Ертеңгілік "Қош бол әсем балабақшам"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертеңгілік "Қош бол әсем балабақшам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға ересек тобына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Әйтеке би кенті

7 «Балдырған» санаториялық бөбекжай-балабақшасы

Садыкова Жадыра Сайлаубайқызы


«Қош бол, әсем бақшамыз»

Мақсаты: Балалардың білім, мектеп туралы түсініктерін кеңейту. Ата аналарын, ұстаздарын құрметтеуге тәрбиелеу. Балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау. Балалардың  жыл  бойы  алған  біліктерінің, ой-өрістерінің жемісін, өнерлерін  ортаға  сала  отырып, балаларды  үлкен  өмірге  қадам  басуға  даярлау. Адамгершілікке,достыққа,  бауырмалдыққа, отансүйгіштікке  тәрбиелеу.

Ортаға екі баламен тәрбиеші шығады

Нұрсая:  Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын

Нұрасыл: Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

                    Таза сәби жүректен,

                      Қабылдаңыз мың алғыс!

Тәрбиеші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық
  Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көрем шаттық арайды
                 Болсын солай әрбір күнің , әр айың

Нұрсая: Толқимын, толқып тұрсыз баршаңызда
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Нұрасыл: Қол соғып қошеметтеп шақырайық

Құрметтеп қонақтарды ортамызға.

Тәрбиеші: Ал енді балабақшамен қоштасып, мектеп табалдырығын аттағалы тұрған достарымызды және балабақша қызметкерлерін ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар

Ортаға бір бала бір қызметкермен шығады

Тәрбиеші: Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым
Бақшамыздан тәрбие алғандарым
Енді міне ер жетіп бәрің бірге
Мектепке де қадамды басқандарың.
Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар
Барлығыңда болашаққа аттаныңдар
Аттаныңдар жұптарың жазылмасын
Ешқандайда қиындық жолықпасын

Хор: Балабақша гимні

Тәрбиеші: Қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз бәріңізге құтты болсын!

Нұрасыл: Алау болып жанамыз

Құлыншақ боп шабамыз

Балапандай талпынып

Көкке қанат қағамыз – дей отырып кешімізді ашып беру үшін балабақшамыздың меңгерушісі Жанат Қуаныш қызын ортамызға шақырып жылы лебізін тыңдасақ.

Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата–аналар! «Бақытты балалық шақ әуе ұшағы № 7«Балдырған» санаториялық бөбекжай -балабақшасына келіп қонғалы тұр. Бәріміз қошеметтеп қарсы алайық.
(Зкраннан ұшақтың балабақшаға ұшып келгені көрсетіледі. Ұшақтан Ұшақ жолсерігі мен Білім ханшайымы түседі)

Ұшақ жолсерігі: Сәлеметсіздер ме балалар, қадірменді қонақтар! Мерекелерін құтты болсын! Балалар, мен сендерді балабақшамен қоштасып мектепке баратындарыңды біліп, білім әлеміне ұшырып алып кеткелі келдім және өзіммен бірге Білім ханшайымын ала келдім.

Білім ханшайымы: Балалар сәлеметсіздерме, мен сендерге ақ жол тілегім келіп сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім. Сендердің барлықтарыңда ақылды, саналы  білімдісіңдер  мен сендерді өз әлеміміне шақырамын, менің достарым боласыңдар бізді алда көп биік  асулар күтіп тұр келісесіңдер ме?

Балалар: әрине келісеміз

Тәрбиеші: Хош келдіңіздер қонақтар, біздің мерекелік кешімізді бізбен бірге тойлауға шақырамын. Балаларымыздың өнерлерін бірге тамашалайық. Біздің балаларымыздың қандай екенін өздеріңіз көріңіздер.

Тәрбиеші: Алдыңдағы балалар
    Мектепке кетіп барады
     Тақпақ айтып бір – бірден
     Қимай кетіп барады

Кәусар: Балабақша, балабақша   Мұхамед: Балабақша есігін
Шаңарағы шаттықтың Бөбек болып ашқанбыз
Балабақша қорғанышы Көп- көп бөбек көргенде
Балғын сәби жастықтың Жұбанғаным есімде

Қуанамыз сыйлаймыз Ботақаным бөбек деп
Қуаныштың мың гүлін Еркелеткен ұл қызды.
Бақшамызбен қимай біз Анамыздай ерекше
Қоштасатын күн бүгін Қуантатын күн бүгін      

Аяна:   Балабақша базарлы үй Нұрдаулет: Мектепке енді барамыз
Көшедегі ажарлы
Үлгілі оқушы боламыз
Шаттығы бар шуақты
Жақсы оқып сабақты
Өз үйіміз сияқты
Кілең бестік аламыз.

 Оқимыз білім аламыз Біздер алты жастамыз,
Болашақ жолын саламыз Сәбиліктен асқанбыз.
Бақшаменен қоштасып Мектеп бізді шақырды,

Біріншіге барамыз Қош бол, әсем бақшамыз.

Аяулым : Үлкендердей тап – таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана.
Сұлтанбек: Ата - анамның менмін ғой бала шағы
Әдептілік балаға жарасады

Жақсы азамат боламын өскенде мен,
Балалар ғой елімнің болашағы.

Қоштасып мен бүгін балалықпен

Қоштасамын сыйқырлы балабақпен

Достасамын біліммен даналықпен

Танысып мектеп үй деген әлемменен

Нұрислам: Қызық күндер өткіздік Нұрперзент: Аялар бізді, қамқоршы із

Балабақша бағында Сүйікті Отан анамыз

Көп оқыдық көп білдік Отанды мақтап,

Елмен Отан жайында Айтамыз тақпақ

Бұл қуаныш себебін Шырқатып әнге саламыз

Бізге қарап ұғындар Жалықпай оқып,

Туған Отан қуансын Көңілге тоқып

Ер жетті деп бөбегім Білімді адам боламыз

Тәрбиеші:     Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

Ән: «Балалық шақ» Нұрсая

«Джентелмендер» биі (топтың ер балалары)

Білім ханшайымы: Балалар мектепке дайынсыңдар ма?

Балалар: Әрине дайынбыз

Білім ханшайымы : Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге бос қол келген жоқпын, сендерге әкелген ойыным бар. Ойын арқылы білімдеріңді тексеремін. Бұл ойынның аты «Жүрек жарды тілек» деп аталады. Қане бәріміз экранға назар аударайық, бұл жерде сендер танысқан әріптер жазылған.
- Әріптерді танимыз ба балалар?
- Балалар: Иә танимыз
Білім ханшайымы: Олай болса көрсетілген әріп бойынша сол әріптен басталатын тілек сөзді айтып шығайық. Айтқан тілектерің орындалады. (экраннан әріптер кезекпен шығып тұрады)
Балалар: Кезекпен кезек шығып тілектерін айтады.
А - аспанымыз ашық болсын! Т - толағай табысты болайық!
Н - нардай намысты бол! Ғ - ғалым болып өсейік!
Р - рахмет саған балабақша! О - озық - ойлы болып өсейік!
М - мейіріммен махаббатқа бөленейік! Б - бақытты балалар болайық!
С- сүйіспеншілікпен сіздерге ата - аналар! Е- еліміз аман болсын!
Ә - әдепті балалар болайық! Ө - өнерлі, өнегелі боп өсейік!

Ү – үкілі үмітті ақтайық!

Жеке ән: «Жарқын болар жүзіміз» Айару, Мұхамед
«Жұлдыздар» топтық биі

Нұрсая: Балалар, сендердің естеріңде ме, біз алғаш осы балабақшаға келгенде былдырлаған кішкентай бүлдіршіндер едік қой. Біз мұнда ән айтып, би билеп көп нәрсені үйрендік. Ертемен балабақшаға келгенде апайларымыз күлімдеп қарсы алушы еді ғой.

Балалар: Әрине есімізде оларға деген алғысымыз шексіз.

Нұрасыл: Ендеше балабақшадағы апайларымызға өз ризашылықтарымызды білдірейік

Асылай : Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Жанат Қуанышқызына мың алғыс

Гауһар:        Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын Рахима Сыдыққызына көп рахмет

Нұрмаш:   Денсаулыққа болаттай Дәрумен жеп қолынан
Ауруларды жолатпай
Өскен сәби баламыз

Күнде болған әбдігер Алғыс айтып барамыз

Қамқоршымыз дәрігер Дәргер апай сізгерге

Бағымжан, Анар апайларға  мың рахмет

Қарақат:             Үйренгенбіз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен Роза апайға мың алғыс

Нұркен:   Тәтті  тағам пісіпген
Айран сүтін ішкізген
Аспазшы бізідң апайлар
Сіздерге де мың алғыс

 Бексұлтан:          Жазу жазып үйреткен Жақсы болсақ қуанған
Әріптерді оқытқан Қате болсақ кешірген
Санамақты жаттатып Тәрбиеші апайларға 
Санауды бізге үйреткен Айтамыз біз мың алғыс

Шахназ:  Бізді баптап қараған Мансұр: Естен кетпес үніңіз,
Күлімдеген жақсы адам Бізбен өттің күніңіз
Ақ төсекке жатқызған Бізге үміт артасыз
Басымыздан сипаған Чемпиондар шығар деп
Ләззат, Гүлдәрі, Гүлдәурен Үмітпен бізге қарайтын

Апайларға көп рахмет Айман апайға көп алғыс

Тәрбиеші: Жақсысыңдар бәріңде

Қайсысын айтып өтейін.

Қабылдашы сыйымды,

Сіздерге сыйлап кетейін

Хор: «Болашағым ән жырым»

Ұшақ жолсерігі: - Балалар біз мектепке не үшін барамыз?
Балалар - оқып білім алу үшін
- еліме еңбек ету үшін
- Білімді азамат болу үшін
  - Ер жетіп Отанымды қорғау үшін

Білім ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, олай болса мен қазір сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін..

(Экраннан оқу қызметтері бойынша тапсырмалар беріледі)

Жеке ән: «Домбыра» Шахназ

Жеке ән: «Қазақтың қара баласы» Мансұр

Тәрбиеші: Қыздарымыз көңілді
                       Шақырайық ортаға
                      Тойымызға сән беріп
                       Би билейлесін тамаша

Ән-би: «Самға биіктерге» Кәусар, Нұрмаш, Шахназ, Бексұлтан

Балабақша құттықтауы. Ата – аналарға сөз беру.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! Бізге бүлдіршіндерді тәрбиелеп жоғарғы топқа жіберетін «Бөбек» тобы мен «Бүлдіршін» топтарына сыйлықтарымыз бар қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші: «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндерінен құралған оркестрінің өнерін тамашалаңыздар.

Оркестр: папури

Ән: «Қош бол, балабақшамыз»

Ұшақ жолсерігі: Бір ата, бір ананың тірегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

Бірлік барда , тірлік бар деген бабам.

Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз – дей отырып біздің ұшағымыздың да ұшатын уақыты болып қалды. Ал енді жолға дайындалайық.

Білім ханшайымы: Ия дұрыс айтасыз сюардесса ханым. Олай болса балалар білім әлеміне ұшуға дайынбыз ба?

Балалар: Әрине дайынбыз

Білім ханшайымы: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
                   Дендеріңіз сау аман-есен мықты болсын!
     Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
      Біріншіге баратын қадамдарың құтты босын!

Тәрбиеші:  Құрметті  ата-аналар, қонақтар. Бүгін  біздің  бірнеше  жыл  мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп  өсірген  балаларымыз осыдан  4  жыл  бұрын  кішкентай бүлдіршін  еді,  енді  міне, бойлары да, ойлары да  өсіп,  мектепке  қадам  басқалы  тұр. Балаларға  «Қадамдарыңа гүл бітсін, талаптарыңа  нұр  жаусын» -дейміз. «Қош бол, әсем бақшамыз»  атты  ертеңгілігімізді аяқтай отырып  балаларымызды білім әлеміне шығарып салайық. Міне біздің мектепке қадам басқан болашақта еліміздің еңбегімен көрінетін дәрігер ұстаз, ұшқыш, ел қорғаушылары.

Бізден ұшып талай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар
Жақсы оқып алтын ұя мектепте
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар!
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүретін.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейміз!
«Қимай тұрмын» әнімен балалар залды айналып жүріп қол бұлғап шығып кетеді. Экраннан балалардың ұшаққа ұшқалы тұрғаны көрсетіледі, ұшақ ұшып кетеді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2020
282
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі