400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертегілер еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарда театр маусымының сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

24 – қаңтар 2019 жыл

Утебаева Гүлзина Жақсылыққызы


Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты: оқушыларды халық ауыз дебиетімен,ертегілермен және ертегі кейіпкерлерімен таныстыру, актерлық шеберлігін арттыру; Ертегілер арқылы балаларды мейірімділікке, адамгершілікке,еңбексүйгіштікке және адалдыққа жетелеу.


Барысы:

Рамазан: Сәлеметсіздер ме, құрметті Ұстаздар, Ата – аналар, Оқушылар!

«Ертегілер еліне саяхат» атты театр маусымына қош келдіңіздер!


Шұғыла: Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Шақырамыз ықыласпен,

Құрметті біздің ата-аналар, балалар, ұстаздар!


Рамазан: Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады.

Шұғыла:

Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады. Кейде өлең түрінде де кездеседі.


Рамазан: «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір ……. болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде» деп те басталады. Ертегі соңы олар «сөйтіп мақсат – мұратына жетіпті» деп үнемі жақсылықпен аяқталады.


Шұғыла: Иә, дұрыс айтасың. Бүгінгі сайысымызда қойылатын ертегілермен таныс болыңыздар:

1) «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісі (2 «Ә» сыныбы)

2)«Дос іздеген бота» ертегісі (2 «Ғ» сыныбы)

3)«Бауырсақ» ертегісі (2 «З» сыныбы)

4)«Ғажап құс» ертегісі ( 2 «Қ» сыныбы)


Рамазан: Енді осы сайыскерлерге әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1)Директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары: .

2) Директордың тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары: .

3) Директордың тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары: .



Шұғыла: Сайысымызды 4 «Ә» сынып оқушысы Тынымгереев Мерейдің орындауында «Бала тілегі» атты әнімен бастаймыз, қабыл алыңыздар.


Рамазан: Шұғыла, сен білесің бе? Орманда сүт әкелемін деп кеткен бір ешкінің лақтарын қасқыр ұрлап кетіпті. Бұл қай ертегі?


Шұғыла: Әрине, білемін, Рамазан. Бұл «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісі емес пе?


Рамазан: Дұрыс айтасың, олай болса, «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісімен 2 «Ә» сынып ұжымын сахнаға шақырайық.


Шұғыла: Осы сен дос іздеген Бота жайлы естіп пе едің?


Рамазан: Әрине, ол – өзіміздің Бота емес пе?


Шұғыла: Жарайсың, Рамазан. Ендеше, осы Бота жайлы керемет қойылымды тамашалайық. Сахнада 2 «Ғ» сынып ұжымы. Қарсы алыңыздар!


Рамазан: Балалар, енді сендер тауып көріңдер. Басына қонған бақытын бағалай алмаған Қадыр туралы ертегі қалай аталады?

Шұғыла: Жарайсыңдар, балалар! Ендеше, сахнаға «Қадырдың бақыты» қойылымымен 2 «З» сынып ұжымын шақырайық.


Рамазан:

Атамнан да қаштым,

Апамнан да қаштым,

Аюдан да қаштым.......


Шұғыла: Рамазан ,сен бізге «Бауырсақ» ертегісін жасырып тұрған боларсың?


Рамазан: Әрине, Шұғыла. Бәріміздің де балабақшадан бастап тыңдап өскен ертегіміз емес пе?


Шұғыла: Ендеше, «Бауырсақ» ертегісімен 2 «З» сынып ұжымының өнерлерін тамашалайық.


Рамазан: Бүгінгі өнерпаздарымыздың өнерін бағалап алғанша сахнаға

4 «Ә» сынып оқушыларын «Кішкентай жұлдыздар» атты әнімен шақырамыз. Қабыл алыңыздар!


Шұғыла: Бүгінгі өнерпаздарымыздың өнерін бағалап, әділ бағаларын беретін әділ қазы алқаларына сөз береміз.


Рамазан: Осымен, «Ертегілер еліне саяхат» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.

Шұғыла: Қош, сау болыңыздар!




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
845
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі