ертеңгілік «Жаса жайна ару қалам Астанам !»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ертеңгілік «Жаса жайна ару қалам Астанам !»

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Армысыздар қымбатты көрермендер және әріптестер! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20- жылдығына өткізгелі отырған «Жаса жайна ару қалам Астанам !» атты концерттік бағдарламасына қош келдіңіздер!

Шұғыла: Астанама қарашы

Елімнің жас қаласы

Неткен ұлы неткен кең

Қазағымның даласы

Ардақталды Астанам

Мәртебелі бас қалам

Көркейе бер күн сайын

Алға қарай бас қадам

Жүргізуші: дей отыра «Балауса» балабақшасының кішкентай өнерпаздарын

қарсы алыңыздар. Сонымен алдарыңызда «Гүлдер» тобының

бүлдіршіндері Севара, Сардар, Асия, Көркемнің орындауында

«Балапан» әні.

Зейнеп: Астана-арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Жүргізуші: Жақсы әнші өнеге,

Сегіз қырлы бір сырлы.

Өнерді үйрен бір-бірлеп,

Әнде шырқап би билеп.- дей отыра алдарыңызда «Айгөлек»

тобының бишілерінің орындауында Дружба яғни «Достық» биі.

Шұғыла: Сәулеңді шаш еліңе,

Нұрыңды төк жеріңе.

Киелі менің ел ордам,

Бақ болып қонған төріме.

Жүргізуші: Даусың қандай сырлы еді,

Табиғатты тыңдатқан.

Көркің қандай нұрлы еді,

Таңшолпанмен астасқан.

-дей келе «Құлпынай» тобының қыздарының орындауында

«Әжемнің шәйі» әні.

Аяла: Асқақтай бер, Астанам!

Берекеге бастаған!

Болашақтың есігін,

Өз қолыңмен аш маған.

Жүргізуші: Би десе барын салатын,

Құмары содан қанатын.

Биле қане достарым,

Кезекті сізге жолдадым. –деп келесі кезекті «Ақбота» тобын

ортаға шақырайық «А ты меня любишь» биімен.

Ғ.Нұрасыл: Отанымның тірегі,

Астанамның жүрегі.

Мақтан етем өзіңді,

Бәйтерегім киелі.

Жүргізуші: Алдымызда ұзақ жол,

Ізденуден талмаған.

Қиындыққа мойымай,

Өнер жолын жалғаған,- деп кезекті «Ақбота» тобының қыздары

«Қарлығаш» әнімен алдарыңызда, қарсы алыңыздар!

Жүргізуші: Зейнеті болып еңбектің,

Алтын жұлдыз жаралды.

Сәулеті болып жер көктің,

Жарқыратты жаһанды.

Алтын нұры төгіліп,

Жер жұлдызы жанғанда.

Бұлтта қалған көміліп,

Көк жұлдызы арманда

Сонымен ортаға «Қарлығаш» тобының биші қыздары «Жұлдыз»

биімен алдарыңызда.

Жания: Астанама қарашы,

Елімнің жас қаласы.

Неткен ұлы, неткен кең,

Қазағымның даласы.

Жүргізуші: Сән-салтанат жасайық,

Күй сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойға,

Әнмен шашу шашайық,- деп ортаға «Құлыншақ» тобының

қыздарын ортаға шақырайық « Кап-кап дождик» әнімен қарсы

алыңыздар.

Жүргізуші: Халық айтса біледі,

Талаптыға нұр жауар.

Өнерлі өрге жүзер,

Талаптылар құр қалма,- деп ортаға биші қыздарымызды

шақырамыз «Наурыз көктем » биімен.

Жүргізуші: Уа халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін сақтамақ.

Ел намысын қорғамақ,

Ұлдар шықсын ортаға.

Бүгін әнші атанбақ,-дей келе «Қарлығаш» тобының ұлдарына

кезек берейік «Тұлпарым» әнімен.

Жүргізуші: Ал енді біздің осы концерттік бағдарламамызға қатысқан

бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық «Топ-топ балақан»

әнімен.Қымбатты көрермендер, әріптестер «Жаса, жайна ару

қалам Астанам!» атты концерттік бағдарламамыз осымен

аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын. Басымыз аман,

бауырымыз бүтін болсын! Қош сау болыңыздар!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.06.2018
559
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі