Ертегіні сахналау: "Түлкі, қоян, әтеш"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертегіні сахналау: "Түлкі, қоян, әтеш"

Материал туралы қысқаша түсінік
ертегіні тыңдап, мазмұндарын айту барысында балалардың сөздік қорлары молайып, тіл байлықтары молайяды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы : Коммуникация

Бөлім: драма

Тақырып: «Түлкі, қоян және әтеш» орыс халық ертегісін сахналау

Мақсаты: Ертегі оқиғасын дәйекті орындау.

Міндеттері:

1. Түрлі эмоцияларды жеткізу үшін дауыс ырғағын келтіру.

2. Сөйлеу, есте сақтау, ойлауды дамыту. Қазақ тіліндегі таныс сөздерді нақтылау.

3. Қайырымдылық пен қастық туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру, әлсіз және қорғансыздарға қамқорлық жасау сезімін тәрбиелеу.

Полилингвальды компонент : түлкі- лиса, қоян- заяц, әтеш- петух

Сөздік жұмысы : аңдардың достығы

Технологиялық қамтамасыз ету: ертегі кейіпкерлерінің бейнеленген маска



Кіріспе бөлім


Жылулық шеңберіне жиналу.

Арайлап таң атты
Алтын шуақ таратты
Армысыңдар, достарым!
Сәлем, сәлем, сәлем!


Негізгі бөлім






















































































































Орманда түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйшігі ағаштан болыпты.
Көктем келіп, күн жылынғанда түлкінің үйшігі, әрине, бірден еріп кетті. Жаураған түлкі қоянға келеді.
— Қоян, қоян! Мені үйіңе кіргізші, жылынып алайын!
Жылпос түлкі осылай алдап-сулап, аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып, ақыры оны үйінен қуып шығады.
Қоян жылап келе жатып, иттерге кезігеді.
— Қоян, қоян! Не болды саған? Соншалықты қамығып кетіпсің ғой?
— Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне, баспанасыз тентіреп жүргенім…
— Жылама! Біз ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз! Иттер жиналып, қоянның үйіне келеді.
— Ау, ау, ау! Әй, түлкі, шық қане! Босат, қоянның баспанасын!
— Аха! Шықсам шығайын! Бірақ, мен далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой! Барлығыңды быт-шыт қыламын! — деді түлкі қорқытып.
Иттердің үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлап, тайып тұрды.
«Үйі жоқтың — күйі жоқ» деген. Қоян қаңғи-қаңғи шаршап, тағы да жы¬лай бастайды. Алдынан аю шығады.
— Қоян-ау, не болды? Сонша неге жылайсың?
— Жыламағанда қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.

Жылама! Мен оны қуып шығамын.
— Жо-оқ! Қуып шыға алмайсың. Иттер де қуып шыға алмады.
— Көресің, қуып шығамын. Аю үйшіктің алдына келіп:
— Түлкі, шық! Босат, қоянның үйін! — деп ақырады. Түлкі болса пеш үстінен:
— Шықпаймын. Шықсам саған жаман болады. Быт-шытыңды шығарамын! деп қорқытты. Аюдың үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылу¬ды ойлады.
Амалы құрыған қоян тағы да жылай бастады. Қараса, жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады. Қолында күмістей жарқыраған шалғысы бар.





Қоян, қоян! Неге жылап отырсың? — деп сұрады.
— Жыламай қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
— Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын!
— Жо-жоқ! Қуып шыға алмайсың! Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады. Сен де қуа алмайсың!
— Жүр, көрерсің! Қуамын!
Екеуі үйшік жанына келді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастады.
— Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын!
Түлкі қорқып кетіп: «Қазір шығамын. Киініп жатырмын», — дейді.
— Шөп шабамын, шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпа¬са, оны да шалғынша шабамын! — деп Әтеш қайта әндете бастайды.
Түлкі сасқалақтап: «Қазір-қазір, тонымды киіп жатырмын!» -дейді. Әтеш әнін үшінші рет қайталай бастайды. Түлкінің зәресі ұшып кетеді. Аман-сауында зыта жөнеледі. Сөйтіп, қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.

Қорытынды

бөлім




-қандай ертегіні оқыдым?

-ертегі ұнады ма?

-ертегі кейіпкерлеріне сипаттама бер



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2018
817
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі