Материалдар / Ертеңгілік "Алладиннің сиқырлы шамы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгілік "Алладиннің сиқырлы шамы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік "Алладиннің сиқырлы шамы" Балабақша, бастауыш сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік. Алладиннің қатысуы арқылы жаңа жыл мерекесін жаңаша тойлау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2022
1015
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алладиннің сиқырлы шамы»

Балабақшаға арналған жаңа жылдық кеш (Сценарий)

Қатысушылар: Джафар, Алладин, Джин, шам, Аяз ата, Жасмин, балалар, қоян.

Сахна артындағы дауыс

Жаңа жыл керемет мереке! Жаңа жылдан барлық адамдар таңғажайып күтеді. Жаңа жылдың қызығы мен қуанышы ертегілер әлемімен жалғасып ортаны думанға толтырады.

Джафар: Тамаша! Қанша жылдық ізденісімнің нәтижесі.Таңғажайып үңгір! Мына үңгір толған алтын екен дейді. Мұның бәрі қайдан келген? Мұның бір сыры бар. Бір сиқырлы шамы бар деуші еді? Осы сиқырлы шамын іздеп тауып алайын. Сонда менен асқан бай болмайды. Хахаха

Үңгірдің алдына келіп:

Иең кеп тұр үңгірім, Тұрғанда ешкім байқамай

Акалай -макалай үңгірім сүф.

Үңгір ашылмайды, Сонда үңгірден дауыс шығады

Сен кімсің? Тыңда, менің ішіме тек бір адам ғана адам кіре алады, оның жүрегі таза, әрі шыншыл адам болуы керек.

Джафар: Тек бір адам кіре алады? Мен оны табуым керек

Жан – жағына қарап шығып кетеді.

Ол кезде Алладин достарымен билеп көңіл көтеріп жүреді

Би: «Алладин»

Сол кезде алаңда хабарлама айтылады:

Клоун: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Бағдад елінде бұрын соңды болмаған «Жаңа жыл мерекесі тойланғалы отыр» Келіп тамашалап, ойын ойнап, ән айтып, би билеп өз өнерлеріңізді көрсетіңіздер

Алладин: Ол не мейрам? Мереке қалай тойланады? Онда кімдер болады?

Клоун: Жаңа жыл керемет мереке, онда басты кейіпкер Аяз ата мен оның немере қызы Ақшақар. Олар өз өнерлерін көрсеткен жандарға сыйлықтар тарту етеді екен.

Алладин: Қандай тамаша! (таң қалып)

Сол кезде Джафар келеді

Джафар : Алладин, мен сені осы Аязатамен кездестіре аламын. Ол үшін сен менің бір сұранысымды орындауың қажет.

Алладин: Сен кімсің? Ол не сұраныс?

Джафар : Менің есімім Джафар. Бір үңгір ішінде менің шамым бар, сол шамды алып келсең Аяз атаны да көресің , әрі зор байлыққа кенелесің

Алладин келісіп үңгірге келеді

Алладин: Мына үңгір қалай ашылады екен ? Жаңа мереке туралы айтып жатыр еді, мүмкін ән айтып берсең ашылатын шығар?

Хор « »

Сахнаға Жасмин келеді

Жасмин: Алладин мен сенің үңгірге кеткеніңді естіп, саған көмектесуге келдім. Бала кезімде сұлтан әкем үңгірді ашатын сыйқырлы сөз бар екенін айтқан. Ол сыйқырлы сөзді мына қоян ғана біледі екен.

Алладин: Қандай керемет! Ал қоянжан сыйқырлы сөзді айтып бізге көмегіңді көрсет.

Қоян: (Микрафонды қоянға апарып, сырттағы дауыс қоян болып сөйлейді) Сәлеметсің бе Алладин! Әрине мен сен сияқты жүрегі таза, шыншыл балаға көмектесемін. Бері жақында –деп құлағына сыбырлап сыйқырлы сөзді айтады.

Алладин: Рахмет саған қоянжан! –деп үңгірге жақындап сыйқырлы сөзді айтады:

Иең кеп тұр үңгірім,

Аша ғой қақпаны кірейін,

Тұрғанда ешкім байқамай

Акалай -макалай үңгірім сүф.

Үңгір ашылып Алладин мен Жасмин үңгірге кіреді

Жасмин: Айналада бәрі ұлпа қарлар сияқты жарқырап тұр

Аладдин: Мұндай көп байлықты бұрын соңды көрмегенмін. Қарашы Жасмин мұнда Джафардың айтқан шамы бар екен. Бірақ біраз шаң басып қалыпты. (шамды женімен сүртеді, музыка ойнайды, Жын шығады)


Джин:
Мен Жын - ежелгі ертегіденмін,
Бұл құпия емес,
Мен шамның ішінде 5000 жыл отырдым.
Шамның иесі кім болса, сол менің әміршім.
Әміріңізге құлдық!


Аладдин: Сен кімсің?


Джин: Таныған жоқсын ба? Мен сенің құлыңмын тақсырым. Не бұйырасың? Тез арада орындаймын.Тасқа айналдыр десең, тасқа айналдырамын.Қатырып таста десең қатырамын.Сенің кез - келген әміріңді орындауға дайынмын!

Жасмин: Міне ғажап

Алладин: Мен Алладин боламын. Мен жаман іспен айналыспаймын. Кез келген әмірімді орындаймын дейсің бе? Олай болса Аязатаны сыйқырлап ортаға келтірші.

Джин: Ләппай тақсыр. (шам ішінен ойыншық аязатаны шығарады)


Жасмин: Жоқ, Аяз ата – ойыншық емес, ол тірі адам!


Джин: Олай болса, бұл Аяз атаны шам ішіндегі тоңазытқышқа сап қояйық. Себебі, ол суықты, мұзды жақсы көреді. Суықта тұрып өсіп, үлкейеді.
(Ойыншықты тоңазытқышқа салады)


Алладин: Джин! Аяз атамыз үлкейгенше бір көңіл көтеріп би билейік.


Би: «Кавбой »


Джин: Мен тоңазытқышты ашып көрейін. Ал сендер балалар Аяз атаны шақырыңдар.
Балалар: Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!
(Атаны айғайлап шақырады, Джин сыйқырлы сөзін айтады, Аяз ата пайда болады)

Джин: Мынау тұрған жасыл шырша,

Қасында жоқ Аяз ата.

Күтіп тұр ғой бар бала

Кел ортаға Аяз ата,

Акалай -макалай сүф Аяз ата.


Джин: Бар байлығы асып тасқан,

Сый - сияпат алып келген.

Шық ортаға Джафар бай,

Айналаға шуақ шашқан.

Акалай -макалай сүф Джафар бай.


Алладин: Жамандыққа жолама,

Жолаған жан оңа ма?

Халқыңа бол мейірімді,

Шуағыңды шаш қашанда.

Ешкімнің әмірін орындама,

Қайта кірме шамыңа.

Шамнан сені шығарамын,

Бостандыққа бар самға.

(Джинге бостандық сыйлау керек)


Аяз Ата: Ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан

(Балалармен амандасады.)

Ақшақар; Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен Барыс жылына аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Қоян жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелетін жыл болсын деймін.

Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел.

Қоян: Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар.

Жүргізуші: Иә, барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.

Аязата: Ал енді біз келместен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.

Жүргізуші: Сәлем, достар, аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Кәне, шашу шашайық,
Тойлап, көніл ашайық.
Жаңа жылдық би

Жүргізуші: Жаңа жырды қарсы алайық,

Би де билеп ән салайық.

Жаңа жылдың тойында,

Жол берейік ойынға. 1 ойын,

Жүргізуші: Бишілерден қалыспас,

Әншілер көп ортада.

Тойдың сәні әнменен,

Ән салмасақ бола ма? 1ән
Жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алып,

Әсем әнді біз салдық.

Күтіп тұр ғой бишілер,

Бишілерді қарсы алдық 1 би
Аяз Ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтардың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.
 Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,. Аспандарын ашық болсын! Қош болыңдар!
 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!