастыру және салыстыру ұсынылады. Бірінші суретте күндізгі уақыт бейнеленген, ал екінші суретте табиғи жарық көзі — жұлдыздар. Бірақ олардың жарығы әлсіз. Алайда қала көшелері жақсы жарықтандырылған. Оқушылар­ көшеге жарық беріп тұрған жарық көздерін атай алады.


Мұғалім қорытындылай келе, екінші суретте адам қолымен жасалған жарық көздері көрсетілгенін айтуы тиіс. Осындай жарық көздері жасанды жарық деп аталатынын түсіндіреді.


Дұрыс орындалған тапсырма топқа ұпай әкеледі.

Shape16 Shape17 Shape18

Жауабы

Жасанды жарық көздері: бағдаршам, үйдегі шамдар, шырақ, витрина, қалта шамы.

Shape19

Сен білесің бе? Оқушылардан құтыда өмірсүретін жын туралы араб ертегісін еске түсіруді сұраңыз. Саяхатты жалғастырарда оқушылар алғашқы жасанды жарық көздерінің пайда болуы туралы тарихи тұрғыда дәлелді суреттерді қолданады.

Жасанды жарық көздері. Оқулықтағы суреткеқарауды ұсыныңыз. Оқушылар күнделікті қолданып жүрген жарық көздерін еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді. Жарық көздерінің қайсысын жиі кездестіресің? Бұл жарық көздерін қайдан көруге болады? Оқушылар күнделікті қандай жарық көздерін қолданады? Топ ішінде тізім құруды ұсыныңыз. Оқушылардың жауабы ұпайларын арттыруға көмектеседі.


Түнде жұмыс істейтін адамдар қандай жарық көзін пайдаланатынын айтыңыз, мысалы, наубайханада, зауытта және фабрикада. Оқушылардан қандай маман иелері түнде жұмыс істейтінін сұраңыз. Біреуі­ нің ата-анасы түнгі уақытта жұмыс істесе, жұмыс ту­ ралы егжей-тегжейлі біліп, сыныпқа айтуды ұсыныңыз.


Жасанды жарық көзі не үшін қажет? Оқушы­ларға тапсырманың сұрақтарына жауап беруді ұсыныңыз. Талқылау барысында оқушылар кейбір жарық көздерін қолдану арқылы біреудің өмірін сақтап қалуға болатынын түсінеді. Оқушыларды саяхат жасауға шақырыңыз.


Дауыл күшейіп келеді. Экипаждың өмірін сақтап қалу үшін тез арада дұрыс шешім қабылдау қажет”.


Суретке қарап, жарық көздерінің қаншалықты маңызды екенін сұраңыз. Шамшырақ пен белгі

беретін құралға ерекше көңіл аудару керек. Адам өмірін сақтап қалу үшін жарық көзінің қаншалықты маңызы бар?


Жауабы


Шамшырақ. Кемелер жартастарға соғылмау немесе суасты үңгірлеріне түсіп кетпеу үшін және жағалаудың­ қауіпті аумағын жарықтандырy үшін қажет.

Үлкен аспашам. Бөлмені жарықтандыру үшін керек.

Көше шамдары. Түнгі уақытта көшені жарық­ тандыру үшін қажет.

Белгі беретін құрал. Белгілі бір арақашықтықта белгі беру үшін керек.

Теңізшілер шамшырақтың (маяк) жарығын көрді”. “Шамшырақ” атты жаттығуды орындауды ұсыныңыз

(орындарынан тұрып орындайды).

Көздеріңді жұмыңдар. Терең тыныс алыңдар. Теңіздің ортасында жартасты жағалау бар деп елестетіңдер. Аралдың ең биік нүктесінде шамшырақ тұр. Әркім өзін адамдарға көмектесетін шамшырақпын деп есептесін. Аралда күшті жел тұрғанда сен қозғалмайсың. Күн демей, түн демей сен мұнара басынан жарық сәулесін шашып тұрасың. Саған адамдар сенеді, көмекке дайын тұратыныңды бағалайды, көздеріңді ашыңдар”.

Сұраңыз: “Шамшырақтың орнында өзіңді қалай сезіндің? Теңізшілерге жол көрсетy сендерге ұнай ма? Сендерге қандай жағдайда сенім артуға болады?”

Ойлан! Оқушылардан далада жанған алауды көргені болса, еске түсіріп, от жалынының күшеюін қимылмен көрсетуді ұсыныңыз. Алаудың қандай жарық көзіне жататынын сұраңыз.

Жауабы

Алау — жасанды жарық көзі. Алау отының жалыны жасанды жарық көзіне жатады.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Shape20

Жарық көзі” ойынын өткізіңіз. Әр топта жарықкөздері бейнеленген бірдей үлестірмелі парақшалар болуы керек. Оқушылар кезекпен тақтаға шығып, суреттерін жасанды және табиғи жарық көздері деп, екі топқа топтастырады. Қай топ тапсырманы қатесіз әрі жылдам орындаса, сол топ жеңіске жетеді.



  • жасанды жарық көздері туралы білетін боласың;


  • жасанды жарық көзін табиғи жарық көзінен ажырата аласың.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек. Шамшырақтың аппликациясы.

Білгір” ойыны. Оқушылар екі топқа бөлініп, жасанды жарық көзін атау бойынша жарысады. Кім қатесіз көп сөз атайды, сол жеңімпаз болады.


Жауабы: шырақ, от, алау, ошақ, белгі беретін құрал, отшашу, шамшырақ, торшер, шам, аспашам, қолшам және т.б.

Бағалау


Оқушылар адамның қандай жасанды жарық көз­ дерін қолданатынын білетін болады.

Үйіміздегі жарық көзі

Оқушылар өз отбасында қолданылатын жасанды жарық көздерінің суретін салады.

Адам өміріндегі жасанды жарық көзінің маңыз­ дылығын түсінеді.

Аппликация

Жұмбақ шешкенде жұмыс парағына аппликация­ дан шамшырақ жасап көрсетеді.

Оқушылардың тапсырманы орындауын қадағала­ ңыз. Егер оқушы табиғи және жасанды жарық көздерін айыра алатын болса, демек ол тақырыпты жақсы түсін­ гені. Ал айыра алмаса, зерттелген затты қайта көрсетіп­ түсіндіру қажет.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Жарық не үшін қажет?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:жасанды жарық көздерін және оның қажет­ тілігін анықтау;


Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. буындарға бөлініп жазылған тірек сөздері бар үлестірмелі парақшалар жиынтығы;

  2. ермексаз, онымен жұмыс істеуде пайдаланы­ латын тақтайшалар;

  3. жаңа жылда мектепте өткізілген ертеңгіліктер­ дегі фотосуреттер.

  4. Интернет-ресурстар:

  5. http://www.youtube.com/watch?v=oppLfQT8X9c қалта шамы туралы фильм;

  6. http://www.youtube.com/watch?v=46wVIs4doYk қытай отшамдарының өрт қауіпсіздігі туралы бейнефильм.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. мектепте жасанды жарық көзін жарықтандыру үшін пайдаланатынын білетін болады;

  3. жасанды жарық көзін қолайлы өмір сүру үшін, жол бойындағы қауіпсіздікті сақтау үшін пайдалануға болатынын біледі;

  4. жарық көңіл күйді көтеретінін, күнделікті өмірі­­ мізді ғажайыпқа айналдыратынын білетін болады.

Сабақтың мақсаты:

1.5.2.1 жарық пен қараңғылықты салыстыру;

1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Қазіргі заманда жарықты пайдаланбайтын жерді табу қиын. Адам баласы жарықты жұмыстан басқа жағдайларда да пайдаланады. Қолайлы өмір сүруіне, өзінің қауіпсіздігі үшін белгі беру құралы ретінде және жол бойында пайдаланады.


Жарық тасымалдағыштар — жарық энер­гия­сын тасымалдайтын аспаптар. Оның ішінде жіңішке қуыс жіп тәрізді, мөлдір талшықты жарық жетектері болады. Жарық екі орта шекарасында толық ішкі шағылу нәтижесінде таралады. Жарық тасымалдағыш­­ тары медицинада,­ фотоаппараттарда сәндік шырақ ретінде пайдаланылады.


Жалтылдақ шамшырақтар (мигалка) —авто­көлік үстінде орнатылатын жарық сигналдарының

бірі. Ол барлық автокөліктерге арнаулы автокөлікті

өткізіп жіберу қажеттілігін ескертеді.


Дала қызғалдақтары — Қазақстанның мақта­нышы. Маусым айында Қазақстанның барлық қорық­ тарында, ұлттық саябақтарда “Қызғалдақ күнін” атап өтеді. Бұл мерекенің негізгі мақсаты — көпшіліктің­ назарын қызғалдақтың сирек кездесетін түрлеріне (Грейг, Кауфманн, Островский қызғалдақтары) ау­ дару. Жойылып бара жатқан Регель қызғалдағы­­ның дүниежүзіндегі жалғыз популяциясы Іле тауларында­ сақталған.


Қызғалдақ мерекесі” дүниежүзі бойынша көп­ теген елде атап өтіледі.


Канадада “Қызғалдақ мерекесін” жыл сайын 600 мыңнан аса көрермен тамашалайды.


Голландияда барлық гүлдерге ерекше көңіл бөледі.


Швейцарияда сәуір айынан бастап, мамыр айы­-ның ортасына дейін Морже қаласында “Қызғалдақ мерекесі” өтеді.


Жапония қалаларында жүздеген әдемі гүлдерден таңғажайып суреттер салынады



Ойлан


Жаңа жыл мерекесінде мектеп қандай жасанды жарық көздерімен безендіріледі? Ол не үшін қажет?


Кіріспе тапсырма. Сабақты бастамас бұрын оқушылардың­ өткен сабақтағы жасанды жарық көз­ дері тақырыбы бойынша білімдерін жетілдіру мақса­ тында мектепте қолданылатын қалташам немесе басқа жарық көзі туралы танымдық фильм көрсетіңіз. Фильмнен соң оқушылардан қандай жасанды жарық­ көздерін көргендерін және оны не үшін қолдана­­ тынын сұраңыз.

Суретке қарап, айтып бер. Оқушылардың назарын суретке аударыңыз. “Мұнда қандай жарық көздері бейнеленген? Олардың әрқайсысы не үшін қажет? Әртүрлі жарық көздері не үшін керек?” — деп сұраңыз.

Жарық жарықтандыру үшін ғана емес, жақсы көңіл күй сыйлау және жанға жайлы жағдай жасау үшін де керек екені туралы әңгімелеңіз. Сабаққа байланысты деректі материалдарды пайдаланып, жарық жетектері туралы айтыңыз.

Зерттейік. Бұл жұмысты топтық жұмыс түрінде ұйымдастырыңыз­. Оқушыларға бөлме ішінде жан-жаққа қарап, қандай жарық көздерін көріп тұрғанын атап беруді сұраңыз. Одан кейін мектеп ішінде асханаға, акт залына шағын саяхат жасаңыздар. Көрген жарық көздерін салуды және жазып отыруды сұраңыз.

Жарық көздерін сипаттау барысында күн сәулесін өткізетін терезелердің үлкендігіне назар аудартыңыз. Егер табиғи жарық көзі ғимаратты толығымен жарық­ тандыра алмаса, онда жасанды жарық көздерін пай­ далану керек екенін айта кетіңіз.

Жауабы

Сахнаны жарықтандыратын софиттер. Қосымша жарық алуға арналған прожектор. Бөлменің бір қырын жарықтандыруға арналған бра. Үлкен аспа­ шам.

Ойлан! “Жаңа жыл мерекесінің қандай ерекше­ лігі бар? Оны безендіру үшін қандай жасанды жарық көздері пайдаланылады?” — деп сұраңыз. Ол үшін мектеп ертеңгіліктеріндегі фотосуреттерді пайда­ лануға болады.


Жауабы:

Ғимараттарды және шыршаны безендіру үшін шам тізбегі қолданылады.

Прожекторлар.

Мерекелік қойылымдар. Оқушылармен сурет­ терді қарастырыңыз. “Мерекелер не үшін қажет? Оны қалай безендіруге болады?” — деп сұраңыз. Жасанды жарық көзін қолданатын мерекелерді еске түсіріңіз. Мерекеде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екенін атап өтіңіз. Сабаққа байланысты деректі материалдарды пайдаланып, “Қызғалдақ мерекесі” туралы айтып кетіңіз.

Оқушылар мерекелердің әрбір отбасын, халықты және елді біріктірудегі маңызын түсінуі керек. Ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрді сақтау біздің бірлігімізді нығайтатынын және басқа мемлекеттермен бейбіт қатынас құруға көмектесетінін атап өтіңіз.

Жауабы:

Ұшатын шам, әр түсті шам тізбегі, алау, отшашу, шам, қызғалдақ сипатты шам.

Қызғалдақ мерекесі. “Қызғалдақ мерекесінің” суретін қарастыруын ұсыныңыз. Мерекеге қандай жарық көзінің қатысы жоқ? Оқушылар дүкен көрме­ лері мен жарнамаларға назар аударады. “Осы жерде жарық не үшін қажет: безендіруге ме әлде жарық­ тандыруға ма?” Күнделікті өмір үшін жарықтың маңы­ зын сұраңыз.

Сен білесің бе? Ұшатын шамдарды тұрғын үй­ лерден, ағаштардан, жанғыш заттардан алыс жер­ лерде ересек адамдармен бірге ұшырады. Егер оны дұрыс пайдаланбаса, өрт қаупі тууы мүмкін. Алдын ала дайындалған бейнежазбаны көрсетуге болады. Оқушыларға кейбір фрагменттерді көрсетпеген дұрыс.


Shape21

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек. Ермексаздан жасанды жарық көздерін жасау.

Өткен тақырыпты бекіту және қол қимылдарын дамыту үшін оқушыларға ермексаздан жасанды жарық көздерін жасауды ұсыныңыз.

1-сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескере отырып, жұмыстарды рет-ретімен орындауға түсінік­ теме беріңіз. Ермексазбен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін еске түсіріңіз.

Оқушылардың өздік жұмысын қадағалаңыз, жол көрсетіңіз және көмек беріңіз.

Мерекелер. Оқушылар дәстүрлі көктем уақы­ тында атап өтетін “Қызғалдақ мерекесіндегі”­ цирк алаңы мен сахнадағы суреттерді қарастырады. Сюжеттік­ суреттердің оң жағында жасанды жарық көздері бейнеленген. Ұсынылған үлгілерді пайда­ ланып, балалар жарық көздеріне сәйкес келетін бос торкөздердегі суретті аяқтайды.

Жауабы:

Жонглерлерде — шырақ; сымда — ұшатын қытай шамы; сиқыршыға шамнан жарық түседі; отшашудың сәулелері; сахнадағы әр түсті жарық шамы тізбегінің бөлігі; сахнаның ортасында — қызғалдақ тәрізді үлкен жарқыраған шам


Бағалау


Оқушылар жасанды жарық көзін қалай қолдана­ тынын түсіндіре алады.

Қай жерге жарық керек? Оқушылар жасанды жарық көздерінің қандай түрін мектепте және үйде қолданатынын белгілейді.

Жауабы:

Сарымен: үлкен аспашам, софит, үлкен прожектор. Қызылмен: теледидар (балалар оны жасыл түспен бояуы мүмкін), білтешам, торшер.

Жасылмен: үстел шамы, үй қабырғаларына орнатыл­ ған шам, төбеде орнатылатын ұсақ шам.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Қараңғы қай кезде қажет?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:қараңғылық дегеніміз жарықтың жоқтығы екенін түсіну;


Оқушылардың басым бөлігі:қарапайым тәжірибелер жасау.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. жұқа, жеңіл көрпе;

  2. селдір мата, бала ойыншықтары;

  3. шам;

  4. трафарет;

  5. сорғыш;

  6. әр түсті гуашь.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. қараңғы дегеннің не екенін біледі;

  3. жарық түскен кезде қараңғылықтың жойыла­ тынын біледі;

  4. зерттеу жұмыстарында ғылыми терминдерді пайдаланады.

Сабақтың мақсаты:

1.5.2.1 жарық пен қараңғылықты салыстыру;

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Қараңғылық — қараңғы деген сөзге сәйкес.Жарықтың жоқтығы, түнек.


Қараңғылық — жарық көздерін зерттеуде қолда­нылатын физикалық құбылыс ретінде қарастырылатын түсінік. Сондықтан қараңғылықты өлшей алмаймыз.



Кіріспе тапсырма


Сабақ басталмас бұрын оқушыларға көзге арнал­ ған жаттығуды жасауды ұсыныңыз.


  1. Айналаның сұлулығын, Көзіңменен көресің. Бүкіл көрген-білгеніңді, Сөзіңменен өресің. Зерделі адам зер салып, Көзбен дүние таниды.


  1. Тура алдыңа қарап көзіңді жұмып, үшке дейін сана. Көзіңді ашып, алысқа қарап, беске дейін сана.


Жаттығуды үш рет қайталау керек.


Қай кезде айналадағы заттар көрінбеді? Неге?” деген сұрақ қойыңыз.


Суреттерді салыстыр. Оқушылар оқулықтағысуреттерді қарастыра отырып, оларды салыстыруы керек.


Бірінші суретте көрсетілген заттардың қай­ сысы бөлмеде бар? Екінші суретте олар неге кө­ рінбейді?” — деп сұраңыз.


Зерттейік. Оқушыларға әртүрлі заттарды тара­тыңыз: көрпе, жұп-жұқа мата. Сыныпты топқа бөліңіз. Әр топ сыныпта өз қараңғы бұрышын жасайды. Оқу­ шылар көрпенің қараңғы бұрыш жасауға ыңғайлы екенін түсінуі керек. Оқушылар өз бұрыштарына ойыншықтарын орналастыруы тиіс.


Әр топ өз бұрыштарына ойыншықтарын ор­ наластырып болған соң, оларға мынадай сұрақтар қойыңыз: “Қараңғы болу үшін не істедіңдер? Қа­ раңғыда өздеріңді ынғайлы сезесіңдер ме? Неге? Ойыншықтарды көріп тұрсыңдар ма? Қараңғыда ойыншықтар неге ұқсайды? Егер қалташаммен жа­ рықтандырсақ, не болады?”


Оқушыларға “Тимошка және Қараңғылық” ерте­ гісін оқып беріңіз. Қараңғылықтан қорықпау керек­ тігін түсіндіріңіз.


Тимошка және Қараңғылық! (қысқартылған)


Ертеде Тимофей есімді бала өмір сүрді. Ата-анасы және достары оны Тимошка деп атайтын. Тимошка жақсы бала болатын және ештеңеден қорықпайтын. Ол тек қана қараңғылықтан қорқатын.


Жаздың бір кешінде ол балалармен көршілес алаңда ойнап жүрген болатын. Кеш батып, айнала қараңғыланып келе жатқанын аңғармай қалады. Ол қараңғылықты байқап үйіне қарай жүгіреді. Көпір астынан жүгіріп бара жатқанда ол біреудің жылап отырғанын естіп қалaды. Тимошка көпір үстінде кішкентай қыздың жылап отырғанын көрeді.


Ол “Байғұс! Түсе алмай отырған шығар” — деп ойлады.


Сен неге жылап отырсың? Қорқып отырсың ба? Қолыңды бері соз, түсуге көмектесейін!


Мен түсуге қорқып отырған жоқпын. Мен басқа себептен жылап отырмын. Менімен ешкім дос болғысы келмейді. Менен барлығы қорқады.


Неге? — деп, бала таңғалады.

Білмеймін. Мен достарымның болғанын қалаймын!


Мен сенің досың боламын! Есімің кім?

Қараңғылық.

Түнде болатын Қараңғылық па? — деп, бала селт ете қалады.


Міне, сен де қорқасың. Мен ешқандай жаманшы­ лық жасамаймын. Менің анам Қараңғы түн және әкем Ақшам Патшасы үйреткендей тек Күннің батуында келемін.


Сен шынымен ешқандай жаманшылық істемейсің бе? — деп Тимошка дір-дір етеді.


Рас!

Мен әлі де сенен қорқамын. Не істеймін?! — Тимошка одан қорқып тұрса да, Қараңғылықты аяп кетеді.

Қараңғылық Тимошкаға қалай көмектесерін біл­ мей отырды. Оларға қарап тұрған Ай:

Сендер достасыңдар. Қараңғылықтың досы бола­ды,­ ал сен Тимошка одан қорықпайтын бо­ ласың, — деді.


Кел, достасайық! — деді бала.

Кел! — деп, Қараңғылық оған қолын созды. Тимош­ ка жымиып, оған қолын берді.


Менің үйге қайтатын уақытым болды. Анам уайым­ дап отыр.


Мен сені шығарып саламын! Олар көше бойымен жүрді.


Сол кезден бері Тимошка Қараңғылықтан қорық­ пайтын болды. Қараңғылық жерге түскенде до­ сына барып тұрады.


Сәлем, досым, — дейді Қараңғылық.

Сәлем, Қараңғылық, — деп, Тимошка жауап береді.


Сен тыныш ұйықта, мен жаман түстерді қуып

отырамын.

Бала тыныштықта демалып ұйықтайды. Қараңғылық досының жанында тұрып, ұйқысын күзетеді.

(Авторы: Мария Шкурина.)


Немесе “Егер де … не істейсің?” атты кітабындағы психолог Людмила Петрановскаяның кеңестерімен таныстырыңыз. Адамдар ежелгі заманда аңдардан қорғана жүріп, қараңғылықтың қауіпті екенін түсінді. Қазіргі заманда балалар өз қиялдарында жасап алған қорқынышты кейіпкерлерден қорқады. Бұл жағдайда өзінің қорқыныштарын суретке салып, құтылуға бо­ лады. Мүмкін болса, қараңғылықтан қорқатын оқу­ шылар үшін психологты шақыртыңыз.

Қараңғылық қажет пе? Сыныпты екі топқа бө-­ліңіз. Бірінші топ параққа кез келген заттың суретін көздерін жұмып салады. Ал екінші топ сол затты көз­ дерін ашып отырып салады. Нәтижелерін салыстыра отырып, оқушылар жұмулы көзбен тапсыр­­маны орындау қиын екендігін түсінеді, қараңғыда­ ештеңе көрінбейтінін біледі. Оқушылардан “Қараңғыда тағы не істеу қиын? Қараңғылық қай уақытта қажет? Қандай жерлерде әрдайым қараңғы?” деп сұраңыз.

Жауабы:

Фотозертхана.

Қойылымды көру уақытындағы кинотеатр залы. Кейде ауруханада, ғылыми зертханаларда. Жатын бөлмесі.

Қараңғы — жарық. Оқушылар екінші суретті қарастырып, келесі сұраққа жауап берсін: “Жарық болу үшін не істеуге болады?”.

Жауабы:

Жасанды жарық көздерін қосу керек.

Ойлан! Қараңғылықты салыстыруды ұсыныңыз. Осы бөлмені басқа бөлмемен салыстырғанда қараң­ ғылау деп айтуға бола ма?

Жауабы


Қараңғылықты өлшеу мүмкін емес, себебі ол өмір сүрмейді. Қараңғылық — физикалық құбылыс ре­ тінде жарық көздерін зерттеу үшін қажет.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Оқушылар сөз жазылған кез келген үлестірмелі парақшаны алады. Жүргізушінің белгісімен олар қарама-қарсы мағыналы сөздер жұбы пайда бо­ латындай бір-бірімен жұп құрып, тұра қалады.


Есте сақта!

Қараңғы — жарық


сәулесінің болмауы,


еш нәрсенің көрінбеуі.


Shape22


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек. Трафарет бойынша әшекейлеу­ техникасы.



Түнде көрген түстің картасын дайындауды ұсыныңыз.

Фигура трафареттерін, қара түсті картон, гуашь, сорғыш, шүберек дайындаңыз.

Оқушылар картон үстіне трафаретті қойып, құр­ ғақ сорғышқа бояу жағып, трафарет қиылыстарын­ бояйды. Трафаретті абайлап алып тастау керек. Өз бетімен суретті жалғастырып салуға болады.

Шамды жақ. Шам жанған кезде қараңғылық жойылады. Ажыратқыштан әртүрлі жарық көздеріне дейін лабиринт бойынша жүріп өтуді ұсыныңыз.


Бағалау


  1. Оқушылар жарық жоқ жерде қараңғылық бола­ тынын түсінеді.


Дұрыс пікірді қоршап сыз. Оқушылар дұрыспікірді анықтауы керек. Қиналған оқушыларға көмек­ тесіңіз, қажет болса тағы да түсіндіріңіз және әр пікірді айқындап беруді сұраңыз.Shape23 Shape24 Shape25

Жауабы

Қараңғы — жарықтың болмауы.

Shape26

  1. Oқушылар қараңғының қай кезде керектігін түсінеді.


Суреттерді белгіле. Оқушылар қараңғылаукерек болатын жерді белгілейді. Тапсырманы орын­ дау барысында қиналған оқушыларға назар ауда­ рыңыз, мүмкін оларға адамдар және жануарлар тәуліктің жарық кезінде белсенді болатынын түсіндіру керек шығар.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Дыбыс

Табиғи дыбыс көздері дегеніміз не?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:табиғи және жасанды дыбыс көздерін ажырату;



Оқушылардың басым бөлігі:экспериментті түсіндіру.


Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

жазуға арналған пластикалық планшеттер;


ермексаз;

фотоаппараттар. Интернет-ресурс:

табиғат дыбыстары туралы бейнефильм (мәселен, http://www.youtube.com/watch?v=wghf4fiuPWE).


Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. табиғи дыбыс көздерімен бірге басқа да дыбыс көздері болатыны туралы біледі;

  3. табиғи (жаратылыс) дыбыстар — бұл табиғи (жаратылыс)­ нысандардан шығарылатын дыбыс­ тар екенін­ түсінеді;

  4. бақылау дағдылары жетілдіріледі, табиғи дыбыс көздерін анықтай алады.

Сабақтың мақсаты:

1.5.3.1 дыбыстың таралуының ерекшеліктерін түсіндіру;

1.5.3.2 дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Біз дыбыс әлемінде өмір сүреміз. Дыбыстардың табиғи көздері бар. Бұларды табиғаттың дыбыскөздері деп те атайды. Оларға сайраған құстарды,жағаға соғылған толқындарды, уілдеген желді жат­ қызуға болады. Олардың барлығы табиғи дыбыстар деп аталатын әуен, жел гуілі, жапырақ сыбдыры се­ кілді дыбыстарды тудырады. Табиғи дыбыс көзінің мысалы ретінде ырылдау, жылау және басқа да дыбыс тудыратын жануардың немесе адамның дыбысын атауға болады.

Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында оқушы­ лардың тыныштық сақтауын және не естіп тұрғанын

сұраңыз. Естілген дыбысты кім немесе не тудырды? Жұмбақты шеш. Жұмбақты оқуын сұраңыз.

Мынадай­ сұрақтар қоюға болады: дыбыстың­ әріп­-тен қандай айырмашылығы бар? (Дыбыстарды біз естиміз және айтамыз, ал әріптерді жазамыз және

көреміз.) Дыбысты ұстауға бола ма?

Табиғи дыбыстар. Суретке назар аударыңыз. Оны суреттеуді сұраңыз. Кейбір оқушыларға шағын әңгіме құруын тапсырыңыз. Оқушылардың қайсысы осындай жерде болғаны туралы сұраңыз. Ол туралы әңгімелеуін сұраңыз.

Суретте қандай дыбыс көздерін көруге болатынын сұраңыз.

Жауабы:

Сарқырама, жел, жапырақтар, еліктің аяғының астында жатқан бұтақтар, аралар, Негеш пен Эврика.

Дыбыстарға еліктеу ойынын ұсыныңыз. Құс қалай сайрайды? Жел қалай соғады? Эврика қалай күліп тұр? “Жарық” тарауымен бірге үйлестікте өткізіңіз: “Жарықтың табиғи көздерін еске түсіріңдер. Оларды неге табиғи деп атайды? Суретте бейнеленген дыбыс көздері табиғи мa әлде жасанды ма? Табиғи дыбыс көздеріне нені жатқызуға болады?” Оқушылар табиғи дыбыс көздеріне табиғи нысандар жататыны туралы шешімге келуі керек. Бұдан басқа осындай дыбыс көздерінен туған дыбыстардың табиғи­ дыбыс немесе табиғат дыбыстары деп аталатынын­ айту қажет.

Зерттейік. Оқушыларды саябаққа немесе мек­теп алаңына апарыңыз. Тәртіп ережелері туралы ескертуді ұмытпаңыз. Алдын ала оқушылардың аллер­ гиясы жоқтығына көз жеткізіңіз.


Оқушылар дыбыстың табиғи көздерін белгілеп және суретін салуы керек немесе атауларын жазуы қажет, мүмкін болса, суретке түсірсін. Адамның сөйлеуі табиғи дыбыс көзі екенін еске түсіріңіз. Ұқсас дыбыс көздерін жазбауын алдын ала ескертіңіз. Мысалы, егер торғайдың шырылын естісеңіз, екінші рет бұндай дыбысты жазбау керек.


Қайтарда топ бойынша бақылау нәтижелері туралы өзара пікір алысуын ұсыныңыз. Оқушылар белсенді нысан ретінде кімді белгілегенін атайды. Жалпы нәтижелер жазылады, қайталауларды ескер­ теді. Одан кейін сынып алдында нәтижелерді талқы­ лайды.

Сен білесің бе? Адам қандай дыбыс шығараты­­нын еске түсіруді ұсыныңыз. (Күлу, жылау, түшкіру және тіпті ықылық дыбысы.) Бұл дыбыстарды көрсе­ туді ұсыныңыз. Кішкентай сайыс өткізуге болады. “Кім барлығынан ұзақ күле алады? Кім шынайы жылай алады?” және тағы басқа осы тәрізді сұрақтар қо­ йыңыз. Бұл дыбыстардың неге табиғи дыбыстарға жататынын сұраңыз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Мұғалім тірек сөздердің буындары бар үлес­ тірмелі парақшаларды топ оқушыларына таратады. Жүргізушінің нұсқауы бойынша оқушылар дұрыс сөзді құрастыра бастайды. Оларды құрастырғаннан­ кейін оқушылар тірек сөздерді дауыстап атайды.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек. Дауыс, дыбыс, дыбыстарға елік­


теу. Ермексаздан табиғи дыбыс көздерін жасау. Математика. Салыстыру. Ерекшеліктерін табу.




Оқушылармен табиғи дыбыс көздері туралы әңгімелесіңіз. Ермексаздан әртүрлі дыбыс көздерін жасауды ұсынсаңыз болады. Оқушыларды бір тобы — құс, екінші тобын — жануар жасайтындай топтарға­ бөлуге де болады.


Бағалау


Оқушылар табиғи дыбыс көздерін ажырата алуы қажет.

Суретке қара. Оқушылар табиғи дыбыс көздерін таңдай алады және оларды бояу керек. Сабақтың соңында сыныпта бағалау кезеңін өткізуге болады: суретті сипаттаңыз, ал оқушылар бейнеленген нысан табиғи дыбыс көздеріне жататынын немесе жат­ пайтынын ажыратады.

Жауабы:

Шұбаршымшық, күліп тұрған қыз бала, ара, тоқыл­­ дақ, мысық.

Айырмашылығын тап. Оқушылар екі иллюс­­ трацияны қарастырады, олардан табиғи дыбыс көз­-дерін тауып, қоршайды. Осыдан кейін оқушылар иллюстрацияларды салыстырады және олардан 5 айырмашылықты­ табады. Тапқан айырмашылық-­ тарын “” таңбасымен белгілей алады.

Жауабы:

Ерекшеліктер: қонжық жалғызаяқ жолға шықты, қоян шөп арасына тығылды, ара гүлге қонды, инелік бұлақ үстінде ұшты, құс ағаш үстінен ұшты.

Табиғи дыбыс көздері: бұлақ, инелік, қоян табаны­ ның астынан естілген жапырақ сыбдыры, ара, то­ қылдақ, қонжық.

Оқушылардың тапсырманы орындауын бақы­ лаңыз. Егер оқушы табиғи дыбыс көзін тез анықтайтын болса, бұл — оның тақырыпты жақсы түсінгендігі. Егер керісінше болса, оған көмектесу қажет және өткен тақырыпты қайтадан түсіндірген жөн.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Жасанды дыбыс көздері дегеніміз не?

Дыбыс қайда тарайды?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:табиғи және жасанды дыбыс көздерін ажырату;


қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.



Оқушылардың басым бөлігі:дыбыстың таралу ерекшелігін түсіндіру;


қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау;


тәжірибелерді түсіндіру.


Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

бөлме өсімдіктері;

табиғи және жасанды заттар;

сызғыш;

таразы.

Күтілетін нәтижелер:


Сабақтың мақсаты:

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Табиғи дыбыс көздері табиғи нысандар мен құбы­ лыстардан пайда болады. Жасанды дыбыс көздерін адам ойлап тапқан. Мысалы, музыкада iшектерді тартып не бір нәрсені соғып, дыбыстар шығаруға болады. Мәшине шуы, балғаның тарсылы, есіктің сықырлауы­ — барлығы жасанды дауыс көздерінен шығатын дыбыстар.


Қазіргі адам тұрмысын теледидар мен телефонсыз, магнитофон дыбысынсыз, интернет байланысынсыз елестету мүмкін емес.

Скрипка — ысқымен ойналатын iшекті музыкалық­аспап. Скрипканың төрт iшегі болады. Скрипка кор­ пусының бүйір жақтарында сопақша қуыстары бар.


Заттан шыққан дыбыс толқынға ұқсас, тас суға түскенде барлық бағыттарға бірдей толқын жайылып таралады. Дыбыс көзі — секундына 16 -дан 20 000 ретке дейін жиілігі бар тербелетін және дірілдейтін, теңселетін физикалық денелер.


Шайбалы хоккей — мұз бетінде, сырғытпатаяқ және шайба (кішкентай резеңке дискісiмен) арқылы ойналатын командалық спорттық ойын. Бұл — хоккейдің ең белгілі түрі. Хоккейдің отаны — Канада.


Көгалдағы хоккей — арнайы синтетикалықжабыны бар алаңда, сырғытпа таяқ және қатты доп арқылы ойналатын командалық спорттық ойын. Голландия, Германия, Испания, Англия, Ирландия, Аргентина, Австралия, Жаңа Зеландияда кең та­ ралған.


Допты хоккей (орыс хоккейі) — мұз бетінде,сырғытпа таяқпен, қатты және кішкентай доппен ой­ найтын командалық спорттық ойын.


Хоккейшілер


Суретке қара. Хоккейшілер қалай тұр?


Олардың барлығы жаттықтырушының дауысын естиді ме?



Shape27

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек. Музыкалық аспаптар, скрипка. Математика. Лабиринт бойынша өту.




Оқушылар табиғи дыбыс көздерін жасанды дыбыс көздерінен ажыратуы керек.


Стадионда. Барлық оқушыға өз бетімен тапсыр­ маны орындауды тапсырыңыз. Mұнда табиғи дыбыс көздерін — көк түспен, ал жасанды дыбыс көздерін жасыл түспен белгілеу қажет. Берілген тапсырманы оқушылардың бірін-бірі бағалауы арқылы тексеруіне болады.

Жұмыстың ұқыптылығына, жылдамдығына, оқу­ шылардың өз таңдауын қалай түсіндіргеніне назар аударыңыз.


Жауабы


Жасанды дыбыс көздері: ысқырық, телефон, құ­ лаққап.


Табиғи дыбыс көздері: жылап тұрған қыз, айқайла­-ған жанкүйерлер, күліп тұрған жанкүйер.




Бағалау


Сайыс ұйымдастырыңыз: бір топ — табиғи, ал екінші топ жасанды дыбыс көздерін атайды. Қай топ көбірек атайды, сол топ жеңеді.


Лабиринт. Оқушыларға лабиринт жолы бойыншаөтуді тапсырыңыз. Сызықтардың жолдың ортасында болуына назар аударыңыз. Жасанды дыбыс көзін белгілеуі тиіс (қоңырау).



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!