2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ертеңгілік

Ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобына арналған ертеңгілік
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ақмола облысы Көкшетау қаласы

38 «Сәуле» бөбекжай-бақшасы

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

тәрбиеші Джетписова Женисгуль Мырзабековна



ЕРТЕҢГІЛІК

«Қош келдің, Алтын күз!»

(мектепалды даярлық топ)


Тәрбиеші: Қош келдіңіздер құрметті қонақтар!

Армысыздар қадірлі әріптестер!

Бармысыздар жас достар!


Балалар хормен: Берекелі, мерекелі Алтын күз құтты болсын!


Тәрбиеші: Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Іс-шарамызды бастайық

 

  • Балалар мен сендерге жұмбак жасырғым келіп тұр , сендер бұл  жұмбақтың шешуін тапсаңдар біздің көптен күткен қонағымыз келеді.  Ендеше сендер дайынсыңдар ма?


1.Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл
Түссе - сары. Бұл не? (Жапырақ)

2.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.(Жеміс)

3. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық. (Пияз)

4.Сырты қатты,

Іші тәтті. (Қарбыз)

5. Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар. (Мақта)

  • Күз айларын атаңдаршы?

Қыркүйек, қазан, қараша


  • Күз ерекшеліктерін?

Ойын: «Көкөніс-жеміс» (тәрбиеші көкөніс атағанда балалар отырады, жеміс атағанда тұрады)


Әуен ойналады

Алтын күз кіреді: Сәлем менің достарым,
                               Өмірге көп қосқаным,
                               Күз сыйлығын алыңдар
                                Сыйлығына қаныңдар.
                               Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.


Хор Ән: «Қызыл, сары жапырақтар»

Қарлығаш сынық қанатымен кіреді: Қарсы алайық бәріміз,
                          Жасымыз бен кәріміз.
                           Қырдан кепті қыдырып,
                           Алтын күз бізге нұр төгіп.

Алтын күз: Сәлеметсің бе, Қарлығаш?! Саған не болды?

Қарлығаш: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы?! Амансыңдар ма, балалар?! Сендердең көмек сұрауға келдім. Мен жылы жаққа ұшайын деп едім, бір балалар маған тас атып қанатымды сындырды.

Алтын күз: Балалар, құстарға тас атуға бола ма? Бұны тек бұзақы балалар жасайды. Кел, Қарлығаш жайғас, балалар саған көмектеседі.

Би қыздар «Қарлығаш»


Тәрбиеші:

Балдырғандар бүгінгі
Еркелігін тастайды
Күз туралы сіздерге
Тақпақтарын бастайды – деп өлең шумактарына кезек береміз.


Тақпақтар


Айзере: Қайың терек басынан

Сарғыш тартып жапырақ

Жерге түсіп шашылған

Жапырақтар қобырап

Аулаларға тарайды


Ерхан: Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауып іздерді

Құс біткен керуен тізеді

Қара бұлт қабағын түйеді


Дания: Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды

Күз әуені кеп жетті

Әнге бөлеп жастарды


Хамза: Жел танымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал терек

Жапырағын жұлғызып


Назерке: Талымды келісті

Тойлады жемісті

Береке салты күз

Мереке-Алтын күз


Мансұр: Көктен көзін бір алмай

Қызғылт тартты кәрі құз

Жер қызығын қия алмай

Маужырап тұр сары күз


Саян: Сап - сары маңай,
Сап – сары тоғай.
Соңғы әнін айтып.
Құс кетті қайтып.


Еркежан: Нұрға бөлеп өмірді

Жырға бөлеп көңілді

Жарқырығын сәулелі

Күз әуені төгілді


Санжар: Алтын сары, қызыл, көк.
Алуан - алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Дилара: Соңғы шуақ төгіліп,

Салқынданып тұр аймақ,

Ақ сәулеге шомылып,

жапырақтар жүр ойнап. 


Нұркен: Жеміс жидек пісті

Қамбаға астық түсті

Қызу жұмыс басталып

Жинап алды жан салып


Мерей: Ән салыңдар, күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік ойнайық


Ойын «Әріптер»

(Әріпке байланысты жеміс-көкөністерді атайды)


Ән Хор «Күз тамаша»


Алтын күз сыйлығын береді.


Қарлығаш жазылып, қоштасып ұшып кетеді









16 Қараша 2020
293
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі