«Алтын күз мерекесі!»
Кейіпкерлер:
Жүргізуші, Алтын күз,
Тұмау
Балалар:
Көкөністер мен жемістер
Жүргізүші: Армысыздар, құрметті ата
аналар.
Берекелі алтын күз құтты
болсын.
Мерекесі халықтың алтын күзге
арналған
Ертенгілігімізді бастайық.
Құтты болсын осы шаттық
күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл
өмірде күліп қана жүріңіз.
Бүгінгі біздің «Берекелі,мерекелі Алтын күз» атты
ертеңгілігімізді бастауға рұхсат етіңіздер.
Тақпақтар
Інжу
Күздің қазан
айында
Алма, алмұрт
піседі
Жапырақтар
сарғайып
Сылдыр, сылдыр
етеді
Рамазан
Ән салыңдар
күліңдер
Жайнап гүлдей
жүріңдер
Күздің тойын
тойлайық
Би билейік
ойнайық
Ж.Айлин
Берекесі
сыйлауға
Өлкемізге күз
келді
Жемістерін
жинауға
Шақырады
біздерді
М.Әбубәкір
Жапырақ
ұшты
Суық та
түсті
Сонда да
бізге
Қызық көп
бізде
Ерсұр
Келді міне
күз,
Айнала сары
түс
Керемет,
тамаша
Қандай әсем
күз.
Аделина
Алақай,
алақай
Қуанды
балақай,
Мереке алтын
күз,
Береке алтын
күз.
Сабира
Алтын күз, алтын
күз
Күтеміз сені
біз.
Тамаша,
тамаша
Сағындық сені
біз.
Алихан
Сап-сары
маңай,
Сап-сары
тоғай
Күзгі әнін
айтып,
Құс кетті
қайтып.
Лиза
Алтын,
сары, қызыл, көк
Алуан,
алуан жапырақ
Күзгі
бақта күлімдеп
Көз тартады
атырап
Жүргізүші: Балалар, Күз қайда?
Мүмкін адасып, бізге келе алмай жатқан шығар? Кәне күз туралы ән
айтайық, бізді естіп келіп қалар?
Ән «Күз
»
Күздің музыкасы естіледі,
балалар орындықтарға барып отырады. Залға Алтын күз
кіреді.
Алтын
күз: Сәлеметсіңдер ма, балалар!
Мені күтіп қалдыңдар ма? Мен Алтын Күзбін! Ормандарды, тауларды
аралап, барлық жерді сары, қоңыр бояуға боядым! Құстарды жылы
жақтарға шығарып салдым! Міне сендерге де келіп жеттім, мерекелерін құтты
болсын!
Жүргізүші: Рахмет сізге Алтын Күз! Ал біздің балалар
сізге күз туралы тақпақтар айтқысы келіп отыр! Кәне тындап
көріңізші!
Сұлтан
Күз айы
тамаша
Ән айтамыз
жаңаша
Би билеп
бәріміз
Қуанамыз
балаша
Ахмедияр
Мерейлі
күз, мырза күз
Сыйлығыңа
ризамыз.
Аппақ арай
таңымызда
Шомыламыз
нұрға біз.
Т.Айым
О, алақай
тамаша
Шашу шашты
жапырақ
Бақтың іші
алаша
Алуан
түрлі жапырақ
А.Айым
Күз
келіпті дегенше
Жеміс
пісті дегейсің
Бағымызда
ендеше
Алма теру
көбейсін
Қ.Айсана
Көбейді
құт – береке,
Астық толы
қоймамыз.
Құтты
болсын мереке,
Алтын
күзді тойлаймыз.
Қ.Айлин
Жемісі мол
беретін
Күз дос
екен бізбенен
Бәрін
тауып беретін
Жомарт
екен күз деген
Ә.Адина
Алақай,
алақай
Қуанды
балақай,
Күз түсті, дән
түсті
Айтамыз
алғысты
Хамза
Алтын,
сары, қызыл, көк
Алуан,
алуан жапырақ
Күзгі
бақта күлімдеп
Көз тартады
атырап
Алтын
күз: Тақпақтарында,әндеріңде қандай
жақсы!
Алтын
күз: Рахмет балалар! Сендер дұрыс
айтасындар күз мезгілі тамаша. Ал мен сендерге сиқырлы қолшатырымды
алып келдім. Сиқырлайды.Қолшатырды айналдырам,
қыздарды күзгі жапырақтарға
айналдырам!
Жүргізуші: Би
«Жапырақтар»
Алтын
күз: Рахмет
қыздар! Жақсы билейді
екенсіңдер.
Музыка әуенімен залға Тұмау
кіреді.
Тұмау: Бұл не?Ап чи!Ештеңені түсінбедім! Ап
чи!Мында неге жиналып отырсындар? Неге шулайсындар? Мен қайда
келдім?
Балалар: Балабақшаға!
Тұмау: Балабақша? Ал сендер мені таныдындар
ма?
Жүргізүші: Жоқ! Таныған
жоқпыз!
Тұмау: Күз келді, күн суытты.
Менсіз бола ма күндерін?
Жөтеліп, тамақ ауырып
Бұның бәрін сыйлайтын
Тұмау деген достарын! Ап
чи!
Егер дендерін сау болса
Тез арада кетіндер!
Мерекені болғызбаймын
Кәне бұл жерден
кетіндер!
Жүргізүші: Ешқайда біз
кетпейміз!
Осында ойнап күлеміз!
Күзде бізге келіп тұр,
сыйлықтарын беріп тұр!
Тұмау: ХА-ХА-ХА!
Ақымақтар!
Күз мезгілі
көңілсіз,ызғарлы,
Ойнауға да ынғайсыз, сонда не істеп
жүресіз?
Жүргізүші: Біз балабақшада әртүрлі ойындар
ойнаймыз,денсаулыққа пайдалы жаттығулар жасаймыз. Мықты болып
өсеміз!
Тұмау: Ал мен дүкенге
барамын,
Кола чипсы сатып аламын.
Ең пайдалы, дәмді де, түскі асқа кешке
де.
Жүргізуші: Кола чипсы дегенің
Зиян келтіретін тағамын
Тұмаудан құтқаратын
Витаминдер жеу керек
Жаттығу жасау керек.
Ойын: «Жапырақтар
жинау»
Тұмау: Иә жаттығуларын пайдалы
екен!Витаминдер жеу керек пе?
Жоқ
олай жасамаймыз. Одан да достарымды микробтарды шақырайын! Жыл бойы
жинап жүрдім!Сақтап жүрдім
арнайы! қабын ашып
қарайды.Кәне микробтар шығындар,балаларды тұмаумен
ауыртып жіберіндер!.Қабынан микроп ойыншықты алып шығарады да
балаларды қуады. Ал балалар орындықтарына қашып
кетеді.
Алтын күз: Ал
біз микробтардан қорықпаймыз, құтқарады біздерді, пияз деген
көкөніс!
Ортаға пияз– бала шығады
пияз: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Ең
батылды, пайдалы
Көкөністін ішінде,
ем
беретін пиязбын!
Тұмаудан да қорғаймын,
микробтарды жоямын!
Тұмау: Ой көмектесіңдер! Көзім ашып барады,
қымбатты микробтарым, қапқа қашып
кетіндер!микробтарды қапқа
тығады. Енді не істеймін? А маған бір ой келді, сендерді
тұмаумен жұқтыру үшін жаңбырды шақыру керек. Үстерін су болып,
жөтеліп ауырасындар. АП ЧИ.
Жаңбырдың дыбысы
естіледі. Міне жаңбыр өзі келіп жетті!
Алтын күз: Ал
біз жаңбырдан қорпаймыз, қолшатыр алып, ойнауға
барамыз.
Ойын – эстафета «Қолшатырмен
ойын»
Балалар екі топқа 5 баладан бөлінеді, әр топта
бір қолшатырдан беріледі. Жерге шалшық(шеңбер) кетергі секілді
қойылады Музыкамен бір- бірден қолшатырда алып шалшықтан өтіп
айналып келіп келесі балаға қолшатырды беру тиіс. Кейін ойын
жалғаса береді. Қай топ бірінші өтіп шықса сол
жеңеді.
Ойынан кейін Тұмау чукіріп
жүреді
Тұмау: Ап
чи, маған не болды?
Тәрбиеші: Денсаулық мықты болу үшін спортпен шұғылдану
керек, және таңғы жаттығу жасау керек! Ал егер осындай
пайдалы жемістер мен көкөністерді жесен, мүлде
жазылып кетесін!
Тақпақтар:
Тұмау: Балалар мені кешіріндерші, сендермен қалуға
рұқсат етіндерші. Мен енді жақсы болам спортпен шуғылданам,
көкөністермен дос болам,сендермен
қызықты әндер айтып, ойындар
ойнайық.
Тәрбиеші: Балалар Тұмауды кешіреміз
бе?
Онда баріміз бірге ұлдардың
биін тамашалайық.
Би: «Саңырауқұлақтар»
Алтын күз: Балалар, сендермен болғаныма қуаныштымын. Қаншама
қызықты ойын білесіңдер, әдемі тақпақ пен ән айтасыңдар! Сендер
сондай ақылды балалар екенсіңдер!
Бірақ менің де сендерге арнап әкелген сыйлықтарым
бар. Бұл жапырақтар жәй ғана емес, сиқырлы
жапырақтар.
Ортаға себетті қояды орамалмен
жабады.
Тұмау: Қазыр біз алтын күз екеуміз сиқырлы сөздер
айтамыз! Сендер көздерінді жұмындар, бірақ ешкім
қарамайды. Балалар көздерін жұмғанда, Тұмау себетті
айырбастайды басқа алмалары бар себетке.
Алтын күз: Жапырақтар кәне кей, тәтті алма болындар! Ормалды
алайын не болғаның көрейін!
Орамалды ашады, алмаларды балаларға таратып
береді.Кәне балалар сыйлықтарды
алындар!
Балалар сыйлықтарға риза
болындар!
Тұмау: Қоштасатын кез келді!
Екеуі: Балалар сау болындар!
Шығып кетеді.
Ән: «кап кап тереземді кім
қақты?»
Жүргізүші: Балалар осымен бүгінгі Алтын
күз мерекесі аяқталды, келесі кездескенше
сау
болындар!
Бекітемін:
Келісемін:
«Айгөлек Д» балабақшасының
«Айгөлек Д» балабақшасының
меңгерушісі
_____________Жумабаева Ф.К. Әдіскері_________Хайратбай
Г.
Ертеңгілік
тақырыбы:
«Қош келдің, Алтын
күз».
«Құлыншақ»
тобы
Тәрбиешілер: Хайратбай
Г.
Саутбекова
А.А.
Қараөткел
ауылы
2021
жыл