«№2 орта мектеп»
КММ
Тәрбиеші: Уразалина
Г.Ж.
2017-2018 оқу
жылы
«Күн мен Бұлт қонаққа
келеді» 2 топ
ертеңгілік
сценарийі.
Мақсаты:музыкаға деген сезімін
ояту, қарапайым ырғақтармен би билеуді
үйрету. Балалардың күз мезгілі
туралы білемдерін бекіту, көкөністер мен жемістерді ажырата білуді
қалыптастыру.
Күн мен бұлт туралы
түсініктерін кеңейту,ажырата білу. Балалардың табиғатқа деген
сүйіспеншілігін арттыру.
(Балалар ән ырғағымен
залға кіріп, шеңбер бойынша
тұрады).
Жүргізуші:
Береке бақ
дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын
жүз.
Сары алтынға
малынған,
Жетті міне, алтын
күз!
–
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама
түрлі–түсті жапырақтарға толы.
Балалар, бүгін бізде қандай мейрам?
Балалар: Күз
мейрамы!
Інжу:
Алтын, сары,
қызыл
Алуан – алуан
жапырақ.
Күзгі бақта
күлімдеп,
Көз тартады
атырап.
Азиза:
Думан толы
асқарлы
Күз мезгілі
басталды.
Күз әуені кеп
жетті
Әнге бөлеп
жастарды.
Әли:
Сап сары
маңай,
Сап сары
тоғай.
Соңғы әнін
айтып,
Құс келді
қайтып.
Санжар:
Жеміс жидек
піседі
Қамбаға астық
түседі
Қызу еңбек
басталды
Төрлетті күз
еліме.
Ерхан:
Келді міне
күз
Айнала сары
түс
Керемет,
тамаша
Қандай әсем
күз.
Ән: «Күз, күз,
күз.»
(Балалар отырады,
тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі)
Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар
ма?
Жаңбыр жауайын деп тұр.
(жаңбырдың даусымен залға бұлт кіреді).
Бұлт: Сәлеметсіңдер ме,
балалар!
Балалар: Сәлеметсіз
бе!
Бұлт:
Күзгі көк бұлт мен
болам
Көтеріліп
теңізден,
Аспанға биік
барамын
Қаласам қазір
сендерге
Жаңбыр болып жауамын.
(Балаларға жаңбыр
шашады).
Жүргізуші:
Жаңбыр, жаумай тоқтай тұр,
Дабылыңды соқпай тұр.
Саяғыңды
түгендеп,
Үрейіңді
соқпай тұр!
–
Біз сен жайлы ән білеміз және осы
әнді
саған арнаймыз.
Ән: «Жаңбыр»
Бұлт: Рахмет, балалар! Қандай әдемі
ән,!
Тақпақтар:
Ильдар:
Күз келді,
алақай!
Алтын келді
далаға.
Дәні бітік
бидайды,
Құйып жатыр
қамбаға.
Айсана:
Күз келді, күз
келді,
Айнала
өзгерді.
Алмалар
піседі,
Ауызға
түседі.
Жандос:.
Шөп
сарғайып,
Ағаш
қурап.
Гүлдер
солып...
Күз
келді.
Айдана:
Соңғы шуақ
төгіліп,
Салқынданып тұр
аймақ.
Ақ сәулеге
шомылып,
Жапырақтар жүр
ойнап.
Әділет:
Жау, жау,
жаңбыр,
Жау
жаңбыр
Күз келді ғой
балақай,
Жеміс пісті
алақай.
Бұлт: жарайсыңдар балалар, сендер
жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ! ( жүргізуші білдірмей
қолшатырды алады)
Бұлт: Аяқтарыңды сулаймыз деп
қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ!
Бұлт: Қалай сендер барлықтарың
батылсыңдар ма?
Жүргізуші: Міне, біз қандай
батылмыз!
(қолшатырды жазып, балаларды
астына тығылуғы шакырады)
Бұлт: Сеңдердің ойнағыларың келеді
ғой, мен сендерді тез ұстап аламын.
Ойын:
«Қолшатыр»
Жүргізуші
балалармен:
Жаңбыр, жаңбыр, жау,
жаңбыр!
Жаңбыр келіп жауады
Тамшылары тамады.
(Әннің ырғағымен балалар жүгіріп
ойнайды, Бұлт орындықта отырып ұйықтайды.
Бұлт балалардың даусынан оянып, оларға
су шашады, сол кезде балалар
қолшатырдың астына тығылады. Екі – үш рет
ойнағаннан кейін орыңдарына отырады).
Бұлт:
Балалар, сендер барлығын жылдам және шапшаң екенсіңдер, мен сендерді ұстап алмадым.
Жүргізуші: Бұлт, сенімен өте көңілді. Балалар
сенімен ойнады, күлді, бірақ бізге әлі де
біреу жетіспейтін сияқты. Бізде
Күн
жоқ екен. Қане, балалар, бәріміз мейрамымызға Күнді қонаққа шақырыйық (балалар орындарына
отырып, қолдарың шапалақтап, аяқтарың
тыпырлатып, Күнді шақырады).
Күн келеді.
Күн:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені шақырдыңдар ма, достарым?
Балалар:
Иә!
Күн:
Мен жарқырап төбеде
Нұрын төгіп тұрамын.
Шуақ шашып бәріне
Бала жанын ұғамын.
Бұлт:
Күн, күн, тоқтай тұр!
Сөзімен менің құлақ тұр.
Ішім толы суға,
Сусыз өмір бола ма?
–
Ендеше мен бәріне керекпін, мен
мықтымын!
Күн:
Жоқ, мен мықтымын!
(Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын
топылдайды)
Жүргізуші:
Тынышталыңдар, дауласпандар!
Балалар, Күн мен Бұлтты татуластыру
үшін Күзді қонаққа шақырайық.
Қолымызға жапырактарды алып билесек, Күз бізді
байқап, өзі
де келіп қалар.
Би: «Күзгі жапырақтар»
Жүргізуші: балалар күз келмеді, ендеше
біз оны әнмен шақырайықшы.
Ән: «Алтын
күз»
Күз
келеді.
Күз: Сәлеметсіңдер ме,
балалар!
Ырысқа толы
қоймалар,
Сабан тойы тойланар.
Берекелі күз болам,
Байлыққа мұртың майланар.
– Сендер мені шақырдыңдар ма?
Жүргізуші:
Сәлеметсің бе, Алтын Күз! Сені шақырған біздің балалар. Алтын күз, сен
бізге көмектесші. Бұлт пен Күн екеуі кім
мықты, кім бірінші деп дауласып тұр.
Күз:
Олар неге олай дауласады? Қане, балалар, Күн мен Бұлтты татуластырайық.
Ол үшін ойын ойнайық.
Ойын:
«Тамшылар мен жапырақтар»
(Кілем үстінде тамшылар мен
жапырақтар шашылып жатады. 2– 4 бала шығып,
бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке
жапырақтарды жинайды.)
Күз:
Жарайсыңдар, балалар!
Күн мен Бұлт тату болса
Бәрі де көңілді.
Орманда жаңбыр басталған сияқты ма
өзі...
Би:
«Қолшатыр»
Тақпақтар:
Алихан:
Берекесін
сыыйлауға,
Өлкемізге күз
келді.
Жемістерін
жинауға
Шақырады
біздерді.
Азиз:
Күзім ау, күзім
ау,
Мінезің бұзық
ау
Жаңбырың
сіркіреп
Келгенің қызық
ау.
Қайсар:.
Алқаптан
бидайды,
Қамбаға
жинайды.
Тырнасы
тізілген,
Ұнатамын күзді
мен.
Ералы:
Көктемде екен
көкөніс,
Күзде берді көп
жеміс
Көкөніс те көп
екен,
Жемістер де көп
екен.
Әнуар:
Күз
келгенде:
Жаңбыр
жауып,
Жел
соғып,
Бұзылады
табиғат.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, күн мен
бұлт достасты, бәрі тату. Күз бізге көп береке, ырыс әкелді көреміз
бе...?
Көрініс:
«Шалқан»
Жүргізуші: күзгі той думан әрі қарай
бимен жалғасады.
Би: «Полька»
(би билеп жатқанда Күн мен
Бұлт себеттегі тамшылар мен жапырақтарды алмалар мен алмұрттарға
айырбастап қояды).
Күз: Біздің достарымыз Күн мен
Бұлт қайда кеткен?
Бұлт: Алтын күз, қарашы, біздің
жапырақтарымыз бен тамшыларымыз
сиқырлы екен!
Күн:
Олар тәтті алмаларға мен алмұрттарға айналып кетіпті.
(Бұлт пен Күн себеттегі алмаларды
балаларға көрсетеді)
Күз:
Ендеше ешқашанда дауласпаңдар, дос болыңдар!
Барлық
кейіпкерлер (Күн, Бұлт, Күз): Ал, балалар,
сау болыңдар!
Балалар: Сау
болыңыздар!
Жүргізуші: Балалар, міне біздің
мейрамымыз да аяқталды.
Бірақ Күз бізбен әлі
қоштаспайды. Біз
далаға серуенге шыққанда онымен кездесеміз.
Берекелі бақ – дәулет
Арта түссін тойланып.
Сау болайық бәріміз,
Келгенше Күз
айналып!
(Балалар ән ырғағымен залдан
шығады)