Ертеңгілік "Күн мен бұлт қонаққа келеді"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік "Күн мен бұлт қонаққа келеді"

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз тақырыбына арналған 3 жастағы балаларға арналған ертеңгілік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Күн мен бұлт қонаққа келеді»

ертеңгілік сценарийі



(Балалар ән ырғағымен залға кіріп, шеңбер бойынша тұрады).



Жүргізуші:

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жүз.



Сары алтынға малынған,

Жетті міне, алтын күз!



Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама түрлі–түсті жапырақтарға толы. Балалар, бүгін бізде қандай мейрам?



Балалар: Күз мейрамы!

1-бала:



Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


2-бала:

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін.


Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.


3-бала:

Ой, балалар, балалар,

Қонырқай күз болыпты


Құлап жапырақ солыпты.

4-бала:


Ой, балалар, балалар,

Ел егінін орыпты

Қамбалары толыпты.


Ән: «Күз»


(Балалар отырады, тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі)


Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма?


Жаңбыр жауайын деп тұр. (жаңбырдың даусымен залға бұлт кіреді)


Бұлт: Сәлеметсіңдер ме, балалар!


Балалар: Сәлеметсіз бе!


Бұлт:

Күзгі көк бұлт мен болам

Көтеріліп теңізден,


Аспанға биік барамын

Қаласам қазір сендерге


Жаңбыр болып жауамын.

(Балаларға жаңбыр шашады).


Жүргізуші:

Жаңбыр, жаумай тоқтай тұр,


Дабылыңды соқпай тұр.

Саяғынды түгендеп,

Үйіріңді соқпай тұр!


Біз сен жайлы ән білеміз және осы әнді саған сыйлаймыз.

Ән: «Жаңбыр»

Бұлт: Рахмет, балалар! Қандай әдемі ән


Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?


Балалар: Жоқ! (жүргізуші білдірмей

қолшатырды алады)

Бұлт: Аяқтарыңды сулаймыз деп


қорықпайсыңдар ма?

Балалар: Жоқ!


Бұлт: Қалай сендер барлықтарың

батылсыңдар?


Жүргізуші: Міне, біз қандай батылмыз! (қолшатырды жазып, балаларды астына тығылуғы шакырады)


Бұлт: Сеңдердің ойнағыларын келеді ғой, мен сендерді тез ұстап аламын.


Ойын: «Қолшатыр» немесе «Жаңбырдан қорықпаймыз»


Жүргізуші балалармен:

Жаңбыр, жаңбыр, жау, жаңбыр!

Жаңбыр келіп жауады


Тамшылары тамады.


(Әннің ырғағымен балалар жүгіріп ойнайды, Бұлт орындықта отырып ұйықтайды. Бұлт балалардың даусынан оянып, оларға су шашады, сол кезде балалар қолшатырдың астына тығылады. Екі – үш рет ойнағаннан кейін орыңдарына отырады).


Бұлт: Балалар, сендер барлығын жылдам және шапшаң екенсіңдер, мен сендерді ұстап алмадым.


Жүргізуші: Бұлт, сенімен өте көңілді. Балалар сенімен ойнады, күлді, бірақ бізге әлі де біреу жетіспейтін сияқты. Бізде Күн жоқ екен. Қане, балалар, бәріміз мейрамымыззға Күнді қонаққа шақырыйық (балалар орындарына отырып, қолдарың шапалақтап, аяқтарың тыпырлатып, Күнді шақырады).

Күн келеді.





Күн: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені шақырдыңдар ма, достарым?


Балалар: Иә!

Күн:

Мен жарқырап төбеде


Нұрын төгіп тұрамын.

Шуақ шашып бәріне


Бала жанын ұғамын.

Бұлт:

Күн, күн, тоқтай тұр!


Сөзімен менің құлақ тұр.


Ішім толы суға,

Сусыз өмір бола ма?


Ендеше мен бәріне керекпін, мен мықтымын! Күн: Жоқ, мен мықтымын!


(Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын топылдайды) Жүргізуші: Тынышталыңдар, дауласпандар!

Балалар, Күн мен Бұлтты татуластыру үшін Күзді қонаққа шақырайық.


Қолымызға жапырактарды алып билесек, Күз бізді байқап, өзі де келіп қалар.


Би: «Күзгі жапырақтар»


Күз келеді.


Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Ырысқа толы қоймалар,

Сабан тойы тойланар.


Берекелі күз болам,

Байлыққа мұртың майланар.


Сендер мені шақырдыңдар ма?


Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Алтын Күз! Сені шақырған біздің балалар. Алтын күз, сен бізге көмектесші. Бұлт пен Күн екеуі кім мықты, кім бірінші деп дауласып тұр.


Күз: Олар неге олай дауласады? Қане, балалар, Күн мен Бұлтты татуластырайық. Ол үшін ойын ойнайық.


Ойын: «Тамшылар мен жапырақтар»


(Кілем үстінде тамшылар мен жапырақтар шашылып жатады. 2– 4 бала шығып, бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке жапырақтарды жинайды.)

Күз:

Жарайсыңдар, балалар!


Күн мен Бұлт тату болса

Бәрі де көңілді.

Орманда да әр жерден


Саңырауқұлақтар көрінді.


Би: «Саңырауқұлақтар»


Жүргізуші:


Күн мен су бар жерде

Бау–бақша да гүлденер.


Ортаға шық, балалар,

Кім көп теріп үлгерер...


Ән: «Бізде үлкен бақша бар...»


(Ән айтылып жатқанда Күн мен Бұлт себеттегі тамшылар мен жапырақтарды алмалар мен алмұрттарға айырбастап қояды).


Күз: Біздің достарымыз Күн мен Бұлт қайда кеткен?


Бұлт: Алтын күз, қарашы, біздің жапырақтарымыз бен тамшыларымыз сиқырлы екен!


Күн: Олар тәтті алмаларға мен алмұрттарға айналып кетіпті. (Бұлт пен Күн себеттегі алмаларды балаларға көрсетеді) Күз: Ендеше ешқашанда дауласпаңдар, дос болыңдар!

Барлық кейіпкерлер (Күн, Бұлт, Күз): Ал, балалар, сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыздар!


Жүргізуші: Балалар, міне біздің мейрамымыз да аяқталды.


Бірақ Күз бізбен әлі қоштаспайды. Біз далаға серуенге шыққанда онымен кездесеміз.


Берекелі бақ – дәулет


Арта түссін тойланып.

Сау болайық бәріміз,


Келгенше Күз айналып!

(Балалар ән ырғағымен залдан шығады)






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2018
875
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі