Ертегілерді түрлендіріп ұсынудың артықшылықтары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертегілерді түрлендіріп ұсынудың артықшылықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада ертегілерді түрлендіріп ұсынудың артықшылықтары мен ұсыныстар берілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елеусизова Саида

Мақала тақырыбы: Ертегілерді түрлендіріп ұсынудың артықшылықтары


Ертегі өскелең ұрпақты адамгершілігі мол әрі жан-жақты азамат ретінде тәрбиелеуде ерекше орын алады. Өйткені ол адам қиялымен ұштаса отырып, жақсылыққа, мейірім мен келешекке оң көзқарас қалыптастырады. Кітапты түрлі техникалар алмастырып бара жатқан уақытта, әсіресе, мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері үшін қажеттілігі жоғары. Ертегісіз, ойынсыз, музыкасыз баланың жалпы ақыл-ойы мен қиялын толық тәрбиелеу мүмкін емес. Өйткені баладағы музыкалық мәдениет пен эстетикалық талғамның қалыптасуында халықауыз әдебиетінің орны зор.

Кез келген қазақ ертегісінің сюжетіне үңілсеңіз, онда халықтың күйбең тұрмыс-тіршілігі, қазақи болмыс-мәдениеті бейнеленген. Осыдан-ақ дана халқымыз бала тәрбиесіндегі ұлттық шығармалардың шоқтығы биік екендігін айқындаған. Қазіргі мектепке дейінгі ұйым педагогтері алдындағы міндет – баланы ойын арқылы арқылы дамыту, таным-қабілеттерін ойын процесінде жетілдіру боп табылады. Мен ұлттық шығармаларды өз тобымда түрлендіріп пайдаланамын. Мысалы, сюжеттік немесе сахналау, кейде театрландыру. Ойын түрін ертегілермен байланыстырғанда үздік нәтижелерге қол жеткізуге болады. Осы тұста ертегі терапиясының бірқатар ерекшеліктеріне тоқталсам:

Біріншіден, шығармашылық психологиясындағы арт-терапияның бағыты.

Екіншіден, баланың сөзге қызығушылығы мен зейінін арттырады.

Үшіншіден, бала тәрбиесіндегі, оның мінез-құлқындағы көптеген кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік береді.

Ең соңғысы, қорқақтықты, ұялшақтықты жеңіп, ішкі сезімді сыртқа шығаруға көмектеседі.

Балабақша балаларының байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың ең ұтымды жолы осы көркем шығармалар екендігін тәрбиешілерге айтқым келеді. Өйткені ол бала бойындағы түрлі қабілеттерді ашуға мол мүмкіндік береді. Бұл педагогикалық үрдіс арқылы баладағы тіл дамыту бір бағытты қамтыса, қуыршақтарды театрландыру арқылы әртістік, сахналау арқылы эмоциясын жетілдіріп, саусақ театры арқылы шығармашылық қабілеттерін шыңдай аламыз. Сондай-ақ көлеңке театрына да ертегіні қосып, фланелеграфия арқылы да түрлендіруге болады.

Өз тәжірибемнен байқағаным, балаларға қуыршақтармен бірге қайталаған, оның қойған сұрақтарын жауап берген, менің тәрбиешімі рөліме еніп сұрағанымнан әлдеқайда қызық. Іс-әрекет барысында олар басқаша ашылады, кейде тіпті қуыршақпен әзілдеседі. Театрландарылыған қуыршақ театрының ішінде ең қолжетімдісі ол- саусақ қуыршақтары. Саусаққа кию арқылы бала сол белгіленген қуыршақ рөліне толық енеді, сөйлеуге дағдыланады. Саусақ театрында көбінесе жан-жануарлар туралы ертегілерді пайдаланымын. Олар төрт түліктің дыбысталуын салып, өз тараптарынан интонациясын ықшамдауға тырысады. Сондай-ақ бала осылай өз бетінше кейіпкер рөлін ойнату арқылы есте сақтау қабілетін де арттырады. Ал эмоциялық дамуына әсері тіптен бөлек.

Тағы да қосатыным үстел үстіндегі театр да балалар үшін қызық. Мұндағы назар аударатын дүние – үстелде құламай тұратын және қозғаған жағдайда ешқандай кедергісіз жүретін ойыншықтарды қолданған ыңғайлы. Фланелеграфия театры бірқатар қадамдардан тұратын әрекеттерді қамтиды. Яғни, алдымен фетр матадан өзімізге қажетті кейіпкерлерді пішу арқылы, оларға сурет саламыз. Кейін оларды жабысғыш арқылы, сюжетке сай жабыстырып отырамыз. Бір жағынан бұл – ұсақ қол моторикасының жұмысын да қамтиды.

Жалпы айтқанда балалар ертегілерді қызығушылықпен сахналайды. Әр бала өздеріне ұнаған рөлді таңдап алып, кейіпкердің жүріс-тұрысын ғана емес, дауыс ырғағын, қимылын, жалпы болмысын шеберлікпен орындайды.

Мектепке дейінгі ұйымдарда ертегілер бала тілін дамытуда, көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда тапсырмас әдіс. Ненің дұрыс, ненің бұрыс, жақсы-жаман әдептерді ажырата отырып, адамгершілік қасиеттері қалыптастады, мінез-құлықтарын ретке келтіреді, түрлі эмоцияларын шығаруға да көмектеседі. Бала эмоциясын сыртқа, айналаға шығару – қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі. Өйткені бірыңғай өзгермейтін жүйеге үйренген, көгілдір экранды тапжылмай көретін бала эмоциясын шығара алмай, тұйық балаға айналуы мүмкін. Сол себепті де ертегілерді түрлендіріп ұсыну балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймайды деп есептеймін.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.03.2025
126
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі