Ертеңгілік: "Бірлігіміз жарасқан!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік: "Бірлігіміз жарасқан!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша тәрбиешілеріне керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бірлігіміз жарасқан!»

Күні: 27.04.2018 ж.

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы әр түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқандығын түсіндіру.
Балаларды бірлікке, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар! 
Құрметті қонақтар мен ,балалар!

Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты мерекелік ертеңгілімізге қош келдіңіздер!
І жүргізуші:

Ортақ менен жер шары, 
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
№ 1. Олай болса «Күншуақ»тобының балаларының тақпақтарына берейік.

Нұрай

Мамырдың бірі,
Көңілдің жыры.

Көгілдір аспан,
Бітпейтін нұры.

Әнел

Мамырдың бірі

Достықтың жыры.

Адамы асыл,

Қадамы ірі.

Жасұлан

Мамырдың бірі,

Ынтымақ жыры,
Көңіліндей жұрттың,
Күніде жылы

Айша

Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Достық жырын біліңдер,
Еңбекті де сүйіңдер.

Сүндет

Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.

Амира

Баққа бірге кірейік,
Қол ұстасып жүрейік.
Татулықтың белгісі,

Кел, қуанып күлейік.

Айкөркем

Бірінші бүгін мамырда,
Тойлады қала ауылда.
Айналады халықтар,
Дос, туысқан, бауырмал.

Аят

Ақпыз, қара сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ болсын асқар тау.
Жеміс толы бақша бау.
№ 2. «Достық»әні 
І жүргізуші:

Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

І жүргізуші:

3. Келесі кезекті «Жұлдыз»тобының балаларының тақпақтарына берейік.

Бейбарыс

Көктем келді май келді,

Шақырады тойға елді.

Кел,бірге жүр жақсы май,

Гүл терейік тысқа шық.

Келді мамыр көркем ай,

Гүл өсті қыратта.

Қуанып ту алып,

Шықтық біз парадқа.

Бағдәулет

Көктем келді май келді ,

Мамыражай ай келді.

Тал –теректер түрленіп,

Жапырағын жайды енді.

І жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне берейік. 
№ 4. Қазақ биі «Жұлдыз» тобы

балаларына берейік.

Келесі кезекті тобының балаларының тақпақтарына берейік.

І жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, орыс биін тамашалауға шақырамыз. 
№ 5. Орыс биін «Күншуақ» тобы

балаларына берейік.
І жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
Бүгін біздің мерекемізге өзбек ұлтының өкілі келіп отыр. Олай болса. 

6. Өзбек биін тамашалаңыздар!

«Балапан» тобы балаларына берейік.
І жүргізуші:

Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!
№ 7.
Сахнамыздың төріне Татар биін орындау үшін «Құлыншақ»тобы

І жүргізуші:

Тілегі бір, 
Жүрегі бір,

Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!

І жүргізуші:

Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып, тамашалауға шақырамыз.

І жүргізуші: «
Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
І жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
Ендеше, бейбітшілік жасасын! 

Ынтымақтастық жасасын!
Қазақстан жасасын! 

І жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!

8. Келесі кезекте балалармен «Қай ұлт өкілінің бас киімі»

ойының ойнау.

9. Келесі кезекті «Құлыншақ» тобының балаларының

тақпақтарына берейік.

Даяна

Бейбітшілік әніміз,

Бауырласпыз бәріміз.

Қазақстан даласында,

Жарасады сәніміз.

Айлана

Ұлы Отан аясында,

Жадырайды жанымыз!

Барлық елдің бөбегі!

Бір-бірімен туысқан

Бәрімізге төгеді

Өз шуағын күміс таң.

Айару

Мы хотим чтобы повсюду

Раздавался детский смех

Чтоб в стране у вас звучали

Языки народов всех!
І жүргізуші:

Біз әр түсті баламыз

Қол ұстасып барамы

Күн сөнбесін ешқашан
Деп, шырқап ән саламыз

10. Ән: «Ортақ біздің күніміз»

Елімізде тыныштық болып, бірлігі жарасқан ел болайық, әр кез ынтымақта, достықта болайық!

Бір ата бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

Бірлік барда - тірлік бар деген бабам
Бірлік деп, бірге соқсын жүрегіміз

І жүргізуші:

Күте тұғын асыға әр күнін біз,

Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!
Осымен, бүгінгі ертеңгілімізді аяқтаймыз.
Сау - саламатта болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2020
623
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі