Ертеңгілік
Тақырыбы: «Жаңа жыл қарсаңында»
Тәрбиеші: Казанбаева А.Б.
Алматы 2020
ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЕРТЕҢГІЛІК.
Ән әуенімен балалар залға ұстасып кіреді шеңбер құрады.
Жүргізуші: Сүйкімді балалар! Қымбатты қонақтар!
Біз бәріміз ғажайып жаңа жылдық ертегіні , жаңа жылдық сиқырды күтудеміз.Міне жаңа жылда жақындап қалды!
Муслим: Уа халайық жараңдар
Айналаға қараңдар
Жаңа жылдың бұл тойын
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп шат болып,
Шаттық күліп тараңдар
Айша Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар
Таңырқанып тұрмаңыздар.
Сәнді шырша шақырады,
Шырша жырын жырлаңыздар.
Несібелі: Армысыздар халайық
Бармысыздар халайық
Жаңа жылды жұп жазбай
Бірге қарсы алайық
Ән: «Жаңа жыл»
Жүргізуші: Біздің шыршамыз не деген әдемі! Мерекемізге сәнденіп-ақ алыпты! Көрікті шыршамыз біздің ән, жыр, тақпақтарымызды күтіп қалды. Қане, балалар, қуантайықшы біздің шыршамызды. Жаңа жыл – ғажайыптар мерекесі. Адам қанша жаста болса да осы бір ғажайып мерекені тағатсыздана күтеді. Жаңа жылда шынымен тілегенің болады.
Жүргізуші:Балалар! Жаңа жыл мерекесіне бізге кімдер келу керек еді?
Балалар:Аяз ата, Ақшақар.
Жүргізуші: Ендеше, Аяз атамызды , мерекемізге шақырайық.
Балалар:Аяз ата, Ақшақар.
Бірақ, біздің Аяз атамыз қайда? Мүмкін мынадай үлкен қалада жолды таппай жүрген шығар? Қанекей балалар, Аяз атаның сүйікті әнін орындайық Аяз ата оны естіп, бізді тезірек табатын шығар.
Сахнаның сыртынан.
Жалмауыз кемпір:Келе жатырмын! Келе жатырмын! Деген дауыс естіледі. (күлкілі музыка қосылып,Аяз атаның киімін киген Мыстан кемпір кіреді: аяғында , кеды, сақал-мұрты күлкілі, қолында таяқтың орнына сыпырғысын ұстап келеді)
Жалмауыз кемпір: Келе жатырмын асығып келе жатырмын! Бәріңе сәлем! (Залды аралап балаларға, ата-аналарға қол береді)Сендер неге қуанбайсыңдар? Неге маған ән, тақпақ айтпайсыңдар? Қанекей, тездетіп билеңдер, маған өнерлеріңді көрсетіңдер.
Жүргізуші:Мынау кім өзі?Біздің Аяз атаға мүлдем ұқсамайды ғой.
Жалмауыз кемпір: Әй, пері , есіңнен танып жүрсің бе?
Мені танымай тұрсың ба? Міне қара, мұртымда, сақалымда бар! (ашуланып) Не қарап тұрсыңдар? Маған өнерлеріңді көрсетіңдер.
Жүр: Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұл аяз ата ма?
Ж/кемпір: балалар , сендер бұл ақымақ періні тыңдамаңдар!
Мен Аяз атамын!
Ж-ші: Балалар, біздің сүйікті Аяз атамыз бізді тезірек табу үшін қол соғайық.
(Балалар қол соғады, мыстан кемпір кедергі жасайды)
Енді дусымызды қатты шығарып, «Аяз ата, кел!» деп шақырайық ( 3 рет айтады, соңғы рет ата-аналармен бірге)
«Ау ,балаларым! » деген дауыс естіледі. Музыка ырғағымен Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Залды айналып өтеді. Мыстан кемпір біресе шыршаның артына тығылып, біресе Аяз атаның артында сыпырғышымен сілтеп, біресе ойланып отырып қалады.
Аяз ата:
Армысыңдар, балаларым!
Армысың, уа халайық!
Сағыныш басып, амандасып
Хал сұрасып алайық.
Аман-есен жүрмісіңдер,
Бөбектерім сүйкімді!
Ақшақар: Армысыңдар балалар,
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай ғажап жырларың!
Аяз ата:Ту, былтырғыдан өзгеріп, өсіп кетіпсіңдер гой!
Ақшақар: Балақайлар! Атамызды тостыңдар ма, әндеріңе қостыңдар ма?
Жүргізуші: Әрине Аяз ата біз сізді ұзақ күттік, әнімізгеде қостық.
Аяз ата:(орындықта үндемей отырған мыстан кемпірді көріп)
Мынау қайсысы? Сен кімсің?
Мыстан кемпір: Ал сен кімсің?
Аяз ата: Мен– Аяз атамын!
Мыстан кемпір: ол, мен –Аяз атамын!
Аяз ата: Жоқ мен- Аяз атамын.
Мыстан кемпір: Қалай дәлелдейсің?
Аяз ата: Міне, мұртым, сақалым бар
Мыстан кемпір: Менің де мұртым мен сақалым бар.
Аяз ата: Міне, таяғымда бар.
Мыстан кемпір: Менің де таяғым бар-деп (сыпырғышын көрсетіп ) Ол сиқырлы қазір бір соғайын ба?
Аяз ата: Менің төл құжатым да бар.
Мыстан кемпір: Қане, көрсетші. Суреті бар ма, мөрі барма? Берші көрейін! (алып алады да,жыртады сөйтіп, қатты күледі, күлгенде бас кимі мен мұрты түсіп қалады)
Аяз ата: (Мыстан кемпірді көрермендерге қаратып), мынау- мыстан кемпір гой!
Мыстан кемпір: (алдымен сасып қалып, содан соң ұялмай) Иә, мыстанмын, иә кемпірмін! Мен де балалармен ойнап күлгім келеді. Маған өлең айтқанды, би билегенді, сыйлық бергенді қалаймын
Аяз ата: Қанекей, кет бұл жерден! Балалардың мерекесіне кедергі жасама , әйтпесе мұзға айналдырып жіберемін.
Мыстан кемпір: Кетемін! Жамансыңдар! Сендермен дос болмаймын! (сыпырғышына отырып ұшып кетеді)
Аяз ата: Енді шыршамыздың жанатын кезі келді ғой деймін.
Ал, балалар, кәнеки
Мерекені бастайық.
Шыршамыздың әдемі,
Шамдарын біз жағайық.
Таяғын 3 рет ұрады. Шам жанады.
Ақшақар: Қанеки, балалар, керемет шыршамыздың жанында биге басайық.
Ән: Мақсат тобы (ағылшын)
Ақшақар: Ал, ойынға қалайсыңдар?
Аяз ата: Иә, ойын демекші, кәне келіңдер ойын ойнайық.
Ойын: «Мұз мүсіндер»
Ал, балалар,балалар!
Маған құлақ салыңдар
Бәрің тыңдап алыңдар
3 рет таяқ ұрғанда
Мұз боп қатып қалыңдар.
Аяз ата:Ой, жарайсыңдар балаларым
Ерқанат Жасыл шырша, қош келіпсің,
Сені аңсап жүрдік біз.
Өзіңменен жаңа жылды
Бір күтуге келдік біз.
Юсуф Жасыл шырша , қош келіпсің
Сені күтіп жүрдік біз.
Сенің жүзің көркейсін деп,
Ойыншықтар ілдік біз.
Аян Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жыл да келеді
Бізге қарай жылыстап.
Айсултан Ақша қарға малынып,
Аппақ тонын жамылып.
Сақалы мен мұртына,
Күміс моншақ тағылып,
Аяз ата келеді
Балаларды сағынып.
Ернур Аяз ата келеді
Тамашаны көреді.
Риза болып қуанып,
Бізге сыйлық береді.
Раяна Жаңа жыл келгенде,
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде,
Билейміз ән саламыз.
Арсен: Аяз ата ,Аяз ата,
Сені күтіп жүрдік біз.
Томпаң қағып, арқаланып,
Келеріңе сендік біз.
Раяна Қалмырза Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсылық.
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
Анель Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жанашыр
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл.
Тілеймін мен бар әлемге
Жаңа бақыт, жаңа жыр.
Әке-ана, әке-ана
Құтты болсын жаңа жыл.
Димаш:
Адина:
Альбина:
Ернар:
Нұртөре:
Айбар:
Нурислам:
Жеке ән: «Шыршаға бардық» орындайтын Генжебай Жансая
Ойын: Пима
Жалпы би: Флешмоб
Аяз ата: Ой, рахмет, жарайсыңдар!
Аяз ата:
Жарайсыңдар, балаларым!
Бойларың да өсіпті,
Ойларың да өсіпті,
Келгенде-ақ байқағам!
Өздеріңе қараймын да
Көңілім толып, шаттанам.
Ақшақар: Аяз ата, Сіз балаларға беретін сыйлықтарыңызды ұмытпадыңыз ба?
Аяз ата:Жоқ, ұмытқан жоқпын! Ең бастысы –сыйлық қой ! Қазір ,не боп қалды, қапшығым қайда? Мынау Мыстан кемпірдің тірлігіне ұқсайды .
Жүргізуші: -Ұстаңдар мына кемпірді!..
Жалмауыз кемпір: -Бәрі тойлап жатыр...Аяз ата, Аяз ата деп мына шалды жылда шақырады. Ал мені ешкім шақырмайды. Мен де кәрі адам емеспін бе?!.. Үлкен кісіні сыйлау деген қайда?!...
Жүргізуші: Ал сен неге Аяз атаның қапшығын ұрламақ болдың?
Ж. кемпір (өтірік): -Е, мен өз қапшығыммен шатастырып алыппын ғой...
Аяз ата: -Менің қапшығымның іші сыйлыққа толы. Мен балаларға жаңа жылдық сыйлық әкелемін. Сондықтан балалар мені күтеді, шақырады. Ал сені не үшін шақыруы керек?...
Ж. кемпір: -Менде де іші сыйлыққа толы сиқырлы қапшық бар. Балалар, ішінде не бар екенін көргілерің келе ме? (көрермендерге қарап: )
-бір оншақтысын алып кетейін!...Мына қыз келсін..,(көрермендерге қарап)
-өзінің томпағын-ай! Мынау бала да..., мынау да...
Ж. кемпір: - Ой -бой! Мына қапшықтың түбін жамауды ұмытып кетіппін ғой...Қап! Менің үнемі жолым болмайды. (жылайды)
Бала: Қамықпа, әжетай! Біз саған
да арнап тақпақтар айтып береміз. Ерқанат
Ж. кемпір: -Маған әжетай деді! Ой ,айналайын, кәне... кәне
(Аяз атаның орнына барып отырып алады)
Ж. кемпір:(көңілі босап) -Рахмет, балаларым! Мен үйіме қайтайын. Біртүрлі көңілім босап шаршаңқырап қалдым. Құрметтеріңе рахмет. Сау болыңдар!
(көңілді әуенмен шығып кетеді)
Аяз ата: Балаларым, біздің кететін уақытымыз болды. Рахмет сендерге. Көңілденіп қалдым. Ән де айттық, ойнадық, биледік. Өздеріңе әбден риза болдым. Сау болыңдар балақайлар!
Жүргізуші: Аяз ата, Ақша қар сіздер біздің балалардың өнерін тамашаладыңыздар, бірақ, балалар сыйлықты ұзақ күтті ғой, сыйлықты бермедіңіз ғой.
Аяз ата: Ой,Ой,Ой сыйлықты ұмытыппын ғой..... Қазір қазір.....
Аяз ата:
Көңілді аяз атамын, Бәріңе сыйлық атадым. /қабын іздейді/
Сыйлық салған қабым жоқ. Іші толған сыйлық көп.
Шырша түбін қарадым, Ол жерден де таппадым.
Музыкамен сыйлықтарды алып Сиыр келеді: /сахна жақтан/
Сиыр: сәлеметсіңдерме балалар, Аяз ата. Мен жаңа жыл сиыр жылымын, сендерді жаңа жыл мерекесімен құттықтап келдім, сендермен жыл бойы біргемін.
Жүргізуші: Қош келдіңіз жаңа жыл. Төрімізге шық, бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел.
Аяз ата: Ал айналайын жаңа жыл келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол жаңа жыл.
Неткен үлкен шар еді, Іші оның бос па еді?
Әлде сыйлық сонда ма екен?.. Қарайыншы мен еппен!..
Сиыр: Оны қалай ашамыз?
Аяз ата: -Білемін...сиқырлы таяқпен,
Ақырын оны қағу керек. Алақанға соғу керек.
Бәріміз бірге: « 1,2,3! Сыйлық күтеміз сенен біз!» -деу керек.
Балалар: « 1,2,3! Сыйлық күтеміз сенен біз!» /Аяз ата балаларға сыйлықтарды таратады./
Аяз ата: Сау болыңдар, балалар!Көңілді той тойлаңдар! Рахмет сендерге балалар сендермен көңіліміз көтеріліп қалды,енді біздің кететін уақытымыз келді, келесі кездескенше сау болындар!
Жүргізуші: Рахмет сізге, Аяз ата! Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп, көркейсін! Қуаныштар көп болып,
Жақсылықтар көбейсін! Сау болыңдар!
Бәріміз ортаға шығып, көңілді би билейік!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертеңгілік ""Жаңа жыл қарсаңында" МАД тобы

шағым қалдыра аласыз