Ертеңгілік: Анашым-күнім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік: Анашым-күнім

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы



8 Наурыз «АНАШЫМ-КҮНІМ!»

Әуен ойнап тұрады,балалар қолдарындағы жүрекше шармен залға кіреді,флешмоб орындайды.

1.Флешмоб


Жүргізуші:

  • Сегізінші Наурыз! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарымызды, әжелерімізді, сүйкімді қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай! Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген жерінде әлі де қар жатады. Бірақ, көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мереке тек көктем мерекесіне сай секілді. Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемділік сыйлайды. 

Армысыздар ақ жаулықты әжелер,ардақты аналар,ұлағатты ұстаздар!Өздеріңізге арналған мерекемізге қош келдіңіздер.Сонымен,ересектер тобының

«АНАШЫМ-КҮНІМ» атты ертеңгілігін бастаймыз.

2. Балалар тақпақтарын айтады /баяу әуен қойылады/

3. Ән. «Ақ мамам!»

Жүргізуші:

  • Балалар,Көктем ханшайымы кешігіп жатырғой,көктем ханшайымсыз аналар мерекесін өткізе алмаймыз.

Осы кезде 4.жағымсыз әуен қойылып қатігез Қар қызы залға кіреді.


Қатігез қар ханшайымы:

  • Мен тұрғанда еш жерде көктем болмайды.

Жүргізуші:

-Сәлеметсіңбе Қар ханшайымы.Біз Көктем ханшайымын күтіп отырмыз

Қатігез қар ханшайымы:

  • Бәрі де кеш!Көктем ханшайымы мәңгілік ұйқыға кетті,сендер оған көмектесе алмайсыңдар.

Жүргізуші:

  • Балалар,мен тапқан сияқтымын,сендер көктем туралы ән білесіңдер ме?

Балалар:

  • Иә!

Жүргізуші

  • Олай болса көктем аруына көмектесейік!

Осы кезде пианиномен музыка жетекшісі балалармен көктем әнінің бір тармағын айтады,Ал Қар ханшайымы болса ашуланып залда айнала бастайды


Қатігез қар ханшайымы:

  • Жоқ,жоқ естігім келмейді!Тоқтатыңдар!Жоқ!

Құлағын жауып сахнанын артына тығылып қашып кетеді.Осы кезде 5.әдемі әуен қойылып,Қар ханшайымы кірген жерден Көктем ханшайымы шығады.


Көктем ханшайымы:

-Сәлеметсіңдер балалар!Рахмет сендерге балалар,сендер болмағанда мәңгілік ұйқыға кетер едімғой.Неге көңілдеріңіз түсіп кеткен?Қане бәріміз көктем туралы ән шырқайық!

6.ӘН. Көктем

Көктем ханшайымы:

Тамаша!Қандай жақсы.Балалар,енді біз аналарымызбен ойын ойнайық.

Ойын шарты мынадай:

Ортаға бір ананы шығарып көзін байлайды,өз алақандарымен өз баласын сипап тауып алу керек.

7.Ойын.Осылай бірнеше рет қайталанады

-Рахмет сіздерге,сезімтал екенсіздер.Балалар менің әлі де ұзақ жол жүруім керек.Сендерді барған жерімде мақтай жүремін.Жасаған батылдықтарыңды ешқашан ұмытпаймын.Қош сау болыңдар!

Көктем ханшайымы жағымды әуенмен балалармен қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші

-Балалар біз ауылға барғанда бізге сақтап қойған құртын,тәттілерән беретін кім ол?

Балалар:

ӘЖЕ!

Жүргізуші

  • Иә балалар,Әжемізғой!

Олай болса әжетайларымызға арнап ән шырқайықшы.

8.ӘН.Әжемнің шәйі.

Жүргізуші:

  • Тамшылар!Бұл жаңбырғой!Бұл көктемнің алғашқы жаңбыры балалар.

Осы кезде 9.әуенмен жаңбыр залға кіреді.




Жаңбыр:

  • Алақай!Бұл- мен! Мен Жаңбырмын!Армысыңдар балалар мен аналар!Мен жер жүзіне көрік сыйлаймын,өсімдіктерді суарамын.Міне көктем де келіп жетті.Осы өлкеге келгеніме өте қуаныштымын.Ал сендер қуаныштысыңдарма? Көңіл күйлерің қалай?

  • Иә!Қуаныштымыз!

Жаңбыр:

  • Тамаша! Мен сендермен ән шырқаймын көңіл көтеремін ойыншылмын!Әсіресе билегенді ұнатамын.

Жүргізуші:

  • Жаңбыр біз де биді жақсы көреміз!

10. қыздар биі «Гүлдер»

-Тамаша!Бұл билерің маған қатты ұнады..

Балалар,мен қыс мезгілінде аппақ қар болдым,ал көктем мезгілі келісімен жылы жаңбырға айналдым.

Балалалр,сендер аналарыңа көмектесесіңдер ме?

Жүргізуші:

-Біздің балалардың барлығы аналарына ылғи көмектесіп жүреді.

Жаңбыр:

Ойын Шарты мынадай: Қәзір мен екі баламен өз аналарын ортаға шығарып,жаюлы тұрған орамалдарды аналарыңа жылдам әкеліп беруді сұраймын .Әйтпесе менің тамшыларым орамалдарды сулап тастайды.

11.Ойын. «Үздік көмекші»

Жүргізуші:

  • Айттымғой Жаңбыр!Балаларымыз өте ақылды,қамқор!

Жаңбыр:

  • Иә,риза болып тұрмын.Балалар тағыда сіздерге арнаған тосын сыйым бар.Мына себеттегі аспаптарды алып әуен айтамыз.

12.ӘН - ОРКЕСТР. «Кап – кап ,тук,тук!»

Жүргізуші:

Жаңбыр, біздің балалар ағылшын тілінде де ән біледі.Балалар ағылшын тілінде аналарымызға ән айтып береміз бе?

Балалар:

-иә!

13. Ән. «I Love you mummy» видеоролик

Жаңбыр:

  • Тамаша Балалар,білімді екенсіңдер!мен сендермен көңіл көтеремін деп өз анамды мерекесімен құттықтауға ұмытып кеттім!Қәзір менің кетуім керек.Сендерге рахмет!Қош сау болыңдар!

Әуен ойнап балалар жаңбырмен қоштасады

- Балалар біздің де аналарымызға жасаған сыйлығымызды тарту ететің кез келген секілді.

Осы кезде экранда 14.видеоролик көрсетіледі.

Видеоролик біткен соң,15.Әуен қойылып балалар өз аналарына жасаған сыйлықтарын тарту етеді.


Жүргізуші:

  • Құрметті Аналар!Бұл жай ғана сыйлық емес балалардың шын жүрекпен арнап жасалған сыйлықтары ! Сіздерге осы мерекеде зор денсаулық,таусылмас мейірім тілейміз.

«Анашым -Күнім» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз!











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2021
348
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі