Ашық сабақ.
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Білім беру саласы: Коммуникация.
Мақсаты: Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, ертегілер арқылы тілін дамыту. Диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамыту. Логикалық ойлауын жетілдіріп, адамгершілік тәрбиесіне баулу. Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту. Интонацияларды ажырата алу және оларды айту. Кеңістікте бағдарлану (сахнада, ойластырылып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалу. Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезу. Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу. Ым- ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.
Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, лэпбук, құм терапиясы, релаксациялық жаттығулар.
Оқу қызметінің түрі: Аралас оқу қызметі
Оқудың типі: Кіріктірілген ашық оқу қызметі
Оқу қызметінің барысы: Балалар қонақтарға амандасады.
Психолог: Балалар міне бүгін бізге көп қонақтар келіпті келген қонақтарға амандасайық
Балалар: Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Үлкендерге құрметпен,
Бәріңізге ізетпен
Біздер салем береміз.
Психолог: Балалар ерте ерте ертеде деп не басталатын еді?
Балалар: Ертегі
Психолог: Ендеше балалар біз бүгін ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.
Қорытынды: Бұл ертегіден шығаратын түйініміз балалар көңіл сыйған жерде жер тарлығы оқа емес. Қиын жағдайда бір-бірімізге көмек бере білейік. Ертегі әлеміне бармас бұрын ондағы кейіпкерлер туралы есімізге түсірейікші.Олардың өздеріне тән мінез құлықтары болады: ашулы, қатал, мейірімді, адал, қайырымды. Олай болса балалар алдарыңда екі түрлі бұлт тұр. Бірі күліп тұрған, бірі жылап тұрған. Мен сендерге ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсетемін, ал сендер көрсетілген кейіпкер жағымды ,жақсы кейіпкер болса күліп тұрған бұлтты көрсетіңдер, ал жағымсыз, ашулы кейіпкер болса, жылап тұрған бұлттың суретін көрсетіңдер.Келістік пе?
Балалар: Ия!!!!
Психолог: Ал енді балалар ертегілер еліне бару үшін ертегідегі бақыт құсына айналып, қанатымызды жайып ұшып көрейік. (музыка қосылып, балалар әуенмен құстың қимылын қайталайды).
Психолог: Міне, балалар ертегілер еліне келдік. Ертегілер елі қандай ғажайып. Олай болса балалар ертегілер елінің тыныс тіршілігін, ғажайып табиғатының әсемдігін іштей сезініп көрейік. Ол үшін көк балғын шөпке жайғасып, көзімізді жұмайық. Ертегілер елінің ғажайыптарын сезінуге тырысайық. Күннің шуағы сіздердің өн бойларыңызды жылытып, жүректеріңізді мейірімге, қуанышқа толтыруда. Айналаңызда құстардың әсем сайраған дауыстары естіледі. Гүлден гүлге қонған көбелектерді көруге болады. Айналаңыз жайқалып өскен сан алуан гүлдерге толы. Осы сан алуан гүлден әркім өзіне ерекше ұнаған гүлдердің бірін алып, жұпар иісін кеудемізді кере демалайық. Ертегілер елі сіздің әрқайсыңызға бақыт пен қуаныш шапағын шашуда. Олай болса жайлап көзімізді ашайық.
Тамаша! Қараңдаршы кім келіп қалған.
Саңырауқұлақ: Сәлеметсіңдерме балалар! Ертегілер еліне қош келдіңдер, мен сендерді ертегілер елінің ғажайыптарымен таныстырайын.
Психолог: Сәлеметсің бе саңырауқұлақ.Біздің балалар ертегілер елінің ғажайыптарымен таныс болады деп ойлаймыз.
Саңырауқұлақ: Ал олай болса мен сендерді ертегіні сахналауға шақырамын. Ертегіміздің аты «Саңырауқұлақ саясында» деп аталады. ( Воскобович технологиясы арқылы көрсетіліп, балалар ертегіні сахналайды)
Саңырауқұлақ: Бір күні құмырсқа жаңбыр астында қалды.
Құмырсқа: Қайда тығылуға болады?
Автор: Қараса, алқапта кіп-кішкентай саңырауқұлақ өсіп тұр екен. Жүгіріп барып саңырауқұлақтың әдемі қалпақшасының астына тығылды. Жауын сіркіреп жауып тұр. Бір кезде қанаттары суланып, әрең ұшып Көбелек келеді:
Көбелек: Құмырсқа, Құмырсқа! Үстім су болды, ұша алмаймын. Саңырауқұлақтың астына мен де тығылайыншы!
Құмырсқа: Мен сені қайда кіргіземін?! Өзім де әрең сиып тұрмын, — дейді ол.
Көбелек: Түк те етпейді, көңіліміз кең болса, жер тарлығы оқа емес.
Автор: Құмырсқа Көбелекті саңырауқұлақтың астына кіргізді. Жаңбыр тіпті қатты жауа бастады. Осы кезде саңырауқұлақтың қасына ентіге жүгіріп Тышқан келеді.
Тышқан: Кіргізіңдерші мені! Үстімнен су сорғалап тұр! — дейді Тышқан жалынып.
Құмырсқа: Сені қайда кіргіземіз?! Көрмейсің бе, өзімізге де орын жетпей тұр! — Сығылысып көрейікші?!
Автор: Үшеуі сығылысып, саңырауқұлақтың астын паналайды. Жаңбыр болса, тоқтар емес, шелектеп құйып тұр. Саңырауқұлақтың қасына секіріп Торғай келді.
Торғай: Қауырсындарым су болды, қанаттарым шаршады! Жаңбыр біткенше саңырауқұлақтың астына кіруге бола ма? Демалып, қанаттарымды, үстімді кептіріп алайыншы! — деп жылап жіберді кішкентай Торғай.
Тышқан: Орын жоқ қой, сені қайда кіргіземіз?
Торғай: Өтінемін, жылжып көріңдерші!
Құмырсқа: Жарайды, кіре ғой!
Автор: Құмырсқа, Көбелек, Тышқан жылжып, саңырауқұлақтың астына Торғай ды да кіргізді. Алқапқа осы арада ырғып шыққан Қоян саңырауқұлақты көріп айқай салды.
Қоян: Құтқарыңдар! Менің артымнан Түлкі қуып келе жатыр, қай тесікке тығыламын, қай жерге жасырынамын? Көмектесіңдер!
Құмырсқа: Тағы қысылысып көрейікші, Қоянның түрі сондай аянышты! — деді Құмырсқа.
Автор: Қоян да тығылып үлгерді, дәл сол кезде Түлкі жүгіріп келді. —
Түлкі: Қоянды көрдіңдер ме?.
Барлығы: Жоқ, көрмедік.
Автор: Түлкі саңырауқұлаққа жақындап, тұмсығымен түрткілеп иіскей бастады.
Түлкі: Осы жерде Қоян тығылып тұрған жоқ па?
Барлығы: Ол бұл жерде қалай тығылады, өзіміз сығылысып зорға сидық!
Автор: Түлкі сары құйрығымен әрі-бері бұлаңдатып кетіп қалды. Жаңбыр осы кезде тоқтап, күннің көзі жарқырай ашылды. Саңырауқұ¬лақтың астындағылардың бәрі қуана-қуана алқапқа жүгіре шықты. Құмырс¬қа ойланып қалды: (Вокобович технологиясы)
Құмырсқа: Бұл қалай болды? Алғашында саңырауқұлақтың асты менің өзіме тар еді, ал енді бесеумізге де орын табылып, кішкентай жерге сыйып кеттік!
Автор: Бақ-бақ! — деп бақылдаған Бақаның дауысы естілді. Бәрі қараса, саңырауқұлақ үстінде Бақа күліп отыр. Әй, сендер! Саңырауқұлақтың… — деп сөзін аяқтамастан ол секіріп кете барды. Бәрі саңырауқұлаққа қарап ойланып қалды. Басында біреуінің өзі әрең сыйып, келе-келе бірнешеуіне пана болған саңырауқұлақтың сырын ұға алмай бәрі дал болып қалды. — Ал, сендер қалай ойлайсыңдар?
Психолог: Балалар ертегі сендерге ұнады ма?Ендеше балалар тақтадағы тапсырманы орындайық,тақтада ертегі кейіпкерлерінің суреттері ілінген, бірақ олардың көңіл күйлері әр түрлі сияқты, сендер кейіпкерлердің суреттегі көңіл-күйерін смайлик арқылы сәйкестендіріп көрейікші.
Психолог: Балалар қараңдаршы қоян бізді көріп қорқып тұрған сияқты ендеше оның қорыққан түрін көрсетейік.
Психолог: келесі суретті қараңдаршы нені көріп тұрмыз?
Балалар: Түлкінің суретін көріп тұрмыз.
Психолог: Иә, түлкі бізді көріп таң қалып тұр. Түлкінің таңқалған түрін көрсетіңдер.

Балалар: Аюдың суретін көріп тұрмыз.
Психолог: иә балалар аюымыз мұңайып тұр екен, ендеше қәне аюдың мұңайған қалпын көрсетіңдер.
Психолог: Жақсы балалар енді тақтаға назар аударыңдаршы. Не көріп тұрмыз?
Балалар: кітап
Психолог: Жарайсыңдар! Бұл жай кітап емес, ертегілер елінің кітабы. Қане ішін ашып, біз өткен ертегілерімізге шолу жасап көрейікші. (Лэпбук арқылы )
-
Мақта қыз бен мысық ертегісі (жұмбақ жасырылады)
Үйін жинап ертемен,
Мейіз тауып алыпты.
Мысығы келмеген соң,
Ол өкпелеп қалыпты
Бұл қай ертегі? (Мақта қыз бен мысық)
-
Үш ағайынды бауырлар үш түрлі үй салыпты
Бірі сабаннан, бірі ағаштан, бірі тастан
Тауып көрші канекей бұл қай ертегі?
Үш торай ертегісі ( ертегі кейіпкерлерін атау)
-
Атай өзі салғанын
Көрді өсіп қалғанын
Ары тартты, бері тартты
Тарта алмады
Шалқан ертегісі (кейіпкерлерді санау, реттілігін сипаттау)
Психолог: Балалар осы айтылған барлық ертегіні достық біріктіреді. Қараңдаршы, шалқан ертегісінде барлығы күш біріктіре отырып, достықтың арқасында шалқанды алып шықты. Ал үш торай ертегісінде үш ағайынды торай бірігіп өзара көмек достығының арқасында қасқырдан аман қалды. Мақта қыз бен мысық ертегісінде соңында достықпен татуласып ертегі соңы жақсылықпен аяқталды.
Психолог:Балалардың жұмысын, жауаптарын мадақтау.
Психолог: Олай болса балалар біз қонағымызға өз қолымызбен сый дайындап берейік. Келісесіңдер ме балалар? Балалар: Ия !!!
Психолог: Ендеше алдымыздағы заттарды алып жұмыс жасайық. (Құм терапиясы арқылы сурет салу, топтық жұмыс)
Психолог:Балалардың жұмысын мадақтау.
Саңырауқұлақ: Балалар сендер сондай ақылды, талантты балалар екенсіңдер. Сендердің бүгінгі жасап берген жұмыстарың маған қатты ұнады. Бүгінгі ертегілер еліне саяхаттарың ұнады деп ойлаймын. Менің сендерге арналған сыйлығым бар,соны сендерге табыстайын.
Психолог: Балалар ертегілер әлемінің ғажайыптарымен танысып, көріп білдік.Ендеше топқа оралатын уақыт келді. Олай болса, саңырауқұлақпен қоштасайық.
Саңырауқұлақ: Сау болыңдар балалар келесі кездескенше!
Психолог: Қане бақыт құсына айналып топқа оралайық ( музыка қосылып, балалар әуенмен құстың қимылын қайталайды).
Балалар сендерге ертегілер еліне жасаған саяхатымыз ұнады ма?
Балалар: Ия!!!
Психолог: Олай болса несімен ұнады?
Балалар: Маған құммен сурет салғанымыз ұнады.
Маған ертегіні сахналау ұнады.
Маған смаиликтермен ойын ұнады.
Маған ертегіні сахналау ұнады.
Психолог: Балалар бүгін сендер өте жақсы қатысып жақсы жауап бердіндер сендерге көп рахмет. Осымен оқу қызметіміз аяқталды сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертегілер еліне саяхат

шағым қалдыра аласыз