Материалдар / Ертегілер елінде вариатив (ересек топ)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертегілер елінде вариатив (ересек топ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешіге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2020
2718
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат


Мектепалды даярлық тобында «Ертегілер елінде» қосымша сабақ ретінде өткізу бір мақсатты көздейді. Даярлық тобында оқушылардың қиялын, ой – өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту мақсатында жүргізу, сауат ашудың бір бөлігі. «Ертегілер елінде» қосымша сабақты өткізу оқушылардың танымдық қабілетін, жағымды – жағымсыз қылықтарды ажырата білуге дағдыландырылады.

Даярлық тобында «Ертегілер елінде» қосымша сабақ оқушылардың жасерекшеліктерін, психиологиялық даму ерекшелігі есепке алынады. Бұл курстық сабақ балаларды ойлауға, өз ойын айтуға, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелейді. Бұл сабақта жүргізу барысында оқушылар қазақ халқының және де басқа да халықтардың ертегілерімен танысады.

Ертегілердің бай мазмұны мен сан – алуан кейіпкерлерімен танысады. Олардың меніз – құлық ерекшеліктерімен танысады. Даярлық тобында бұл сабақты жүргізу оқушылардың өз бетінше ойлауға пікір, ұсынысын айтуға баулиды. Даярлық тобында бұл сабақ білім негізінің алғашқы баспалдығын қалайды.



Мақсаты:

Даярлық тобында оқушыларды ертегілермен таныстыру арқылы балалардың қиялын, ой – өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.



Міндеттері:

  1. Балаларды қазақ халқының ертегілері мен басқа ұлттардың ертегілерімен таныстыру.

  2. Балаларды ертегі кейіпкерлерінің мінез – құлық ерекшеліктерін ажырата алу білігін дамыту.

  3. Балаларды ертегілер арқылы кішіпейілділікке, адамгершілікке, шанайы достыққа тәрбиелеу.



















Курс мазмұны


Даярлық тобында «Ертегілер елінде» қосымша сабағында балалар әр ұлттың ертегілермен танысады. Сол ертегілер кейіпкерлерінің мінез – құлық ерекшеліктерін ажырата алуға үйренеді. Олар сөздерді еркін қолдануға, өз пікірлерін айтуға, оны негіздеуді, жақсы – жаманды ажырата білуге дағдыланады. Сөздік қорын, тіл байлығын арттырып, кейіпкерлердің обрызына ену қабілетін дамытамыз. Ертегі мазмұнынан адамдардың мінез – құлықтары, ниеттері әр – түрлі екенін балаларға түсіндіру арқылы жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Бұл қосымша «Ертегілер елінде» сабағында оқушылар жауапкершілікті сезінуге тәрбиелейді.

I – IV – тоқсан аралығында балалар «Ертегілер елінде» қосымша сабағында аңдар – жануарлар мен олардың төлдерін ажыратуды, ауа – раый құбылыстарымен танысады. Сондай – ақ бағдарламада балаларды мектепалды даярлықтан өткізіп, оқытудың төмендегідей міндеті қарастырылады:

  • Әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым – қатынасы және өз құрбыларымен баланың ой – өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері көзделеді. Өз отанына, отбасына, халқының салт – дәстүріне көңіл бөлу жолдары қарастырылады.

  • Танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді: айналаны қоршаған өмірмен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін сезіну.

  • Әсемдік даму (эстетикалық) барысында өмірге деген құштарлық пен көркемдік танымды қалыптастырады.


























Тақырыптық жоспарлау

Мектепалды даярлық сыныбы



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Өткізу формасы

1

«Бауырсақ» ертегісімен танысу, рөлге бөлу

1

Ертегімен таныстыру

2

«Бауырсақ» ертегісіне қойылым қою

1

Қойылым қою

3

«Мақта қыз бен мысық» ертегісімен танысу, рөлге бөлу

1

Ертегімен таныстыру

4

«Мақта қыз бен мысық» ертегісіне қойылым қою

1

Қойылым қою

5

«Шалқан» ертегісімен танысу, рөлге бөлу

1

Ертегімен таныстыру

6

«Шалқан» ертегісіне қойылым қою

1

Қойылым қою

7

«Қарлығаш пен дәуіт» ертегісімен танысу, рөлге бөлу

1

Ертегімен таныстыру

8

«Қарлығаш пен дәуіт» ертегісіне қойылым қою

1

Қойылым қою

9

«Қарға мен түлкі» ертегісімен танысу, рөлге бөлу

1

Ертегімен таныстыру

10

«Қарға мен түлкі» ертегісіне қойылым қою

1

Қойылым қою

11

«Түлкі, тасбақа мен сона» ертегісімен танысу, рөлге бөлу

1

Ертегімен таныстыру

12

«Түлкі, тасбақа мен сона» ертегісіне қойылым қою

1

Қойылым қою

13

«Алтын балық» ертегісімен танысу, рөлге бөлу

1

Ертегімен таныстыру

14

«Алтын балық» ертегісіне қойылым қою

1

Қойылым қою

15

«Құмырсқа мен шегіртке» ертегісімен танысу, рөлге бөлу

1

Ертегімен таныстыру

16

«Құмырсқа мен шегіртке» ертегісіне қойылым қою

1

Қойылым қою

17

«Кім күшті?» ертегісімен танысу, рөлге бөлу

1

Ертегімен таныстыру

18

«Кім күшті?» ертегісіне қойылым қою

1

Қойылым қою

19

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр? » ертегісімен танысу, рөлге бөлу

1

Ертегімен таныстыру

20

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр? » ертегісіне қойылым қою

1

Қойылым қою

21

«Ұр, тоқпақ!» ертегісімен танысу, рөлге бөлу

1

Ертегімен таныстыру

22

«Ұр, тоқпақ!» ертегісіне қойылым қою

1

Қойылым қою

23

«Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісімен танысу, рөлге бөлу

1

Ертегімен таныстыру

24

«Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісіне қойылым қою

1

Қойылым қою

25

«Торғай мен адам» ертегісімен танысу, рөлге бөлу

1

Ертегімен таныстыру

26

«Торғай мен адам» ертегісіне қойылым қою

1

Қойылым қою

27

«Ақылды етікші» ертегісімен танысу, рөлге бөлу

1

Ертегімен таныстыру

28

«Ақылды етікші» ертегісіне қойылым қою

1

Қойылым қою

29

«Түлкі мен қоян» ертегісімен танысу, рөлге бөлу

1

Ертегімен таныстыру

30

«Түлкі мен қоян» ертегісіне қойылым қою

1

Қойылым қою

31

«Жеті лақ пен қасқыр» ертегісімен танысу, рөлге бөлу

1

Ертегімен таныстыру

32

«Жеті лақ пен қасқыр» ертегісіне қойылым қою

1

Қойылым қою















































Пәнаралық байланыс.

Даярлық сыныбында балалардың «Ертегілер елінде» қосымша сабағы басқа пәндермен тығыз байланысты. Бейнелеу өнері сабағымен байланысы оқушы ертегіні айту барысында жануардың, аңның немесе тағы да басқа заттарды көзге елестету арқылы мазмұндайды.

Көркем әдебиет, тіл дамыту мен айналамен таныстыру сабақтарымен байланыстылығы ол оқушылардың – рөлді ойнағанда бала тілінің дамуы мен сөздік қорының көбейюіне әсері мол. Сондай – ақ осы шақта қиялдары дамуымен қатар бір – бірін тыңдауға, есте сақтау қабілеттері дамиды. Ауа – райының құбылыстарымен, жыл мезгілдерімен, т.б. танысады.

Сонымен денешынықтыру сабағымен тығыз байланысты. «Ертегілер елінде» қосымша сабағында ертегі қою барысында бір – бірін қуып жету, қашу, т.б. әрекеттері арқылы балалар жинақылыққа, шапшаңдыққа баулимыз.

Сонымен қатар ата – аналарымен тығыз байланыста болады. Себебі балалар көрініс қою үшін өз кейіпкерлерінің сөзін жаттау барысында, оның маскасын жасауда ата – анасымен бірге жұмыс істейді.

«Ертегілер елінде» қосымга сабағы басқа пәндермен тығыз байланысты болғандықтан бұл сабақ берік білім негізінің алғашқы баспалдағын қалайды.































Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Р.Б.Нұртазина, А,Д,Сейсенова «Арман» баспасы, «Мен оқимын, ойламын!» Павлодар 2003 жыл


  1. Ө.К.Хасенұлы «Атамұра» «Ертегілер» Алматы 2005 жыл















































Рецензия


Жазылған бағдарлама вариативті білімнің бір нысанасы болып табылады. Оқу бағдарламасының құрылымы дидактикалық талаптар мен критерийлерге сай жасалған.

Түсінік хатта бағдарламаның мақсаты мен біліктеріне сай қойылған және оқушылардың білімі мен біліктерін айқын анықтауға сүйене отырып жасалған.

Бағдарламады берілген сағаттар мен тақырыптар оқушыларды шығармашылық жұмысқа баули отырып, дүниетанымын қоршаған ортамен байланыстыру және балалардың жеке қабілеттерін ашу сияқты өзекті мәселелерді қамтыған.

Ұсынылған бағдарлама сауат ашу, көркем әдебиет, тіл дамыту, денешынықтыру сабақтарымен тығыз байланысты болғандықтан өз жемісін береді деп ойлаймын.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!