Материалдар / Ертеңгілік "Балабақшамен қоштасу" Ересек топ

Ертеңгілік "Балабақшамен қоштасу" Ересек топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың балабақшамен қоштасуына орай ертеңгілік сценариі. Ересек, МАД топтарының тәрбиешілеріне көмек.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

1-ші тәрбиеші: Құрметті ата-аналар! Әріптестер!

Бүгінгі той біздер үшін ерекше той. Өйткені кеше ған тәй-тәй басып, қолдарыңнан ұстап, тосырқап келген кішкентай бүлдіршіндерің оң мен солын, жақсы мен жаманды ажыратып, сүйікті балабақшаларымен қоштасып, мектепке қадам басқалы тұр. Қадамдары құтты болсын!

2-ші тәрбиеші: Балдай тәтті тілдерімен үйренген әндерін билерін, өнерлерін көрсетіп, сіздер мен біздерді, қуантқалы тұрған бүлдіршіндерімізді өлең шумақтарымен қарсы аламыз.

Дәурен: Бойы ұзын, ойы озық аппақ бала

Топ ішінде бұл бала жеке дара

Ақылға сап айтады әрбір сөзін

«Президент» болар мүмкін болашақта.

Абдуақас Дәурен шақырамыз.

Мерей:Ақ көңілді Мерейім

Үстем болсын Мерейің

Мақтаны бар еліңнің

Биік шыңнан көрейін.

Рашид Мерейді қарсы алыңыздар!

Бекмұрат: Қажымұқандай қайратты

Мінезі оның салмақты

Бекмұратқа сенім артамыз

Азамат болар ардақты

Қойшыбай Бекмұратты шақырамыз.

Еркенұр: Жайнап өскен гүл сияқты,

Күлімдеген күн сияқты.

Инабатты ибалы қыз

Еркенұрды шақырамыз.

Ерқанат: Бақшадан қалмай келеді.

Сәлемін жазбай береді

Кішілерге өзінен

Қамқор болып жүреді.

Мақсут Ерқанатты шақырамыз.

Ханифа: Тобымызда ханшайым

Күлімдеп тұрар әрдайым

Еліктің ерке лағындай

Ханифамыз осындай.

Анэль: Білімді тәрбиелі ақылды қыз

Қолды соғып қошеметпен қарсы алыңыз

Қалалық сайыстардан орын алған

Біз бүгін Анэльмен мақтанамыз.

Ануар Анэльді шақырамыз.

Әбіш: Жігіттердің сұлтаны,

Десем артық болмайды.

Талапты да талантты,

Әжесінің баласы.

Орынбай Әбішті шақырамыз.

А.Амина: Тәрбиеші апайлардың қол қанаты,

Істеген әр ісіне тиянақты.

«Ақ жол» тілеп ортаға шақырайық.

Қызғалдақтай құлпырған Аминаны.

Ахмет Аминаны шақырамыз.



Аяулым: Момақан боп жүреді,

Ертекті жақсы көреді.

Топтағы барлық баламен

Тіл табыса біледі.

Сыдық Аяулымды шақырамыз.

Ясин: Көңілі оның толмаса,

Айтқаны егер болмаса.

Шығаратын шатақты,

Қазақтың туын көтерер

Болсыншы Ясин атақты.

Нұрай: Нұраймыз пысық еді топтағы

Бар баланың көңілін өзі табады.

Дейтін мамам бай болады өскенде

Орындалсын баласының арманы.

Хайткул Нұрайды шақырамыз.

Б.Амина: Шумақ-шумақ тақпақты,

Лезде жаттап алады.

Саусақтары майысып

Суретті жақсы салады.

Мереке өтсе бақшада

Әкесі мен анасы

Қызықтап сырттай қарады.

Базарбай Аминаны шақырамыз.





Арслан: «Красавчигім» деп анасы

Еркелеткен баласы

Үздік оқып сабақты

«5»-тік болсын бағасы.

Тұнбай Арсланды шақырамыз.

Дильназ: Сүп-сүйкімді тілі бал

Кім екенін біліп ал

Дильназ атты ару қызды

Қолды соғып қарсы ал.

Бақтыбай Дильназды шақырамыз.

Венера: Қылығына қарасаң

Сүйкімді аппақ балақан

Еркелетіп біз өзін

Атадық топта ақ қоян.

Қуандық Венераны шақырамыз.

Дархан: Салмақты боп жүреді.

Жәйлап қана күледі

Көп сөйлемей көп тыңдап,

Бәрін ойға түйеді.

Төлеген Дарханды шақырамыз.

Д. Амина: Бойы кіші болсада,

Үлкендерден қалмайды.

Үйренгенін басқадан,

Үйретуден талмайды.

Даул Амина шақырамыз.

Ұлту: Таудай биік талабы

Білімді де саналы

Сұрағыңа әрқашан

Кідірмей жауап табады.

Мәнерлеудің шебері

Бойында көп өнері

Сайыстардан орын ап,

Қуанышқа бөледі.

Ислам Ұлтуды шақырамыз.

Ерасыл: Білгісі кеп сұрақты

Үсті-үстіне қояды.

Қандай есеп берсеңде

Таппай оны қоймайды.

Мұрат Ерасылды шақырамыз.

Жанайым: Келген күні бақшаға есімізде

Апасының жабысып етегіне

Енді міне ақылды боп есейіп,

Қанат қағып кеткелі тұр мектебіне.

Нұрланова Жанайымды шақырамыз.

Аққу: Аққуымыз біріншіге барады

Жақсы оқып қуантсын ата-ананы

Айтқаныңды екі етпей ұғатын

Үздік болсын мектептеде сабағы.

Әділет: Қос тілді қатар сөйлейтін,

Мақтауды жаны сүйетін.

Ойында достарымен келіспесе

Келмей қалам садикке деп өкпелейтін.

Текемұрат Әділетті қарсы алыңыздар!

Жаннұр: Иығыңа асылып еркелейтін,

Сізді жақсы көремін апай дейтін,

Ерекше еркелеткен атасы оны

Күнделігі болсыншы «5»-ке толы.

Насихат: Тентектігі бір өзіне жететін

Көзіңді ала қыздарды жылатып кететін

Үйдегі бар ойыншығын алып келіп,

Ортада бар баламен бөлісетін.

1-ші тәрбиеші: Өтті міне көп күндер,

5-жасқа міне жеттіңдер.

Мектепке кетіп барасыз

Бір белестен өттіңдер.

2-ші тәрбиеші: Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың!

Балалар: Бұл қуаныш себебін

Бізге қарап ұғарсың

Ер жетті менің ботам деп

Ата-анамыз қуансын.

Құттықтау сөздер: Ұлту, Әділет, Жаннұр, Дархан, Мерей, Нұрай, Венера, Ерқанат, Анэль.

Балалар: -Сізге көп-көп рахмет!

Ән: «Біріншіге барамыз»

Мерекеге арналған тақпақтарға кезек берелік: А.Амина,Насихат, Д.Амина, Ерқанат, Жанайым, Мерей.

1-ші тәрбиеші: Бишілерді көңілді

Шақырайық ортаға.

2-ші тәрбиеші: Тойымызға сән беріп,

Би билесін шаттана.

Би: «Көңілді балақандар»

Жаннұр-Әбіш, Аяулым-Ерасыл, Дильназ-Арслан, Ясин-Жанайым

1-ші тәрбиеші: Түлектерге қол соғып,

Бір серпіліп қалыңыз!

2-ші тәрбиеші: Бақшамызға арналған

Әнімізді қабыл алыңыз!

Ән: «Балабақшаға арнау»

Тақпақтар: Ұлту, Дильназ, Венера, Ерасыл, Әбіш, Дархан, Жаннұр

Ішке әуенмен пойызға мінген Әліппе, сөмке, 5-тік келеді.

Сөмке: Бізді сізге білімпаз ата жіберді. Біз өзімізге достар іздеп келеміз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Әліппе: Алфавиттің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.

Байқадыңба «Б» тұрады 3-ші ,

Ал осының сыры неде түсінші.

Балалар: «А» дегенің аналар ғой ардақты,

«Ә» дегенің әкелер ғой салмақты.

«Б» дегенім балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Мен сендерге осы әріптердің бәрін үйрететін әліппе боламын.





5-тік: Ал мен «5» деген бағамын

Досымын барлық баланың

Көп оқып, көп білсеңдер

Сендермен дос боламын.

Ішке алқынып «2» лік кіреді.

«2»лік: Уф, пойыздан қалып қойып,

Әрең қуып жеттім-ау.

Мен «2» деген бағамын,

Досымын барлық баланың.

Жалқауларды жалдап алам,

Аңқауларды алдап алам.

Өтпей қалса сабақта,

Досым үшін менде қалам.

Ха-ха-ха

Ал енді ойланыңдар кіммен дос боласыңдар? Егер менімен дос болсаңдар. Таңнан кешке дейін ойнайсыңдар.

«5» тік: Жоқ бұл балалар ақылды, білімді балалар сияқты.

Әліппе: Ендеше тексеріп көрелік. Балалар менің әріптерімді таный мекен?

Слайдтан: «Әріптер» көрсетіледі.

Сөмке: Ендеше менің тапсырмамды көрелік 1-ден 10-ға дейін ағылшынша санай білемекен?

Слайдтан: 1-ден 10-ға дейін санау.

«5»-тік: Мен сендерге орыс тілінен тапсырма беріп көрейін. Мына заттардың атын және түсін орыс тілінде айтыңдар.







«2»-лік: Қазір көресіңдер мен бұларға қиын сұрақ қоямын.

Алға ағашта 4алма

Қандай тәтті жесе алма

2-ін жумай жеп қойдым.

Қалды сонда неше алма?

«5»тікте 5 асық

«2» тікте 2 асық

Қосқанда барлығын

Болады неше асық?

«2» лік: Ендеше ата-аналардан маған дос табылып қалар.

«2»лік: Қап, бұл жерден маған дос табылмады. Қой мен кеттім.

Тәрбиеші: Ендеше балалар достарымызға арнап «Мектептерде үйретеді» әнін шырқап берелік.

Ән: «Мектептерде үйретеді»

Әліппе, Сөмке, «5»-тік: - Балалар

Әрқашан дос біргеміз

Ажырамас іргеміз.

Қыркүйектің 1-де

Біз сіздерді күтеміз.

Сау болыңыздар!

Ойын:

1-ші тәрбиеші: Ата-ананы қуантып,

Шаттанайық күлейік.

2-ші тәрбиеші: Тақпақ айтып, ән айтып

Биде билеп берейік.

Тоты құс биі: Ұлту, Анэль, Мерей, А.Амина, Б.Амина, Нұрай.

Тақпақтар: Ханифа, Ясин, Аяулым, Нұрай, Бекмұрат, Аққу, Арслан.

1-ші тәрбиеші: Балалар қане есімізге түсірейікші біз осы балабақшаға келгенде бәріміз кішкентай едік. Қазір біз сәби шаққа саяхат жасап, «Бұл қай бала» айдарын тамашалап көрелік.

1-ші тәрбиеші: Жан әке бүгін той ғой ән салатын,

Шаттықа толы болсын әр сағатың.

2-ші тәрбиеші: Атыңды ардақ тұтып біз ұстаймыз

Әкелермен би де билеп қалықтаймыз.

Би: «Қыздары мен әкелер»

Ата-анамен ойын:

Көрініс: «Жалқаубек»

Мерей, Дархан, Жаннұр, Әбіш, Д.Амина

Тақпақтар: Дәурен, Әділет, Анэль, Б.Амина, Еркенұр

1-ші тәрбиеші: Балалар біз бүгін сендерді қимай толқып тұрмыз. Себебі сендердің әсем әндеріңді.

2-ші тәрбиеші: Мың бұралған билеріңді

1-ші тәрбиеші: Тақылдаған тақпақтарыңды.

2-ші тәрбиеші: Сыңғырлаған күлкілеріңді енді дәл осы жерден

Бірге: Көре де, ести де алмаймыз.

«Қоштасу вальсі» Еркенұр-Бекмұрат, Ерқанат-Мерей, Насихат-Д.Амина, Дәурен-Аққу, Әділет-Ханифа, Дархан-Венера.

Балабақша өмірінен слайд көрсету.

Ән: «До свидания детский сад»

Құттықтау сөздер, марапаттау.

«Ай-Наз» жекеменшік балабақшасы













Тақырыбы: «Білім бастауы балабақшада»

1-Қыркүйек білім күніне арналған тақырыптық оқу қызметі

«Аяулым» ересек тобы









Тәрбиеші: Бегеева М.М.















2017-2018 оқу жылы

20 Ақпан 2018
4409
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі