Материалдар / Ертеңгілік "Жаңа жыл" балабақша
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ертеңгілік "Жаңа жыл" балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл туралы ертеңгілік ересек топтарына арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2018
2440
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Келді міне жаңа жыл!

Әсем безендірілген залға Қайырымды Фея кіреді.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт,шаттық,молшылық әкелсін
Бәрімізге Ұлу жылы арайлы.

Қайырымды Фея балалардың неліктен кешігіп жатқанына ақ-таң болады. Әдемі әнге балалар жеңіл жүгіріп кіреді де шыршаны айналып орындарына отырады.
Алғашқы сөз б\б меңгерушісі Тобышакова А.Қ. беріледі.
Қ.Ф. жүргізуші: Бүгін келді жаңарып
Ересек тобы тағы да
Би-билейді ән салып
Жасыл шырша жанын да
Сәлем бізден баршаға
Құттықтаймыз жар сала
Бүгін бізде Жаңа жыл
Қош келіпсіз шыршаға
Жаңа жылда көңілді
Шырқалады әніміз
Ата-аналар сіздерді
Құттықтаймыз бәріміз!

Жүргізуші: Балалар,мен бір жұмбақ жасырамын шешуін табыңдаршы
Аяз қысып ,өрнек сызып
Терезені торлайды
Қарға омбығып,бет домбығып
Балдырғандар ойнайды
Кейде ұлып,кейде жұлып
Ұйытқып боран соғады
Білсеңіздер айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Қыс мезгілінде.
Жүргізуші:Жарайсыңдар,дұрыс.Ал осы қыс мезгілінде ерекше тойланатын мереке қалай аталады?
Балалар: Жаңа жыл.
Жүргізуші: Ал енді бүгінгі мерекені ерекше өткізіп ертегі тыңдап тамшалағыларың келді ме?
Балалар: Тыңдап тамшалағымыз келеді.
Жүргізуші:Мен,ертегіні қысқаша айтамын.Сендер қандай ертегі екенін тауып айтасыңдар.
Ерте,ерте,ертеде деп бастағанда кітаптың ішінен зұлым Фея шығады. Зұлым Фея: Ия,сендер жаңа жыл мерекесін тойлағалы жатырсыңдар ма? Жо-жоқ мен қарсымын.Мен сендерге жаңа жыл мерекесін тойлатпаймын!Аяз ата мен Ақшақарды орманға адастырып жібердім.
Жүргізуші: Біз жаңа жыл мерекесіне ерекше дайындалып, қонақтар шақырып едік.Сенің көңіліңді табу үшін не істеуіміз керек?
Зұлым Фея: Бүгінгі жаңа жыл мерекесінде мен үшін ән айтып,мен үшін тақпақ айтып,мен үшін тойланса деймін.
Жүргізуші: Ән саламыз,би билеп,
Жырдан шашу төгілді
Бүгін біздің Жаңа жыл
Қандай әсем көңілді.
(Балалардың орындауында Ал,достарым келіңдер)
(Залға шаршап,көңілсіз Аяз Ата кіреді).
Жаңа жылдарыңмен ( 2рет)
Балаларым балғыным
Өмір гүлім,шалғыным
Тілегенім жыл-бойы
Сендердің денсаулығың
Амансың ба?Ұлдарым
Аппақ ару қыздарым
Мен сендерге әкелген
Құтты болсын жаңа жылдарың!
Жүргізуші: Аяз Ата неге көілсізсізсің?Немереңіз Ақшақар қайда?
Аяз Ата: Мені немерем Ақшақармен бірге мына Зұлым Ханшайым адастырып жіберді.Бізге басқа жол көрсетіп,өзі бізден бұрын келіп алыпты.Мен балалардың дауыстарын естіп келдім ал ,немеремнің қайда екенін білмедім.
Зұлым ханшайым: Бүгінгі мерекеде Ақшақар мен боламын.
Аяз Ата: Ой ,қандай қатігез едің.Осы кішкентай бүлдіршіндердің мерекелік кешіне кедергі жасап отырсың.Мен сені қатырып тастаймын.
(Аяз Ата таяғымен Зұлым ханшайымды түртіп қалады. Зұлым ханшайым қатып қалады)
Жүргізуші: Міне,балалар, қонақтар енді бізге Зұлым ханшайым кедергі жасай алмайды.Қанекей,бәріміз Аяз Атаның көңілін көтерейік .
Бізде әсем әнде,би де бар
Отыр ата ,сәл демал.
( Балалардың орындауында Таяғы бар қолында)
Аяз Ата: Жарайсыңдар! Менің көңілім көтеріліп қалды. Мерекеге қазір менің немерем де келіп қалар.
Жүргізуші: Аяз ата, мүмкін Зұлым ханшайым өз қатесін түсінген шығар. Қалай ойлайсыз босатсақ қайтеді. Аяз Ата: Бұл сен сияқты мейірімді бола алмайды. Жарайды, босатсам босатайын.
Зұлым ханшайым: Аяз ата мен енді өз қателігімді түсіндім. Менің балалармен бірге мерекені тойлағым келеді.
Жүргізуші: Аяз ата, біз балалармен бірге ертегі тыңдап тамашалағымыз келіп еді, оған Зұлым ханшайым кедергі жасап ертегіміз үзіліп қалды. Енді сол ертегіні жалғастырып тыңдап көрелік. Ал, балалар естеріңе сала кетейін, мен ертегіні қысқаша айтамын, сендер қандай ертегі екенін тауып айтасыңдар. Ерте, ерте, ертеде бір зәулім сарайда Мереклік кеште ханзада өзінің сұлу ханшайымын жоғалтып алыпты. Ал, бұл қандай ертегі?
Балалар: Золушка
Жүргізуші: Ендеше көріп тамашалайық
( Би Ханзада мен Ханшайым)
Жүргізуші: Ертегіміз әлі аяқталлған жоқ. Келесі ертегіні тыңдайық. Ерте, ерте, ертеде сонау бір шығыс елінде Жасмин атты сұлуы бар сиқыршы өмір сүріпті. Қанеки қандай ертегі
Балалар: Аладдин мен Жасмин
Жүргізуші: Өте тамаша, ендеше тамашалайық.
( Би Шығыс биі)
Жүргізуші: Соңғы ертегім. Бір орманда кішкентай қыздың әжесі тұрады екен. Қыз әжесіне бәліш пісіріп апара жатқанда жолдан бір қасқыр кезде - сіпті. Ертегі кім жайлы айтылған?
Балалар: Қызыл телпек
Жарайсыңдар. Қане көріп тамашалайық.
(Көрініс Қызыл телпек)
Жүргізуші: Бүгін біз көңілдіміз
Жаңа жылды қарсы алып
Мерекеге келгендерді
Құтықтаймыз ән салып.
(Балалардың орындауында “Жаңа жыл!”)
Жүргізуші: Балалар енді Аяз Атаға,мерекеге арналған тақпақтарымызды шашу етіп айтайық.
(Балалардың орындауында тақпақтар)
Зұлым Ханшайым:Аяз Ата,балалар мен бүгінгі ертеңгілікке кедергі жасағаныма өкініп отырмын.Мен Ақшақарға жол тауып беріп сендерге көмектесейін деп шештім.Ендеше сау болыңдар.(Кетеді)
Жүргізуші:Аяз Ата,балалар біздің қонақтарда жаңа жыл мерекесін тамашалап отыр.Ендеше қонақтардың көңілін көтеріп “Кім жылдам?”ойынын ойнатайық.
(Ата-аналар орындыққа таласып ойнайды. )
Аяз Ата:Ақшақар неге кешігіп жатыр ,әлде Зұлым Ханшайым бізді алдап кетті ме?
Ақшақар:Аяз ата мен келе жатырмын.Зұлым Ханшайым уәдесінде тұрып маған жол көрсетті.Балалар сәлеметсіңдер ме,қалай мереке көңілді өтіп жатыр ма?Аяз Ата шырша оты неге жанбай тұр?
Аяз Ата:Біз сені ойлап,шыршаның отының жанбай тұрғанын да байқамаппыз.
Ақшақар: Мінекей жасыл шырша,
Қуаныш жалпыға.
Құлпырған сүйікті шырша,
Жарқыра,жарқыра!
(Шырша жарқырап жанады.)
Жүргізуші:Тауда жуып,тауда өскен,
Шырша келді ортаға.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқаймыз баршамыз.
(Балалардың орындауында ән)
Жүргізуші:Ал,балалар Ақшақарға жаңа жылға жаттаған тақпағымызды айтайық.Бізге әкелген сыйлығы мол екен.
(Балалардың орындауында тақпақтар)
Ақшақар: О,керемет,керемет
Бейне аппақ көбелек
Ақшақар жай көлбеңдеп
Қонып жатыр жерге кеп
Шыр көбелек айналып
Қонып жатыр жайланып
Дейді:қайтып ұшпаймыз
Осы жерге қыстаймыз.
(“Ақұлпа биі”)
Ақшақар:Аяз Ата,балаларға ойын ойнатып,шапшаңдықтарын байқайық.
(Ойын: “Сиқырлы қап” )
Жүргізуші:Балалар,далада ауа райы қандай?
Балалар:Суық,аяз.
Жүргізуші:Балалар,далада қаншалықты аяз болса да,бүгінгі мерекемізге сонау ыстық елден қонақтар сіздерге арнап “Папуаз”биін билеп бергелі келіпті.Қанеки қошеметтеп қарсы алайық.
(“Папуаз”биі)
Жүргізуші:Аяз Ата,Ақшақар бүгінгі мерекеде біздің балалардың барлығы тақпақ айтып сыйлық алғылары келіп отыр.
(Балалардың орындауында тақпақтар)
Жүргізуші: Ой,халайық,халайық
Аямайық қол соғайық
Би билейтін жігіттерді
Ортаға шақырайық.
(“Жігіттер билейді”би)
Аяз Ата:Ал,енді ескі қоян жылын шығарып салып Ұлу жылын қарсы алайық. (Хормен Жаңа жыл 3-рет)
Келді міне, жаңа жыл ортамызға
Құт- береке әкелсін баршаңызға
Аңсаған армандарың орындалсын
Өміріңіз бақыт пен нұрға толсын.
Ал, енді Ақшақар біз жолға шығайық. әлі талай балдырғандар күтіп отыр.
Ақшақар: Аяз ата біз қалай кетеміз? Балаларға сыйлық таратқан жоқпыз.
Аяз Ата: Әй, осы мен қартайдым. Сыйлықты ұмытып кетіппін.
( Балаларға сыйлық таратады. Балалармен қоштасып кетеді)
Жүргізуші: Жаңа жыл сіздер үшін зор жетістіктерге қол жетететін, ой мақсаттар жүзеге асатын, арман тілектер ақталатын жыл болсын!
Осымен Келді міне, Жаңа жыл! атты ертеңгілігіміз соңына жетті.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!