Ертеңгілік "Аналар мерекесі" ересек топ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік "Аналар мерекесі" ересек топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар күніне арналған ертеңгілік.Бұл ертеңгілік мектеп жасына дейінгі ортаңғы,ересек топтарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ана өмір шырағы



Жүргізуші:Ана десем,сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық,

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Қымбатты аналар,ақжаулықты әжелер,қонақтар бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық аналар мерекесі құтты болсын!аспанымыз ашық,жүздеріңіз жарқын болсын!балаларыңыздың жүрегінен шыққан жыр толқын,ән-билерін қабыл алыңыздар!

Залға әуенмен ұлдар кіреді.

Роман:Біздің қыздар қайда жүр?

Инсар:олар әдеміленіп жатқан шығар

Айбек:Қазір келеді олар

Әділжан:Әне келе жатыр

Залға әуенмен қыздар кіреді

Ана деген өмірдегі ұлы есім,

Бақ тілесе анадай-ақ тілесін

Ана деген ардақты ат,сен оны,

Ана жайлы ән тыңдасаң білесің!

ӘН: «Аяулы анашым»

Жүргізуші:Рахмет сендерге балалар,ал енді аналарымызға рарнап өлеңдерімізді оқиық

Мансұр,Айбек,Алихан,Ақнұр,Роман,Ділнәз

Бір-біріне ренжіскен ата мен әже ортаға кіреді.

Әже:Осы сенің табысты жұмыс істейтін күнің болама?

Ата:Маған ұрыспашы,бүгін сенің мейрамың ғой

Әже:Менің мейрамым осылай өтеді(кір жуғышты тақылдатып,кір жуа бастайды)Көп сөзді доғарда,көлге барып балық аулап әкел,үйде тамақ жоқ

Ата:айтқаның болсын кемпір

Жүргізуші:балалар,біз сендермен ертегілер еліне еніп кеттікау деймін?олай болса осы ертегіні тамашалайық

Ата көлге барып,ауды үш рет тастап лақтырып балық ұстай алмай,көңілсіз болып қалады.Төртінші рет лақтырған кезде,алтын балық түседі

Балық:Ата,мені жіберші мен сенің бар тілегіңді орындаймын

Ата:жарайды,мен сені жіберейін сен өте әдемі балық екенсің,маған ештеңе де керек емес.

Ата әженің қасына басы салбырап келеді.

Әже:Не болды,тағы түк жоқпа?

Ата:Иә,бірақ бір балық ұстаған едім,ол біз секілді сөйлеп,мені жіберші,бар тілегіңді орындаймын деді.

Әже:Сен не дедің?

Ата:Ештеңе керек емес деп жібере алдым

Әже:ақымақ,бар балығыңа айт,бүгін менің мейрамым,алдыма келсін!

Ата:Жарайды айтқаның болсын!(ата көлге барып балықты шақырады)

Ата:Алтын балық(3 рет айқайлайды)

Алтын балық:Не болды ата?

Ата:кемпір менің мейрамымда бір тамаша концерт көргім келеді дейді

Балық:Ата,уайымға салынба,тілегіңді орындаймын,үйіңе бара бер,әже ендігі концерт көріп отырған болар.

БИ: «Теңізшілер»

Жүргізуші:Қош келдіңіздер ата мен әже!Бүгін бізде мереке еді қуанып,қонақ болыңыздар.Ал ендігі кезекті балалардың өлеңдеріне берсек.

Расул,Алтынай,Әділжан,МединаКарина,Инсар

ӘН: «Анашым» (ағылшын тілінде)

Ойын: «Ине сабақтау»(балалармен ойнау)М:ойынға 4 бала шығады,инені кім жылдам сабақтайды

Жүргізуші:келесі кезекті тағы да балалардың өлеңдеріне берсек.

Нуриден,Динмухамет,Аружан,Ақерке,Мөлдір,Даниил

БИ: «Ұлдар биі»

Ойын: «Мейірімді сөз»М:ортаға екі ана шығады,қойылған әріптерді ала отыра баласын еркелетіп маңдайынан сүйеді.

Жүргізуші: Ал енді балаларымыз аналарына арнап өлеңдерін оқысын:

Әдемі,Ерасыл,Бейбарыс,Әділет,Дильбархон

Сергіту сәті:мақал-мәтелді жалғастыр

1.Ата-бәйтерек,ана-бұлақ,бала,жапырақ

2.Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер

3.ананың сүті бал,баланың тілі бал

4.Қыз өссе елдің көркі,гүл өссе жердің көркі

5.Қыз қуыршақ дейді,ұл құлыншақ дейді

6.Табағын көріп асын іш,анасын көріп қызын ал.

7.Шешеге қарап қыз өсер,әкеге қарап ұл өсер.

8.Ананың көңілі балада,баланың көңілі далада

9.Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

Би «Калинка»

Ата:мен сенің барлық тілектеріңді орындаттым ғой,кел екеуміз мейрамда бір билейікші

Әже:жарайды билесек билейік(екеуі билейді)

Әже:Ух,шаршадым,алтын балыққа айт бізді үйге қайтарсын. Шіркін,осындай мейрам күнде болса ғой!

Ата:Айтқаныңды бұлжытпай орындайын,кемпірімнің жыл бойы мейрамы таусылмасын,Рахмет саған алтын балық,біз енді үйге қайтайық(қоштасып шығып кетеді)

Жүргізуші:Құрметті аналар,әжелер біздің балалардың сіздерге арнаған ән шашуына кезек берейік

ӘН: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Жүргізуші:Мереке құтты болсын.Бүлдіршіндеріңіз әрқашан сіздерді қуантып жүре берсін!Сәбилердің күлкісі әр шаңыраққа қуаныш,бақыт,әкелсін.Ана мен баланың мерейі үстем болсын!Осымен біздің ретеңғілгіміз аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет,сау болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2018
1010
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі