Ертегілер елінде /тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертегілер елінде /тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ ертегілері еліне саяхат
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мамай ауылының негізгі орта мектебі» КММ





«ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНДЕ»

/қазақ ертегілері туралы сайыс,

3-4-сынып/







Өткізген: Ахметкалиева К. Ж.













2024 жыл

Тақырыбы: «Ертегілер елінде»
Мақсаты:
ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
- ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
- қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Барысы:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Бүгін біз ертегілер еліне саяхаттайтын боламыз.
- Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай?
- Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» әнін айтайық
- Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
- Ертегілер елінде кімдер тұрады?
- Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
- Ертегілер бізді неге үйретеді?

Ертегілер - халық өмірі, қала берді тек ой жететін, қиял ғана бара алатын өлкелер туралы алғашқы көркем әдебиеттің шағын туындылары.
Ертегі соңы кейіпкерлердің бақытқа, көздеген арманына жол жеткізуімен бітіп отырады. Соның нәтижесінде айтушы да, тыңдаушы да жақсылықтың, бақыттың бар екеніне сеніп, өмірге жігермен қарауға үйренеді.
Ертегілер төмендегідей түрлерге бөлінеді.
1. Қиял-ғажайып ертегілер.
2. Хайуанаттар жайлы ертегілер.
3. Салт (шыншыл) ертегілер.

Қиял-ғажайып ертегілер - адам табиғат сырын әлі анық түсінбей тұрған кезде туған ертегілер. Бұлар ертегілер ішіндегі ең көнесі әрі көбі. Ертегінің осы түрінде табиғаттың, қоршаған ортаның нелер тұңғиық сырлары, соны танымаққа ұмтылған қазақ ойы, білсем танысам деген қазақ арманы, әлемді шарласам, айға жетсем, мұхитты төңкерсем, қу медиен даланы көк жазираға бөлесем деген қазақ қиялы бейнеленген. Сол жолда кездесер жаңалық пен ескіліктің, адалдық пен жауыздықтың, адалдық пен арамдықтың зор арпалысы суреттеледі. Ертегідегі жақсылыққа, не болмаса белгілі бір мұратқа жетсем деген басты кейіпкерге көмектесер Шаңжұқпас. Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысар секілді бейнелер болса, оған қарсы жалмауыз кемпір, жалғыз көзді дәу, дию, жезтырнақ секілді қиялға тән сұмдық құбыжықтар қарсы тұрады. Жамандық пен жақсылық, зұлымдық пен адамдық қарапайым да қым-қиғаш жағдайда күресіп, жақсылық жеңеді.
Қиялға ғажайып ертегілері - оқиға орны және оған қатысушылары, кейіпкерлері де ерекше, уақыт өлшемі басқаша ертегілер. Ертегіде Қыдыр ата, Таусоғар, Желаяқ, Жалмауыз кемпір секілді адам қиялына сыймас кейіпкерлер жер астында, жер бетінде, жеті қат көкте жүреді. Тек қиялға ғана сиятын, ақылмен түсіну қиын оқиғалар жүзеге асып жатады. Қиял- ғажайып ертегілеріне «Ер Төстік», «Алтын сақа», «Күн астындағы Күнікей қыз», «Жерден шыққан Желім батыр», «Еділ-Жайық», «Бозінген», «Ұшар ханның үш баласы» т.б. ертегілер жатады.
Қиял-ғажайып ертегілерінің тағы бір ерекшелігі бұндағы кейіпкерлердін, заттары, құрал-саймандары, т.б. мүлдем бөлек. Мысалы, «Ыста тас» деген кішкене ғана тас тілдің астында жатады. Атын айтса, «Ләббай» деп жауап береді. Нені қаласа, соны жасайды. Ханды жеті дарияның арғы жағына апарып тастайды, немесе ордасымен көшіріп әкеледі. Осының бәрін әп-сәтте, көзді ашып-жұмғанша істейді. «Сиқырлы тас» ертегісіндегі тастың құдіреті де, «Ағаш аттағы» ағаш аттың, кереметі де тыңдаушысын таңқалдырады. «Кедейдің үш баласы» ертегісіндегі Жұмагелдінің қырық құлаш семсерінің күші алапат. Ағасы інілерімен «Сендердің қандай ерліктерің бар?» деп сұрағанда, Жұмагелді: «Денеде қырық құлаш семсерім бар, ол кетсе өлем, ол кетпесе атса да өлмеймін, суға батпаймын, отқа күймеймін», - дейді. Сол семсермен мұратына жетеді.
Басты кейіпкердің төзімі де орасан, «темір етік теңгедей, темір таяқ тебендей» болғанша сапар шегеді. Аптыққа, суыққа, яғни қарапайым адам шыдамас сынаққа көніп, қиындықты жеңіп шығады.
Қиял-ғажайып ертегілері бір қарағанда шындықтан алыс көрінгенімен, ұшқыш кілем, жүйрік тұлпарлардың орнын басар автомобиль, ұшақ, зымыран секілді көліктер өмірімізден орын алады.
Қазақ ертегілерірінің тағы бір мол түрі -
шыншыл ертегілер. Қазақтың дүниетанымындағы, өміріндегі, көзқарасындағы барлық ісін, мұң-мүддесін, тартыс-таласын тек осы шыншыл ертегілерден табуға болады. Мұнда жауыздыққа, топастыққа қарсылық айқын байқалады, яғни халық өзінің нені ұнатып, нені жек көретінін анық танытады. Шыншыл ертегі қазақтың жан дүниесіндегі мұңынан, қайғысынан хабар береді.
Шыншыл ертегілердегі жаман, яғни жағымсыз образ болып хан, бай, билер көрінеді. Бірақ бұл қазақтың бар халқы, байы, биі, молдасы жаман деген сөз емес. Зорлық, қорлау, кемсіту, жылату күштіден, биліктегіден келеді деген сөз. Бұл- мәңгілік тақырып.
Халық әлсізге, нашарға көмектескенді жақсы көреді. Солай істегендіктен Тазша бала бәрінен ақылды болып көрінеді. Мәселе оның бала екенінде, немесе Тазша екенінде емес. Мәселе ақылдың, ойдың алдында адамдардың бәрі бірдей, тапқыр Тазша көпті көрген, «мен білемін» деген ханды, билерді мұзға отырғызып кетеді дегенінде.
Салт-шыншыл ертегілерде қазақтың малшылық-бақташылық тұрмыс-тіршіліктері көрініс береді. Бұнда жылқышы, қойшы, түйеші, тазша, құл, бай, би, хандар образы арқылы сол кездегі тұрмыс-салт, күйеуін сыйлар әйел, ағаның алдын кеспес қыз, әке тұрып сөйлемес ұл қылығын, жорасын көреміз. Халықтың тұрмысы, тіршілігі ертегінің бір бөлігінде көрінсе, екінші бөлігінде дала танымы, елдің, салтын, қазақтың жазылмаған, бірақ бұлжымайтын заңдары сипатталады.
Халық, ертегілері
«Құйыршық», «Қотырторғай», «Мақта қыз бен мысық», «Шудалы торғай», «Күшік пен мысық». «Түлкі мен маймыл» т.б. - салт ертегілер. Бұл ертегілерде ақылға қонатын, тындаушысын сендіретін оқиғалар баяндалады.
«Аяз би» де - сондай ертегі. Халық Аяз би арқылы ақылды, даналықты құрметтейді. Ал басқарғандар өмірімен мынау жаман деп әкелгені ең ақылды, ең білгір, ең данышпан болып шығады.
Мадан ханға Жаман былай дейді: «Тақсыр хан, елу жасқа келіп жаман болған жоқпын, жасымнан-ақ жаманмын. Өмірімде отын-су тасып, өткенім кісінің құлшылығы болды. Сол уақытта шеңгелді әкеп отқа жақсам, пешке жаққан отым ертеңге дейін сексеуілдің шоғындай жайнап жататын еді. Сол уақытта киім жыртып, мал жемейтіп шеңгел отын ретінде пайдаға асады екен-ау деп ойлаған едім. Ал енді қара қоғаны алып, отқа жақсам, отқа жанбайтын еді, үрлесем жалыны мен шоғы бірге сеніп, күлі бұрқырап, үйдің ішін алып кететін еді. Отқа жанбаған соң апарып малға салсам, мал жаманы сиыр да мұрнын шүйіріп жемейтін». Жаманның әр нәрсені бағамдап, бағар көңілі, таразылап тартар талғамы ел билеген ханға да жағады. Халық осыдан ақыл мен тапқырлық, еңбек түбі жеңетініне тағы да сендіреді.
«Аяз бидегі» Жаман ақылымен, көп білетіндігімен ханды жеңеді. Шыншыл ертегілер - ақылға, логикаға құрылған ертегілер.
Хайуанаттар жайлы ертегілер - адамзаттың қоршаған табиғатпен жаңа араласып, аңшылық, бақташылық өмірі басталған кезде туған ертегілер. Мұндай ертегілерде адамдармен бірге жан-жануарлар басындағы оқиғалар, тұспалдар, мысалдар айтылады. Әрі белгілі бір жануарлар, не олардың іс-әрекеттері адамдардың немесе олардың қылықтарының, мінездерінің көрінісі болып ұсынылады. Мысалы, түлкі - қулық, арыстан - қара күш, түйе - аңқаулықтын, символы болып көрінеді.
Ертегілерде белгілі бір кейіпкерлердің (Тазша бала, Қаңбақ шал, Жалмауыз кемпір) іс-әрекеті баяндалады. Ақыл үстемдігін, ой үстемдігін ұлықтайды. Ертегінің қай түрінде де халық өз кейіпкерлерінің аман болғандығын, жамандықты жеңіп, үстем шыққандығын қалаған, сол арқылы балаларын, ұрпағын мол жігерге, орасан оптимистік сенімге баулыған.
«Сиқырлы тас» ертегісінде қойшы арқар мүйізіне қақалып жатқан айдаһарды құтқарып, сый есебінде айдаһардап сиқырлы тас алады. Жігіт басындағы ғажап окиғалар осыдан кейін басталады. Яғни ертегілер арқылы армандарын заттандыра бастағанын көреміз. Қолынан бәрі келер сиқырлы тас арқылы бәрін сатып алуға болатын теңге сұлбасы байқалады. Ұшқыш кілемдер ұшаққа айналғанда халық қиялы жай, өріссіз қиял емес, ұзақ армандап арманына жетті де. «Аю, түлкі мен қойшы» ертегісінде адамдар мен айдар араласа бастаған шақ бейнеленеді. Қасқырдың қойшы туралы айтары:
Атты қойшы
Ашуы қатты қойшы,
Өгізді қойшы
Өлген қойшы, -
секілді өлеңдерден түз тағысы мен адамдардың арақатынасы аңғарылады. Кейін келе-келе ертегілерде хайуанаттардың өзі ғана қалып, әрқайсысы өз рөлін бөліп алғандай. «Түлкі мен ешкі» ертегісінде апанға түсіп кеткен түлкі сияқтыІ алдап түсіріп, өзі мүйізіне шығып құтылып кетеді. Ешкі - аңқау, түлкі - қу.
Ертегі - ауыз әдебиетінің өте ерте, бұрынғы заманнан келе жатқан құнды қазынасы. Ертегі болып аталатын себебі кез келген ертегі «Бұрынғы өткен заманда», «Баяғы өткен заманда», «Ертеде бір бай болыпты, бір перзентке зар болыпты», «Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде», «Ерте, ерте, ертедс қырғауыл жүні қызыл екен, ешкі құйрығы ұзын екен» деп белгілі бір қалыптасқан жорамен, жолмен басталуы оның ежелгі уақыт туындысы екенін көрсетеді. Ертегілерде ел басынан өткен өмірдің ізі бар. Онда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, мұң-шері, арман-мұраты көрініс береді.
Ал хайуанаттар жайлы ертегіде жан-жануарлар тура адамша сөйлеп, кісілердей іс қылады.
“Аю, түлкі және қойшы”, «Арыстан, қасқыр, түлкі, түйе», «Аю, қасқыр, түлкі, бөдене» т.б. ертегілер сөзімізге дәлел.
«Бозінген» секілді танымдық жағы басым ертегіде бозінген зары арқылы ананың балаға деген махаббаты бейнеленген. Осы арқылы әр балаға анасы оны сондай ғажап махаббатпен пен сүйетіні, презентін бар қазынасы деп білетінін қанық түсіндіреді. Бозінген арқылы бар ананың прототипі танылады. Атасы мен енесінің көзінше баласын мейірленіп сүймейтін келін бейнесі ишарамен түйінделеді. Жануарлар жайындағы ертегілерде халық әр кейіпкерге мінезіне байланысты баға беріп, соған сай адамдарды тұспалдап көрсетіп отырған. Бұл арада мән беретін нәрсе хайуанаттар туралы ертегілерде әр халықтың өз тұрмысына тән дүниелері ғана көрінеді. Орыстарда алтын балық байлықтың кілті болса, өзеннен сәл аулақ жүрген қазақ үшін балық бейнесі таңқалдырар кейіпкер емес. Үндінің пілі, арабтың түйесі секілді бейнелер бізде негізгі қосбасшы (авангардтық) кейіпкерлер болмаған.....

1-тапсырма: Балалар өздері білетін ертегілерін айтып береді, немесе төмендегі ертегіні мазмұндап береді.


2-тапсырма: Ертегі кейіпкерлерінің суреттерін салу және суреттерді бояу





Қасқыр мен түлкі

Қасқыр мен түлкі келе жатып бір жартастың үстіне шығады, қасқыр бір қой жеп тойынып алған, түлкі аш. Түлкі жемеген, біраз қайғыланып тұрып, ішін тартады. Қасқыр:
– Түлкім-ау, неге ішің тартасың? – дейді. Түлкі:
– Бір нәрсеге қайран қалып тұрмын. Бұл жартасқа екі рет келдім. Сенің әкеңнің ерлігіне сондай сүйсіндім, осы жартастан әкең баяғыда секіріп еді, баласы әкесіндей секіре алады дейсіз бе, – дейді. Қасқыр оған сеніп «мені де сынап көрші, секірейін», – деп жартасқа үш келіп, үш рет қайтады. Түлкі сақылдап күледі. Қасқыр сұрайды:
– Неге күлдің? – деп. Түлкі:
– Атаңа тартқаныңа күлемін, дәл сен сияқты үш келіп, үш кетіп, төртіншіде секіріп еді, – дейді. Түлкіге сеніп, төртіншіде жартастан секіргенде қасқыр байғұстың құлап түсіп, белі сынады. Досының құлағанын көріп, түлкі артынан келіп, көтеншегін суырып алып, мырс етіп күледі. Қасқыр:
– Неге күлдің, түлкім? – дейді. Түлкі:
– О, ақымақ! Баяғыда әкеңді де мақтап-мақтап секіртіп, көтеншегін суырып жепем, – дейді
.





Түлкі мен тауық

Бір түлкі жортақтап тамақ іздеп келе жатып, биік ағаш басында тұрған тауықты көреді де бұл тауықты алдап қапқаныма түсірейін деп ойлайды. Түлкі:
– Тауығым, неге отырсың биікте? Жерге түс, тілімді алсаң, дос болайық, осы жерде намаз оқып алайық, ойнап-күлейік, – дейді.
Тауық:
– Рас айтасың, түлкім, бесін намазының мезгілі болып қалды, анау жерде имам жатыр, оята ғой, – дейді.
Түлкі қуанып кетіп, биіктегі тауықты жей алмасам да жердегі тауықты жеймін ғой, – деп жүгіріп барса, бір тазы ұйықтап жатыр екен, тұра түлкіні қуады. Түлкі қаша жөнеледі, тауық оны намазға шақырады: «Байтал түгіл бас қайғы». Тазы түлкіні қуып жетіп, алқымынан алады. «Біреуге ор қазба, өз басыңа келер» деген.
Япырмай, тауық қандай, түлкі қандай, түлкіні тауық па еді алдағандай.




Түлкі мен құмыра



Бір әйел далаға егін ора келіп, құмырасын сүтімен шөптің арасына тығып қояды, бұны түлкі көреді де жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын тығып, сүтті ішіп қояды. Енді түлкі құмырадан басын шығара алмай әлек болады.


Түлкі:


Әу, құмыра! Біраз ойнадың жетер, жібер менің басымды? – дейді.


Қалай жұлқынса да басын шығара алмады. Түлкі ашуланып, қап бәлем, тұра тұр, жақсылықпен қалмасаң, сені суға батырармын деп жүгіріп келіп, өзенге құмырамен өзі де бірге батып кетіпті.







Арыстан, қасқыр һәм түлкі


Арыстан ауырып, бір апанда жатады, барлық аңдар оның халін сұрап келіп жүреді. Бірақ түлкі келмеген еді. Қасқыр түлкіге наразы болады да, соның үшін арыстанға келіп, түлкіні жамандайды:
– Түлкі сені құрмет етіп, тым болмаса халіңізді сұрамады ғой, – дейді. Арыстан ашуланып, түлкіні шақырып алады. Түлкі қасқырдың жамандағанын сезеді де арыстанға айтады:
– Маған бекер ашуланасыз, мен сіздің ауруыңызды есіткен соң, бір тыным тапқаным жоқ, сізге ауруыңызды жазатын дәрі іздеп мазам кетті, міне жаңа ғана тауып келе жатқаным еді, – дейді. Сонда арыстан қуанып кетіп:
– Ол не дәрі? – дейді. Түлкі айтады:
– Егер де тірі қасқырдың терісін сыпырып алып, жылыдай жамылсаңыз дегенде, арыстан сөздің аяғын тыңдамастан, қасында тұрған қасқырдың терісін бассалып сыдыра бастағанда, түлкі сөзін айтып болмастан күліп, шығып жүре береді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2025
342
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі