Материалдар / Ертеңгілік: Күз -мереке, күз- береке.

Ертеңгілік: Күз -мереке, күз- береке.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз айы ұғымдарын түсіндіре отырып,балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2020
351
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: «Күз берекелі - мерекелі!»

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз айы ұғымдарын түсіндіре отырып,балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.

Ғажайып сәт: «Алтын күз» кіреді

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, тәрбешілер, «Күз берекелі-мерекелі» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Тілек: Күз мезгілі берекелі,мерекелі ай болғандықтан, әр отбасына береке, бірлік, мол астық, зор денсаулық, мол байлық тілейміз!

Тәрбиеші:  Шалқытып мерекеде ән салайық,

Күздің сұлу өрнегіне тамсанайық

Ән-шашуды мерекеге алып келген «Айгөлек» тобын ортаға шақырайық.

Балалар кіреді.

Тәрбиеші: Бүгін мейрам, бүгін той.

Қуанышты күн, біліп қой.

Көбейді құт береке. Құтты болсын мереке.

«Айгөлек»тобының орындауында ән: «Келді міне, Алтын күз»

Тәрбиеші: Балалар қазір қай мезгіл?

Балалар: куз мезгілі.

Тәрбиеші: Күз мезгілінде неше ай бар?

Балалар: -Үш ай бар.

Тәрбиеші:--ай аттарын білесіңдер ме?

Балалар: --қыркүйек,қазан,қараша.

Тәрбиеші:--қазір қандай ай екен?

Балалар: --қазан айы.

Тәрбиеші:--күз мезгілінің нешінші айы.

Балалар -екінші айы

Тәрбиеші:--күз қандай ерекшелігін білесіңдер,кім біледі?

Балалар: -Күзде,жемістер,көкөністер,дәнді-дақылда

піседі.шөптер,жапырақтар сары түске өзгереді.Күз табиғаты ерекше күйге бөленеді.құстар жылы жаққа ұшып кетеді.жауын шашын көп болады күн суытады.

Тәрбиеші: Өте жаксы,балалар, өлкемізге алуан түрлі жапырақтарымен,билеп күзде жетті.Күздің келуін бәрімізде асыға күттік. Ал, күзбізге мол өнімін сыйға тартуда. Олай болса «Алтын күз»туралы тақпағымызды айтайық. (Әкежан, Касым, Адина, Нариман, Аңсар, Батыр, Айару, Нұржан, Бекнұр, Асем.)

Қасым: Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін

Нариман: Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзыұқ

Шуылдайды тал терек

Жапырағын жұлғызып

Адина: Үркіп үйрек ,қаздары,

Шулайды көл қоғалы

Дәурен өтіп жаздағы

Күздің желі соғады

Аңсар: Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жүз

Сары алтынға малынған

Жетті міне алтын күз

Бекнұр:  Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Асем: Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатамын күзді мен.

Нұржан; Сап - сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.

Батыр: Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң    

Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.

Тәрбиеші: Жақсы балалар, енді сендермен ойын ойнайық.

Ойын: «Алма себетке жина»ойының шарты;Әуен біткенше Аяғымызды су қылмай себетке жинап, әуен тоқтағанда оларды санайды.

Тәрбиеші: Жақсы балалар, Бишілер билепкеті тербетіле,

Аққудай қалықтаған теңіздегі-дегендей кезекті биге берейік

Би: «Бродвей»

Тәрбиеші: -Қарсалайық бәріміз, жасымызда кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, «Алтын күз»бізге нұр төгіп.

Әуен ойнап күз ханшайымы кіреді. Күз ханшайымы: -Сәлем менің достарым, өмірге көп қосқаным. Күз сыйлығын алыңдар сыйлығыма қаныңдар, молшылықа кенеліп, шатық әнге салыңдар.

Тәрбиеші: Ал, балалар Күз ханшайымына өнерімізді көрсетіп,тақпағымызды айтып берейік.

Тақпақ: (Алихан, Нұрай, Нұрасыл, Аяжан, Аянат, Көктем, Нұралы. Көркем, Айзере, Ясмина, Айша )

Алихан: Күзде дала жаурайды,

Көкте бұлттар аунайды.

Бұтағынан үзіліп,

Жапырақтар саулайды.

Нұрай: Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Нұрасыл: Алтын, сары, қызыл,көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Аяжан: Жапырақ ұшты

Суық та түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.

Көркем: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді

Аянат: Көбейді құт –береке

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді»тойлаймыз.

Нұралы: Көрініп еліме

Күндері мереке.

Келді ғой жеріме

Күз дейтін мереке.

Ясмина:

Сап - сары маңай,

Сап - сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Айша

Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі.

Күзханшайымы: -Бәрекелді, балалар, тақпақты жаксы айтыңдар. Ал, балалар жұмбақ шешкенді ұнатасыңдарма.

Балалар:-ия.

Күз ханшайымы: Бұтақтарда ілініп тұраман, піскенде себетке құладым.( Жеміс) Ашулы қонақ бұл анық, тонын шешек жыладық. (Пияз) Өсіріп тың дала,көшірер қамбаға. Айналар ұнғада, айналар нанғада (Бидай )Сырты қатты, іші тәтті (Қарбыз) Өсірем ұлпа қар, шешуін кім табар (Мақта)

Күз ханшайымы: -Өте жақсы, Балалар. Жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы енді біздің балалардың биін тамашалаңыз.

Би: «Бұлттар».

Күз ханшайымы: -Өздерің шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы біздің балалардың биі сізге ұнады ма?

Күз ханшайымы: -ия, қатты ұнады.

Тәрбиеші: Онда балалардың күз мезгіліне арналған өлең-шумақтарын тыңдайық.

Ән: «Осень, осень».

Күз ханшайымы: -Қандай керемет, балалар менің сендермен ойнағым келіп тұр.

Ойын: Әуен ойналып, ортаға беті жабылған себеп қойылады. «Сыйқылы себет»шарты; балалар ортаға шығып,шеңбер жасайды, мына өлең сөздерін айтады: Қане шеңбер жасайық, Билеп-билеп алайық, шыр айналып, теріс қарап турайық. (осы кезде жабық турған себептің бетіндегі бұл алынып, өлең сөздері айтылады; Қане шеңбер жасайық, Билеп-билеп алайық, шыр айналып, Алға қарап турайық: себептің бетінде жапырақпен тұрады, Балалар жапырақ деп жауап береді, келесі жолы астынан алма шығады. Күз ханшайым алманы сыйға тартады )

Күз ханшайымы: -Рахмет, балалар керкмет ойнадыңдар.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы біздің балалардың орындауында ағылшын әнін тыңдаңыз «Rain-rain go away»

Күз ханшайымы: -Керемет, балалар әнді жақсы орындайды екенсіңдер, үш тілдеде жаксы орындайды екенсіңдер. Менің сендерге әкелген сыйым бар. Ол дәруменге толы. Топтарыңа апарып жерсіңдер. Ал, балалар мені басқа балалар тосып отыр. Сау болыңдар.

Тәрбиеші: Рахмет, Сізге Күз ханшайым

Балалар: Сау болыңыз.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,ата-аналар бүгінгі «Күз берекелі-мерекелі»-атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сауболыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ