Материалдар / ертеңгілік: "Аяулы анам менің"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ертеңгілік: "Аяулы анам менің"

Материал туралы қысқаша түсінік
сегізінші наурыз мерекесін өткізуге қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Маусым 2018
427
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№2 орта мектеп» КММ








Shape1

Shape2

Shape3













Тәрбиеші: Уразалина Г.Ж.














2016-2017 оқу жылы


"Аяулы анам менің"

Мақсаты: жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы, қыз балаларды құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жығымды қасиеттерін ояту. 
Ата аналар мен оқушылар вальс биін билеп ортаға шығып, орындарына жайғасады.

Жүргізуші: Қайырлы күн! Қымбатты аналар, ақ жаулықты әжелер, әріптестер! Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдарлы, жүздеріңіз жарқын болсын дей келе, келесі құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Байбурина Әмина Набиевнаға беріледі.

Балалардың аналарына арналған тақпақтарына кезек берейік.
Тақпақ:

Дәмір: Мәпелеп мені өсірген 

Ризамын мен өзіңе

Ана деген керемет

Сыйлап өтем өмірде.


И. Дильназ: Аппақ мамам, ақ мамам
«Ақ  мамам!» - деп, шаттанам 
             Түн ұйқыңды  төрт бөліп
              «Бөпешім!»- деп жатпаған.

С. Нұрай: Сегізінші наурыз күнін, 
Мейрамдайды аналар.
Аналардың шаттығын,
Құттықтайды балалар.

Арыстан: Теңдесі жоқ данасың, 
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым.

Жансая: Аналарды сүйеміз, 
                 Сөзін ойға түйеміз.
                  Әжені де ардақтап,
                 Әдеппен бас иеміз.

Медина: Жақсы көрем күлкінді 

Айналайын ақ анам

Менің анам сүйкімді

Бәрінен де жақсы адам.


Г.Дильназ: Үлкен, кіші әркімде

Әже де бар, ана бар

Аналарды әр күнде

Қуантса екен балалар!


Бекарыс: Келбетінде ұлылық 

Даладай кең пейілі

Ана –деген жылылық

Ана –деген мейірім


Радмила: Титтей бөбек кезімнен 

Әлдилеген емізген

Еркелетіп күлгізген

Алғаш «апа» дегізген


Айым: Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамымен құттықтаймыз


Ильяс: Бар мейірімділік анада

Ана деген бір жанды

Мейірімділік ананың

Болмас еш бір адамда.

Жүргізуші: Қандай бала болсақта, 
Анамызға балдаймыз, 
Көтеріп бір көңілін 
Ән салайық бәріміз.

ХОР: «Ақ мамам»

Жүргізуші. Ана – біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүрініз.-деп аналарға арналған тақпақтарға кезек берейік.

Тақпақ:

Арай: Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым, 
Сегізінші Наурызбен


Марлен: Наурыздың сегізі, 

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз баланың,

Анаға айтар лебізім.

Ділнұр: Анашым анам 

Ризамын саған

Тіліңді алам

Ақылды болам.

Ж.Аружан: Бәрімізге анасың, 
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым.

Бахтияр: Жанымызды жайнатқан,
              Сіздерді ғой аналар
              Зор денсаулық мол бақыт
              Тілейміз біз балалар.
Диляра: Ана деп күнде ән салам 

Ауылға бүкіл жар салам

Қуанту үшін анамды

Күнде-күнде бес алам

Тоқтарова Нұрай:  Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!

Санжар: Аналарды сүйеміз, 
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

Аружан: Ақыл құйған санама,  
Күннен артық расында.
Күн алыста, ал анам, 
Ылғи менің қасымда.
Адема: Баланың да тірегі,
Даланың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.

Ерали: Айналайын, Анашым, 

Аялайсың, бағасың.

Қайтып мені көргенше,

Шын сағынып қаласың
Айғаным: Еркелесем күнім дейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан сипап мені,
«Құлыншағым, күнім» дейтін. 

Балалар:

Мама келе жатыр, мама, тығылыңдар. Тез!

Би: «Ана мен балалар»


Ойын: (Ата - аналармен)
1. Ата - аналардың сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз балаларын тауып алсын.


Көрініс: «Не сыйлау керек?»

Бекарыс: « ой бүгін аналар мен қыздардың мерекесі екен ғой. Барып білейін не сыйлау керек екенін.


Бекарыс: Амансың ба аю ата!?

Аю: жақсы. Өз қалың қалай?

Бекарыс: жақсы. Бүгін аналар мен қыздардың мерекесі, не сыйлауға болады?

Аю: (басын сыйпап тұрып), менінше бал сыйлаған дұрыс болады.

Бекарыс: жоооооқ, менің анам тәтті жемейді. Басқа біреуден сұрайын.

Амансың ба қасқыр аға!?

Қасқыр: жақсы. Өз қалың қалай?

Бекарыс: жақсы. Бүгін аналар мен қыздардың мерекесі, не сыйлауға болады?

Қасқыр: басын сыйпап тұрып, менінше ет пен сүйек сыйлаған дұрыс болады.

Бекарыс: жоооооқ, сондай да сыйлық бола ма екен. Басқа біреуден сұрайын.

Амансың ба түлкі әпке!?.

Түлкі: жақсы. Өз қалың қалай?

Бекарыс: жақсы. Бүгін аналар мен қыздардың мерекесі, не сыйлауға болады?

Түлкі: ойланып, сен оларды алдасайшы.

Бекарыс: жоооооқ, бүгін бірінші сәуір емес қой. Басқа біреуден сұрайын.

Бекарыс:Амансың ба сұр қоян!?

Қоян: жақсы. Өз қалың қалай?

Бекарыс: жақсы. Бүгін аналар мен қыздардың мерекесі, не сыйлауға болады?

Қоян: ойланып, басын сыйпап тұрып, менінше сәбіз сыйлаған дұрыс болады.

Бекарыс: жоооооқ, олай болмайды. Басқа біреуден сұрайын.

Бекарыс:Амансың ба сұлу көбелек!?

Көбелек: жақсы. Өз қалың қалай?

Бекарыс: жақсы. Бүгін аналар мен қыздардың мерекесі, не сыйлауға болады?

Көбелек: Әйел заты мен сияқты өте нәзік. Ал мен гүлді жақсы көремін. Сол себептен гүл сыйлауға болады.

Бекарыс: ендеше маған әдемі гүліңнен бересің бе?

Көбелек: Әрине, жүр менімен бірге.


Жүргізуші. Бүгін кімдердің мерекесі? Кімді болмасын дүниеге әкелген аналар. Келесі кезекте аналарды құттықтауға арналған ән қабыл алыңыздар.

Ән: «Ақ мамам» (ХОР)


Диалог:
 1.: ( галстугін дұрыстап) маған қараңдаршы мен әдімімін бе?

2. Арыстан: И....и...Бекарыс саған не болған?

1. Бекарыс: Не болушы еді,  қазір біздің қыздарға сыйлық сыйлаймыз.

Ұл балалар сахнаға гүл салынған себетті көтеріп шығады.

2. Арыстан: олай болса шақырайық қыздарды.

1. Барлығы:Ия...

 Бірге: Қолдарын бұлғайды.  
Би «Вальс»

Тақпақ:

Сыйлаймын мен жырымды, 
Саған арнап жаттаған.
Мейрамың сенің бүгінгі,

Құтты болсын Диляра!


Ойнаймыз күлеміз 
Жарқылдап жүреміз.
Біз сендерді сыйлаймыз
Айдай әсем
Нұрайлар.


Кетті қысқы ызғар,

Еріп жатыр мұздар.

Мерекеңіз бүгін,

Қызғалдақтай Арай!


Сабырлы мінез

Айменен егіз

Сыныптас құрбым

Тойыңмен Айым.


Әрқашанда көмекке

Келеді Дильназ қыз

Алғыс айтам сол үшін

Мерекеде бүгінгі.


Салмақты ол қыз.

Ұқыпты ол қыз

Сабақта алғыр

Айтшаңшы қай қыз? Медина


Үндемесе үдемесін

Жансаяны білемін

Ертең күндер өткенде

Алғыр болар бұл қыз да.


Ділнұр біздің ақылды

Айтқан тілді алады

Ренжетпейді анасын

Жұмсағанға барады.


Бір гүлді мен аламын

Тағы біреу аламын.

Себебі біздің сыныпта

Екі Аружан болғаны.


Атына сай милая

Сүйкімді ғой Радмила

Құтты болсын мерекең

Милая біздің Радмила


Құтты болсын мейрамың

Дильназ ару- бүгінгі

Шат көңіл, мол бақыт

Тілеймін өмірде.


Сүйкімді қыз

Тәтті қыз

Бұл Әдемі

Балдай қыз.


Жүргізуші: Аялы да, алтын нұрлы анашым.

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың

Сен асқарсың, сен аспансың биіксің

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың - деп бүгінгі шағын ғана мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Отбастарыңыз аман болсын. Жүздеріңізден күлкі кетпесін. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!