Ертеңгілік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

51 «Арғымақ» балабақшасының

директоры

Клычбаева Р

« »___________2020ж

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңкесі, яғни жемістермен көкөністер салынған себеттер.

Барысы: Әдемі әуен ойналып тұрады, қонақтар орындарына жайғасып болған соң залға балалар кіріп орындарына тұрады.

Тәрбиеші: Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
  Алтын күз-ырыс,береке ала келді.

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық!

 

Құрметті Балалар, ұстаздар! Бүгінгі біздің №11 «Жауқазын» мектепалды даярлық тобы дайындаған «Алтын күз»атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Балалар мен алдымен сіздерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)

Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Балалар желдің дыбысы қаттырақ шығып кетті бізге біреу қонаққа келе жатырған сияқты.Есік қағып жатыр бұл кім болды екен.

Балалар:  күз ханшайымы !

Тәрбиеші: Салеметсіз бе күз ханшайымы. Біздің балалар сізді асыға күтті.

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз ханшайымы: Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам. Армысыздар қонактар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар: Жооооқ.

Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап,

Шақырады жарқын жүз,

Сайраңдаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.

1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.(Жеміс)

2. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық. (Пияз)

3. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да

Айналар нанға да.(Бидай)

4. Сырты қатты,

Іші тәтті. (Қарбыз)

5. Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар. (Мақта)


Күз: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!

Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.

Олай болса біздің балаларымыздың әнін бірге тыңдайық.

Ән: «Күз келді»

Кезекті тақпақтарымызға берейік.

 Қарашы күз келді, күз келді, Амира

Сары алтын жауыпты іздерді,

Құс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неліктен күз енді?


Қара бұлт қабағын түйеді, АбуСайд

Бұталар боз қырау киеді,

Осы ма, осы ма күз деген,

Бақшаға баратын бізбенен.


Сары теңге жапырақ, Рахимахан

Бояған ба көл бетін?

Тоңазыпты топырақ,

Ызғарлы екен желде тым.


Кездескен соң күзімен, Әділбек

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын


Гүл жайнаған даланың, Ақбопай

Жапырағы солыпты.

Таңырқадым, қарадым,

Танымастай болыпты.

Тәрбиеші:Балалар біздің ертеңгілігіміз көңілді өту үшін ойын ойнаймыз ба.

Балалар:Иә

Залға 2 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) балалардың басына Жемістер мен көкөністер маскаларын кигізеді. Балалар Музыкамен барлығы билейді, музыка тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын қайталанады.

Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет!

Тәрбиеші:

Бүгін мейрам, бүгін той,     

Қуанышты күн, біліп қой.                                                                                             

Күзгі бақтай сыңғырлап,                                                                                                 

Алақанды согып қой.

Олай болса тақпақтарымызға кезек берейік.

 


Шоғы толған гүлдей жайнап Медина

Шақырады жарқын күз

Сайраңдаған күліп ойнап

Келді міне алтын күз


Алтын, сары, қызыл, көк, Нұрсұлтан

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


Астық жеміс жиылды, Әмина

Қамбамызға құйылды,

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.


 О, алақай тамаша, Ердос

Шашу шашады жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!


Сап-сары ғып даланы Ақмаржан

Бояпты ғой күз деген

Құстар қанат қағады

Қоштасқандай бізбенен


Би: «Қолшатыр» биі


Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында тағы да бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. ОЙЫН «Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап ал!»Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Қарама қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Қолдарында себеттер. 1,2,3 дегенде бір-бірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол команда жеңеді.

Ойын: «Кім жылдам?» 

Кезекті тақпақтарымызға берейік:

Жетті желмен алтын күз Хадиша

Жеміс жинау салтымыз

Жиып теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.

Көбейді құт береке Жеңіс

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.

Қарашы күз келді күз келді Айлин

Сары алтын жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Көңілсіз неліктен күз енді




Күздің қазан айында Ақзере

Алма алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр сыбдыр түседі.

Келеді көшіп комбайн

Алтын дария егінді.

Жинап маржан бидайын,

Күзіміз неткен көңілді Раяна

Тәрбиеші: күз ханшайымы, балалардың өнері ұнады ма?

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды

Берекелі бақ-дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар балалар,

Келгенше жыл айналып.

Алтын күз мерекесін қортынлау мақсатымен әнімізге кезек берейік.

Ән: «Күзгі вальс»

Тәрбиеші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңызға рахмет!




























51 «Арғымақ» балабақшасы








Тақырыбы:





Тәрбиеші : Нурдаулетова Р.С



11 «Жауқазын» тобы





«Ақтау»2020




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.11.2020
361
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі