Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ертеңгілік
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Наурыз – думан» мерекелік қойылымы.
Мақсаты: балаларға ұлттық салт – дәстүрді таныстыру. Қазақтың ұлттық өнерінен, мәдениетінен тәлім – тәрбие беру. Ұлтжандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Сахнада, көпшілікте өзін – өзі ұстауға дағдыландыру.
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құсты сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
Наурыз тойын жұп жазбай
Қошеметпен қарсы алайық.
Досқа құшақ ашайық.
Өлең-жырға басайық.
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық.
(Әже шығады)
Тәрбиеші:
Наурыз - бақыт пен шаттық
мерекесі.
Наурыз – көктем мерекесі. Ендеше «Наурыз
Көктем» әніне кезек берейік.
ӘН: «Наурыз
Көктем»
Тәрбиеші: Көктем тойы – әніміз,
Көркем өнер сәніміз
Өлең-әнмен той сәнін
Өрнектейміз бәріміз.- деп, балалардың жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар. (Тақпақтар)
Ақбота:
Наурыз тойы – береке
Наурыз тойы – жыр, аңыз
Қызық думан құрамыз
Желкілдетіп гүлдерін
Жер анамыз жайнады
Алихан:
Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!
Аяжан:
Наурыз келдi
елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.
Дильназ:
Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қауышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты
Мадияр:
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Димаш:
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
Имран:
Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Кәусар:
Наурыз келді сан құрып
Жасарып жаңғырып
Құлпырды жер мен көк
Мейрім таң күліп.
Болат:
Наурыз тойы — салтанат,
Наурыз тойы — мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Алуа:
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден –
Құтты болсын, Наурыз!
Арсен:
Ақ қар кетіп қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп.
Шаруаның ұлы кенелген.
Күн мейрамы ежелден –
Құтты болсың бұл Наурыз!
Айсұлтан:
Наурыз самал, наурыз таң,
Қалың орман ұйқысынан оянған.
Сағынышпен қауыштырған жұптарды,
Жылдың басы, он екі айда тоғысқан.
Иса:
Наурыз тойы — елдің тойы,
Көктем тойы — төлдің тойы.
Ән айтатын күні бойы
Жақсы көрем Наурыз тойын!
Айбар:
Көз тігіп Күнге барлығы,
Бүршігін жарса әр гүлі.
Халыққа бақыт тілеген,
Бұл Наурыздың жарлығы.
Айлин:
Қауымға қалың дүр болған,
Шаттыққа бөлер жыр болған.
Шапағат төккен мейірлі,
Бұл Наурыз ғой нұр болған.
Даниал:
Тілегін айтып ұнаған,
Арылса туыс күнәдан.
Көңілде күдік қалдырмас,
Бұл Наурыз – шын адам
Аяна:
Қырға көшіп келеді елім
менің,
Малын жайып, салатын төріне егін.
Наурыз туып, жан бітті дүниеге,
Жасыл нұрға малынып төңірегім.
Айбатыр:
«Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы
кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар».
Райымбек:
Байқадым бұл күн –
дүбірлі,
Молшылық, мейір маңайым.
Басты ұран тойда бүгінгі –
Береке, бірлік, ағайын!
Амина:
Қош келдің, Наурызым төрлет
бері,
Қыр төсін жауқазындай өрнектеді.
Тіршілік тамырына нәр жүгіріп,
Жадырады адамдардың келбеттері.
Зере:
Наурыз айы
келгенде,
Күн шуағы
шашылып.
Жылғалардан су
ағып,
Ақ әжелер
құлпырып.
Наурыз көже
пісіріп,
Қонақтарға
тартамыз.
Сафия:
Біз бақытты
баламыз
Бақыт тілеп
баршаға,
Ақ тілекті
дос-жаран
Құтты болсын
мереке
Тәрбиеші:
Наурыз тойын
бастаймыз
Бимен оны қостаймыз- деп, сұлу қыздарымыздың
биіне кезек берейік. БИ:
«Қамажай»
Тәрбиеші:
Ой балалар жарайсыңдар,
бәрекелді. Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет
түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған.
Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін
жырлаған. Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл
өнері, бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Наурыз көбінесе
жарыс пен ойын мерекесі. Бұл мерекені жастар ерекше бір
ыждаһаттылықпен күткен. Өйткені бұл күні әнмен жарысқан, шешен
қыз-жігіттеріміз әзіл-қалжыңмен айтыс өнерін тамашалаған.Олай болса
назарларыңызға қыз бен жігіттің айтыс өнері
ұсынамыз. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз
деп түсінген дүл-дүл айтыскерлер Тлеухан Алихан мен Қабылтай
Сафияны қошеметпен қарсы
алайық.
Айтыс:
Алихан мен
Сафия
Алихан:
Халықтық мейрам
тойында
Кім айтысар
менімен
Айтыс айтыс
болады
Айтысқанда
теңіңмен
Сафия:
Айтыс айтыс
болады,
Шықса ақын
теңімен
Шешен болсаң
көрейін
Айтысып көр
менімен
Алихан:
Бес нәрседен қашық
бол
Бес нәрсеге асық
бол
Қос алдың ба мән
беріп
Қанша болды санап
көр
Сафия:
Бірге төрт бес
болады,
Оны бәрі
біледі
Сен дейсіңбе
саусағын
Санай алмай
жүретін
Алихан:
Құрбым кімге
күлесің,
Өзің нені білесің,
?
Онға дейін
қиналып,
Санай да алмай
жүресің.
Сафия:
Бәтеңкеңнің
бауында
Байлай алмай жүруші
ең.
Үйрендің бе,
жидеңді,
Теріс қарай киюші
ең?
Алихан:
Олпы—солпы
кигенің,
Ойыңда не
түйгенің
Намысыма
құрбыжан,
Наурыз күні
тимегін.
Хормен:
Ұлы наурыз
бәріңді,
Татулыққа
шақырған.
Тоқтатпасақ
айтысты,
Сөз қалған ба
ақыннан.
Тәрбиеші:
Балалар, қонақтар сүйінші Қыдыр ата келе
жатыр. Қош
келдіңіз!
Ұлыс күні қазан
толса
Ол жылы ақ мол
болар
Ұлы кісіден бата
алсаң
Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата
сұраймыз.
Қыдыр ата (Алихан) бата
береді.
Ұлыс бақты
болсын
Әр күніміз жақсы болсын
Достығымыз берік болсын
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын
Ұлыс бақты болсын
Төрт түлік ақты болсын
Ұлыс береке берсін
Пәле-жала жерге енсін
Қайғы уайым жоқ болсын
Тәрбиеші: Халқының әдеп-салтына
Ойлана қарап түйін түй.
Шаттығын сыйлап жалпыға
Жалғаса берсін ән-күй, би!- деп, кезекті сері жігіттерімізің биіне береміз. Ұлдардың биі: «Батырлар»
Тәрбиеші: Қасиет
еткен халқымыз,
Жаңғыртар
дәстүр салтымыз
Сән
салтымен ел көрікті
Салт
дәстүрді сыйлау үлкен міндет, -деп,
кезекті
салт дәстүр рәсіміне береміз.
(Ата-аналар салт
дәстүр көрсетеді)
Тәрбиеші:Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік
мәні зор салт дәстүрге бай
халық. Наурыз
тойында ұлттық ойындардың да ерекше мәні бар. Олар: қыз қуу,
аударыспақ, күш сынасу, арқан тартыс, асық ату, т.б. Олай болса,
сол ойындардың бірнешеуін
тамашалайық.
1. «Арқан тартыс»
ойыны.
2. «Күш сынасу» (білектесу)
ойыны. Шарты: Екі бала білек күшін сынасады.
Шынтақты үстелге тіреп қойып күш
сынасады.
3. Ал қыздарымызбен мына ойынды ойнаймыз. (Көрпешелермен)
Тәрбиеші: Ал енді ата-аналармен ойынға кезек
келген сияқты: «Асық ату»
(Бұл ойында қоржындағы асықты алу арқылы,
ата-аналар сұрақтарға жауап
береді.)
1-асық: Сүйінші қай уақытта
сұралады?
2-асық: Базарлық деген
не?
3-асық: Сүндет той туралы түсінік
беріңіз?
4-асық: Тілашар қай кезде
жасалады?
5-асық: Ұлттық тағамдарды
атаңыз?
6-асық: Қазақша жыл санауды ретімен
айтыңыз?
7-асық: Қонақтың қандай түрлері
болады?
8-асық:
"Ұлыс" деген сөз
қандай мағынаны
білдіреді?
а) мемлекет ел
ә) жаңа күн
б) мейрам
9-асық: Суырып салма ақындардың өлең түріндегі сөз жарысы
а) айтыс
ә)жарапазан
б)жар -
жар
10-асық:
Сабантой кімдердің
құрметіне арналған
той?
а) дихандар мен бағбандардың
ә)жаңа туған балаға
б)тек қана жастарға арналған
Тәрбиеші: Тамаша, рахмет. Ал, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар, бүгінгі Ұлыстың ұлы күнгі - Наурыз мерекесін жақсы көңіл-күймен өткізуге ат салысып қатысқандарыңызға көптен-көп рахмет! Келер Наурызға төрт көзіміз түгел уайым-қайғысыз, аман-сау болып, тоқшылықпен жетейік - деген игі тілекпен мерекелік бағдарламаны аяқтаймыз. Мерекемізді бәріміз бірге «Қара жорға» биімен аяқтайық!
1.Ән: «Наурыз көктем»
2.Тақпақтар
3.Би: «Қамажай»
4.Айтыс
5.Қыдыр ата бата
6.Ұлдар биі: «Батырлар»
7.Салт дәстүр
9.Ойындар (Арқан тартыс, күш сынасу, қыздар ойыны)
10.Ата анамен ойын
11.Аяқтау (Қара жорға) биімен
Наурыз-көктем акелді таңның
шуағын
Наурыз-көктем акелді таудың бұлағын
Наурыз-көктем жайнайды далам гүлдері
Наурыз-көктем алмағаштары
гүлдеді
Наурыз-көктем, шуағын
төккен
Әкелді байлық еліме
Наурыз-көктем асығып жеткен
Әкелді бақыт жеріме
Наурыз-көктем молшылық,
байлық ,береке
Наурыз-көктем асығып жеткен мереке
Наурыз-көктем думанды тойда қалайық
Наурыз-көктем косылып әнге
салайық
Наурыз-көктем, шуағын
төккен
Әкелді байлық еліме
Наурыз-көктем асығып жеткен
Әкелді бақыт жеріме
Наурыз-көктем, шуағын
төккен
Әкелді байлық еліме
Наурыз-көктем асығып жеткен
Әкелді бақыт жеріме
Наурыз келді құт
болып
Мына бізге сүт
болып
Аққа ауызмыз
толады
Бар жақсылық
болады.
. Ашылды да
кебеже
Дәм әзірлеу
басталды
Әжем наурыз
көжеге
Жеті түрлі ас
салды.
Ақжол:
Меніменен
айтысар,
Пысық қызың қайсың
бар.
Қолдан келсе
әзілдеп,
Маған сынды
айтыңдар.
Анель: Айтысуға
өзіңмен
Шығып тұрмын
алдыңа.
Күн аттарын
білмеуші-ең,
Жаттап оны алдың
ба?
Екеуі
бірге:
Тәрбиеші: Әр адам келер жылдан үлкен үміт
күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ
кимешекті ақ әжеміз наурыз көже әкеле жатыр. Қош келдіңіз!
(музыка)
ӘЖЕ: (Қолында тостаған, наурыз
көже)
- Амансыздар ма, құрметті қонақтар, балалар,
көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз құтты болсын,
әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ
мол болсын! Қайда барса жол
болсын!
- Балалар, менің қолымдағы не? Онда не бар
деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар. Бұл Наурыз көже. Наурыз
мерекесін наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Сендерге
сұрақ
- Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып
дайындайды?
- 7
түрлі
- Қане атап
беріңдерші?
- Сүр ет, сүзбе, бидай, құрт, тары, май,
тұз
- Дұрыс айтасыңдар. Наурыз көже ең дәмді, әрі
тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде үлкен тайқазанға
пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып
қалған.
- Ал, қонақтар жыл бойы тоқшылық болсын,
дастарханымыз кең жайылсын деген ақ тілекпен наурыз көжеден дәм
татыңыздар.
(ата – аналар алдына үстел қою, Наурыз көже
құятын тостағандар қойып, құйып
береді)
ӘН:
«НАУРЫЗ»
Тәрбиеші: Осымен Наурыз мерекесіне арналған
ертеңгілігіміз аяқталды.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты
болсын!
Тақырыбы: Қош келдің, Әз
Наурыз!
Тәрбиеші:
Наурыз айы жүректерге нұр
сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр
көктем
Жарығымен, шуағымен Күн -
Ана
Алып келдің жер бетіне нұр
көктем!
Осыншама
жақсылық,
Алып келдің
Наурызым!
Төрлет бізге нұр
болып,
Шуақ шашып нұр
жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты
болсын!
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан
түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы
ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтан да
халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп
атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз
мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние
жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге,
адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл
тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан «Қош келдің, Әз Наурыз!»
ертеңгілігіне қош
келдіңіздер.
Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді.
Осындай мереке күні ауылға барып, әжелерімізді Ұлыстың ұлы күні
наурыз мерекесімен құттықтап
қайтайық.
Тәрбиеші балалармен бірге ауылға музыка
ырғағымен кіріп келеді. Онда көже ішіп отырған аталар мен әжелер
қонақтарды орындарынан тұрып қарсы алды. Әже балаларға наурыз көже
ұсынады.
Тәрбиеші: Әже, Наурыз көже өте дәмді екен.
Оны қалай дайындадыңыз?
Әже: Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз
мейрамының негізгі тамағы.
Оған 7түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан
қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал
наурыз көже тоқшылық
белгісі.
Әжелер, Халқымыз Жаңа жыл табалдырықтан
аттағанда жалғыз сәуле жарық болмас деп төрге қос шырақ жаққан
екен. Жыл бойы «ақ мол, дән таусылмасын, жауын шашын көп болсын»
деген ниетпен Қыдыр күні ыдыс атаулыны ырысқа (тары, бидай), аққа
(сүт, айран), кәусар бұлақ суына толтырады
екен.
Әжелер ортаға шығып шырақ жағып көрсетеді,
алдын ала дайындаған ыдыстарға қажетті тағамдар мен суға
толтырады.
Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу
рәсіміне кезек берейік.
Ойын: «Арқан
шарту»
Батыр: Бәрекелді балалар.
Тақпақты сондай жақсы айтады екенсіңдер. Ал енді Күш
сынасуға, әркімнің өз ептілігін сынауға уақыт келіп
жетті.
Ойын: « Күш
сынасу»
Наурыз қыз: Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді.
Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. Өйткені, бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.
Сондықтан да, тойшылар бір-біріне «ақ мол болсын», «сауар көбейсін» деген тілектер айтады. Халық аңызы бойынша Қыдыр баба барлық босағаны аттап, қуаныш әкеліп, жақсылық шашады екен.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар, Наурыз мейрамы құтты болсын! Сіздерге денсаулық, бақыт тілейміз, ақ мол болсын! Олай болса бүгінгі наурыз мерекесіне арналған «Күлімде, Наурыз күлімде» атты ойын-сауық шарамызды бастайық!
Наурыз тойын әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды. (Ортаға әже шығып Наурыз көже әкеледі).
Әже:
Ашық болсын қас қабақ,
Таспен атқанды аспен ат
Бейтаныс та, таныс та
Бүгін төрде бас қонақ
Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта тағы бар
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар
Әже:
Ау, аталар, аналар!
Айналайын балалар!
Жеп-ішсін деп тамсанып
Жеті түрлі дәм салып
Наурыз көже пісірдім
Құйдым алтын табаққа
Құлшыныңдар тамаққа
Бұл көжеден татыңдар
Бар қызыққа батыңдар.
Бас қосылып бойыңа
Аман-есен жетейік
Келер Наурыз тойына.
Келесі Наурыз тойында кездескенше қош сау болыңыздар!
Айтыс:
Жүргізуші: Кең даламның
ежелгі,
Қазақ деген
халқымыз.
Басқа ұлттан
өзгеше
Айтыс өнер
салтымыз.
- Ұлыстың ұлы күні
–
Наурыз тойында ұлттық ойындардың да ерекше
мәні бар. Олар: қыз қуу, аударыспақ, күш сынасу, арқан тартыс, асық
ату, т.б. Олай болса, сол ойындарды
тамашалайық.
[b]1. «Қыз қуу»
ойыны.
2. «Арқан тартыс»
ойыны.
3. «Күш сынасу» (білектесу)
ойыны.
Тәрбиеші:
Иә, дегенмен ауа райы
аздап салқын, айнала әлі қар. Олай болса, біз шуағын шашқан алтын
сәулелі, қасиетті жер ананы
ата-бабаларымыздан
жалғасып келе жатқан аластау рәсімін
жасауға ортаға Жер ананы
шақырайық.
(Музыкамен жер ана
шығады).
Аластау
рәсімі:
Алас, алас пәледен
алас,
Алас, алас жаладан
алас,
Алас, алас жаманнан
алас,
Көзі жаманның көзінен
алас
Тілі жаманның тілінен
алас,
Елімнен алас, жерімнен
алас,
Алас, алас! Алас,
алас!