Ертеңгілік: «Ана тілім-менің елімнің тілі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік: «Ана тілім-менің елімнің тілі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларға ана тілі туралы түсінік беру, білімін жетілдіру. Өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін аттыру, ой өрісін, сөздік қорын дамыту. Туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1



«№4Шұғыла санаторлық бөбекжайы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі











«Ана тілім-ардағым»
(Ертеңгілік)







Ортаңғы «Балдырған» тобы
Тәрбиеші:Үсенбаева Қ.








2018-2019 оқу жылы


Page 2

«Ана тілім-менің елімнің тілі»

Мақсаты: Балаларға ана тілі туралы түсінік беру, білімін жетілдіру.
Өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін аттыру, ой өрісін, сөздік қорын дамыту.
Туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

(Көңілді әуенмен балалар залға кіреді.)

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, бөбекжай қызметкерлері,
бүлдіршіндер!
Бүгінгі «Ана тілім-ардағым» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер!
Ана тілі-адамның жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгілік
құламайтын бәйтерегі. Елбасы Жарлығымен 1997 жылдың 11 шілдесінде бекітілген
Тіл туралы Заңның 4-бабында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
тілі – қазақ тілі болды. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді,
іскер де қабілетті, Отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда
мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Тіл – таусылмайтын байлық. Ана
тілі халық тарихының барлық кезеңдерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазына.

Қазақ тілім өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім-дей отырып, мерекелік құттықтау сөз бөбекжай
меңгерушісі Қожасова Фарида Қазанғапқызына беріледі.

Жүргізуші: Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбділдә Тәжібаев
ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.
"Тіл – біздің тұтастығымыз”, "Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз.
Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің
абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы.

Ән: «Ана тілін сүйеміз»

Жүргізуші: Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Балаларымыздың мерекеге арналған тақпақтарын тыңдаңыздар.


Page 3



Ақгүлім Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.

Кәусар Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.

Шерхан Ана тілім –елдігім,
Ана тілім –ерлігім,
Тілді биік құрметтеп,
Тойлап жатыр ел бүгін.

Ясмина Сүйесің өз тіліңді,
Боласың білімді.
Өз тілің үйретер,
Өнерді ғылымды,
Ардақта тіліңді.

Кәусар Ана тілім ұраным
Ана тілім құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр әнім.

Жасұлан Отан сенің ата-анаң,
Отан досың бауырың.
Отан өлкең астанаң,
Отан туған ауылың.

Жүргізуші: Сахнаны жандандырды биіменен,
Саусақтары майысып дөңгеленген.
Сұлу қыздар құлпырып енді міне,
Билейді «Айгөлек» биіменен.

Би: «Айгөлек»


Page 4



Жүргізуші: Ана тілім-дана тілім, айбарлым,
Сырың терең, тұнығындай қайнардың.
Ана тілім –қасиетім қастерлім,
Бір өзіңнен бақыт нәрін алғанмын –халқымыздың өшпес асылы,
сөнбес шырағы, мол қазынасы, сан ғасырлық тарихы бар қасиетті тілі туралы
видеороликті тамашалайық.

Жүргізуші: Ана тілім, дана тілі, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

Ән: «Кең дала»
Жүргізуші: Балаларымыздың мерекеге арналған тақпақтарын тыңдаңыздар.

Абибулла Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

Расул Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышым елімнің.

Наргиз Ана тілім –анам,
Аппақ қардай арым.
Мұра еткен бабам,
Жарқыраған жаным.

Мирас Біз Отанның гүліміз,
Туған жердің нұрымыз.
Тәуелсіз біздің еліміз.
Қазақстан жеріміз.

Әділет Жасампаз жыр әнім
Өзіңсің Қазақстан.
Өсиет ұраным,
Отаным Қазақстан.


Page 5




Жүргізуші: Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін –деп ұлдардың «Мен қазақпын» биін қабыл
алыңыздар.

Би: «Мен қазақпын»

Көрініс: «Қазақ тілі»
Қатысушылар: Әкесі, анасы, баласы.

Ойын: «Асық ату»

Жүргізуші: Бейбіт таңдар арайлап атады,
Туған жерді аймалайды шапағы.
Байтақ елім –ұлы Қазақстаным,
Ең бақытты балалардың Отаны.

Ән: «Бақытты балалар»

Жүргізуші: Тілмен ғана қызық менің тірлігім,
Тату еткен елмен елдің бірлігін.
Туған тілмен асқақ шығып, ізгі үнім,
Туған тілде алып жүрміз біз білім.

-Осымен құрметті ата-аналар, әріптестер, бүлдіршіндер біздің Ортаңғы
«Балдырған» тобының «Ана тілім-ардағым» атты ертеңгілігін аяқтаймыз.











Page 6

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
11.01.2021
612
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі