«Балдария-М» МДҰ
«Күншуақ» мектепалды даярлық тобы
Алтын күз
Тәрбиеші: Сиықова А.А.
Ақтөбе 2020 жыл
Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңесі, яғни жемістермен көкөністер салынған себеттер.
Барысы: Әдемі әуен ойналып тұрады, қонақтар орындарына жайғасып болған соң сыныпқа балалар кіріп орындарына тұрады.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі біздің мектепалды даярлық және ересек топтарында өткізілгелі отырған Алтын күз атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол күз!
Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, меркелі күз келді.
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам. Армысыздар қонактар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жооооқ.
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз,
Сайраңдаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Балалар, күз мезгілі келіп жетті.
- күз мезгіліне қандай айлар жатады?
- күзде қандай құбылыстар болады?
- ауа райы қалай өзгереді?
Күзде жапырақтар сарғайып түсе бастайды. Айнала түрлі түсті кілем жайғандай. Енді жапырақтар туралы тақпақ тыңдайықшы.
Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән: «Алтын күз»
1 оқушы: Сағынай
Күзім-ау, күзім-ау!
Мінезің бұзық-ау,
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау!
2 оқушы: Бекет
Қарашы күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді,
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неліктен күз енді?
3 оқушы: Амира Н
Қара бұлт қабағын түйеді,
Бұталар боз қырау киеді,
Осы ма, осы ма күз деген,
Бақшаға баратын бізбенен.
4 оқушы: Адиат Е
Сары теңге жапырақ,
Бояған ба көл бетін?
Тоңазыпты топырақ,
Ызғарлы екен желде тым.
5 оқушы: Ақниет
Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілген.
Ай жапырақ-сары алтын,
Айналаның бәрі алтын.
«Қолшатыр» биі:
6 оқушы: Адиат Достық
Гүл жайнаған даланың,
Жапырағы солыпты.
Таңырқадым, қарадым,
Танымастай болыпты.
7 оқушы: Демейсін
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
8 оқушы: Дария
О, алақай тамаша,
Шашу шашады жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап!
9 оқушы: Ерсін
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды,
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
10 оқушы: Әліби
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Ән: «Күз тамаша»
Жүргізуші: Балалар енді мен сендерге көкөністерге қатысты жұмбақтар жасырамын.
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде.
Жаңа піскен күйімде,
Жейді бәрі сүйсіне (Қияр)
1. Ағайынды бәрі
Шықса жасыл, түссе сары.
( Жапырақ)
2. Өсіп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап,
Саясына ән салып,
Құстар жүрген сайрап.
(ағаш)
3. Тәтті,
Тәттінің іші қатты,
Қаттының іші тәтті.
(Өрік)
4. Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат - қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді.
(қырыққабат)
5. Жатып жерде желінбейді,
Күз түскенде желінбейді.
(қауын)
11 оқушы: Асылым
Жито убрано, скошено сено,
Отошли и страда и жара.
Утопая в листве по колено,
Снова осень стоит удвора
12 оқушы: Дарын
Осень достала краски,
Ей много покрасить нужно:
Листья- желтым икрасным,
Серым- небо и лужи
13 оқушы: Алихан Ұ
Кружат листья над дорожкой.
Лес прозрачен и багрян...
Хорошо бродить с лукошком
Вдоль опушек и полян!
14 оқушы: Амира Ә
Дождь льет с самого утра,
Льет как будто из ведра,
И как крупные цветы
Распускаются зонты.
15 оқушы: Алихан достық
Пролетают паутинки
С паучками в серединке,
И высоко от земли
Пролетели журавли.
16 оқушы Меруерт
Утром мы во двор идем -
Листья сыплются дождём,
Под ногами шелестят
И летят... летят...летят...
17 оқушы : Нұрадин
Алтын, алтын сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр
Қойны тола дәмді нан,
Тәттісі көп не түрлі.
18 оқушы : Ерке
Қандай өзі береген,
Алмасын - ай алмасын.
Жемісі көп не деген,
Жеп тауыса алмайсың
Тәрбиеші: Міне, күз түсті күнқысқарып, түн ұзарды. Күн суытып, құстар жылы жаққа ұшып кетіп бара жатыр. Енді балаларымыздың құстармен қоштасуын тыңдаңдар.
Күз: Өте тамаша, балалар! Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма?
Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша «Күншуақ» тобы бір себетке көкөністерді, ал «Достық» тобы екінші себетке жапырақтарды жинайды.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Би: «Осенни лепестки» ( 0 «В» топ қыздары)
Күз: Жарайсыңдар, балалар! Енді біздің әдемі қыздарымыз көрсететін аналарының көмегімен қолдан тігілген көйлектердің сән көрсетілімін тамашалаймыз.
Сән көрсетілімі : топ қыздары
Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнері ұнады ма?
Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болыңдар балалар,
Келгенше жыл айналып.
Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Жомарт күздің сыйы жыл бойы халқымыздың ақ дастарқанына тойға қойылсын. Бәріміз бір - бірімізбен дос - бауыр болып, тату - тәтті өмір кешейік. Ертеңгілігімізді «Достық»әнімен аяқтайық.
Келесі мерекеге дейін аман сау болайық.
Тамашалағандарыңызға рахмет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік "Алтын күз" балабақша

шағым қалдыра аласыз