Материалдар / Ертеңгілік "Жаңа жыл" балабақша

Ертеңгілік "Жаңа жыл" балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий. Балабақша тәрбиешілеріне арналған
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Жаңа жыл!


Залдың ортасында әсем, сәнді шырша. Зал қабырғалары да бос емес. Шыршаға қаршалар мен шырша ойыншықтары ілінген.


Жүргізуші: Даламызға, қаламызға,

Жаңа жыл кіріп келеді.

Қартыңызға , балаңызға

Жалынды сәлем береді

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар

Таңырқанып тұрмаңыздар

Сәнді шырша шақырады

Шырша жырын жырлаңыздар

Келіңіздер, келіңіздер

Биде билеп беріңіздер

Қызығы мол Жаңа жылдың

Тамашасын көріңіздер!

Балалар саз әуенімен залға кіріп шыршаны қызықтап бір айналып шыққан соң орындарына отырады.

( Ән «Жаңа жыл» балалар орындайды)

Жүргізуші: Балалар бізге қонаққа кім келе жатыр?

( Тоқылдатқан дыбыс естіледі. Қарға ұшып кіреді де, томарға келіп отырады)

Қарға: Мен сендерге жақсы жаңалық әкелдім. Бүгін сендерге сағат он бірде үлкен қонақ келеді. Күтіңдер! ( қарға ұшып кетеді)

Жүргізуші: Балалар, бұл кім болды екен?Мүмкін Аяз ата шығар?

Қанеки,балалар,біз Аяз атаны бәріміз бірге шақырайық,Аяз ата адасып кетпесін.

(Балалар барлығы бірге Аяз атаны шақырады)

(Топқа Аяз ата кіреді.Балалармен амандасады)

Аяз ата: Ау,амансың ба,ұлдарым!

Амансың ба,қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың,

Асулармен алысқан,

Алау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан!

Сендердің шыршаларың қандай әсем ,қандай әдемі.Мен қайда барсам да, орманда жүрсем де мынадай әсем шыршадай шыршаны көрмеппін.Міне қандай ретсіздік .Сендердің шыршаларың жанбай тұр ғой.Қанеки,шыршаны бірге жандырайық. (Бір,екі,үш шыршамыз жана түс!)

Жүргізуші:Мінеки,аяз ата ,сіз бізді қуанттыңыз,алғысымыз ретінде ,балалар сізге арнап өлең айтады.

(«Саламат па.Аяз ата!» балалар орындайды)

Аяз ата:Сендер қандай ақылды баласыңдар.Менің көңілім көтеріліп қалды.Мен сендерге сыйлық әкелдім.

(Аяз ата сыйлығы салынған қабын іздейді.)

Аяз ата:Мен әбден қартайған шығармын. Сыйлық салынған қабымды қайда тастап кеттім екен. ( аяз ата енді бір қолғабы жоқ екенін байқап) Ал,енді менің бір қолғабым қайда? Қолғабымды қайда шешіп кеттім? Балалар сендер менің қолғабымды көрген жоқсыңдар ма?

Жүргізуші: (Қуланып) Балалар, біз көрдік пе Аяз атаның қолғабын?

( жүргізуші қолғапты аяз атаға білдірмей жоғары іліп қояды)

Балалар: көрген жоқпыз

( Аяз ата ары-бері қолғабын іздейді , балалар қолғаптың жоғарыда ілулі тұрғанын айтады)

( Саз әуенімен түлкі кіреді)

Түлкі: сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне мен келдім. Қараңдаршы сендерге қандай сыйлық әкелдім( қолындағы қапты көрсетеді)

Аяз ата: Ах, сені ме сотқар тентек түлкі. Бұл менің сыйлық салынған қабым ғой, сен менен ұрлап алыпсың.

Түлкі: балалар, сенбеңдер Аяз атаға бұл менің қабым. Көрдіңдер ме, мен қандай жомартпын, сендерге сыйлықпен келдім. Аяз ата қандай сараң, сендерге сыйлықсыз келіпті. ( түлкі қояндардың жанына келеді) Ах, менің тәттілерім, дәмділерім!

Қояндар жан-жаққа қашып би билейді

Аяз ата: Болды енді, мына тентекті жөнге салу керек.( таяғымен қапты сыйқырлайды.)

Түлкі: қаптың аузын ашса ішінде қарлар болады түлкі дәмін татып көреді. Фу, қандай дәмі жоқ, тістерімнен өтіп кетті. Қарды ары-бері лақтырады

Аяз ата: Қане ,балалар мына тентек түлкіні қуалап жіберейік «Ойын қар лақтыру» ( түлкіні қар лдақтырып қуалайды)

Жүргізуші: Аяз ата, сіздің немереңіз Ақшақар қайда? Ол бүгінгі мерекеде көрінбейді ғой.

Аяз ата: Иә ол кешігіп жатыр. Мүмкін ормандағы аңдарға ертегі айтып беріп жатқан шығар.

Жүргізуші: Ендеше Аяз ата сіз біздің балалардың тақпағын тыңдаңыз.

( Балалардың тақпағы)

Аяз ата: балаларды мадақтайды. Менің немерем Ақшақар кешікті. Балалар сендарде шаршаған шығарсыңдар. Келіңдер, Ақшақар келгенше қардан аққала жасап ойнайық.

( балалар аққала соғып ойнайды. Аққала тіріліп оянады)

Аяз ата: Аққала, сен Ақшақарды көрмедің ме?

Аққала: Жоқ, мен өзім қазір ояндым. Ақшақар әлі келмеген бе?

Жүргізуші: Біз, Ақшақарды күтіп отырмыз, неге кешігіп жатқанын білмейміз?

Аққала: Ендеше бәріміз бірге Ақшақарды шақырайық.

( балалар барлығы бірге Ақшақарды шақырады)


Ақшақар: Ау-у, Аяз ата, ау-у балалар мен естідім, келе жатырмын. Сәлеметсіңдерме, балалар, қонақтар. Міне, мен келдім. Мен өте қуаныштымын, атамды, сендерді көргеніме. Аяз ата сіз қабыңызды ұмытып кетіпсіз

Аяз ата: Енді, ешқашан сені жалғыз жібермеймін. Біз сені көп күтіп қалдық. Ал уақыт алға жылжып келеді.

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар

Ортамызда балалар

Қол ұстасып айналып

Ән шырқасақ жөн болар

Ақшақар: Қане, балалар бәріміз көңілденіп ән салайық, жаңа жылды бірге қарсы алайық!

(« Шырша жыры»әні)

Ақшақар: Ал келіңдер, келіңдер!

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт Аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер.

( Балалардың тақпақтары)

Ақшақар: Менің әсем ұлпаларым

Маған ұшып келеді

Таң қалдырып өнеріне

Бәрі билеп береді

« Ақшақар» биі

Жүргізуші: Шыршада ілінген

Қарапайым ойыншық

Бәріне таныс жаңа жылда

Күтеді бізді тосын сыйлық

( Петрушка жүгіріп кіреді)

Петрушка: Мен сендерге асықтым қонаққа

Ұйғардым қалпақ кигенді

Сылдырлайды сылдырмақ қалпағымда

Балаларды қуантқым келеді

Жүргізуші: Мейірімді Петрушка, ал сенің қолындағы қабыңда не бар?

Мүмкін жылтыр қағазбен оралған кәмпит бар шығар.

Петрушка: Жоқ таппадың! Балалар қазір өздері-ақ табады. Сендер қаптың түбіне қараңдар, не барын алып шығыңдар.

(Балалар сылдырмақ алып «Петрушка» биін билейді)

Аяз ата: Рахмет сендерге достарым, осындай көңілді мерекеде көңіл көтеріп, қуантуға келгендеріңе. Сендер мені де, балаларды да таң қалдырып қуанттыңдар.

Петрушка: Менің тағы да сыйлығым бар. Балалар да шаршаған сияқты. Қанеки бәріміз орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық.

«Если весело живем»

Аяз ата: Жарйсың досым! Енді мен сендерді қуантамын. Мен қызыл телпекке уәде бергенмін. Қазір мерекеге Қызыл телпектің өзі келеді.

Жүргізуші: Міне, олардың өздері де келеді. Аяз ата ол өзі біреу емес бірнешеу.

« Қызыл телпек» биі

Аяз ата: Міне балалар біз Ақшақар екеуміздің кететін уақытымыз да жетті. Мен сендермен кетпей тұрып тағы ойын ойнағым келіп тұр. Сендердің араларыңда шықпай қалған өнерлерің бар шығар.

Ойын « Кім жылдам?»

Жүргізуші: Аяз ата балалардың өнеріне көңілің толды ма?

Аяз ата: Иә, менің көңілім толып, көзім жетті, енді мен балаларға арнап әкелген сыйлығымды таратайын.

(Аяз ата мен Ақшақар қоштасып шығып кетеді)

Жүргізуші: Міне, балалар, қонақтар біздің де мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жыл бізге қуаныш әкелсін!

















04 Қаңтар 2018
1964
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі