"Ертегілер еліне саяхат"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ертегілер еліне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілері мен жас мамандарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ертегілер еліне саяхат» 
Мақсаты: Ертегідегі кейіпкерлерді атай білу,заттардын түсін,көлемін ажырата білу.Балаларға қойылған сурақтарға дұрыс жауап беріп, сөздік қорларын дамытып, тіл байлықтарын молайту.Сөздерді анық айтуға,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Достық пен жанашырлыққа тәрбиелеу. 
Әдіс-тәсілі: көрсету,сұрақ-жауап,түсіндіру,әдістемелеу. 
Көрнекіліктер: «Шалқан, жеті лақ пен қасқыр, үйшік» ертегі желісі,бойынша суреттер, аю, түрлі - тусті қағаз, желім, сүлгі, ақ қағаз. 

Шаттық шеңбері: 
Білер қазақ баласы, 
Сәлем сөздің анасы. 
Алдымыздан кезіккен, 
Көп апайды қарашы. 
Бәріңе де ізетпен 
Иіліп сәлем береміз. 
Сәлеметсіздер ме? 

Тәрбиеші:
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? 
-Қыс мезгілі. 
-Қыс айларын атап беріндерші? 
-Желтоқсан,қаңтар,ақпан. 
-Қыс айында ауа-райы қандай болады? 
-Суық,аяз. 
-Далада не жауады? 
-Қар жауады. 
-Қардың түсі қандай? 
-Ақ түсті. 
-Адамдар қандай киімдерін киеді? 
-Жылы киімдерін. 
-Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? 
-Иә. 
-Қандай ертегі білесіңдер? 
-«Шалқан, бауырсақ, жеті лақ пен қасқыр, қызыл телпек, үйшік». 

Бүгін бізде ерекше сабақ болады біз сиқырлы поезға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. (Балалар бір-бірінің иығынан ұстап пойыз дыбысымен журеді) 


1 аялдама
Шалқан ертегісін слайд арқылы көрсету. Бұл қандай ертегі? (кейіпкерлерін айту)
2 аялдама слайдпен жұмыс 
-Бұл қандай ертегі? 
-Шалқан ертегісі. 
-Осы ертегілер кейіпкерлерін атандаршы? 
-Ата, әже, немересі, күшік, мысық, тышқан. 
-Ешкінің неше лағы бар? 
-Жеті лағы бар. 
-Ешкі тамаққа кеткенде лақтарына не айтып кетті? 
- Ешкімге есікті ашпа. 
-Қасқыр лақтарды қалай алдамақшы болды? 
-Өлең айтып. 
-Қане,балалар лақтар туралы тақпақ айтайықшы: 
Балалар:

Шөре,шөре лағым, 
Тентек болма шырағым. 
Секеңдемей деміңді ал, 
Селтеңдемей құлағың. 
* * * * * * 
Picture 4
Балалар тағы да сиқырлы поезға отырып келесі аялдамаға барады. 
3 аялдама: Орман.Сол орманда аю жылап отыр. 
Тәрбиеші: Аю сен неге жылап отырсың, саған не болды? 
Қалай мен жыламаймын, мына жерде үйшік тұрды,мен оған сыймай сындырдым, содан бәрі қашып кетті, кім маған көмектеседі? - деп балалардан сұрады. 
- Балалар аю қай ертегіден келді? 
-Үйшік. 
Тәрбиеші: Жылама аю,біздің балаларымыз сондай ақылды. 
Қане балалар аюдың көңілін көтеріп, аю туралы тақпақ айтып, бойымызды сергітіп алайық. 
Сергіту сәті: 
Қорбаңдаған аюдың, 
Құлпынайы көп екен. 
Теріп,теріп алайық, 
Қалтамызға салайық. 
Тәрбиеші: Аю,саған біздің балаларамыз үйшік жапсыруға көмектеседі.Ол үшін біз топқа қайтайық. 
Аю балаларға рахмет айтып, орманға қайтады.Сау болыңдар,балалар!
Ғажайып сәт: Бауырсақ  секіріп топқа кіреді. 
Балалармен амандасады. 
-Сәлеметсіздер ме балалар? 
-Мені таныдыңдар ма? 
-Иә. 
-Мен кіммін?. 
-Бауырсақсыз. 
-Мен кімнен қаштым? 
-Атадан, әжеден, қасқыр, аю, қоян, түлкі. 
Тәрбиеші: Ал сені түлкі жеп қоймадыма? 
Бауырсақ мен оны алдадым, тулкінің тұмсығына отырмай қашып кеттім. 
-Қане, балалар қарайықшы, бауырсақ тулкіні алдап қайда қашты екен. 
(слайд арқылы көрсету). 
Сіздің балаларыңыз өте ақылды екен,олар маған қайда барғандарын айтып бере алама? 
- Сендер не көрдіңдер,не істедіңдер? 
Егерде сендер маған толық жауап берсеңдер, мен сендерге сыйлық беремін. 
Бауырсақ: мен өз ертегіме барайын, сендерге арнаған сыйлығымды берейін

(сыйлық тарту) cау болыңдар! 





Қорытындылау: 
Балалар бүгін барлығың оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар,тапсырманы жақсы 
орындадыңдар: 

Бәрі бірге:
Орнымыздан тұрайық 
Әдепті бала болайык 
Көріскенше күн жақсы. 
Сау –саламат болайық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2018
337
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі