Материалдар / Ертеңгілік "Бір белестен өттіңдер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгілік "Бір белестен өттіңдер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ертеңгілік балабақшамен қоштасу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
359
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп

«Балауса» шағын орталығы







Shape1

Picture 11


















2018 жыл



Мақсаты:   Балалардың  жыл  бойы  алған  біліктерінің, ой-өрістерінің жемісін, өнерлерін  ортаға  сала  отырып, балаларды  үлкен  өмірге  қадам  басуға  даярлау. Адамгершілікке,достыққа,  бауырмалдыққа, отансүйгіштікке  тәрбиелеу.

1- бөлім: "Біздің қызықты күндеріміз" атты слайд көрсету. осы жерде ата -аналарға алғыс хат сыйлау.

Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата – аналар! Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі   2010–2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне   Сатыбалдин атындағы орта мектеп "Балауса" шағын орталығының түлектері   «Бақытты балалық шақ» ұшағымен  келіп қонды. Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойдырып,  қолдарыңыздан келгенше әр  баламызды  қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап,  өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз.
Жүргізуші:  Құрметті  ата-аналар, қонақтар, ұстаздар.

Бүгін  біздің  бірнеше  жыл  мәпелеп,күтіп, тәрбиелеп  өсірген  бүлдіршіндерімізді  мектеп  табалдырығына  шығарып  салғалы  отырмыз. Балаларымыз осыдан  4  жыл  бұрын  кішкентай бүлдіршін  еді,  енді  міне, бойлары да, ойлары да  өсіп,  мектепке  қадам  басқалы  тұр. Әрине, бұл да  үлкен  той,  тойларыңыз  құтты  болсын!. Балаларға  «Қадамдарыңа гүл бітсін, талаптарыңа  нұр  жаусын» -дей отырып, « Бір белестен өттіңдер»  атты  ертеңгілігімізді  ашуға  рұқсат  етіңіздер.

Жүргізуші:

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

« Балауса» шағын орталық түлектерін

Залға балалар шармен  музыка әуенімен кіреді.

Балаларды таныстырып өтейік

Турсунбаева Айбота сурет салу мен би билеуді ұнатады. Аммри Альтайр "сегіз қырлы- бір сырлы" ән де айта алады, би де билейді. Атап айтсақ Аудандық "Бүлдіршін" фестивлінде «Тұлпарым» әнімен қатысып үшінші орынға ие болды. Даулетбай Диана ән айтқанды ұнатады, Халықаралық ПОНИ марофонынан жүлдегер атанып дипломмен марапатталды. Дәуіт Сезім ән айтқанды, мәнелеп өлең оқуды ұнатады.Әр ісіне тиянақты.

Жалпы балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде өзін жақсы ұстап, белсенді қатысады. Есте сақтау қабілеттері жақсы, зейіні тұрақты, қабілетті балалар. Тәрбиешінің айтқандарын бірден ұғып алады.

Олай болса ортаға БІЛІМДІ шақырайық

БІЛІМ келеді: Сәлеметсіздер ме! Құрметті ата-аналар және қонақтар!

Тәрбиеленушілер Айбота, Альтайр, Сезім, Диана сіздерге балабақшада апайларын не үйретті?

Олай болса бар өнерлері мен білімдерінді көрсетсендер ғана әділ шешім қабылданып

сіздер даярлық тобына көшірілесіздер!

Жүргізуші: Қане балалар БІЛІМГЕ балабақшада не үйрендік, не білдік , бар білгенімізді ортаға салайық. Олай болса балалар іске кірісейік.



1. Сандар тура және кері санау, Себеттін түстерін атау. алмаларды түстеріне қарай тиісті себетке салу және әр себетте қанша алма болса, тиісті санды қою.

2. Пішіндерді атау.

3. Әріптерді атап шығу. Сөздерді буынға бөлу және неше буыннан тұратының айту

4. Орыс тілі бойынша

5. шығармашылық жүмыстарын көрсету

*Сезім қайшымен жұмыс

*Диана жапсыру жұмысы

*Альтайр бояумен жұмыс

*Айбота қарындашпен жұмыс

БІЛІМ: Сендер сабаққа дайынсыңдар ма?

Олай болса қазір «Иә», немесе «Жоқ» деп жауап беріңіздер

1. Айтқан тілді аламыз ба

2. Ақылды бала боламыз ба?

3. Таңертен ерте тұрамыз ба?

4. Сабаққа бармаймын деп жылаймыз ба?

5. Тәртіпсіздік жасаймыз ба?

БІЛІМ: БІЛІМнің шешімімен тәрбиеленушілер Айбота, Альтайр, Диана, Сезім даярлық тобына көшірілсін деп шешілді! Құттықтаймыз!

балалар ға "білімді" белгісі берілсін және тәрбиеленушілердің дипломдарын табыстауға мектеп директоры Ж.К.Батталованы шақырамыз.

Келесі: бөліміміз концерттік бөлім.Балалар өз білімдерін көрсетті, енді өз өнерлерін көрсетеді.

Сезім: Балабакшам-бесік тұлға байсалды 
Құшақ жайып өзің мені қарсы алдың 
Қуанышты, жарқын тілек білдіріп 
Құттықтаймыз, тәрбиеші, баршаңды! 

Күннен-күнге өсіп біздер келеміз 
Үлкен болып қиындықты женеміз 
Сіздің де біздер үшін сіңірген 
Еңбегіңізге басымызды иеміз 

Айбота: Талай-талай баспалдықты аттармыз 
Ата-ананын үмітін де ақтармыз 
Тәрбиеші апайлар, сізден алған ақылды 
Есімізде өмір бойы сақтаймыз 

Альтайр:    Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін

Адам етіп баптаған 
Ардақтап бізді мақтаған 
Ұстаздарымыз, сіздерге 
Таза сәби жүректен 
МЫҢ АЛҒЫС!!! 

Диана:

Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді.

Мектепке барам мен енді,

Бала бақшам қош енді.

Жеті жасқа толамыз,

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата – ананы

Мектепке кетіп барамыз

ХОР: " Біз мектепке барамыз" әні

БИ: «Түскі ұйқы.»

Жүргізуші:   Енді, құрметті қонақтар бітіруші бүлдіршіндеріміздің өздерінің жолын басатын, өздерінен кейінгі бүлдіршіндерге білім кілтін тапсыру салтанатын жасауға рұқсат етіңіздер.

Бітіруші  « Балауса» шағын орталығының түлектері Аммри Альтайр мен Дауіт Сезім өз тобының білім кілтін, Ортаңғы  тобының бүлдіршіні Хамзатов Амирханмен Алибекова Еркежанға   аманат етіп тапсырады.

Альтайр:

Қош «Балауса» бақшамыз

Естен кетпес есімің

Қош балдырған бақшамыз

Алғаш ашқан есігім

Амирхан:      Біз ғой әлі бүлдіршін

Мектепке әлі бармаймыз

Ақ жол тілеп сендерге

Ақ тілекті арнаймыз.

Жақсы оқып мектепте

Тәртіпті боп жүріңдер

Жаман қылық  көрсетпей

Ден қойыңдар білімге

Сезім :

Түлектердің білім кілтін

Ұстап өзім қолыма

Тапсырамын аманат қып

«Балапандар» тобына

Кілтті табыстайды:

Еркежан:  Қабыл алам аманатын

Түлектердің тапсырған

Жақсы оқуға ант етеміз

«Балапандар»  атынан

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ата-аналар, бүлдіршіндер Ересек топтар өздерінің білім кілтін аманат  етіп тапсырды.  Ортаңғы топ бүлдіршіндері осы балалардың аманаттарын биіктерден көрсетеді деп сенеміз.  





Жүргізуші:

Оқу-білім ордасы

Ұстаз оның арнасы

Ұстаздық деген-ұлы іс,

Адамдықтың айнасы -   демекші    келесі сөзді бүлдіршіндерімізге мектеп табалдырығын аттатып, әрі қарай  білім нәрін сусындататын  алғашқы ұстазы болғалы отырған   Шынар апайды  ортаға шақырып, өзінің  балаларға деген ақ лебізін  тыңдайық.

 Жүргізуші:                    

«Әр сөзінің  түйінін

Жақсылыққа тірейтін,

Қадап айтып ақылын,

Көпке бақыт  тілейтін»-деп ортаға ата-аналарды шақырамыз.

Ақ жолдын екі жағына тұрып әр ата- ана ақ жолдың үстіне тілек айта отырып гүлдерін тастайды.

Жүргізуші:  

Айналайын, балғындар,

Алға бағыт алдыңдар.

Ертең өсіп толыңдар
Ел мақтаны болыңдар!
Орындалсын ойларың,

 Ашық болсын жолдарың

   Ал, балалар сендерге  сәт сапар  тілейміз!   Жолдарың  ақ болсын. Ақжол  ақтығының  үстімен  ата - ана екі жағынан балаларын  жетектеп далаға шығып, тілек тілеп қолдарындағы ашық аспанға шарларын ұшыру

Жүргізуші:  Қош,балалар,сәт сапар,

Үлгілі бәрің  болыңдар

Жақсы оқып  әрқашан,

Тек 5-тікті алыңдар –дей  отырып,  бүгінгі «Әр бала бір жұлдыз»  атты  ертеңгілік  кешімізді жабық  деп жариялаймыз.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!