Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік "Жаңа жылдық қойылым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл мерекесімен оны ерекшеліктерімен таныстыру. Балаларға цирк туралы мағлұмат беру. Цирк кейіпкерлерімен таныстыру, циркке деген қызығушылықтарын арттыру. Жаңа жыл туралы әндер мен тақпақтарды айтқыза отырып, би билетіп жаңа жыл туралы білімдерін тиянақтау. Балалардың есте сақтау,тапқырлық қабілетерін дамыту, ой - өрістерін кеңейту. Балалардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, сюжеттік - рольдерді ойнау арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өскемен қаласы әкімдігінің

«№15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы» КМҚК









«ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚОЙЫЛЫМ»


Өткізгендер:

Музыкалық жетекші: Ткежанова А.Е.

Би жетекшісі: Нұрлан. Қ

Тәрбиешілер: Кудерова Н.Н., Сайлаухан. Ө








Өскемен қаласы

2017-2018 оқу жылы



«Жаңа жылдық қойылым»


Мақсаты: Жаңа жыл мерекесімен оны ерекшеліктерімен таныстыру. Балаларға цирк туралы мағлұмат беру. Цирк кейіпкерлерімен таныстыру, циркке деген қызығушылықтарын арттыру.

Білімділік: Жаңа жыл туралы әндер мен тақпақтарды айтқыза отырып, би билетіп жаңа жыл туралы білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Балалардың есте сақтау,тапқырлық қабілетерін дамыту, ой - өрістерін кеңейту. Балалардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, сюжеттік - рольдерді ойнау арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.


Кейіпкерлер:

Аяз Ата – ересек адам.

Ақшақар - ересек адам.

Бим - ересек адам.

Бом - ересек адам.

Сиқыршы Факир – ересек адам

Жылан – ересек адам


Балалар көңілді музыка әуенімен залға кіріп би қимылдарын жасайды.

Ақнұр: Жаңа жылмен, жаңа жылмен,

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрін де!


Мөлдір: Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсылық.

Кетер жылға – мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.


Аяжан: Жақсы жаңа жыл келді,

Асқар таумен қатарлас.

Біз осылай жылды енді,

Қарсы алайық бәріміз.

Айтқазы Мансұр: Жарқыраған күмістей

Балалар жүр шаттанып,

Күні бойы түк ішпей

Балалар жүр асыр сап,

Аққаланы қызықтап,

Аппақ қардың бетіне,

Айқыш-ұйқыш сызық сап.



Айдана: Қала нұр, дала нұр,

Құтты болсын жаңа жыл.

Шырша тойы көңілді,

Билеп барлық бала жүр.

Алихан: В небесах она сверкает

Нашу елку украшает

Не померкнет никогда

В новогодний день звезда.


Тоқанова Айзере: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,

Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-

Ғасырдың он екінші жылы келді,

Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

Құтты болсын жаңа жыл, барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Табиғат ашық аспан, таң шапағын!


Әмірхан: Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны

Аяз қысып жер бетін

Циркте той басталды

Шыршаны да жағады


Балалар бірге: Шырша, шырша жарқыра! (шырша шамы жанады)


Айнара: Сәнді шырша ортамызда

Қоршап оны баршамыз

Ән саламыз тамсанып!

Ән: «Жаңа жыл»


Акрам: Новоодние подарки

Мы их ждали целый год

Что лежит в пакете ярком

Сердце радостью замрет.


Бексұлтан: Жаңа жыл жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Рамазан: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Ибрагимов Мансұр: Merry, Merry Christmas

Is likely to come.

Merry, Merry Christmas

You are welcome!

Жүргізуші: Ооо, көрермендер қандай көп!

Жайғасайық ыңғайлы!

Әртістерді қарсы алып

Қошаметпен қол соғып!

Бірінші рет манежде, әдемі де сымбатты Айзере атты қызымыз қол үйреткен көгершіндерімен бірге өнер көрсетеді. Қарсы алыңыздар!

Би: «Көгершін»

Жүргізуші: Цирк аренасында, жыландарды арбаушы атақты әлемге әйгілі Ибн Хаттаб Абдул Абдурахман! (жыланмен номері)

Жүргізуші: Әне біздің сайқы мазақтар келіп қалыпты, қарсы алыңыздар!

Бим: Құрметті көрермендер, балалар, ата-аналар!Сәлеметсіздер ме! Менің атым Бим, ал мынау менің досым Бом.Сен амандастың ба Бом?

Бом: Жоқ, а қалай амандасу керек?

Бим: Келесің де айтасын: «Сәлеметсіңдер ме!Қайтала.

Бом:«Сәлеметсіңдер ме! Қайтала.

Бим: Жоқ дұрыс емес.Сәлеметсіңдер ме! Болды.

Бом: Ааа ұқтым!Сәлеметсіңдер ме!Болды!

Бим: Ооо, жарайды ендеше былайнан амандас (қол көтеріп амандасады)

Бом: (қол көтеріп амандасады).Ал сендер мында не істеп жатырсындар?

Бим: Көрмей тұрсын ба мында мереке болып жатыр.

Бом: Ааа мереке. Ендеше мен сендерге қазір гармошкамен ән айтып беремін.

Бим: Болды мында ойнама!(гармошканы қолынан жулып алады)

Бом: Мында болмайма, ендеше ана жерге барып ойнаймын (бубенды қалтадан алып ойнайды)

Бим: Мен айттым ғой ойнама!(бубенды қолыннан алады)

Бом: Онда ана жақта бастап ойнаймын.(сылдырмақты алып ойнайды)

Бим: Сылдырмақты маған бер, енді ойнаушы болма!(сылдырмақты ашуланып алады)

Бом: Ой,қорқытып жібердің. (мазақтайды).Мені ойнатқыларын келмесе, онда мен сендерге билеп беремін.Ал сендер балалар бізбен бірге билендер.

Би: сайқы мазақтармен. «Фиксики»

Жүргізуші: Тоңпан–тоңпан жүретін

Аю үлкен жануар

Балды жақсы көретін

Аю деген жануар. ( аюлармен номері)
Жүргізуші: Ал қазір алдарыңызда біздің акробаттар!

(акробаттар шығып өнерін көрсетеді)

(Бом акробаттармен шығады бірге штанганы көтермекші болады, бірақ көтере алмайды)

Бим: (жүгіріп кіреді) Бом, Бом қара бізге хат келді!(бір-бірінен тартады) Мен оқим!

Бом: Жоқ мен! Жарайды бірге оқиық!

Бірге оқиды:

«Жақында келемін, қарсы алындар, Аяз ата!»

Жүргізуші: Кане балалар, Аяз атаны шақырайық па?

Балалар: иә, Аяз ата!Аяз ата кел, кел!(шақырады) (Аяз ата кіреді)

Аяз ата: Сәлем, сәлем балалар

Сәлем қымбатты достар

Жомарт Аяз атамын

Жаңа жылға келемін!

Ән «Аяз ата»

Жүргізуші: Аяз ата, сен жолдан шаршап келдің, мына орындыққа отырып, балалардың тақпақтарын тындап ал.

Мақпал: Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Асанәлі: Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз.

Ән шырқайық баршамыз

Қанатқызы Айзере: Мәз болып, жиналып көп бала,

Бір-бірін құшақтап топтала,

Ойыншық іліп жүр шыршаға,

Неткен көп ойыншық мұншама.

Дайын тұр тақпақ пен әніміз,

Әрдайым құлпырсын сәніміз!

Айсу: A happy new year!

The day is so clear.

The snow is so white.

The sky is so bright!


Абылайхан: Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.


Ақшақар: Мына циркта өте қызықты екен, биыл біз қай жылды қарсы алғалы отырмыз. Дұрыс айтасыңдар. Ит жылын қарсы аламыз. Келе жатқан жылымыз құтты болсын!Кане солардың өнерін тамашалайық!

Би: «Күшіктер биі»

Үйретуші: Ақтөс, сұраққа жауап бер! Мына сан неше? «5»

Ит: бес рет үреді

Үйретуші: Жарайсың, дұрыс. Енді кезек сенікі, мына суретке қарап сандарды ажырат!( үш көрсетеді)

Ит: бес рет үреді.

Үйретуші: Қателестін, қайтадан санашы. (тағы да үш саны көрсетеді)

Ит: үш рет үреді.

Үйретуші: Жарайсың, дұрыс.

Күшіктерді обручтен өткізеді. Але-хоп, але-хоп

Музыка естіледі.

Ақшақар: Бұл қандай әдемі әуен. Қазір біздің ортамызға әлемге аты әйгілі сиқыршы Факир шығады.

Босқа уақытты созбай, қол соғайық балалар! (Факир шығады)

Аяз ата: Бұл недеген ғажап!Қандай өнерлі әртістер!Балалар тағы қандай өнерлерін бар?

Төлеубек Айзере : Жаңа жылды қарсы алайық бәріміз,

Керемет қой жаңа жылғы әніміз.

Ән айтамыз бәріміз де қуанып,

Жаңа жылдың біз, сіз болар сәніміз.


Алижан: Тауда туып

Тауда өсіп

Шырша келді ортаға

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Сұлтан: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.


Айару: Snow, snow all around

On the trees and on the ground.

Who can stay at home now?

Quickly, quickly go out!




Салауат: Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз.

Аяз ата келгенде

Билейміз, ән саламыз.

Ерасыл: Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа - жыл
Ата - әже, әке - ана
Құтты болсын жаңа жыл


Айтуар: Вместе с Дедушкой Морозом

Все танцуют и поют,

Новый год – веселый праздник,

Смех и радость к нам придут.


Мадияр: Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам он болсын
Төрле төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.


Ән «Шырша шамы жарқыра»

Аяз ата: Ал енді мен кетейін. Жолға шығуым керек. Сендермен ойнадым, ән айтып, биледім. Бірақ нені ұмыттым?

Балалар: Сыйлықты.

Аяз ата: Аааа, дұрыс, дұрыс ұмытқан екенмін. Кәне,кәне балалар келіп сыйлықты алындар!

Аяз ата: Жарайды балалар сау болындар! Келесі жаңа жылға дейін кездескенше!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.04.2018
1534
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі