Жаңа жыл келді!
Зал іші жаңа жыл ертеңгілігіне арнайы безендірілген. Ортада ойыншықтар ілінген жасыл шырша. Әуен ойналып, балалар залға кіреді.Балалармен бірге Сайқымазақ пен Доңыз кіреді.
Тәрбиеші: Армысыздар аяулы ата-аналар және кішкентай бүлдіршіндер! Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар, мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер.Балалар, бізге қонаққа Сайқымазақ және де Доңыз келіпті.
Қош келдіңіздер, қонақтар! Бізбен бірге жаңа жыл тойлауға келдіңіздер ме?
Сайқымазақ: Иә
Доңыз: Иә
Тәрбиеші: Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын.
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!
Балалар келіп жатқан қандай мереке?
Балалар: «Жаңа жыл»
Тәрбиеші:Балалар ендеше қонақтарымызбен бірге ойын ойнайықшы:
Екі топқа бөлініп, қарды шелектерге кім көп жинайды сол топ жеңімпаз
болады.
Тәрбиеші: Бәрекелді, балалар жарайсыңдар!
Қараңдаршы, айналамыз неткен керемет, қандай әдемі, мына шыршамызда неше
түрлі ойыншықтар ілулі тұр екен. Сендер де әдемі боп келіпсіңдер.Бірақ
шыршамыз көңілсіз екен.
Ендеше, балалар шыршамыздың шамын жағып, жарқыратуға Аяз-ата мен
Ақшақарды шақырайық. Бәріміз бірге:
Балалар: Аяз-ата, Ақшақар(3рет)
Әуен ойналады.
Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Олармен бірге Тышқан да «Жаңа жылда» келеді.
Аяз Ата: Сәлеметсіздер ме, балалар! Амансыздар ма қонақтар!
Амансың ба , қыздарым
Амансың ба , ұлдарым
Қандай әсем жүздерің
Қандай мөлдір көздерің
Керемет бір ән тыңдап
Келіп тұр-ау демалғым
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе Аяз-ата, Ақшақар. Қош келдіңіздер. Балаларымыз
Сіздерді сағынып, көптен күтіп жүр.Ендеше бізге шыршамызды жағуға көмектесіңізші.
Аяз Ата: Жарайды, балалар бәріміз бірге
1,2,3
Шырша шамы жағылсын.
Шыршамыз жарқырай түсті.
Балалар: «Алақай» , шыршамыз жанды.
Тәрбиеші: Дем алыңыз Аяз Ата. Біздің балаларымыздың сіздерге дайындаған
сыйын тамашалаңыз. Ендеше, балалар Аяз Атамызбен қонақтарымызға
өнерімізді көрсетейік.
Мирас: Қуантып елді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдық,
Бір жасқа енді.
Айзере; Жаңадан тақпақ,
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.
Абдрахман: Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жаңа жыл.
Ата-әже, әке-шеше
Құтты болсын, жаңа жыл
Ақбөбек: Тамаша! Тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Аяз Ата: Қандай әсем жырларың!
Би: «Шырша биі»
Орындайтындар:
Камшат, Ақбөбек,Раяна ,Айзере,Муниса,Назерке,Фариза,Фатима,Әмина,Раяна,Хусна.
Тәрбиеші: Жаңа жылым мол болсын!
Басқан қадам оң болсын!
Төрле, Төрле Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!
Ойын: «Шырша безендіру» Балалар екі топқа бөлініп,себеттегі ойыншықтарды
іліп, шыршаны жылдам безендіру керек
Би: «Аяз ата биі» М.Мейіржан,Осман,Әли,М.Ақжан,Парасат,Мирас,Ақжан,
Әбдрахман,Мерейхан,Ахмедияр,Мейіржан.Қанағат,Темірбек.
Тәрбиеші: Келесі кезекті ата-анамен ойынға кезек берейік.
Жана жыл әніне Аяз атамен бәріміз бір билеп көңілімізді көтеріп алайық.
Аяз Ата: Ой, мына балалар өнерлі екен.Менің де билегім келіп кетті ғой.
Ой, балалар мен жақсы дем алдым. Енді мен басқа да балабақша
балаларын қызықтайын.
Ал, балалар, міне сендерге дайындаған сыйлықтарым, қабыл алыңдар!
Тәрбиеші: Балалар, Аяз атаға өнерімізді көрсеттік, сыйлықтарын алдық, енді
рахмет айтып шығарып салайық.
Балалар: Қош болыңыз Аяз Ата. Келесі жылы кездескенше біз сізді сағына күтеміз.
Тәрбиеші: Осымен жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды.
Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!
«Жаңа жыл келді!» Бекітемін:
«Гауһар» жекеменшік
балабақшасы
Балабақша меңгерушісі
И.Д.Әлішбаева.
(I-кіші топ, «Бәйшешек» тобының жаңа жылдық ертеңгілігі)

Тәрбиешілер: Кенесары Г
Қуандықова М
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік: "Жаңа Жыл"
Ертеңгілік: "Жаңа Жыл"
Жаңа жыл келді!
Зал іші жаңа жыл ертеңгілігіне арнайы безендірілген. Ортада ойыншықтар ілінген жасыл шырша. Әуен ойналып, балалар залға кіреді.Балалармен бірге Сайқымазақ пен Доңыз кіреді.
Тәрбиеші: Армысыздар аяулы ата-аналар және кішкентай бүлдіршіндер! Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар, мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер.Балалар, бізге қонаққа Сайқымазақ және де Доңыз келіпті.
Қош келдіңіздер, қонақтар! Бізбен бірге жаңа жыл тойлауға келдіңіздер ме?
Сайқымазақ: Иә
Доңыз: Иә
Тәрбиеші: Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын.
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!
Балалар келіп жатқан қандай мереке?
Балалар: «Жаңа жыл»
Тәрбиеші:Балалар ендеше қонақтарымызбен бірге ойын ойнайықшы:
Екі топқа бөлініп, қарды шелектерге кім көп жинайды сол топ жеңімпаз
болады.
Тәрбиеші: Бәрекелді, балалар жарайсыңдар!
Қараңдаршы, айналамыз неткен керемет, қандай әдемі, мына шыршамызда неше
түрлі ойыншықтар ілулі тұр екен. Сендер де әдемі боп келіпсіңдер.Бірақ
шыршамыз көңілсіз екен.
Ендеше, балалар шыршамыздың шамын жағып, жарқыратуға Аяз-ата мен
Ақшақарды шақырайық. Бәріміз бірге:
Балалар: Аяз-ата, Ақшақар(3рет)
Әуен ойналады.
Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Олармен бірге Тышқан да «Жаңа жылда» келеді.
Аяз Ата: Сәлеметсіздер ме, балалар! Амансыздар ма қонақтар!
Амансың ба , қыздарым
Амансың ба , ұлдарым
Қандай әсем жүздерің
Қандай мөлдір көздерің
Керемет бір ән тыңдап
Келіп тұр-ау демалғым
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе Аяз-ата, Ақшақар. Қош келдіңіздер. Балаларымыз
Сіздерді сағынып, көптен күтіп жүр.Ендеше бізге шыршамызды жағуға көмектесіңізші.
Аяз Ата: Жарайды, балалар бәріміз бірге
1,2,3
Шырша шамы жағылсын.
Шыршамыз жарқырай түсті.
Балалар: «Алақай» , шыршамыз жанды.
Тәрбиеші: Дем алыңыз Аяз Ата. Біздің балаларымыздың сіздерге дайындаған
сыйын тамашалаңыз. Ендеше, балалар Аяз Атамызбен қонақтарымызға
өнерімізді көрсетейік.
Мирас: Қуантып елді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдық,
Бір жасқа енді.
Айзере; Жаңадан тақпақ,
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.
Абдрахман: Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жаңа жыл.
Ата-әже, әке-шеше
Құтты болсын, жаңа жыл
Ақбөбек: Тамаша! Тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Аяз Ата: Қандай әсем жырларың!
Би: «Шырша биі»
Орындайтындар:
Камшат, Ақбөбек,Раяна ,Айзере,Муниса,Назерке,Фариза,Фатима,Әмина,Раяна,Хусна.
Тәрбиеші: Жаңа жылым мол болсын!
Басқан қадам оң болсын!
Төрле, Төрле Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!
Ойын: «Шырша безендіру» Балалар екі топқа бөлініп,себеттегі ойыншықтарды
іліп, шыршаны жылдам безендіру керек
Би: «Аяз ата биі» М.Мейіржан,Осман,Әли,М.Ақжан,Парасат,Мирас,Ақжан,
Әбдрахман,Мерейхан,Ахмедияр,Мейіржан.Қанағат,Темірбек.
Тәрбиеші: Келесі кезекті ата-анамен ойынға кезек берейік.
Жана жыл әніне Аяз атамен бәріміз бір билеп көңілімізді көтеріп алайық.
Аяз Ата: Ой, мына балалар өнерлі екен.Менің де билегім келіп кетті ғой.
Ой, балалар мен жақсы дем алдым. Енді мен басқа да балабақша
балаларын қызықтайын.
Ал, балалар, міне сендерге дайындаған сыйлықтарым, қабыл алыңдар!
Тәрбиеші: Балалар, Аяз атаға өнерімізді көрсеттік, сыйлықтарын алдық, енді
рахмет айтып шығарып салайық.
Балалар: Қош болыңыз Аяз Ата. Келесі жылы кездескенше біз сізді сағына күтеміз.
Тәрбиеші: Осымен жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды.
Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!
«Жаңа жыл келді!» Бекітемін:
«Гауһар» жекеменшік
балабақшасы
Балабақша меңгерушісі
И.Д.Әлішбаева.
(I-кіші топ, «Бәйшешек» тобының жаңа жылдық ертеңгілігі)

Тәрбиешілер: Кенесары Г
Қуандықова М
шағым қалдыра аласыз













