Тақырыбы: Аналар – асыл қазынам!
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің
ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға,
әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: Көктем ханшайымы
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал – жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, бесік, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б
Ертеңгіліктің барысы
(Әсем безендірілген залға балалар кіреді).
Жүргізуші: Жарайсыңдар. Енді әдемі
орнымызға отырамыз.
Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті
апалар, құрметті әріптестер! Сіздерді алда келе жатқан 8 наурыз
халық аралық аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз
аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты
болсын!
Жүргізуші: Балалар, аналарымыздың мерекесі бекер көктем айында емес. Себебі, көктем келіп, күннің шуағы бізге қалай жылуын сыйласа, аналарымызда күн сиақты өздерінің жылуымен балаларын аймалайды.
Ғажайып сәт.
(музыка ойналып, залға Көктем
кіреді).
Ару
көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтын,
Түбіне тал екенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге.
Жылуын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне тіршілігін
сыйлаймын.
Жүргізуші: Амансың ба, Ару көктем? Ұлан -
байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол
төге бер.
Көктем: Балалар міне қыс кетіп, мен де келіп қалдым. Бүгін сендер менің алғашқы мерекемді, аналар мерекесін тойлап жатыр екенсіңдер. Жарайсыңдар.
Жүргізуші: Олай болса, балалар көктемге арнап жаттаған тақпақтарымыз бен әндерімізді айтып берейік.
Тақпақтар:
Амина: Жыл басы Наурыз мереке
Ақ нұрға әлем боянды
Аналар тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.
Айкөркем: Ару көктем неткен көркем
Жаңғырғандай жайнап өлкем
Тамылжыған құстар әні,
Жарасқандай гүл көктеммен
Ғиззат: Осы күнді бар бала
Тағатсыз ақ күткенді
Өз қолымен жасаған
Сыйлайтұғын сәт келді.
Муса: Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп тойлаймыз
Қыздарды да құттықтап
Мерекесін тойлаймыз
Жүргізуші: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Ән: «Көктем келді»
Көктем: Жарайсыңдар, өнерлі балалар екенсіңдер!
Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа
толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті
аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл
алыңыздар.
Тақпақтар:
Бағым: Жылылықтан жаралған
Құшағы оның таң мекен
Менің айдай анамнан,
Асқан сұлу бар ма екен?
Жасмина: Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағында қысылмай
Ақмейір: Сыйлайыншы гүлімді
Теріп алған даладан
Мейрамыңыз бүгінгі
Құтты болсын анажан
Сымбат: Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз!
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жүргізуші: Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық
Ән: «Анажаным»
Би: «Ұлдар биі»
Жүргізуші:
Бүгін наурыздің 8 -
і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Әжелерге айтар лебізі.
Жүргізуші: Балалар біздің әкеміздің анасы сендерге кім болып келеді? Ал анамыздың анасы ше? Балалар: Әже
Жүргізуші: Жарайсыңдар. Бүгінгі мереке
күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар
үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз
сіздерге арналады құрметті әжелер.
Тақпақтар:
Раяна: Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін
Темірлан: Әжем менің ақ әжем
Аппақ әжем пәк әжем
Басқалардай емессің
Сүйкімдісің әрі әжем
Ернұр: Мейірімді әжелер
Балалар кеп бата алар
Қалтасына кәмпит сап
Немереге апарар
Нұрбек: Менің әжем жыр әжем
Шуағы мол нұр әжем
Ақ таяққа сүйеніп
Аман есен жүр әжем
Жүргізуші: Ана біздің Күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Балаларды қуантып,
Би билейік бүгін біз- деп, келесі кезекті ұлдардың орындауында «Жігіттер» биіне берелік.
Би: Жігіттер
Жүргізуші: Балалар біз анамыздың айтқанын тыңдап, ұқыпты болуымыз керек. Қанекей 2-3 бала келіп Ханшайымның гүлдерін жинап берейік. Ханшайымға көмектесейік. (Гүлді бірге жинап көктем ханшайымға береді).
Көктем ханшайымы: рахмет сендерге балалар!
Балалар: Сау болыңыз!
Жүргізуші:
Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт,
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық бердім мен өзім – дей отырып, ортаға қыздарымызды шақырып би билейік.
Жүргізуші:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
Бәріміздің не анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақта жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлана – анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!
Жүргізуші:
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Аналар – асыл қазынам!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік: 8 Наурыз аналар мейрамы - ересек топ

шағым қалдыра аласыз