Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қымбатты қонақтар мен сүйкімді балалар! Бүгін біз «Алтын күз» мерекесін атап өтеміз!
Бақшаға балалар келді тым ерте,
Әдемі көйлектер киді олар
Өйткені ........
Балалар: Бүгін бақшада той думан.
Жүргізуші: Олай болса, мерекемізді тақпақтармен ашайық.
Тақпақтар: Алия, Іңкәр, Алуа, Малика, Дилара
Алия: Жаздыгүні бидайдан,
Бал иісі шығады.
Күздігүні бидайдан,
Нан иісі шығады.
Іңкәр: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап,
Алуа: Келші, келші алтын күз,
Келші, келші жарқын күз.
Мерекені жалғастырып,
Ойнап күлші алтын күз.
Малика: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Дилара: Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын күз.
Қала да, дала да
Жанның бәрі жарқын күз.
Жүргізуші: Ормандағы жалғыз аяқ жолмен Күз кезіп келеді. Тек қарағай жапырақтары сарғыш тартпай қаз қалпында тұр. Айналадағы жапырақтар жамырап, ұшады кеп қалтырап. Алтын күз біздің өлкеге асық. Ендеше Алтын күзді ортаға шақырайық.
Балалар: Алтын күз, бізге қонаққа кел!
(Әуенмен Күз кіреді)
Күз: Естідім, естідім.Өлкеге қонаққа келемін. Амансыңдар ма, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Жүргізуші: Алтын күз, балалар сізге арнап тақпақ айтып бермекші. Балалардың тақпақтарын қабыл алыңыз.
Тақпақтар: Жансая, Аружан, Ш.Мансур, Еркежан, Ділназ
Жансая: Астық, жеміс жиылып,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз, мың алғыс,
Алдық өнім, сыйыңды.
Аружан: Аспанды сарғылт бұлт,
Жан – жақты жабады.
Күн бірте суытып,
Жауын көп жауады.
Ш.Мансур: О алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма едім жатып ап.
Еркежан: Қыс құнар береді,
Көктем дән береді.
Жаз баптап өсірсе,
Күз жинап береді.
Ділназ: Биыл жаңбырлы жаз болды,
Ал күзде қоймаға дән толды.
Көкөніс- жемісті жинап ап,
Елімде көңілді той болды.
Күз: Жарайсыңдар, балалар. Тақпақтарын тамаша.
Жүргізуші: Той ажарын ашайық,
Әнмен шашу шашайық.
Ән: «Күз келді»
Күз: Балалар, күздігүні жаңбыр көп жауады. Жауыннан қорғану үшін біз қолшатыр қолданамыз. Келіңдер, қолшатырмен би билейік.
Би: «Қолшатыр»
Жүргізуші: Алуан түсті жапырақтар,
Ауада жүр қалықтап.
Аумай қалып көбелектен,
Алақанға қонып жатыр.
Ән: «Күздің күні қандайды?»
Жүргізуші: Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жермен көк жалтыраған сап – сары алтын.
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге, сансыз жалқын.
Күзгі бақша үнсіз қалды,
Жеміс ағаштары маужырап,
Сыр шертеді сыбырлап (қоңырау үні естіледі)
Қонақтар келеді асығып.
(Әуенмен қоңырау ұстаған Аю кіреді)
Аю: Таң сәріде тұрып алып,
Мен шықтым орманға,
Қарадым жан – жаққа,
Таппадым орман тұрғындарын.
Орнаған орманда тыныштық,
Неліктен тым – тырыс,
Неліктен ешкім жоқ?
Күз: Сары жібек көйлегін желбіретіп
Жапырағын ағаштардың селбіретіп
Тойға бөлеп елімізді күзім келді
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп
Бау – бақшада көп астық білемісің,
Жинау үшін ертіп кеттім тұрғындарды.
Жүргізуші: Уа халайық, халайық,
Босқа қарап тұрмайық.
Жиналайық бақшаға,
Жомарт күздің астығын,
Жинайық біз қамбаға.
Ән мен би: «Бау – бақша»
Аю: Астықты жинайсыңдар өте епті,
Ойынға көңіл қойсаң тым қызықты.
Ойын: «Тентек қонжық»
Жүргізуші: Біздің балақайлар тамылжыта ән салғанды, мың бұралып билегенді қатты ұнатады. Кел жақында тамашала.
Ән: «Күз»
Тақпақтар: Жазира, Амина, Мирас, Айзере, Нұрай
Жазира: Еңбек қызып қырларда,
Бидай толды қырманға.
Алтын таулар секілді,
Сап- сары боп тұрғанда.
Амина: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегің.
Мирас: Күз айлары тамаша,
Қыркүйек, қазан, қараша.
Сары кілем бейне бір,
Жердің бетін қараса.
Айзере: Көкөністі көп ектік,
Өссін, піссін деп ектік.
Көктемде еккен көкөніс,
Күзде берді көп өніс.
Нұрай: Сап-сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.
Күз: Пай, пай тамаша,
Көз тоймайды қараса
Жырларың қандай тамаша.ағыларың келе ме?
Балалар, менімен ойнағыларың келе ме?
Ойын: «Күннің көзі мен жаңбыр»
Күз: Жарайсыңдар, балалар! Менің көңілімнен шықтыңдар. Алдағы уақытта мені ауқымды істер күтіп тұр. Кетуім керек.Қоштасатын кез жетті. Мына менің сендерге деген сыйлығымды қабыл алыңдар!
(Жеміс толы себетті береді)
Жүргізуші: Сыйлықты біз қабылдап,
Би билейміз көңілді.
Би: «Жұппен би»
Аю: Жер жүзінде дәрумені мол жемістерден артық сыйлық жоқ.
Күз, аю: Көріскенше күн жақсы! Сау болыңдар!
Жүргізуші: Осымен «Алтын күз» мерекеміз аяқталды. Көңіл бөліп келгендеріңізге көп рахмет!

«Балдәурен» бөбекжай – бақшасы

Өткізген: Рсаева Г. У.
Жетекші: Дакенова С. М.
Петропавл қаласы, 2018 жыл
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ертеңгілік "Алтын күз"

шағым қалдыра аласыз