Ертеңгілік: "Анамызға мың алғыс"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік: "Анамызға мың алғыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға арналған материал, аналар мерекесіне арналған ертеңгілік. Бұл жерде ойындар мен сценарийлер бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы «Анамызға мың алғыс»!

Ертеңгілік 06.03.2019ж

Балалардың саны(26 бала,12-қыз бала би,14-ұл тақпақ, 12-қыз тақпақ 14-ұлбала би)

Жүргізуші: Бухарбаева З.А

Мақсаты : Мерекелік көңіл-күйін құру,ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру,балалардың назарынжалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру,өзінің жақын адамдарын қуанта білуге,мейрімділікке,әдемілікке,сұлулыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Залдың іші көктем мерекесіне сай безендірілген.Безендірілген әсем зал, гүлдер, қүмыра,сыйлықтар әсем әндер жазылған үнтаспа ,т.б

Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Көктем аруы»

Ұйымдастыру барысы: Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.

Ертеңгіліктің барысы

Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде айналып, билеп кіріп орындарына отырады.

Жүргізуші: Армысыздар,құрметті ақ жаулықты әжелер,аяулы аналар,бүлдіршін қыздар,әріптестер.Бүгінгі «Анамызға мың алғыс!» атты ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер.Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз.Ғұмырларыңызға саулық,өмірлеріңізге сәттілік тілейміз.

Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны,жанашыры,қадірлісі,қамқоршысы,ақ сүтін емізіп аялаған,жанын да аямаған ардақтысы.

Ана – жүрек,жүректі құдіретте,

Ана – тірек,тіректі құрметте.

Ана – шының,шыныңа сағынып жет,

Ана – күнің,күніңе табынып өт.



1.Хор «Анашым»

«Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді»-демекші,балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыныздар

2. тақпақтар

Темірлан Назерке

Анам болса қасымда, Анашым,ана жаным,

Басқа бақыт не керек. Аялы алақаның.

Анашымның жүрегі, Есейіп кетсем дағы,

Мейрімді ғой керемет Мен сенің балапаның.

Адина Азамат

Бәрімізге анасың, Дарасың – апа,

Біз үшін күн боп жанасың,Данасың – апа.

Құтты болсын мейрамың, Жоқ сендей маған

Құттықтаймын анашым. Жанашыр адам.

Ерасыл Рамазан

Үн қатасың бал тілмен, Таусылмайтын өлеңі,

Еркелеймін әр күн мен. Күнде айтып береді.

Құттықтаймын анашым, Барған сайын бір жаққа,

Сегізінші наурызбен. Кәмпит алып келеді.

АқжанӘжем мені өйткені

Еркелесем күлімдейтін, Өте жақсы көреді.

Ұрысқаны білінбейтін,Ақбота

Маңдайымнан сипап менің, Ақ анашым аппағым,

«Құлыншағым,күнім»,-дейтін.Өзің жайлы тақпағым

СүндетӨзің жайлы әнім де,

Мәпелеп мені өсірген.Арнадым саған бәрін де.

Ризамын мен өзіңе.Аружан

Ана деген керемет, Наурыздың сегізі,

Сыйлап өтем өмірде. Сұлулықтың негізі.

АятӘдемі сөзі баланың

Мен анамды сүйемін, Анаға айтар лебізі.

Құшағына енемін.Гаухар

Мәпелеген анамды, Айтсаң болды,тіл алам,

Қуантсам деп келемін.Әйбат мамам,әй мамам.

Жүргізуші

Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,

Жылытар жүрегінді көз көп дейін

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге

Қол соғып қарсы алайық «Жалқаубек» биін

3.Би:«Жалқаубек»(14 бала)

Балалар бүгін біздің қыздарымыздың,аналарымыздың мерекесіне алыстан қонақ келе жатыр.Олай болса қарсы алайық.

«Көктем аруы» кіреді

Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар ма Мен, «Көктем аруымын» Құрметті аналар,қыздар мен сіздерді 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын. Көктемнің күніндей құлпырып,жайнап жүре беріңіздер.

Жүргізуші:

Қош келдіңіз «көктем аруы» төрлетіңіз,қонақ болыңыз.

4.Ойын «Ритмикалық ойын».

Жүргізуші:

Бүгінгі мереке күні қыздарымызды,әжелерімізді, аналарымызды мерекелерімен құттықтаймыз. айтылмаған.Келесі әніміз сіздерге арналады құрметті аналар.



5.Ән: «Құттықтаймыз мама»

Жүргізуші:

Бүлдіршіндерімізге көп рахмет.Келесі кезекте аналарымызбен ойын ойнайық.

6. Ойын: «Кім тапқыр»

Жүргізуші:

Аналарымызға көп-көп рахмет.Келесі кезекті мың бұралған қыздарымызға берейік.

7. Би: «Мама Мария»(12қыз)

Жүргізуші:

Бүгін қандай тілек айтсақта көптік етпейді.Өйткені бүгін үлкен мереке.Бүлдіршіндеріңіздің тақпақтарын қабыл алыңыздар.

8.Тақпақтар

Алихан Айкөркем

Мен анамды сүйемін, Жарқын жүзді жан анам,

Құшағына енемін.Сендей болсын бар адам.

Мәпелеген анамды,Арслан

Қуантсам деп келемін.Жарқын жүзді жан анам,

Әнел Сендей болсын бар адам.

Мені жақсы көреді, Сендей болса бар адам

Күндей күліп жүреді. Шаттық кетпес баладан.

Көп ертегі біледі,Райана

Маған айтып береді.Мен үшін жан асыл,

Бағдәулет Тек өзің ғанасың.

Ана-деген көп шығар, Қартайма жүз жаса

Анамдайы жоқ шығар. Апатайым – анашым.

Мейірімді бұл кісі,Жанәділ

Қандай ғажап күлкісі. Гүл-гүл жайнап бәріміз,

НұрдәулетКіреді біздің сәніміз.

Анамды сүйемін, Аналарды тойымен,

Құшағына енемін.Құттықтаймыз бәріміз.

Айлана Ярик

Анамды жақсы көремін, Наурыздың сегізі.

Әкемді де дәл осылай. Сұлулықтың негізі

Жақсы бала болып өсем, Әдемі сөзі баланың,

Жамандарға жоламай. Анаға айтар лебізі.

Кәусар Жасұлан

Анасыз жоқ бір күнің Мейірімді сымбатты

Әжесіз жоқ бір күніңҚадірменді қымбатты

Ұсынамыз біз бүгін Ең жақын жан балаға

Жырдың сұлу шоқ гүлін. Кім десеңіз ол – ана!



Жүргізуші:

Құрметті ақ жаулықты әжелер,абзал аналар, көктемнің күніндей құлпырған сұлу бойжеткендер баршаларыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймыз.Отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.Осымен «Анамызға мың алғыс!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рақмет.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.00.2021
244
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі