Материалдар / Ертеңгілік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге көмек құралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2021
311
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ана бақыт-Ана гүл.»

Джарилкапова Елизавета Тоганасовна тәрбиеші

МКҚК «№28 «Көркем» МДҰ


Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

1-ші жүргізуші: Бар жақсылық күлі әлемге тараған, «аналардың ақ нұрымен жаралған» дей отырып қадірлі аналар ардақты әжелер сіздерді көктемнің күлімдей келген халық аралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі бүлдіршіндерім дайындаған «Ана бақыт-Ана гүл» атты ертенгілігімізді мерекелік шашу етеміз.

Құттықтау сөз кезегін №28 «Көркем» МДҰ меңгеруші Кулетова Римма Урдаевнаға беріледі.

2-жүргізуші: Ана болса қасымда,

Басқа бақыт не керек.

Аналардың жүрегі,

Мейірімді ғой керемет.

Ән: «Анама»

1-ші жүргізуші: Қариясы бар үйдің қазынасы бар. Деп бекер айтпаған.

Қазыналы әжелерімізге балалардың тақпақтарын қабыл алындар.

Әдемі: Әжем менің әлі де, Сырым: Менің әжем-ақ ажем,

Ұқсамайды кәріге. Ұл мен қыздың бағы әжем.

Шай қайнатып береді. Ертегі атып бер десең,

Біздің үйдің бәріне. Айтып берер тағы әжем.

Таир: Менің әжем-жыр әжем, Любовь: Таусылмайтын өлені,

Шуағы мол нұр әжем. Күнде айтып береді.

Аман-есен жүр әжем. Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

Ән «Әжеме»

Музыка әуенімен Күн кіреді.

Күн: Сәлеметсіздерма балалар, сендер мені таныдыңдар ма?

Балалар: Күн

Күн: Дұрыс айтасындар балалар. Бүгін әжелерді, Аналарды, Апайларды, қыздарды құттықтауға келдім.

2-жүргізуші: Рахмет саған Алтын күн! Бүгінгі балалардың дайындаған тақпақтарын тынданыз.

Алдияр:Мені жақсы көреді, Алихан: Мен гүлдерді жұлмаймын,

Күндей күліп келеді. Торғайларды қумаймын.

Көп ертегі біледі, Айтқан сөздін тыңдаймын,

Маған айтып береді. Апашымды сыйлаймын.

Жалғас: Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа.

Сыйлы болады өзі де,

Ұлкен болған кезінде.

Айзере: Әр сөзімді жатаған, Бекзат: Біз доспыз гүлдермен,

Жүрегімде сақтаған. Текке оны жұлмаймыз.

Анашым деп мақтанам, Той күні бір-бірден

Айналайын ақ анам! Аналарға сыйлаймыз.

Али: Ақ анашым, аппағым

Өзің жайлы тақпағым.

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

Күн:Қандай керемет балалар. Мен ойын ойнағанды жақсы көремін.

1-ші жүргізуші: Ендеше «Күнмен жаңбыр» ойының ойнаймыз.

Күн: Мен сендерді жақсы көремін. Сендерге сәулемді төгемін.

Енді көнілімді көтеріп билегім келіп тұр.

«Орыс» биі

Күн: Балалар, аспанға қайтаның уақыт келді, бірақ сендерді жақсы көремін.

Қоштасуға тура келді сау болындар.

2-жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық күніміз.

Бақытты да, ұзақ өмір сұрініз,

Қуанышты жүзінізбен әрқашан.

Бұл өмірде қуанып қана жүрініз.

Балалардың аналарымызға арналған тақпақтары бар. Қабыл алыныздар!

Нұрсая: Құстар келіп көктемде, Линда: Баққа гүл қонғанда

Ағаштар да гүлдеді. Біз оны жинаймыз.

Қырдан теріп қызғалдақ Мереке болғанда

Апам үйге әкелді. Анаға сыйлаймыз.

Санжар: Тату тәтті жүреміз.

Біз қыздарды жақсы көреміз,

Әрқашанда оларға басымызды иеміз.

Абдулазиз: Анашым анам, Ералы: Өскенде мен ал енді,

Сенініз маған. Аралаймын әлемді

Үмітінді ақтап, Сыйлық әкеп әжеме,

Азамат болам. Таң қалдырам бар елді.

Жазира: Жетілдіріп санасын,

Мәпелеген баласын.

Құтты болсын мерекең,

Менің асыл анашым.

Музыка әуенімен ортаға, Көктем келеді.

Көктем: Сәламатсыздар ма! балалар, қонақтар, Айнала қандай тамаша.

Күн нұрын шашып кетіпті. Мен сендерге асыға жеттім. Мерекелерініз кұтты болсын!.

1-ші жүргізуші: Көктем қош келдініз.Біздің балар сізді асыға күтті.

Біздің балаларымыздын өнерлері бар.

2-жүргізуші: Қуыршақтар көнілді,

Шақырағымыз ортаға.

Тойымызға сән беріп ,

Би билейді қуана.

«Қуыршақтар» биі

Ойын: «Қыздарға гүл сыйлау.

1-ші Жүргізуші: Балалар , қарандаршы бізге кішкентай теңізшілерімізде өз өнерін көрсетуге келіп калыпты.

Би: «Теңізшілер»

Көктем: Рахмет сіздерге, балалар! Сендердің мерекелік концерттерің маған қатты ұнады. Енді мен басқа да елді мекендерге кетуім керек. Құрметті аналар, әжелер! Көктемгі күннің сәулесіндей әрқашан жарқырап, жадырап жүре беріңіздер, мерекелеріңіз құтты болсын! Сау болыңыздар!

(Балалар Көктеммен қоштасады)

1-ші Жүргізуші:

Мерекені қарсы алып,

Мәз болғанда барша жұрт.

Гүл ұсынып қыздарға,

Сыйлық бердім мен өзім – дей отырып, «Құлыншақ» ІІ кіші тобының балалардың дайындаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.

(Балалар сыйлықтарын таратып береді)

2-ші Жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыз көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды,

Осымен біздің бүгінгі концертіміз аяқталды, келгендеріңіз үшін көп-көп рахмет, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар!


























Тәрбиеші. Сариева Қарлығаш Аскаровна

«№28 «Көркем» МДҰ МКҚК


«Армысын-Әз наурыз».

(Залға музыка әуенімен жүргізушілер, балалар кіреді)

1-ші жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ата – аналар, әріптестер!

Наурыз тойы , көктем тойы,

Жаналық болсын дейітін өмір бойы.

Биылда былтырғыдай ақ көбейсін,

Елдегі бақыт, байлық бақ көбейсін.

Наурыз тойы құтты болсын ата-аналар,

Наурыз тойы құтты болсын апайлар.

Жыл сайын тойлайтын мәнгі бақи,

Наурыз тойы құтты болсын баршамызға.

(Әже, Наурыз қызымен кіреді (шашу шашады.)

Ұлыс он болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсан жол болсын.

Елімізде тыныштық,

Наурыз құтты болсын!

Армысын –Әз наурыз ертеңгілігімізге қош келдініздер.

Ертенгілімізді ашылу салтанатын . Римма Урдаевнаға беріледі.

2-жүргізуші: Наурыз тойы аңсап келген,

Ата-бабам жырлап келген.

Той думанның жалғасы деп,

Той бастарды бастайық.

Бүгінгі тойдың басы болсын деп «Наурыз» әнін тыңданыздар.

(Ортаға садақ жебесі түседі.)

1-ші жүргізуші: Балалар мынау кімнің жебесі болды екен.

А-а-а-а-а бұл мергеннің жебесіғой. (Мерген кіреді)

Мерген: Сәлем балалар. Менің жебем мұнда қалай ұшып келген. Не думан?

2-жүргізуші: Бүгін Наурыз мерекесі «Құлыншақ» тобында той болып жатыр.

-Төрлет мерген қонақ бол.

-Сен қалай мерген атандың?

Мерген: Мен кішкентай кезімнен асық атып жүріп мерген болдым.Келіндер сендерге де үйретейін.

Ойын «Асық ату»

Мерген: Ойын ұнады ма?

1-ші жүргізуші: Мерген отырыңыз қонақ болыныз. (мерген төрге отырады)

Жайнатамыз бар гүлді.

Сайратамыз бұлбұлды,

Төгілтеміз ән жырды.

Тойлатамыз бұл күнді дей отырып.

Балаларымыздың Наурыз тойына арналған өлең шумақтарына кезек берейік.

Айзере: Жыл басы­-Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Нарыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды!

Жазира: Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр-әніміз.

Алдияр: Уа, ағайын халайық.

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтын

Наурыз тойы бастайық!

Санжар: Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық, бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.

Абдулазиз: Наурыз-бұл мереке

Құтты болсын береке

Қыдыр ата келсін

Жақсы тілек әкелсін.

2-жүргізуші: Өте жақсы балалар. Біздің тойымызға тағы бір қонақтар келе жатқан сияқты.

Келе жатса тау біткен бүлкілдейді.

Төбесі түндіктердің желпілдейді,

Тауларды соғыстырған таусоғарды

Көруге көп халайық елеңдейді.

Таусоғар: Ух жеттім ау. Мұнда не болып жатыр?

Жүргізуші: Наурыз тойы болып жатыр келініз төрге шығыныз. Бүгін балалардың күшін сынаныз, дем алыныз.

Таусоғар: Е-е бұларын дұрыс екен. Шынымен дем алайын.

«Күш сынасы»

Жүргізуші: Кен болсың қазағымның керегесі

Кетпесін алла берген берекесі

Алаштың баласына кәсіп болсын

Құтты болсын наурыз мерекесі

Балалардың дайындаған ән шумақтарына жол береміз.

Нұрсая: Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналған,

Бүгінгі жыр әніміз.

Алихан: Наурыз тойым, Наурыз тойым.

Құтты болсын халайық,

Қане, достар, қане, достар,

Шырқап әнге салайық.

Әдемі: Наурыз келді алақай

Кел билейік балақай

Бізде қарап тұрмайық,

Тойға шашу шашайық.

Бекзат: Алақай-ау, алақай!

Наурыз келді, балақай!

Халық тойы тойлайды,

Әсем әнге салады-ай!

1-ші жүргізуші: Мынау не деген жел біреу жүгіріп келе жатқан сияқты.

(Желаяқ кіреді.)

Желаяқ: Аяғым бір орында тұра алмайды, жүгіре бергім келеді.

Аяғыма тас байлап алдым.

2-жүргізуші: Жүгіріп шаршаған шығарсың. Демалыныз. Наурыз тойын бірге тойлайық.

-Біздің керем қыздарымыз «Домбыра» биін билеп береді.

Би: «Домбыра»

1-ші жүргізуші: Балалар бізге тағы бір қонағымыз келе жатқан сияқты.

Сақұлақ кіреді.

Сақұлақ :Мен балабақшада наурыз тойы тойланып жатыр деп естідім.

Наурыз мерекеленініз құтты болсын.

Жерге жатта қалып.

Мен аттың дұбірі естіледі.

Біреулер шауып келе жатқан сияқты.

2-жүргізуші: Ия, Сақұлақ бұл біздің балалар биін билегісі келіп тұр.

Би «Бәйге»

1-ші жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық

Би билеп, өнеріменен тамсанайық

Анызбен, бізге жеткен.

Балардың әнің қарсы алайық

Ән «Наурыз достық» мерекесі.

2-жүргізуші: Жаңбырмен жер көгерер, батаменен «ер өсер» дегендей әжелерімізден бата сұраймыз.

Әже бата береді.

1-жүргізуші.
Жарқырасын Сұлужандай жеріміз!
Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,
Малға толып жатсын барқыт беліміз!
2-жүргізуші:
Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен боз балам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!

Береке бол ешқашанда тозбаған!

Осымен дайындаған шағын мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі Наурызда кездескенше аман сау кездесуімізге алла нәсіп етсін. Қош сау болыңыздар!




















Тәрбиеші: Тукетова Г.Б.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!